|  |  | 

Жаңалықтар Қазақ шежіресі

ШАҚАНТАЙ ШЕЖІРЕСІ( төртінші басылым )

Тайтөлеу Ысқақұлы Төлтай

KEREY

Қазақстан Республикасы
Алматы
2009 жыл

 

Қазақтың шежірелік мұрасы өзінің тарихи деректерге қанықтығы мен шыншылдығы жөніне айрықша құнды . «Өзіңнің шыққан тегіңді біл , бұл туыстарды жақындастыра түседі» , деген Мұхамбет ( с. ғ. с. ) пайғамбар . Шежірені ел жұрттың , халықтың жүйеленбеген естелігі деуге де болады . Байыптап үңіліп , байсалды саралай білсек , шежірелік деректерден тарихтың жаңғырығы айқын естіледі .
Кітапта Шақантай батырдан тараған ұрпақтардың шежіресі құрастырылған және Шұбартау өңірінде XVIII – XX ғасырларда өмір сүрген белгілі адамдар туралы деректер берілген. Атақты адамдардың әр ісі, мінез , құлқы – кейінгі ұрпақ үшін тек танымдық дүние ғана емес, тәлімдік, тәрбиелік өнеге болып қала бермек.
( толықтырылып , төртінші басылуы )

 

Алғысөз

Шежіре – өткен өмірдің баяны ғана емес , сонымен бірге адам санасын шыңдап , оның жан жүрегіне асқақ сезімдер ұялата алатын ұлағатты ұстаз іспеттес . Шыншыл шежіре жазу үшін ең алдымен деректемелерге мұқият ден қою керек . Деректемелер санатына тарихи – айғақ деректің , атап айтқанда жазбаша , заттық , ауызша айғақ деректің қай қайсысы да белгілі бір заман мен қоғам туралы , сол заман мен қоғам аясындағы кейіпкерлер жайында таным – түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді .
Соңғы уақыттарда ғалымдар ата тарихты көшпелі халқымыздың тірлігіне негіз болған ру , тайпалардан бастау керек деген пікір айта бастады . Ата – бабасын силаған ұрпақ , отанын да ардақтай алады . Бұлақ қосылып дарияға айналатындай, Ұлы Даланы жайлаған бабаларымыз табиғат , уақыт талабына сай ауыл – ауыл , ру – ру , тайпа – тайпа болып қалыптасқаны – тұтқиылдан шабуыл жасаған сыртқы жауға бас қосып тойтарыс бергені де , қақаған қысқа , шыжыған жазғы ыстыққа да төтеп бергені де шындық .
… Біз бұл кітапты жазғанда , бір рулы елдің бастауы болған Бабамыз Шақантайдың ізін бір барлап шығып, еліміздің өскеніне, өркендегеніне куә ретінде бір сара жолын еске түсіріп, көкіректе жаңартқымыз келді. Кейінгі ұрпаққа үлгі – өнеге, тәлім – тәрбие болсын деген үмітпен.
Шақаң ұрпағы үш ғасыр бойы ұлы Отанымыздың, ел – жұртымыздың басына түскен барлық қиыншылық , кесепат– сұмдықты басынан қоса кешірді. Оларды тізіп, тіркеп жатудың жөні жоқ шығар.
Сол заманда Семей өңірі Шұбартау жеріндегі Абақ Керей елінің тізе қосып, бір- біріне сүйеніш болып, ел-жұртымыздың бір өңірін көктетіп, көгертіп келген жайы бар еді. Сан сергелдеңге шыдап, төтеп берген халқымыздың Ұлы Рухын, қайсарлығын, шыдамдылығын Шақаң ұрпағының қиын да қысталаң тағдырынан көруге болады.
Аты аңызға айналған Бабамыз замананың қия – қалтарысын , күрделі болмысын терең пайымдаған парасатты жан болған . Үзеңгілес замандастары Қаракерей Қабанбай , Қанжығалы Бөгенбай , Ер Жәнібекпен терезесі тең , арман тілегі , азаматтық мүддесі біртұтас , бір арнаға құйылған рухани тұлға бітімі – бүгінгі ұрпаққа үлгі – өнеге . Болашаққа жіті көз жіберген Бабамыз , ұлан байтақ қазақ жерінің бірлігін , тұтастығын аңсаған . Жалындаған жанын , жас жігерін Отанына бағыштаған, өз мүддесін құрбандыққа шалған . Бабамыздың майдандағы батырлығымен қатар , оның 13 шаңырақ көтерген ерлігінен үлкен дипломатияның нышанын көреміз : қалмақтан , қырғыздан , қарақалпақтан , ойраттан , жоңғардан , қазақтың әр руынан келген аналарымыз ұрпағымыздың қанатын алысқа қақтырып , бейбітшіліктің , достықтың ақ туын желбіреткен . Шақаңның биік Рухы , азаматтық тазалығы өлмейтін , өшпейтін сабақ . Бабамыз жатқан Қарауылтөбеге жақындағанда аттан түсіп жаяулап , көліктегілер баяулап жүруші еді , ұрпақтары дұға оқып , айтулы Бабасын еске түсіретін , бір жасап қалатын . Бабамызға арналған осы кітап оқушылардың қажетіне жарап , ұрпағын Рухтандыра түскей !
… Шақантай шежіресі тарихи деректер , ел аузындағы естелік әңгімелерден құралады . Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы ( 9 том , 420 бет) , профессор Т. Шойынбаевтың « Добровольное вхождение казахских земель в состав России» , профессор Ж. Қасымбаевтың
« Қазақстан тарихы» 9-сынып оқулығы , профессор Х. Әдейбаевтың «Отырар ойраны» , «Өмірдария» , академик О. Қаймолдиннің « Алғысқа бөленгендер» , «Бір сөз» кітаптары , ақындар Н. Айтов , Қ. Аманжол , К. Шалқаровтың «Шақантай» атты поэмалары , Қ. Алтынбаевтың « Ақырғы айқас» дастаны ,«Ана тілі» газеті дайындаған «Қазақ шежіресі», Шәкерім Құдайбердіұлының, Мұхаметжан Тынышбаевтың шежірелері , Ырыздықбай Тілеубердин ақсақалдың естеліктері, Ә.Садуақасовтың «Тарихыңды танып біл», Н.Әбуталиевтің « Сегіз Сері» , Клим Төлемісұлының «Жондағы Жобалай Керей елінде» кітаптары, әр жылдары «Жұлдыз» журналында жарияланған деректер, Төлек Тілеуханов, Базарбек Атығаев т. б. , берген және көптеген газет – журналдар беттерінде жарияланған мағлұматтар пайдаланылды. Әрине , бұл шежіре дәлме-дәл, толық деп ешкім айта алмайды. Шежіре жазу қыйын да , жауапты жұмыс , оған кез келген адамның батылы бара бермейді . Естіген – білгендерімізді ұрпақтарымызға қалдырып кетпесек болмас , деген ой – осы шежірені жазуға жетеледі . Азды – көпті дәлсіздіктер мен кемшіліктер табылып жатса , ата бабалар аруағынан да , оқырмандардан да кешірім сұраймыз . Кітапта бір тұлға туралы әртүрлі деректер келтірілген болса , оны таңдап алу оқырмандардың өздерінің құзырына қалдырылады .
Кітапта ХХ ғасырдың ішінде Шұбартау өңірінен шыққан Керейдің, оның ішінде Шақантай ұрпағының белгілі азаматтарының қысқаша өмірбаяндары және әртүрлі мәліметтер, өсиет сөздер қосымша беріліп отыр.
Кітаптың екінші басылымында « Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» , 1-6 том , Шалқаров Кеңесжан , Сәсенов Құрмаш , Жұмабаев Марат , Бәсен Серікалды қызы , Тоқай қажы Жоламанов т. б. азаматтардың толықтырулары қосылды .
Үшінші басылымында «Керей Ер Самалдық» туралы , Шұбартау өңірінен шыққан бірнеше белгілі азаматтармен, шежіреге өзгерістермен толықтырылды .
Төртінші басылымға « Керейлер Шұбартауға қалай қоныстанды» , «Жобалай бітімі» , «Бабаңның теріс , жарты , оң батасы» , Қытайдағы керейлерден жазып алынған деректер , т. б . келіп түскен толықтырулар мен түзетулер қосылды .
Мекен-жайымыз: Алматы, 050010, Пушкин к. 83 үй, «РИЕО» ЖШС , Тел. 8 (727)2913094, 2912347 ,Факс: 8 (7272) 912049 .
Ұялы тел. 87017177657 . e-mail: toltai 42 @mail.ru .
Шақантай батырдың туғанына
300 жыл толуына арнаймыз !

