“Болашақ” бағдарламасына түсу шарты қиындайды
2016 жылдан бастап “Болашақ” президент cтипендиясын иелену шарттары өзгереді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі халықаралық бағдарламалар орталығы басшысы Ғани Нығметов Астанада өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап “Болашақ” стипендиясына үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі екі жылға дейін арттырылады. Бұған қоса, 2016 жылдан бастап “Болашақ” стипендиясына тапсыратындар ағылшын тілінен IELTS сынағы бойынша кемінде 5 балл жинаулары керек.
Бұған дейін “Болашақ” стипендиясына IELTS жүйесі бойынша ағылшын тілін білу деңгейі кемінде 4 балл болған талапкерлер құжат тапсырып келген еді.
Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1993 жылдан бері әлемдегі 200-ге жуық университетте білім алады.
azattyq.org
Пікір қалдыру