І БӨЛІМ

Керей Шақантайдың ата – тектері туралы естіп-білгендеріміз

Ескі замандағы Керейлер
Тарихи жазба деректемелерде керейлер біздің заманымыздың тоғызыншы ғасырынан белгілі .
Керей – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. 9-12 ғасырларда Керей тайпасы Керейт хандығы аталған мемлекет құрған . Мәдениеті жоғары болып , көне түркі жазбаларын пайдаланған Ата-жұрты – қазіргі моңғол даласы мен Сібір өлкесіндегі Орхон, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің алқабы.
Керейт хандығы Завхан , Тула , Сэлэнгеден Шығыс монғол құрамына дейінгі сайын даланы қоныс етіп , батысы Найман хандығы , солтүстікте меркіттер , оңтүстігінде татарлар , шығысында Ся мемлекетімен іргелес жатты . Ол кезде керейт хандығы керейт , жиркин , қонхойт , сақайт , тумаут , албат , тункаут – киркун деп аталатын тайпалардан құралатын . Аталған тайпалардың ең ірісі Керейлер болды және Керейт атауы ( «керей» – ру , тайпа атауы да , « т» – тунгус , монғолша көптік жалғауы ) содан қалған .
«Керей» – деген сөз Керулен өзені және осы өзен ағып шығатын Кентай тауының аттарымен байланысты болуы мүмкін (Керлін алқабы). Ал Керлін алқабы ежелден керейлер қоныстанып келе жатқан мекен. Олар ежелден тоғыз оғұз аталған. Тоғыз кейрелік деп атала жүріп, одан соң керейлер деп өзгерген секілді.
Алтайда өмір сүрген керей Мәмидің шежіресінде Керей ұлысының арғы тегі Шен, Сен, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан болып таралады.
Рәшид-Әд-Дин еңбегінде сол кездегі (XI-ғасыр) Керей мемлекетінің құрамында Керейт, Қырқын, Қоңқайт, Сақайт, Тобаут, Албат, Қарақан секілді тайпалар болған деп жазылады. Сақайттар қазіргі Якуттар, Тобауттар – Тубалықтар және олардың саны 200000 шамасында болған дейді .
Кей мәліметтер бойынша X ғасырда керейлер 900000 жуық болған.
Ғалымдар керейлерді Жоңғарияда қоныстанған ежелгі үйсіндердің бір ұрпағы деп таниды ( Н. Аристов , Г. Потанин , Г. Гржимайло , Шәкәрім) , ал Рашид әд Дин , Х. Ховорс , Ә. Бахадурхан оны ежелгі түрік , оғыз
тайпаларынан таратады .
Керейлер он бірінші ғасырдың екінші жартысында алғашқы хандық
билік құрды . Ол кезде керейлерді бұйрық лауазымды тайпа басы билейтін . 12 – ғасырда әскери билікке сүйенген ұлыс ел деңгейіне дейін
көтерілді . Аталған кезеңде керей ұлысын Маркуз Бұйрық хан биледі .
Керей хандары алтыннан шатыр тігіп , алтындаған ер – тұрман сайлап , алтын кеседен ас – су ішкені жайында ортағасырлық жазбаларда айқын жазылған . Керей хандары мұрагерлік жолмен сайланды . Керейлер әйгілі Қарақорымды бас қала етті ( Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы , 4 том , 537 бет ) . Түндік , Цецейдей , т. б. қалалар салды. Ол кезде Керей ұлысында жазба заң болмады , әдет заңына жүгінді . Керей заңы бойынша ата жауына сатылу ең ауыр қылмыс саналған . Кейінірек «Абақ Керей Ережесі» құқықтық заңы болып жинақталған . Бұйрық хан өлген соң , моңғол билігіне дейін Керейлерді Уаң хан (Тұғырыл) билеген. Тарихта Керейлердің дәуірлеген кезеңі Уаң хан басқарған тұс . Батыс католиктеріне «шығыстан шыққан пірадар Уаң хан» аңызы бойынша жеткен . Уаң хан аты – кезінде батыс Европаны дүр сілкіндіргені белгілі .
Керейлер мен моңғолдар өзара ант – су ішіскен түбегейлі достық қатынаста болды . Бұл қатынас Тұғырыл мен Тэмужин ( Шыңғыс хан ) тұсында одан әрі жалғасты . Тэмужин 1189 жылы өз әулетінің ханы сайланғанда оны алғаш қолдағандардың бірі осы Уаң хан да болды . Алайда Уаң хан мен Тэмужин достығы ұзаққа созылмады . Даңқы арта түскен Тэмужин 1203 жылы керейлермен ақтық шайқаста жеңіп шықты . Шыңғыс хан жаулап алғаннан кейін, керейлердің бір бөлігі Алтай, Сауыр тауларына, Ертіс алқабына ауды (Сібір жылнамасы). Уаң ханның Тайбұға деген тұқымы Шыңғыс ханның әмірімен Сібірдің Ертіс, Обь, Тобыл өзендері аймағын жайлаған. Тобыл өзеніне Тюмень өзені құяр тұсқа Шыңға (Төмен) қаласының іргесі салынған.
Керейлердің бір тобы ата жұртында қалып , Шыңғысхан империясына қызмет етті . Шыңғысхан әскерінің құрамына қосылып Дешті Қыпшақ пен Орта Азияны жаулап алуға қатысты . Жошы , Батыйхан әскерлерінің құрамында басқа түркі тайпаларымен қоса Шығыс Еуропаны жаулап алуға қатысты . Енді бір тобы батысқа – Орта Азияға бет бұрды . Мұнда келгендері Жошы , Шағатай билігінде болып , кейін көпшілігі Қазақ хандығына бағынып , қазақ ұлтын құрады . Керейлер өзбек , қырғыз , туба , қырым татарлары , қарақалпақ , башқұрт халықтары арасында да кездеседі .
Керейлердің дені қазақ жерінде қалып , Орта жүздің Керей тайпасын құрады . Он бесінші ғасырдың екінші жартысында Керей мен Жәнібек хандар өзбек ханы Мұхамет Шейбани ханнан бөлініп , осы күнгі Шу алқабында жеке Қазақ хандығын құрды .
XVII ғасырда Ресей керейлерді Солтүстік Қазақстан өңіріне қарай ығыстырған. Ақсақ Темір жорықтарының тұсында Керейлер Қара
Ертістен Алакөлге дейін аймақты мекендеген, Қалмақ шапқыншылығы кезінде керейлер жан жаққа ыдырап кетуге мәжбүр болған.
Керейлерден әр кездерде атақты қолбасылар мен батырлар шыққан .
Керей елі Абақ және Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Керейдің «Төр шежіресінде» : Абақ – Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты еді, оның есімі әуелі Аппақ екен, келе-келе Абақ деп атап кеткен. Аппақ бәйбіше үйсін Сармырза деген кісінің қызы екен . Аппақ (Абақ) бәйбішенің Құттықожа деген ұлынан Майқы (Майқы би емес ) , одан Ермен , Изен , Жусан туады . Осылардан қазіргі «12 ата Абақ» руы – сол бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді .
« Абақ Керей Ережесі» – Ресей мемлекетінің қол астына кірмеген , дәстүрлі әдет ғұрпынан ажырамаған қазақтардың бір бөлігінің ұстанған құқықтық жинағы . 1996 жылы Монғолия Ғылым Академиясының тарих институтының қорынан табылған . Керей тайпасының Құлыбек , Ақтай , Қожамжар , Көкен , Бисембай , Өсер , Тұрым т. б. билері көпшілік қауымды жинап , мұсылман дінін негізге ала отырып , он екі Абақ Керей қазақтары ұстанатын осы заңды жазған . Ереже 17 тармақтан , 35- баптан тұрады . Екі бастаудан : қазақтың дәстүрлі әдет- ғұрып ұстамдары мен шариғат қағидаларынан нәр алатын құқықтық құжатта танымдық тың мәліметтер көп . Әсіресе , «Үйлену , некеге отыру жайында» , «Жарлы жалқыбай , кедейлерге жәрдем ету» ,«Несие , қарыз талап ету жайында» , «Бөгдені мұқату , жәбірлеу турасында» қағидалары көшпелілер қоғамының ішкі табиғатын , әлеуметтік қарым қатынастардың ерекшеліктерін , қоғам мүшелерінің құқықтық тәртібін реттеу жолдарын айқын көрсетеді .
Ашамайлы – Әуелгі аты Ғали, әкесі ашамайға мінгізіп апарып келіншек алып бергендіктен, Ашамайлы атаныпты. Екінші бір деректер бойынша , Аппақ ( Абақ ) бәйбіше Шымыр деген ұлын жастайынан ашамайға мінгізіп , жанынан тастамай ертіп жүреді екен . Аппақ бәйбіше төркініне барғанда , нағашылары Шымырды кішкентайынан ашамайға мінгізіп , «Менің ашамайлы Керейім» , деп ертіп жүреді екен .

Шыңжаңдағы «Қазақ фольклоры» қорынан жазушы Оразынбай
Егеубайдың жеткізген деректерінен :

КЕРЕЙ ШЕЖІРЕСІ

Үш жүз – деп қазақ елі танылады ,
Ұлы , Орта , Кіші жүз деп табылады .
Жалайыр , албан , суан , дулат , үйсін ,
Ұлы жүз құрамына алынады .

Арғын , найман , қоңырат , қыпшақ , керей , уақ ,
Құралған Орта жүзге бәрі бір – ақ .
Бұларға «алты арыс» деп ат қойылып ,
Айтылған ел аузында бұрынырақ .

Жатады үш тайпа ел – Кіші жүзде ,
Ертеден білінгені бүгін бізге .
Байұлы , әлімұлы , жетіру деп
Анықтап көрсетейін оны сізге .

Атанған екі тап боп Керей елі ,
Абақ пен Ашамайлы керей дейді .
«Он екі абақ» болып өсіп өніп
Толықсып жүрген күні мерей еді .

Жәнтекей , жәдік , молқы , ол қарақас ,
Күнсадақ , шеруші мен тағы сарбас ,
Ителі , шұбарайғыр , жастабан мен
Шимойын , меркітпенен және аралас .

Деп айтады он екі абақ осыларды ,
Барлығы бір керей боп қосылады .
Керейдің жалпы ұраны «абақ» болып ,
Тағы бар әрбір таптың өз ұраны .

Жәнтекей ұран салса – « Шақабайлап»,
« Жанат» – деп жәдік шығар тағы айқайлап ,
Молқы – « Машан» , сарбастар – « Сартоқайлап» ,
Ителі – «Бұқарбайлап» , қарақас – « Қаптағайлап».

Меркіт шықса ұрандап « Құлсары» деп ,
Жастабан « Жобалайлап» шығады кеп .
Күнсадақ « Жабалай»лап ұран салса ,
Шимойын « Алманбет»ке салады тек .

Ұраны шұбарайғыр « Қожаберген» ,
Шеруші « Байтайлақ» деп соза берген .
Жеңісте , төбелесте , бәсекеде ,
Ұран боп қалыптасқан осы ежелден .

Жәнібек батыр шыққан бұл абақтан ,
Жауына соққы беріп аты шыққан .
Сондықтан абақ керей жауға шапса ,
«Жәнібек» , «Жәнібек» деп ұрандатқан .

Алтайды абақ керей мекен еткен ,
Басынан толқымалы күндер өткен .
Мың жеті жүз жиырмасыншы жылдар шамасында ,
Алтайға абақ керей келіп жеткен .

Кең байтақ , елге жайлы Алтай жері ,
Жартылай көшпенді еді керей елі .
Арпа , бидай , тары егіп , малын бағып ,
Рахатты өмір өткізіп жүрген еді .

Баққаны қой мен түйе , сиыр , жылқы ,
Түзелер аман болса ойын – күлкі .
Аң аулап , бүркіт салып саяхатпен ,
Қуалап соққандары қасқыр – түлкі .

Жиналып абақ керей басын қосқан ,
Жөнінде ұйымдасу ақылдасқан .
« Төресіз ел , төбесіз жер болмайды» деп ,
Дегенді бәрі сонда мақұлдасқан .

Сайлаған Көгедайды төре қылып ,
Көтерген бастарына төбе қылып .
Керейден төрт орын деп , төрт би сайлап ,
Қоғамды басқарыпты жора қылып .

Уақ пенен найман бар бір аздаған ,
Керейден олар әсте бір жазбаған .
Біраз ел екі рудан көшіп сіңіп ,
Көпшілік мекенінен қозғалмаған ….

АБАҚ КЕРЕЙ

Бір күнде он екі абақ төмен жүрген ,
Малына берекелі Қызыр кірген .
Бұл керей он екі ауыл ауып келген ,
« Торғайты , Тоқсан өзен» деген жерден .

Ордың қарағашын өрлей келген ,
Бақытты ешкім алмас құдай берген .
« Үш жүздің баласы боп тараймыз» деп ,
Естуіміз осылай үлкендерден .

Кенжесі Керей мырза Дана бидің ,
Тентек пенен тебізге салған тиым .

Уақ , Керей екеуі ағайынды ,
Бөлініп енші алып кеткен үйін .

Ауылы екеуінің екі бөлек ,
Болыпты әрбір іске Керей зерек .
Бәйбішесі қызы екен ұлы үйсіннің ,
Өзі таңдап , айттырып алса керек .

Әйелінің аты Абақ ( Аппақ ) екен ,
Жылқыны өсіретін жабағы екен .
Керей мырза айттырып алғаннан соң ,
Бір ұлды күні жетіп табады екен .

Ат қойды баласына Ашамайлы ,
Бала көріп көңілі болды жайлы .
Той қылып , ат шаптырып , елді жиды
Балаға жүреді екен болып зарлы .

Керейден тағы бір ұл тапты Абақ қатын ,
Қарақожа қойыпты оның атын .
Ержеткен соң атақты молда болып ,
Жұртқа жайды өсиет шариғатын .

Қарақожа баласы Майқы би – ді ,
Әділдік еткеннен соң жұртқа силы .
Әділдікпен ел билеп жұртқа жақты ,
Тентек пенен сотқардың бәрін тиды .

Онан кейін атамыз Силал екен ,
Атадан асып туған бір жан екен .
Кім өлмейді , жалғаннан кім қалмайды ,
Мүсәпір мен пақырға пайдалы екен .

Онан соңғы атамыз Ермен екен ,
Құдайым соған тілек берген екен .
Қасиетті Қызырдың ізін басып
Ұрпағы осылайша өскен екен .

Онан соңғы атамы Изен екен ,
Несібесі біреудің жүзден екен .
Қырық жыл өлімнен құтыла алмай,
Жердің жүзін аралап кезген екен .

Онан соңғы атамыз Жабай екен ,
Қарт бурадай қаңтарда жарайды екен .
Тыңдап отыр жамағат құлақ салып ,
Он екі Абақ осыдан тарайды екен .

Онан соңғы атамыз Аллаберді ,
Жақсы менен жаманның бәрін көрді .
Ағайынды және де бір туысқан ,
Біреуінің аты екен Құттыберді .

Ағайынды екеуі парлас екен ,
Ғалидың ұлпықары алмас екен .
Естуіміз осындай үлкендерден ,
Құттыберді баласы Сарбас екен .

Адамға ақыл айла жанға пайда ,
Жан қадірін ойлайтын адам қайда .
Аллаберді баласы бір туысқан ,
Ағайынды Қойлау мен Байлау қайда .

Ана менен балаға ата қорған,
« Іні тастан болғанда , аға бордан» .
Тұқымынан қаракөк үзілмеген
Балаудан Бағаналы , Жаппас туған .

Мінеді әділ патша алса тақты ,
Құдаыйым жарылқайды көңілі ақты .
Бір Жаппастың баласы мына үш керей :
Молқы менен Қарақас , Күнсадақты .

Төртеу екен баласы Бағаналы ,
Молда оқиды кітапты мағаналы .
Елдай , Көлдай , Жиеншора , Бердішора ,
Бір туысқан төртеуі ата – аналы .

Біреу құйрық болғанда , біреу қанат ,
Тақа тисе , қайтпайды нағыз болат.
Он екі Абақ баласы өсіп – өнген ,
Бердішора ұрпағы Құлтайболат .

Ардақтап осылай деп таратамыз ,
Елдайдан туады екен Сүгір жалғыз .
Шеруші батырлықтың туы дейді ,
Таралған тарихта болып аңыз .

Ертістің екі жағы құмдық екен ,
Мылтықтың қара ағаш құндағы екен .
Өзі жалғыз Сүгірден бір ұл туып ,
Осы күнгі Шеруші – ұрпағы екен .
Көлдайдан жалғыз екен Жәдік батыр ,
Туғызған дұшпанына заманақыр .
Жауынгер адам екен қайтпайтұғын ,
Ерлігі , зейінімен бірдей татыр .

Жиеншора ұрпағы Жантекейдің ,
Мал мен басты Құдайым тегіс бердің .
Қызыр дарып , бақ дәулет қоса қонып
Жұрағаты осынша өсіп өнген.

Жәдік пенен Жәнтекей немере екен ,
Құдайым тілегенін берген екен .
Бәйбішесі Мәуілім – қыпшақ қызы ,
Жәдік алып айттырып берген екен .

« Асылды асыл сақтайды» деген сөз бар ,
Бірінің қадірін бірі көрген екен .
Жастабанның баласы келіп сіңген ,
Сары Ноғай Сарбастың жиені екен .

Жас қыран жарып шыққан ұшсам дейді ,
Кей адамның ажалы оттан дейді .
Қыпшақ бәйіс баласын сұрасаңыз ,
Одан туған Етікші , Шотпан дейді.

Осылай тарайды екен он екі Абақ ,
Берген екен Құдайым ерекше бақ .
Көгедай гүң билеген төре хан боп ,
Қонған екен бойына өлген аруақ ….

Қытайдағы Нығмет Мыңжанның « Қазақтың қысқаша тарихы» кітабынан үзінділер :
…. Қазақтың арғы атасы Алаш , одан Қазақ туған . Қазақтан
Бекарыс , Ақарыс , Жанарыс . Бекарыстан Ұлы жұз , Ақарыстан Орта жүз , Жанарыстан Кіші жүз . Орта жүздің ұраны « Ошыбай» , «Ақжол» ,
« Рақожа» . Шежірешілер 15 -20 атаға дейін , білікті шежірешілер 77 атаға дейін тарататын болған . Ауыздан ауызға сақталып келгендіктен оларда күңгірттіктер , жаңсақтықтар болуы мүмкін . Ауызша тарих , әрине ғылыми тарих емес , бірақ оны бағаласамақ дұрыс болмайды .
…. Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды , күйеу мен қалыңдық ауылдарының арасында жеті өзен болуы шарт болған .
Қытайдағы Абдрашит Байболат пен Нығмет Мыңжанның « Қазақ шежіресі» кітабынан үзінділер :
…. Керей ел серкесі болған кісі екен . Үш рет ел ауғанда екі ретінде елін бастап Сарыарқаның сауырын мекендепті . « Көрпелес хан болғанда , Қара кісі би болыпты . Керей атасы Қараби сол екен . Керей өзі өңі түсі қара кісі емес , өз заманында би болған екен .
….. Орта жүзді «алты арыс» немесе «төрт төңірек» деп те атайды . Керей елі үлкен тайпа , ескі шежіреде өз алдына хандық құрған . Ел аңыздарында керей елінің жеті сары ұлдары бір туғандай болып көрінетіндіктен Сары Керей аталған екен .
Сары Керейден – Ашамайлы ( Ақберді) , Абақ тарайды . Ашамайлыдан – Балталы , Балғалы , Сіргелі , Найзалы , Сибақ . Абақ Керейден – Алдаберді , Құтберді , Асанберді .
Алдабердінің табаны өте үлкен екен . Жеңгелері есіл жастың табаны ай , деп жүріп « Жастабан» атаныпты .
Жастабаннан – Сартоқай , Сарбас , Бегімбет .
Сартоқайдан – Әлсейіт , Шоңбас .
Бегімбеттен – Бекназар , Қосай .
Сарбастан – Жолжақсы , Жылжақсы , Ырыс , Шегір .
( Бұл аталардың таратылымы «схемада» толығырақ көрсетілген ) .
Абақ ұлы Асанберді . Аңыздар бойынша Асанбердіні «Асанқайғы әулие» деп те атайды екен . Бұның әулеті ( ұрқы) Кентүп , Тартүп деген жерге барып мекен тұтқан ( Ауғаныстан ) . Асанберді кейде түс көріп , сәуе айтып болашақты болжап отырады екен . Сондағы бір сөзінде « мендегі бұл шарапат мен өмірден өткен соң Құтберді ұрқына ауады . Жүз жыл өткен соң Құтберді әулетінен бір Асанқайғы шығуы мүмкін» дейді екен . Құтбердінің бесінші ұрпағы Меңлібай деген кісі әрі би , әрі болжамшыл адам болыпты . Ел оны осы күннің Асанқайғысы , «жорықшы би» деп атаған екен . Осы жорықшы би бес алты жыл ішінде дүниенің көп жерін аралапты . Сонда Кентүп , Тартүпке , Аустрияға , Мұнғұлияға , Қырғыз жерлеріне дейін аралап қайтыпты . Келген кезінде көрген көрген білгенін елге айта келіп , Асанқайғы атаның елінің бір бөлімі Ауғанның Кентүп , Тартүп жерінде болғандығын ұқтырыпты .
Керей Кенел тұқымының қырғыз ішіндегі «мүндіз» руымен бірге тұратынын , оның маңжол , тайпағыс , келбағыс , нәнлі деген руының бар екенін жария қылыпты . Кенел тұқымы өз кезінде өздерін білдірместікке ант еткен екен . Соған құрмет етіп , олардың сырын ашпапты . Меңлібай осы ахуалды өзінің немересі Райысқа жаздырып қалдырған екен . Райыстан Қамажан Бұғынтайұлы көшіріп алыпты . Одан Әбіз жазып алған . Әбізден Бітіке баласы Қалиға қалған . Бұл дерек сол нұсқадан алынған .
Асанберді әулетінен тараған ел сол Кентүп , Тартүп елін мекендеп , сегіз болыс ел болған деседі .
Абақтың үшінші ұлы – Құтберді .
Құтбердіден Бағаналы , Жаппас .
Жаппастан Кенен , Жабай .
Жабайдан Сейдалы , Молқы , Көнсадақ . Сейдалының қасы қалың , қап қара екен . Жеңгелері қарақас деп жүріп «Қарақас» атандырыпты .
( толығырақ «схемада» )
Бұл шежірені айтқан Асылбек Қайырымұлы . Шәуешектің Толы ауданында тұратын Тоғжан Асылбекұлынан жазып алынған .

Орта замандағы Керейлер.

Ашамайлы Керейлер – Сібірден ығыстырылған соң Солтүстік Қазақстандағы Теріскей Арқа деп аталатын аймақты қоныстанған.
Бізге жеткен деректер бойынша , Ашамайлы Керейден Танаш би (Ақсақ Темірдің ақылшысы болған), Толыбай сыншы, Маманай, Қожаберген жырау («Елімай» дастанын жазған), Сағынай, Сегіз сері (Мұқамет – Қанафия) , Біржан сал , Марал ишан Құрманұлы , т.б . атақты адамдар өткен.
Толыбай сыншы Дәулен ұлы (1603 – 1681 жылы) өз тұсында Арқадағы Керей руының басшысы, атақты әскер басы болған. Сонымен бірге ол алдағыны болжайтын көреген, сыншы, әділ би, жез таңдай шешен адам болған. Өзінің ерлігімен , әділдігімен , көрегендігімен , шешендігімен өз халқына ғана емес , көрші елдерге де әйгілі болған , сондықтан жалпы жұрт оны Толыбай сыншы деп атап кеткен .
Оның арғы тегі Орта жүз Ашамайлы Керейдің көшебе руының Таузар әулетінен шыққан . Толыбай сыншының екі әйелі болған . Бәйбішесі Ақбілектен ( Айдабол бидің қызы ) жиырма ұл туған . Сол ұлдарының ең үлкені Қарабас , ең кенжесі Қожаберген екен :
Шалқар көл , ну орманды Сібір жері,
Сібірді мекен еткен Керей елі.
Атанған бабам Ғали – Ашамайлы
Өсірген мыңдап тайлақ , құнан , тайды…
Ол өз балаларын Үргеніш, Бұқара, Самарқанд мұсылман медреселерінде оқытқан.
Қожаберген жырау (1663 -1762 жылы) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Благовещенский кеншарының Гүлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының жанұясында дүниеге келген . Бала кезінен нағашысы Кіші жүз Әлім руынан шыққан Жалаңтөс ұрпақтарының қолында болып , Самарқанд қаласында медреседе оқыған. Он үш жасынан өлең шығарған, он жеті жасынан жорыққа қатысқан. Араб, парсы тілдерін жетік біліп, Әз-Тәукеннің елшісі болған, Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтарына, парсы еліне, түрікпенге елшілікке барып тұрған.
Тіліне араб , парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Көрші елге елшілікке ылғи барып
Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп…

Ол үлкен шежіреші , білімдар адам болған . « Ата тек» деген дастанында :
Түріктен өрбіген елді «Тоғыз» дейді,
Тартатын күй аспабы – қобыз дейді.
Башқұрт пен қазақ , ноғай , қарақалпақ
Төртеуін шежірешілер оғыз дейді …

Көп дастан жазған: «Ер Көкше», «Ер Есім», «Қабанбай батыр», « Ер Қосай», «Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге» , «Ер Қойлыбай» , « Қасқа жолды Ер Қасым» , « Асан Ата» , « Орақ батыр» , т.б.
Елді сыртқы жауға күреске шақырып, қазақ халқының бірлігін армандаған, соны жырға қосқан: «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал тас», «Сылаң сыр», «Балқан тау» , « Қазақ пен Ноғайдың қоштасуы», т.б. Ол көп күйлер шығарған: «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама», «Елім-ай», т.б.
Тарихта атын қалдырған атақты шығармасы «Елім-ай» жыр дастаны: бұл 1723 жылғы «Ақ табан шұбырынды» туралы. Дастан қазақ халқының өміріндегі ауыр кезеңді суреттейтін өлеңмен жазылған тарихи шежіре ; … 1723 жылы көкек айында Қожаберген жырау Сыр бойындағы Бестам деген жердегі қайынатасы Қабылан бидің аулына әйелі Айша , ұлдары Науан , Бекет және Айбек , Ермек дейтін екі атқосшысымен қонаққа келеді . Жазды Сыр бойында өткізіп , қыркүйек айында еліне аттанар кезде , шығыстан Жоңғар , батыстан Еділ қалмақтары жорыққа шыққан . Соғыс бүліншілігі басталған соң , Сыр бойының елдері қоныстарынан қозғалып , Еділ – Жайыққа қарай көшеді . Қожаберген солармен бірге аттанады . Сол кезде бұлар жау қоршауында қалады . Алпыс жастағы Қожаберген жырау , қоршауды бұзып шығып , көп бейнет шегіп , әйелі
Айша екеуі еліне оралады . Осы соғыста екі ұлы , атқосшылары қайтыс болады .Ол елінің жігіттерін бастап шығып қалмақпен жиырма жыл бойы соғысады . Балаларының көбі , немерелері де осы шапқыншылықта қаза болады . Әйелі Айша мен балалары ( он жеті ұлы , бір қызы болған ) өзінен бұрын қайтыс болады да , тоқсан тоғыз жастағы Қожаберген жырау ағасы Қарабастың шөбересі Шақшақ батырдың қолында ,1762 жылы жүзге қараған шағында Гүлтөбеде қайтыс болады . Сол жердегі « Толыбай сыншы қорымына» жерленеді .Қожаберген жырау -Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билермен тұстас өмір сүрген. Әнет би мен Әз Тәукеден бата алған, ал Қожабергеннен Абылай, Бұқар жырау , Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Баян, Сырым, Есет батыр, Бекболат, Едіге, Малайсары секілді билер өнеге алған.
Шәкіртім Сүйіндікте – Бұқар жыршы,
Ол Бұқар өзі ақын , өзі жыршы…

Нағашысы Едіге би Ақдәулет деген ұлын ертіп , тоқсан алты жастағы Қожаберген жыраудан бата алу үшін Гүлтөбеге келеді :

Тірі болса билердің зоры болсын,
Хан , сұлтан , төрелердің соры болсын.
Бітіміне істері ылғи сай боп
Ақдәулет болмай аты – Ер « Шоң» болсын …

деп , бата берген екен . Сол бала кейін өсіп ержетіп Шоң деген атақты би болған .

Сегіз сері – ( Мұхамед – Қанапия (1818-1854) Бахрамұлы , ақын , әнші- сазгер, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы , Жамбыл ауданына қарасты Благовещенский кеншарының Гүлтөбе – Маманай деген жеріндегі Бұқпа көлінің жағасында дүниеге келген. Ата-бабасын таратсақ: Ашамайлы Керей – Жанай – Бағлан би – Танаш би – Көшебе – Таузар– Дәулен – Толыбай сыншы – Қожаберген – Шақшақ – Бахрам – Сегіз сері.
Сегіз сері жасында аңға ілесіп шығып, бір киікті атып алыпты. Соған сегіз жасында киік атып алды, мұның аты «Сегіз» болсын деп кеткен. Он жасынан бастап әншілік , ақындығымен аты шығады . Ескіше , орысша білім алады . Жас кезінен-ақ сегіз қырлы бір сырлы өнерпаз болып өседі . Әнші , ақын , күйшілігімен қоса палуан , саятшы , құсбегі және он саусағынан өнері тамған шебер болады . Мұхамед – Қанапия сегіз жасқа келгенде анасы Жамал ауырып қайтыс болады , анасының қырқы өткеннен кейін әкесі Бахрам да қайтыс болады . Сегіз атасы Шақшақтың тәрбиесінде болады . Кейін өзінің өнерімен сері атанған. Бала кезінде ауылда молдадан оқыған, одан Қызылжар медресесінде оқиды, ол араб , парсы, шағатай, түрік тілдерін
меңгереді, қазақ және шығыс әдебиетінің үлгілерімен танысады . 1828 ж. Омбыда Сібір қазақ-орыс әскери училищесіне ( Кадет корпусы ) түскен, онда алты жыл оқыған. Оның екі жылы орысша сауат ашу мектебі де , төрт жылы мамандық бойынша оқу еді . Иван Васильевич Прохоров деген ұстаздан дәріс алған Сегіз орыс мектебінің үздік шәкірттерінің бірі болады . Осы училищеде ол Шыңғыс Уәлихановпен танысып , кейін Шыңғыс Құсмұрынға аға сұлтан болғанда , оған жиі барып ән салып , күй тартып , жыр , қисса айтып қонақ болып жүрген . Орыс патша жазалаушы отрядына бармай қуғынға ұшырайды. Исатай, Махамбет көтерілісіне өз әскерімен қатысқан. Ауыл – ауылдан , ел – елден сарбаз жиып , жасақ құрып , патша әскерінің бекіністеріне шабуыл жасап отырған . Жасағының саны 530-ға жеткен .Әнші, күйші, жыршы, балуан, шешен болған.
Арысы Орта жүзде Керей затым ,
Үш жүзге болды әйгілі Сегіз атым .
Ұлықтан қуғын көріп кетсем дағы
Есімнен ұмытылмас туған халқым…

Күйлері: «Қос қыран», «Қайран Арқа», «Дабыл», «Садақ», «Жебе», «Көк найза», «Алмас қылыш», «Боз шұбар», «Жорық» , Тұлпар , Семсер , Ақ түйе , Бозжорға т.б.
Әндері: «Әйкен-ай», «Ғайни», «Шолпан қыз», «Жылой», «Қарғам», «Үкілім», «Шашбаулым», «Көкем-ай», «Қалқам», «Гауһартас», «Бесқарагер», «Мақпал», «Бозқараған», «Дайди-ау», «Еңлік», «Желкілдек», «Жан сәулем», «Дүние-ай», «Ақбұлақ», «Алқоңыр», «Көкем ай» , «Қаракөз» , «Бозшұбар», т.б.
Сегіз сері , сонымен қатар «Ғұмыр» , «Әсем арман» , «Туған жер» ,
«Қыз келбеті» , «Қыз сипаты» , «Қашқын келбеті» , «Дүние ай» , «Не ғаріп» , «Туысы жақсы қандай ды» , «Мұхит Жамал» , «Ғайнижамал» , «Шолпан қыз» , «Сайра да зарла қызыл тіл» , «Көрініс» , т. б. өлең жырлар шығарған .
Қисса – дастандары : « Шора батыр» , « Ер Сайын батыр» , « Исатай – Махамбет» , « Замана» ,т. б.. Ол көпшілікке танымал « Қыз Жібек» , «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» , «Айман – Шолпан» , «Ер Тарғын» , «Ер Сәтбек» , «Ер Жасыбай» т. б. дастандарды айтумен қатар , Шығыс тақырыбында ғашықтық сюжеттерді де өз бетінше жырлаған .
Жалпы Сегіз сері көптеген қисса-дастан, жетпіс бес ән, елу бес күй шығарған.

Біржан сал ( 1834 – 1897 ) Тұрлыбай ұлы Қожағұлов , бұрынғы Көкшетау дуаны , Ақсары болысы , Жөкей көлінің жағасында туған .
Ашамайлы Керей – Көшебе -Ақсары – Нұралы – Батыр – Кенже – Бертіс – Қожағұл – Тұрлыбай – Біржан , одан Теміртас , одан Мұқаметқали .
Әкесі Тұрлыбай ерте өліп , Біржан атасының қолында өсіп , баласы атанып кете барған . Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс – қазақ мектебін оқып бітірген . Сонан соң осындағы медресеге оқуға түседі . Ол осы медреседен араб , парсы , шағатай тілін меңгеріп , оң – солын танып , өз ортасының сауатты адамы болып шыққан . Біржан жасынан ақындық , әншілік өнерге ден қойған . Жиырма жасынан өз жанынан ән шығара бастаған . Алғашқы әндерінің бірі – « Біржан сал» . Оның әндері адам жанының нәзік сезімін әсем мелодия сазына бөлейді : « Ғашығым , Алтын балдақ , Айтбай , Бірлан , Көкек , Ләйлім шырақ , Жанбота , Көлбай – Жанбай , Ақтентек , Жайма шуақ , Жонып алды , Мақпал , Бурылтай , Қалқама , Адасқақ , Жамбас сипар , Теміртас» , т . б . Жалпы Біржан сал алпыстан астам ән шығарған , оның қырық шақтысы бізге жеткен . Ол ақын әншілігімен қатар , шоқтығы биік суырып салма айтыс ақыны . «Біржан- Сара» , «Біржан – Нұрғайша» , «Біржан – Шөже» , «Біржан – Тезекбай» , т . б .
Сара ақынмен айтысқанда Біржан руым Керей демей , Орта жүздің аруағын көтере , Арғынның атынан түскен . Оған Керейдің ақсақалдарының берген ақылы мен Арғынның басты адамдарының сұраныстары себепші болған .
Шырқап салатын әнге келгенде , Біржан өзімен замандас ақын әншілерден үздік түсе берген . Оның дауысы керемет зор , әнді шырқай салғанда бес алты шақырымдағы ауылдар түгел естіп , қайран қалып , жым – жырт болып тыңдайды екен . Өзі айтқандай : «Даусыма аспандағы құс айнала , құбылтып тоқсан екі төңкерілген» . «Біржан ән шырқаған уақытта , оның даусынан отырған үйдің түндігі желпілдегендей , басындағы тақиясы төбесінде әрлі -берлі ойнап билегендей болушы еді» , дейді екен замандастары …
Біржан мектебінен Жаяу Мұса , Қанапия , Құлтума , Ақан сері , Балуан Шолақ , Үкілі Ыбырай сияқты атақты ақын әншілер өрістеп , қанатын жайған .
Біржан 1897 жылы 64 жасында екі – үш жыл ауырып дүние салған . Әншінің сүйегі бұрынғы Көкшетау облысындағы Степняк қаласының Жармау бөлімшесі тұрған жердегі өзінің атасы Қожағұлдың зиратына қойылған . Дауылпаз ақын , дарынды әнші Біржан сал бейнесі кейінгі ұрпақтардан алыстамайды , әрқашан солармен бірге шырқап ән салып , сырласып , мұңдасып , мәңгі жасайды .
Марал ишан Құрманұлы
( 1780 – 1841 )
Ашамайлы Керей , Сымайыл , Шимойын , Таңат , Тарышы , Сымайыл би , Ақсары , Нұрымбет , Құлтаба , Құттықадам , Абақ , Алау , Кенжебай , Құрман одан Марал .
Солтүстік Қазақстан облысы , Құсмұрын атрабында , Обаған өзенінің
өңіріндегі « Қайранкөл» ( Кейінгі аты « Әулиекөл» ) маңында дүниеге келген . Әкесі Құрман Абылай ханның замандасы , әрі емшісі болған .
1741 жылы Абылай жоңғар ханы Қалден Цереннің қолына тұтқынға түскені тарихтан белгілі . Қалден Церен ішкі сыртқы шиеленіскен жағдайларға байланысты және өз жауымен араздаспау мақсатында Абылайды тұтқыннан босатып , оған қазақ әйелінен туған екі қызын қоса береді . Абылай бір қызға өзі үйленіп , екінші қызды өзінің емшісі Құрманға қосады . Абылайға тиген Топыштан Қамбар мен Қасым туған . Қасымнан : Санжар , Есенгелді , Кенесары және Наурызбай туғаны мәлім.
Ал , Құрманға тиген Фатимадан Құлжа , Арал , Марал атты балалар туған . Марал әкесінен тоғыз жасында жетім қалады . Он үш жасында анасымен бірге Ақмешіт маңына білім іздеп келеді . Сол маңдағы Құланбай ишанның қызы Меңлібикеге үйленеді . Құланбай ишан (ишан – діни ілімді уағыздаушы , дін ғұламасы ) баланың зеректігін байқап , оны өзінің ұстазы , Бұхара маңындағы Жалаңаяқ ишанға оқуға берген . Медреседе діни іліммен қатар дәрігерлікті қоса меңгерген . Еліне оралған соң Қызылжарда мешіт салдырған . Кейбір деректерде Сыр өңіріне қайта келген кезінде жеті мешіт салдырғаны , Кенесары бастаған ұлт азаттық қозғалысында діни басшы болғаны айтылады . 1821 жылы ол өзін императорға жолықтыруын сұрап , Орынбор әскери генерал губернаторы П. Г. Эссенге және Сібір әскери бөлімінің бастығы генерал П. М. Капцевичке хат жолдаған . Хатында қазақтарды зорлап шоқындыруға , құнарлы жерлерді тартып алуға қарсылық білдірді . Қазақ ру басылары мен бас көтерер азаматтарына арнап патша үкіметінің отаршылық саясатына , Қоқан және Хиуа хандықтарының жаулаушыларына қарсы бірлесе күресуге шақырған үнпарақтар таратты . Марал ишан туралы неміс тарихшысы Герман Рамбердің , Т. Вамперидің , И. Ф. Бларамбергтің еңбектерінде , С. Мұқановтың романдарында мәліметтер келтірілген .
Марал ишанға арнап Қостанай өңірі мен Қармақшыда мешіт салынып , көше аттары берілген . Оның туған жері Қайранкөлді халық «Әулиекөл» деп атайды . Бейіті Қармақшы ауданы , Баба қорымында . ( « Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы» , 6- том , 365 – бет .)
2005 жылы Марал ишанның туғанына 225 жыл толуын ұрпақтары Қызылорда өңірінде атап өтті .

Абақ Керейлер – Алтай , Сауыр тауларында ,Ертіс өзенінің бойы ,Монғолияда , Семей , Павлодар облыстарында, Қытайдың Синцзян өлкесінде қоныстанған.
Абақ Керейлер он сегізінші ғасырдың соңына қарай өздерінің ата мекендері Қара Ертіс алқабына , Алтайға оралды . Абылайдан бата алып , ел билеген Жәнібек батыр Бердәулетұлының тұсында рулы ел болып қалыптасқан . Абақ Керей Жастабан , Жәдік , Жәнтекей
, Ителі , Көнсадақ , Қарақас , Меркіт , Молқы , Сарбас , Шеруші , Шимойын ,
Шұбарайғыр деп аталатын он екі ірі , жетпіс сегіз ұсақ аталардан құралады . Шыңжан Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай , Тарбағатай , Құмыл аймақтарында , Санжы , Бөртала автономдық облыстарында , Гансу , Синхай өлкесіндегі Ақсай , Алтыншоқы автономиялық аудандарында , Монғолияда тұратын қазақтардың басым көпшілігі Абақ Керей руынан тараған .
Орта замандағы бізге жеткен белгілі адамдары: Жастабан, Ер Жәнібек, Бекназар, Бегімбет, Қосай, Нұралы ,Шақантай, Жобалай, Байқотан, Бегеш шешен, Бейсембай Тойсарин, Сіләмұлы Қара Оспан, Қияқпайұлы Бүркітпай, Қожаберген , Бодау ақын , Бәйжігіт күйші , т.б.
Қожаберген Қабанбай батырдың жоңғарлармен соғысқан қолбасшыларының бірі болған.
Жастабан , азан шақырып қойған аты Аллаберді ( кейбір деректерде Аллақыдыр ) екен . Өзі қарулы , денесі ірі , бұлшық еттері сом , табаны түйенің табанындай жалпақ болған деседі . Аңыз бойынша Жастабанның әкесінің де табаны үлкен болған екен . Жігіт кезінде қалыңдығының аулына барғанда , құдыққа түсіп кеткен түйені жалғыз өзі тартып шығарады . Құдықтың төңірегіндегі сазда жалаңаяқ түйе тартқан жігіттің үлкен табанының ізі тайға таңба басқандай бадырайып түсіп қалады . Бір жылдан кейін келіншегі аман есен босанып , ұл бала табады , атын «Жастабан» қояды .

Ер Жәнібек туралы естіп, білгендеріміз

Үстіміздегі жылы Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толып отыр . Ел аузында -Қолбасшы , би, шешен, батыр атанған Жәнібекке- Абылай хан бір ауыз сөзбен- «Ер Жәнібек» деп ат қойған деседі .Бауыржан Момышұлы орыс командирлерінің өздерінің бұйрықтарын түсінбеген қазақ жауынгерлеріне ұрсып жатқанының үстінен түсіп , олардың өздерін сапқа тұрғызып қойып , «оңға» , «солға» деп бұйрық беріп , жазалаған. Қайрат Рысқұлбековтың «Қазақ деген атым бар, Он сегізде жасым бар, Еркек тоқты құрбандық , Атам десең атыңдар», деп айтуы – осы аталарымыздың үлгісі, батырлығы, өнегесі рух бергені сөзсіз.

1.Ер Жәнібек (1714 -1792) қазақ елі тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі , Абақ керейдің Жәнтекей тармағынан. Жәнтекейден -Сүйіндік, одан -Ерназар, одан – Бердәулет, одан – Жәнібек.
Сыр бойында туып , соңғы өмірі Шығыс Қазақстан өңірінде өткен. Сүйегі де сонда , Қалба тауының бауырында жатыр. Атақты Шақшақ Жәнібек атын қойып, бата берген. Жәнібектің шешесі Қазыбек бидің қызы екен, әкесі Бердәулет ерте қайтыс болған соң, ол нағашыларының тәрбиесінде болады. 14 жасқа келгенде, Қазыбек би батасын беріп, көк дөненді мінгізіп, жауға аттанбақ болған Жәнібекті шығарып салады. Керейдің үлкен қариясы немересінің қолына ырым ғып сары шашақты ақ ту ұстатқан.
Қазақ – қалмақтың қанды айқастарының бірінде Жәнібектің көзі қалмақтардың қоршауында қалған Абылай ханға түседі. Оның аты мертігіп, жаяу қалған екен. Сол кезде Жәнібек ұран салып, қоршауды бұзып өтіп, Абылайға көк дөненін көлденең тартқан. Сонда Абылай: «Қарағым-ай, өзің қайтесің?» дегенде Жәнібек: «Басшысы өлсе қолдан береке қашады. Мен өлсем қазақтан тағы бір ұл туар» – деген екен. Екінші дерек бойынша , Ер Жәнібек Абылайдың аты мертігіп қалғанда , астындағы көк дөненін көлденең тартқан . Ол мінбей тартынғанда ; «Жау өлтіргенше өзім мерт қылайын , мына атқа мінбесең , осы қысталаңда көретін жайың осы» , деп қахарлана қылышына ұмтылғанда , еріксіз мінген Абылай , соңынан дөненін қайтарып , құрмет көрсеткен . Осыдан кейін ол Абылайдың қол басшыларының бірі болып, Ер Жәнібек атанған. Ер Жәнібек Абылайханның оң тізесінен орын алып , қазақтың әйгілі батырлары Қабанбай , Райымбек , Бөгенбайлармен бірлікте жоңғар шапқыншыларына қарсы қанды ұрыстардың бел ортасында жүріп , елі мен жері үшін ерен ерлік көрсеткен тарихи тұлға . Батырдың ерлігі Бұхар жырау , Досбер Саурықұлы , Үмбетей жырау , Ақыт Үлімжіұлы секілді ақын жыраулардың өлең жырларына арқау болған . Керей қолына басшылық жасап, Абақ керейлердің ұранына айналып, оларды ата қоныстары Алтайға бастап апарған. Оның ұрпақтары қазір Қытайда, Қазақстанда, Туркияда, Моңғолияда тұрады. Ер Жәнібек ағасы Есіргеместің қызы, өзінің қарындасы Ермекті Тобықты ( Арғын) Ырғызбайға (батырлығына риза болып) қалыңмалсыз ұзатқан. Қолбасшы, Би, шешен, батыр Жәнібек қазақ елінің арман –мүддесі үшін күресе білген. Абылай ханның сенімді серігі, оның тапсырмаларын бұлжытпай орындаушы бола білген. Абылай Жәнібекке өз туын, елтаңбасын беріп, қалаған қонысына жіберіп отырған. Жәнібек өзі билеген Керейді орыстың боданы болудан алып қашып, бір кездері Керейлер мекені болған Қытай, Моңғол жеріне бастап көшірген.
Ер Жәнібек туралы екі тарихи роман , оннан астам қисса дастандар , көркем шежірелер , аңыздар мен шешендік сөздер жазылған .
Ер Жәнібектің жауға аттанарда қымыз ішетін шарасы Алматыдағы Республикалық орталық мұражайда сақтаулы тұр .

2. «Бір күні Қабанбай , Бөгенбай , Жәнібек үшеуі жорыққа аттанады .Бұлардың кім екенін білмей артынан бір жалғыз атты адам ереді де отырады . Үш батыр бір шатқалдың басына барып тынығып жатқанда , жалғыз атты адам да келіп жетеді . Сәлден соң үш батыр аттарын әлгі адамға тапсырады да , өздері жаяу терең шатқа түседі . Түсерінде : Шатқалдан «Жәнібек» , «Жәнібек» деген дауыс шықса , аттарды әкел , болмаса осы орыннан қозғалма дейді . Асылында , бұл шатқал бас аяғы тұйық , маңғол батырының ұрлаған жылқыны бекітетін жері екен . Ол дәйім қазақтардың жылқысын шауып әкеліп , осы араға бекітіп , ешқандай жанға күш бермей жатады екен . Талай рет , талай адам келіп , бұл шатқалға түскен жылқыны ала алмай қайтады . Қазақтың жылқысы үшін бұл жер бейне түбі жоқ оппа сияқтанады . Соның үшін, бұл жолы үш батыр бас қосып , әдейі келеді . Келісімен бұлар маңғол батырымен жекпе жекке шығады . Сайысқа ең алдымен жас батыр Жәнібек түседі . Екі батыр бірін бірі ала алмай көп тіреседі . Ақыры , маңғол батыры Жәнібекті алуға айналады . Осы кезде Қабанбай «Жәнібек» , «Жәнібек» деп ұран салады. Жәнібектің табиғи жаратылысында көк бөрісі бар адам екен , «Жәнібектеген» айқай шығысымен оның тұла бойына сұрапыл күш кернеп , қайраты тасып кетеді . Жау батырын алып ұрып , қызыл қанға бояйды . Осы кезде әлгі жалғыз атты адам үш батырдың атын алып шатқалға түседі . Батырлар бұл араға бекітілген қалың жылқыны айдап еліне қайтады , жалғыз аттыға да бір үйір жылқы береді . Бошалаң жігіт өзіне жылқы айдатқан адамның кім екенін де сұрамапты . Былай шыға бере өзі де күмәнданып : «Әке – ау , біреулер бұл жылқыны қайдан алдың десе , не деймін? Ел жұрт мұны ұрлап әкелді деп қалмай ма» деп ойлап артына қайта бұрылса , алдынан шауып Жәнібек шығады. Жігіт қайтып келе жатқан жөнін айтады . Сонда Жәнібек : «Жарайды , жылқының кім бергенін білуге келе жатқаның абзал болыпты . Болмаса , осыны сұрай алмаған жаманды өлтіріп тастайын деп келе жатыр едім , еліңе бұл жылқыны Қабанбай берді де» , деп келген бетімен қайта жөнеле беріпті …

3. Шыңғыс пен жоңғарлардың тегеурінді әскеріне шыдамаған Алтай керейлері амалсыз ауып , Сыр бойына барған еді . Жоңғарлардың негізгі күші жеңілгенен кейін қайтадан ата мекеніне оралады . Бірақ жоңғардың қалдық күштері Абақ елін қоршауға алып , ерапайсыз қырғыншылық жүргізеді . Осындай қысылтаяң кезде Жәнібек батыр Қабанбайдан көмек тілеген . Қабанбай қалың қол бастап келіп , Абақ елін апаттан құтқарып , жауын жайратып , қалдық бөлігін Қобда асырып тастаған . Осы жағдай Ақыт Үлімжіұлының «Абақ шежіресінде» былай суреттелген :

Алтайға келген елдің Керей алды ,
Жәнібек елге тірек бола қалды .
Керейді қалмақ шауып қырыпты , деп
Жәнібек Қабанбайға кісі салды .
Қабанбай хабарды естіп келген екен ,
Керейдің аққан қанын көрген екен .
Бірігіп екі батыр тізе қосып
Сазайын қалмақтардың берген екен .
Маңғолмен екі батыр соғыс салған ,
Түтігіп қара тамақ найзаны алған .
Бере алмай бұған төтеп қалмақ жауы
Қобдаға қаша көшіп кетіп қалған…

4. « Ер қормалы – ер Абылай» дастанынан :

… Абылай мініп жүрген арғымағы,
Шабыстан кешке дейін баршындады.
Жәнібек көк дөненмен келді ызғытып,
Абылайға бірер жауап сөз салғалы.

Түсе қап көк дөненін алға тартты,
- Мініңіз , тұлпарыңыз шаршап қапты.
Бір қарап жас жігітке ер Абылай,
-Сен өзің қайтесің ? деп жауап қатты.

-Мен өлсем , қазақтан бір ұл туады,
Сен өлсең , жоңғарға тең кім туады ?
Ұраның « Абылай»лаған ел қорғаны,
Сен өлсең ұлы ұран жоғалады …

Абылай көк дөненге мінді дағы,
Ойнатып жау алдында тұрды тағы.
Жәнібек жолдасының атын мініп,
Бір өтініш Абылайға қойды тағы.

Руқсат ет , «жекпе – жекке» тартам деді,
Жас жанды елден аяп қайтем деді.
Абылай жеке өзі жауап бермей,
Бөгенбай , Қабанбайға тағы келді.

«Жекеге» Қабанбайдан бата алды,
Майданға аттануға дайындалды.
«Жеке !» деп шыға шапты қалың топтан,
Қалың қол «Абылай»лап ұран салды.

«Жеке»ге қалмақ жақтан Долон шықты,
Нояны бір жайсаңның ол да мықты.
Айқасып ерсі – қарсы сайысқанда
Шаңдатып майдан жерді жүндей түтті.

Жәнібек айбалтаны ала шапты,
Әдіспен қарақұстан ұрды қатты.
Қоздырған «көк перісі» қарулы қол,
Ұрған соң Долон ноян жерді қапты.

«Жеке! Жеке! Жеке!» деп ұрандады,
Қалың қол екі жақтан сыр аңдыды.
Біреуі «Абылай»лап , «Қабанбай»лап,
Ал бірі «Бурхан»ды айтып шыр айналды.

Кезекке жоңғар жақтан шықты Холон,
«Қолда!» деп шуласты ол да әруақ жолын.
Денесі кесек екен , дабысы зор,
Барлаған батыр екен оңын , солын.

Долонның өлгеніне ашулы еді,
Азуы қазақ десе басулы еді.
Ғалдан хан Шарыштан соң сенім артқан
Қазіргі сардарының асылы еді.

Холоннан батыр еді ол қаруы артық,
Болмаған оны жұрттың тануы артық.
Жарқ етіп салған жерден садақпенен
Жәкеңнің Холон қалды атын тартып.

Ат құлап , Жәнібек ер жаяулады,
Тұрған жоқ қолдан келсе аянғалы.
Садақпен бұл да тартты , атты көздеп,
Күшіне екі алыптың ел қайран қалды.

Бетпе – бет қылыштасып , арпалысты,
Найзаласты , тіресті , көп сайысты.
Біреуі қалқан тосып , бірі ұрғанда
Қанжарласты , айла іздеп дағдарысты.

Босаңсып бара жатты әл дәрмен де,
Оңай ма көпе – көрнеу жан бергенге ?
Жасағы екі топтың тықыршиды,
Лап етіп кім тайса да дүр бермекке.
Бір кезде Холон алған қанжар ұшты
Өзі де оң жамбастан қатты түсті
Сонан соң апыл – ғұпыл сілкілескен
Қалың қол болып кетті майдан үсті

Жәнібек бір қалмақтың атын мініп,
Ықсырып бет келгенін шықты түріп.
Қонғандай «көк перісі» түнеріпті,
Айбынмен түсті көзге найза үйіріп.

Майданда Абылай хан тағы көрді,
Таныды жау жаламда қайратты ерді.
Жарқ етіп қысылғанда тыныс берген
Білуге ер жігітті құмар болды.

Қазаққа қанды майдан дес бергенде,
Дәт қылар қандай жүрек сескенбеуге !
Абылай ат тебініп шайқасқанда
Дулыға бас домалап түсті жерге.

Қазақтың әруағы зор батырлары
Қабанбай , Жантай , Барақ , Бөген кәрі,
Және де Малайсары , Өтеген би
Ырза болып , бата тілек етті бәрі …..

5. Жау кетіп , соғыс тоқтап тыныққан соң , жеңіс алған Абылай ақылшы ағасы Әбілпейізге : « Ерлігімен танылған батырларды сарапқа алып , қалауын орындап отыралық» деп , ақыл қосты . Бұл ойды қарт батырларға да айтты . Осы жолғы жеңістің көрнекті батыры , жас жігіт Жәнібек сарбаздар алдында елден ерек әйгіленді .
- Сенің қан майдан үстінде ат бергендігіңнен сөз бергендігің тартымды еді . Бұл жолғы жеңістің жемісі сенікі болсын . Хан ордасына қоятын талабың болса айт , – деді Әбәлпейіз уаң орда атынан бұйыра сөйлеп .
- Сұрасаңыздар айтайын , мен жаспын . Елім , жерім танылмаған , орталарыңа бүгін қосылдым , орда босағасынан жаңа аттап отырмын . Сондықтан талабым көп болса да , біреуін айтайын . Оным орындалса , екіншісі онан соң айтылады , – деді Жәнібек .
- Айт , көпшілік тыңдасын – деді Абылай .
- Әскери қолбасымыз Абылай оң тізесінен орын берсе деймін , тақсыр …
-Ал, ал, орын берейін , басқа не сұрайсың ? , – деді Абылай .
- Керей деген елім бар , иелігім жоқ , сарбаз ұстап , қолбасы болып , елімді де , өзімді де танытсам деймін .
Абылай отырған батырларға қарады . Қабанбай мен Бөгенбай бір біріне бас изеп күле қарасты .
- Елім , жерім бар , сұқтанған жауым бар . Қорғаныс жасап , қарсы тұрар күшім болса деген ерге , кім ықыласын бермесін ? , – дейді батырлар .
- Ендігі талабың ше ?
- Түскен төбеме , шыққан тауыма , жасаған жорығыма , бет алар сапарыма жетекші болар туымды белгілеп беріңіз , – дейді .
Сол жолы қалың қолдың алдында Абылай үш құлаш қаратамақ найзаға шапталған , ені төс жара , қызыл сары жібек шашақты , қытай торғынынан жасалған туды ұсынды . Ақбоз атқа мініп , сауытының сыртынан далбай кіреуке жамылып , ыждағатпен туды қолына алды Жәнібек …
Абылай табыстаған , Ер Жәнібек көтерген ел туы ұрпақтан ұрпақтың қолында ел ұраны болып мәңгі желбірей бермек .

6. Ер Жәнібек – азаттық Ұраны!

Ерлер бар еңіреген бұл қазақта,
Бас тіккен ел-жұрты үшін сан азапқа.
Қол бастап, ту көтеріп, ұран салып
Жеткізген ел мен жерін осы азатқа.

Кек қайнап, жасынан ақ жауға шапқан,
Ата жау – қалмақ жұрты жанын шаққан,
Сұлатып жекпе – жекте ең батырын
Сүйсінтіп Абылайға ерте- ақ жаққан.

Атанды содан бастап – Ер Жәнібек,
«Ер» қойды хан Абылай өзі жебеп.
Әйгілеп көпшілікке батыр даңқын
Серік етіп қасына алды демеп.

Дара болып ел бастады, сөз бастады,
Батырлық, әділдікті қолға ұстады .
Азаттық пен жақсылықты елге тілеп,
Ешкімге бодан болмас тезді ұстады.

Өшпейтін аты мәңгі ардақты есім,
Бастаған сын сағатта тарих көшін.
Ұрпағы сиынатын баққа айналды
Кіргізіп тарыққанда елдің есін!

Төлек Тілеухан – жазушы, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты
Тайтөлеу Төлтай – «РИВЦ» ЖШС – төрағасы, сәуір 2014.

Бегімбет Жастабанұлы
Бегімбет Жастабанұлы он алты – он жетінші ғасырда өмір сүрген .
Жастабаннан – Сарытоқай , Бегімбет , Сарыбас туады . Үшеуі де жаужүрек батыр болған деседі . Бегімбет кесек тұлғалы , алып күштің иесі балуан болған , қазақ қалмақтың көптеген қанды шайқастарына қатысқан . Сондай соғыстардың бірінде ол тұтқынға түсіп , көп қиыншылықтарды басынан кешіреді . Он үш жылдан кейін оны ағалары Сарыбас пен Сарытоқай тұтқыннан құтқарып , елге алып келген . Омар Қаймолдин ақсақалдың айтуы бойынша , Бегімбет бабамыз Шың еліне елшілікке барған . Бабамыздан :«Бүгінгің ертеңіңе үйлеспесе – қыйуы қашады , сөзің өтпесе елің қашады , ісің ұнамаса -жұртың тозады» деген аталы сөз қалған . Керейдің белді билерінің бірі болған . Сүйегі өзінің ата мекені – Қараертістің бойындағы Көксай деген жерде деген дерек бар .

Шақантай батыр (1706 – 1791)

Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы :
«ШАҚАНТАЙ Жауқашарұлы ( 1706 – 1791 ) – батыр . Орта жүз ішінде Керей
тайпасынан . 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан . Қазақ – жоңғар соғысында Қабанбай , Жәнібек тархан , т . б . батырлармен бірге ірілі – ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен . 1724 ж. Қабанбай батыр бастаған отыз мың әскер Аягөз өз . бойында жоңғарлармен арадағы соғысында 18 жасар Ш. жоңғар батырын жекпе – жекте жеңіп , батыр атанды . Ш. 1760 ж. Жобалай , Байқотан билермен бірге Алтай , Сауыр тауларын мекендеген өздеріне қарасты 200 шаңырақты Шұбартау жеріне , Бақанас өзенінің бойына әкеліп қоныстандырды . Ш – дың артынан ұлағатты , өсиет сөздер көп қалған . Қартайған шағында дулығасын балалары Құлбарақ пен Байбараққа аманат етіп тапсырған . Айтыс ақыны Қалихан Алтынбаев « Ақырғы айқас» , ақын Кеңесжан Шалқарұлы « Шақантай батыр» атты тарихи дастандарын жазған . Батырдың мазары қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңіріндегі Бақанас өз – нің бойындағы « Орта Қарауыл» төбесінде орналасқан» . ( 9 – том , 420 бет )

Шақантай Жауғашарұлы Алтай тауының Сауыр деген жерінде туған. 1760 ж. Жобалай би, Байқотан билермен бірге Бекназар – Қосайдың 200 үйін Бақанас өзенінің бойына көшіріп әкелген. Он екі Абақ керейдің бірі – Жастабан. Шын аты Аллаберді екен. Кейбір деректерде Аллақыдыр деп те атайды . Аллабердінің үш ұлының бірі Бегімбеттен – Бекназар, Қосай туады. Бекназардан : Қожакелді, Құдайберді, Қойлыбай, Жәдігер төртеуі. Құдайбердіден – Майбасар мен Жауғашар. Майбасардан – Матақ бастаған, Мүсәпір, Жанәділ, Өтен, Құттыкадам, Жәпек алты ұл туады. Жауқашардан (екінші аты Алшаң ) Шақантай жалғыз. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ пен жоңғар алма кезек шабуыл, жорықтарында Бекназар ұрпақтары да көзге түсіп, аттары елге жайылған.
“Қожагелді, Қойлыбай атағымыз,
Жауға шапса қорықпайтын Матағымыз” – деп ерліктерін мақтан еткен. Сол кезде Матақтың дәуірі жүріп, тасы өрге домалап тұрған.
«Ағайын мықты болсаң күндейді, жуас болсаң жүндейді» демекші, балпанақтай торсық шеке ұл боп, шекесінде мүйізге ұқсас жаңа шығып келе жатқан ұрасы бар Шақантайды көріп, ертең ер жетіп өскенде, бар атақ даңқымды тартып алатын осы болар деген немере ағаларында қызғаныш сезімі туған. Шақантайдың жеті жасында әкесі Жауғашар қайтыс болған. Әкесі қайтыс болған соң Матақ бастаған немере ағалары Шақантай мен оның екі әпкесін, шешесін шеттете берген. Шақантайдың әкеден қалған бір биесінен екі жирен құлын егіз туып, соны бағып, жаратып жүреді. Шақантайға ағайын жұрты қаншама теперіш көрсеткенмен өткір де өжет, алғыр да талапты, қайсар да қайратты, тапқыр бала мойып жасымайды, қайта шынығып, ширап, ақылы ерте толып, ерте есейеді . Оның ең жақын досы, туысы, құрбысы – Малдыбайдың баласы Қожабек болған. Ағайындары жас балаға маза бермегеннен кейін, Шақантай 11 жасқа келгенде, екі әпкесі жанына Қожабекті қосып , ел көзіне түскен екі «Телжирен» атты беріп, екеуін Шақантайдың нағашысының аулына аттандырып жібереді. Шақантайдың нағашысы Найманның Бәйжігіт – Мәмбеттен тараған Қожақұл руынан екен. Екі бозбала елмен, жермен танысып, күн өткен сайын денелері де толысып, келбеттене түскен. Нағашыларының айтуы бойынша әкесінің тірі кезінде айттырған қалыңдығы Жаңыл да осы Найманның көп ауылдарының бірінде екен.
Жауқашар өлген соң Жаңылдың әкесі жалғыз қызымды жетім балаға бермеймін деп, айнып жүреді. Қиынды жеңіп, қияға өрлейтін жол таба алмай жүргенде Шақантайдың да басына бақ қонып, соңынан қырсық қалатын мезгіл де жетіп, ойламаған жерден істің сәті түседі. Бір сәтті күні сол елде ұлы дүбір ас беріліп, сол асқа екі «Телжиренді» жаратып мініп, қызық көріп ойын тамашалауға, рұқсат берсе аттарын бәйгеге қоспақ болып, Шақантай мен Қожабек те келген. Әрине, елсіз, атасыз екі баланы ешкім ескермеген. «Танымасын силамас» дегендей бөтен елде аттарын бәйгеге қосуға ұлықсат беретін кім бар? Оны былай қойғанда, түсіп дәм татыңдар дейтін де адам кезікпейді. Асты сол елді билейтін атақты төре басқарады екен. Табақ – табақ астан ауыздары қағылып, іштері шұрылдап жүргенде, Шақантай тапқырлық жасап, төре отырған үйдің жабығын ат үстінде тұрып сырғытып жіберіп, ашылған жерден:
- «Аталының аузы ойнар, атасыз біздей жетімнің көзі жайнар» депті. Өңкей ығай мен сығай, игі жақсылар отырған үйге келіп, жабықты сырғытып, жұрт құлағын елең еткізерліктей есті сөз айтуға батылы жеткен кім де болса бекер кісі болмағаны деп шешкен төре, Шақантайға жабықтан туралмаған тұтас жая, қымыз бергізіпті. Ас ішілген соң төре әлгі екеуін шақыртып жөн сұрайды. Көңілі ұнатып, сынына толған екеуіне төре бәйгеге шабуға ұнасымды киім кигіздіртіп, аттарын бәйгеге қосуға ұлықсат береді.
Төре: Аттарың бәйгеден келмесе де үстеріңдегі киімдеріңді алмаймын. Атың бәйгеден озып келсе өзім ие боламын, аянбай шап. Егер атың озып келсе «Шақантайлап» шап деп тілек білдірген. «Құдай оңдап, аруақ қолдап» дегендей ,Телжиренге мінген бір бала 100 аттың ішінен оқ бойы озып келіп, «Шақантай, Шақантай, Шақантай» деп ұрандап көмбеден өткен. Жиналған жұрт Шақантайдың кім екенін сонда біледі. Сөйтіп Шақантайдың аты бір-ақ күнде елге тарап, атағы зор болып шыға келген. Төренің ниетін құдай «Телжиренге» мінген талапты жас Шақантайға шын аударған екен. Қалындығы Жаңыл туралы Шақантайдан сұрап біліп алған төре, өзі бас кұда болып барып қыздың төркіндерімен келісіп қайтады. Матақ сезіп қоймасын деп Шақантай екі әпкесіне белгі ретінде тақия жіберіп, тақияның астарына хат салып, «қалың малдық жылқы жібер» деп сәлем жолдаған. Қыздың әкесі уәделі күн жеткенде 30 күн ойын, 10 күн тойын жасап, жалғыз қызы Жаңылды Шақантайға береді. Отыз түйеге жасауын артады. Жаңылмен қоса Еңке бастаған жеті күтуші қызды түйемен қосып жібереді. Еңке қалмақтың шапқыншылықтан түскен қызы екен. Шақантай Жаңылды 12 жасында алған. Жаңыл Найманның Бәйжігіт, Қаракерей руының Мәмбет табынан екен. Жаңыл ұстамды, ақылды, кеңпейіл жан екен. Шақантай – ұшқыр да жылдам, шешімді де батыл. Шақантай шарасынан асып-тасып бара жатса, Жаңыл ақылмен билеп, білгірлікпен басып отырады екен. Біраз уақытқа дейін Жаңыл бала көтермеген. Содан Жаңыл Шақантайға айтыпты: – Сені ер дегенмен , істеген ерлігің жоқ. Бұл жаққа ерлікпен келген жоқсың, кемдікпен келдің. «Байтал көп болса, құлын көп болады» деген. Мына Еңке шаңыраққа мініп келді демесең, жай адам емес. Некесін қи да, осыны ал дейді. Жарының тілегін, әрине, Шақантай орындаған. Жаңыл Еңкенің төсектен көтеріп бала табатынын, ол «ақжолтай» болып, соңынан өзі де бала көтеретінін болжап сезген. Сонымен, Шақантайдың тұңғышы – Еңкеден туған Құлбарақ. Жаңыл Шақантайдан Байбарақ, Бәйтөбет, Торғай, Текебай, Серкембай атты бес ұл туған. Шақантай ұрпақ таратып, малды болып қонданып, бақ пен дәулеті бірдей өрлеп, кемеліне келгенде ғана, туған жер, өскен еліне бірақ оралған.
Шақантайдың батыр атануына оның жоңғарларға қарсы күресте көрсеткен ерлік істері себепші болған. Ел басына күн туған шақта Шақантай сауыт киіп сайланып, қару-жарақ асынып, қатуланып, дудыға қағып топқа кіріп, жауға ойран салған. Шақантай жаудың шағын тобына түн мезгілінде дудыға қағып, қылыш, найза сілтеп жалғыз барып тиіседі екен . Соғыстың бір саябыр тартып , толастаған тұсында Қаракерей Қабанбай батыр Шақаңның ерлігіне риза болып бата берген деген әңгімелер де бар . Сол үшін де әділдік пен шындықты ту етіп көтерген екен . Ол соғыста жекпе жекке шыққанда да қарсыласының жөнсіз берекесін алмай , сабырмен , салмақпен , байыппен кісілігін жоғалтпай сайысады екен . Кейбір батырлар құсап , өзіндей қарсы жақтың азаматының жау болса да ар намысына тимей , әділ айқасатын болыпты . Оның күндіз – түні белдеуден аты , қолынан шоқпары түспеген . Ел деп еңірегенде етегі толған , асыл да , парасатты адам . Ұлағатты бабамыз ылғи да ісінің ақ болуын Алладан тілеп , аруақтан сұрап отыратын көрінеді . Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда , Аңырақай маңайындағы ақтық айқасқа Шақантай батырдың қатысқанын ешкім де жоққа шығара алмайды . Кейін дудығасын үлкен балалары Құлбарақ пен Байбараққа, ата жолын қуыңдар деп табыстаған.
«Дудыға сілкіп қағайын,
Дұшпанға ойран салайын.
Ырық бермес қалмақтың
Басын қағып алайын.
Қолыма садақ алайын,
Қорамсаға қолды салайын.
Қас жауына елімнің
Қасқайып қарсы барайын» деген.

Шақантай көп адаммен жүріп серуендеуді, аңшылықты жақсы көрген. Бірнеше бәйге ат ұстаған. Қазақ – жоңғар соғысында Қабанбай батырмен және Ер Жәнібекпен бірге бірнеше соғысқа қатысқан.
Белгілі ақын Қ. Алтынбаевтың «Ақырғы айқас» дастанында:
«Аякөзден асқан соң ,
Тарбағатай көрінді .
Есі қалмай сасқан соң ,
Екіге жоңғар бөлінді.
Қашқан жоңғар артынан
Қарт Бөгенбай қалмады.
Тетелесі Жантай бар ,
Тоқтамыс пен Мамай бар ,
Көмек беріп қолдады.
Жалайырлық Жоламан
Жеткен екен ол дағы .
Серейген биік бақандай
Керейден шыққан Шақантай ,
Сынған жерде найзасы
Өсіп тұрған теректі
Жұлып алып толғады…» деп жырлаған.

Шақантай ұрпақ көбейту үшін көп әйел алған. Жаңылдың рұқсатымен Еңке бастаған жеті қызды да алады. Шақантайдың барлығы он үш әйелі болған. Он үш әйелден тараған 21 ұлы 21 ауыл болып Бақанас өзенінің бойын мекендеген. Шақантай XVIII ғасырдың соңғы ширегінде 85 жасқа келіп қайтыс болғанда одан тараған ұрпақ 71 еркек кіндікке жеткен екен.
Шақантай жоңғар шапқыншылығынан кейінгі кезде 1760 ж. мөлшерінде Алтай, Сауыр тауларын мекендеген Жастабан Керейінен ағайын араздығынан бөлініп шыққан 200 үйді (Бекназар, Қосай әулеттері). Жобалай би, Байқотан билермен бірге, Шұбартау жеріне қоныстандырушы, ел қамын жеген халық қайраткерлерінің бірі. Батырдың зираты Шығыс Қазақстан обылысы Аякөз ауданына қарасты, Шоқан Уәлиханов атындағы кеншардың маңайындағы, Бақанас өзенінің бойындағы «Орта қарауыл» төбенің басында тұр. Одан төмен батырдың ұрпақ – әулеттері жерленген қалың қорым жатыр. Шақантайдан жоғары жатқан Матақ. Солай жерленулерін көзі тірісінде айтып кеткен Шақантайдың өзі екен. Бұл Шақантайдың кекшіл емес, көпшіл, адамгершілігі мол, кешірімпаз, кішіпейіл екендігінің айғағы боларлықтай, адамды еріксіз ойға қалдырарлықтай терең сыр бүгіп, ұрпаққа өсиет – өнеге ретінде қалған мұра деп қарауға болады.

… Қытайдағы Тентексары атамыздың Шақаң туралы естелігінен : «Шақантай ұзын бойлы , атжақты , қызылшырайлы , кірпігі ұзын , өңді адам болған . Ұзын кірпігі көзін жауып тұрады екен . Жанары отты , өткір , тесіле қараса қатты әсер еткен» .
Аумалы – төкпелі заманда Шақаңның артында қалған мұрадан , қымбат ескерткіштен – Үрімшідегі Тентексары ұрпағының үйінде айрықша қастерленген шекпені сақтаулы . Шекпен түйенің жүнінен оңды – солды моншақ салып иіріліп , шеберлікпен тоқылған екен . Жіптің бір жері қалың болып кетсе , моншақ сол жерге тоқтап қалады екен . Алғаш көргенде ерекше тоқылған бұйымның әсері де ұмытылмастай . Уақыт аясын ба , жеңі , жағасы , етегі талай өңдеуден өткен . 1920 – 1930 жылдары Тентексары Қытайға өткенде ел ақсақалдары шекпенді келесі ұрпаққа аман – есен жеткізуді саған тапсырдық , деп аманат еткен көрінеді …

Шақантай мен Қасабай

Шақантай батыр игі жақсылармен бас қосып, мәжілістес отырған көңілді бір шағында: – Құлақ естіп, көз көріп ат тұяғы жететін жерде ерлігіме ерлігін теңгеретін, бақ пен дәулеті де тең келетін мен сияқты баласы көп, адамгершілік азаматтығы өзіме қарайлас, ақыл-айласы да арайлас, бәйбішесінің қасында, тоқалдарының жанында өмірдің қызығынан сонылаған, ел-жұртына қадірлі, құдай тілеуіне беріп, мейір-шапағатын аямаған кім бар екен? – деп көптен бері, көкейінде жүрген ойын айтады.
Бәрін де айбарлы, атақты батырдың мысы басып, сұрағына жауап таба алмай ,біріне-бірі жалтақтап, жер шұқысып, үнсіз қиналғандардың бірі топты жара Шақаңа қарап шешіле сөйлепті.
– Бар, дүниеде Құдай жалғыз, ал адам пендесін жалқы етіп жаратпаған. Ел-елдің жақсысы мен жайсаңы бар. Бірақ олардың ішінде де сізге теңгеретіні некен саяқ. Соның бірі Тарбағаттайдың ойын, Алакөлдің бойын жайлап-қыстаған Найманның Тоқпақ деген елінде Қасабай деген бар, – депті ол.
Бұл хабарды естіген Шақантай қасына атқосшы, жолсерік ертіп Қасабайды іздеп сапарға аттанады. Оңтүстік – шығысты бетке алып, неше күндей жол жүрген жолаушылар Қасабайдың ауылын іздеп тапқан екен. Олар «жоқ іздеп жүр едік» деп, аты-жөндерін де бүркемелеп, шындарын айтпапты. Қасабай бұларды қонақ кәдесін жасап күтіп, сый-құрметтің бәрін де көрсетеді. Кір қондарын жуғызып, іш киімдерін де ауыстыртып берген екен. Шақантай Қасабайдың мырза-жомарттығына, адамгершілігіне риза болады. Зерікпесін деп Қасабай екеуі екі қаршыға ұстап Шақантайды саятшылық құруға алып шығады.
Бір топ қырғауыл дүр етіп ұша жөнелгенде табиғатынан алғыр, зерек, ұшқыр ойлайтын Шақантай: – Мен көрдім. Ана қырғауыл да, мына қырғауыл да менікі, қаршығаңды жіберме! – дегенде Қасабай:
- Менің көзімді шайтан тағаласа, сен көрсең, мен жібермей-ақ қояйын, – деп қонағына ерік береді. Және бұл ерікті тартып алғандай сезінеді. Қаршығасы қырғауыл алып құмарынан шыққан қонақ:
- Мен сені Керей елінен іздеп келген Шақантай батыр едім, – деп , шынын да, сырын да айтады.
-Бақ пен дәулетің, салтанат-сәулетің де менімен тең көрінеді . Бәйбішең бапты, тоқалың торғын, балаларың да баршылық, арман – мақсатыңа жеткен, құдай тілеуіңді берген жан екенсің, – депті ол. Адамгершілігің де атағыңа сай екен. «Тең – теңімен, тезек- қабымен» дегендей өзім теңдес дос тауып, сыр шертісіп, көңіл жарасқан құда болсам деп армандаушы едім. Арманыма жеткен сияқтымын. Әзірге сыныма толмай қалған жерің жоқ. Ендігі сынайын дегенім ерлігің мен азаматтығың. Азаматтығыңды өзімнен кем дей алмаймын. Бірақ ерлік пен азаматтық егіз ұғым екенін естен шығармайық. Бұл екеуі басқа іс түскенде сыналады. Әуелі ерлігіңді сынамақпын. Ерлігің асса қыз беремін. Ерлігім асса қыз аламын. Құдай қосса құда болайық.
Ниет-тілектері бір жерден шыққан екі батыр ерліктерін сынау үшін сол заманда қазақпен жауласып жүрген торғауыт-қалмақтарға қарай жорыққа шығады. Бірінші боп кезек алған Қасабай жайлап жатқан елден барып, ептілігін, айласын асырып екі түйе тоғанақ алып қайтады. Ендігі кезек Шақантайға келгенде екі батыр жорыққа түн жамылып шығады. Алдарындағы қалың қамыстың арасынан көздеріне жанған оттың жарығы шалынады. Екеуі барлап қараса отқа асылған бақырды айнала қоршай отырған бір топ қарулы торғауыттар екен. Бақырдағы етті жеп әлденіп алып түнгі жорыққа аттанбақ сыңайлары бар. Жоңғар жауынгерлерінің мұндайда аттарының бастарын айқастыра қос-қостан «қалмақша» қаңтарып қоятыны екеуіне ежелден белгілі. Ойланып тұрмай тез шешімге келген Шақантай қаһарына мініп: «Ұрып таста!» «Ұрып тасталап» астындағы сайгүлігінің бар екпінімен торғауыттарға қарай ұрандай шабады. Қаһарлы үн мен дүлей екпіннен бойлары түршігіп, оған түнгі үрей қосылып, қорқыныш билеген торғауыттар жан сауғалап, қараңғыны паналап, қамыс-қамыстың арасымен зытып береді. Қаңтарулы аттары үркіп, маталасып, айранасыр болады. Асулы бақырды ат үстінен іліп алып Шақантай Қасабайға қайта оралғанда ол:- «Ерлігің асты деп», мойындаған екен. Құла түзде түн жамылып келе жатып екеуі құдай қосқан құда болуға сөз байласып, Шақантайдың Торғай деген баласына Қасабай Ұлмекен деген қызын айттырмақшы боп келісіпті. Сол жолы Шақантайлар киіт киіп, Қасабаймен құдандалы боп қайтады. Келесі жылы құдалыққа келген Қасабай күйеу баласының ерні жырық деп айниды. Бірақ айнығанын сездірмеуге бекіп сыр бермепті. «Торғайдың ерні туғаннан нысаналы-жырық. Үйленіп, отау көтерер кезек те сонікі. Және байласқан сөз бар. Сөзін Шақантай бұзар ма? Қалыңмалды айдап алған соң, күйеудің ерні жырық деп қызым айнып қалды, басқа балаңа айттыр» деп кесіп, бір-ақ айтармын. Қалыңмал қолдан кетіп, күш бізге ауғанын көрген Шақантай бұған келіспегенде қайда барады. Ойланып-толғанып Қасабай осындай шешімге келген. Ал, Шақантайға келсек оның ойында еш алаң жоқ. Қалыңмалын алдына сап беріп, құдаларын құрақ ұшып күтіп, шығарып салмақшы… Міне, ол құдасын Бақанастың бойындағы өз қонысы Бас Қарауылдан, қозы көш жердегі Аяқ Қарауылға шейін шығарып салып бара жатыр. Сол замандағы салт, әдет-ғұрып бойынша, құдалар най тартысады екен. Най деген ағаш мүштікке салып шақпақпен тұтатып, нашалық қасиеті бар ащы қурай ұнтағын салып тартатын, түтіні будақтап бұрқырап шығатын, құмартқыш, еліктіргіш зат болуы тиіс.
Шақаңның найын Қасабай алып тартқаннан кейін, най алмасу кезегі оған келгенде: – Найы құрғыр таусылып қапты ғой, -депті Қасабай қалтасына қолын салып. Қоштасып, былай шыға ойына күдік алған Шақантай Қарауылға шығып қараса, Қасабайдың аузынан түтін бұрқырап барады. «Әлгісі шын ба, өтірік пе » деген күдігі шын екендігіне көзі жеткен соң, Қасабайды қайта қуып жетіп:
-Айырылысарда табылмаған най, енді табылды ма? Қанжығада көрісейік! – депті ашулы жүзді Шақантай. Үйіне оралысымен Шақантай қалыңдық айттырған баласына: – Мен саған қызын айттырдым. Сенің ернің жырық, қызымды бермеймін деп айнып кетті Қасабай. Қасабайды өлтіріп кел, құнын өзім берем. Қасабайдан өл, құныңды өзім алам. Намысың үшін жан қия алмасаң сенің тірі жүргеніңнен өлгенің артық, – деген екен қатулы кескінмен… Торғай Қасабайдың үйіне сәлем бере кіргенде оны күйеу келді екен деп ешкім де елемепті. Намысы өртеп, бойында қаны ойнаған Торғай :
- Құдаңның сәлемі бар еді айтып кетейін, – деп босағадағы салулы сырмаққа отырмай, төрге озып, жастыққа шынтақтап жатқан Қасабайдың жамбасын баса отырыпты. -Құдаңның сәлемі мынау, -депті Торғай. Қайын атаңнан өл құныңды өзім алам. – Қайын атаңды өлтіріп кел құнын өзім берем. Намысың үшін жан қия алмасаң , сенің тірі жүргеніңнен өлгенің артық Бұл маған да, сізге де қатысты сөз. Бір күн болса да ақ қойды сойып, ақ батаны істеген атамсың ғой. Мені өлтір, – деп Қасабайдың алдына кездігін қойып, омырауын ашыпты да : – Ал, сал!» деп үш қайтара айтыпты. Мұндайды күтпеген Қасабайдың ойы астан-кестен, әлемтапырық. Жазықты күйеу бала емес, өзі. Жазалануға өзі лайық. Шақантайдың: «Азаматтық басқа іс түскенде сыналады» дегені осы екен ғой. Бұл менің осалдығыма сын болды. Азаматтық ар-ұятыма дақ түсірген екенмін. Ал Қасабай, өзі істегеніңді өз мойныңмен көтер.» Осыны әп-сәтте ғана ойлап үлгерген Қасабай тас бейнедей мелшиіп қатты да қалды. Біресе күйеу балаға, біресе алдында жатқан суық жүзді кездікке қадалды. Кездіктен күйеу баласының жүзі өткір, ызғарлы екен.
- Ал,салмадың ба? – деп саңқ етті Торғай. – Онда мен салайын деп, -кездікті Қасабайға ала ұмтылып, сермей бергенде… Уақыт мәңгіге тоқтап қалғандай, жүрегі ең соңғы рет соғып, көкірегінде жанып тұрған оты жалт етіп сөнетіндей. Қасабайдың шекесінен бақайшығына дейін шымыр ете түсті. Сонда да күйеу баласынан жанарын тайдырған жоқ. Міз бағып, тайсалмады. Ол өлімді қорықпай қарсы алмақшы еді. Бойы дір етіп, қолы қозғалып кетті де, алдында тұрған шыны-аяққа тиіп, шайы шайқалды. Үрейі ұшқан бәйбішесі ұшып тұрып күйеу баласының алдын кес-кестеді. Енесі алдына оралғы болғанда, Торғайдың қолындағы кездік сермелмей тоқтап еді. Сабасына түскен бәйбіше:
-Әй, Қасабай, – депті өткізе сөйлеп. – Ата-анаға баланың бәрібір. Кезек осы баланікі екен. Осындай қөзінің оты бар балаға, көңіліңе тат сақтап, сені қай құдай атты? Балалардың бағын байлап, жолын кеспе, оң батаңды бер?.
Байлық пен дәулетіне мастанған Қасабайдың астамшылығы мен кесірлігін, күйеу баласының өжеттігі мен өткірлігі, ер намыстылығы жеңіп, Торғай Ұлмекенді алып мақсатына жетеді.
( Осы екі әңгіме Тлеуберлин Рыздықбай ақсақалдан жазып алынған . Ол жазба-лар М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қорында сақтаулы.)
Шақантай мен баласы
Шақаң бір күні аңнан қайтып , ынжықтау бір баласына:
- Мына олжаның терісін сыпыр ! – деп үш түлкі , екі арлан қасқырды аттан аударып тастаған екен . Өзі ақ ордаға кіріп , бәйбішесінің қолынан сусын ішіп , тынығып , сыртқа шықса , баласы қой сойғандай түлкі мен қасқырдың бас , аяғын кесіп , ішін іреп жатыр екен . Шақаң қаһарына мініп:
- Әй , бүйтіп көзге күйік болып жүргенше , көзіңді жояйын ! – деп баласын шауып тастағалы қылышын суырыпты . Сонда баласы :
- Әкетай – ай , тым болмаса тұқым болмаймын ба ? – деп еңкейе беріпті басын тосып .
- Қап , мына жаманның сөз тауып кеткені ай ! , Болмас болмас ! – деп Шақаң сөзден тосылған екен .
Кейін сол атамыздың айтқаны келіп , өзі бір рулы елге бастау болды .

Шақантай ауылдары
Шақаңның он үш әйелінен он үш ауыл Бақанас өзенінің бойында (кейінірек Уәйіс ақын: «Айбармен Бақанасты Шақаң басты» – деп жырлаған.) орналасқан екен. Шақаң таңертең ерте тұратын көрінеді. Бақанас өзенінің жағасындағы дөңге шығып ауылдарына қарайды екен: бөтен ешкім жоқ па екен, бір жақта жүген шылдырлайды ма, ат пысқырды ма екен деп. Бәрі тып-тыныш. Алда-жалда бейсауат жүрген біреуді байқап қалса:
- Шүкір, бәрі біздің баламыз болады, – деп Нарқызыл атына мініп, ауылдарын аралауға кіріседі екен.

Шақантай мен қалмақ батырының жекпе-жекке шығуы
«Ақтабан – шұбырынды» кезінде Шақантай Қаракерей Қабанбай батырмен бірге қалмақтармен Аягөз өзенінің бойында соғысқан. Соғыстың бірінші күнінде сол кездің салты бойынша екі жақтың батырлары жекпе-жекке шығуы тиіс. Қалмақтың батырымен Шақантай жекпе-жекке шыққан. Қалмақтың батыры найза, қылыш, шоқпармен шығады. Шақантайға найза қылыш ал десе: – жоқ, мен шоқпармен ғана шығамын, – деген. Екі жақтың әскері қарап тұрады. Өлшемді жерде екі батыр бір-біріне қарсы тұрады. Шақаң «Нарқызыл» атының үстінде өзінің атақты шоқпарымен. Содан, ал бастаңдар деп белгі береді. Аттың басын қоя береді екі жақ. Қалмақ найзасын тіке ұстап кеудеден тірейін деп шабады. Шақаң оның найзасын шоқпармен салып қалып анадай жерге ұшырып жібереді. Аттың басын бұрып алып, бір-біріне қайта шабады. Қалмақ қылышын суырып алып төніп келе жатады. Шақантай тез жылдамдықпен қалмақты шоқпарымен қалпақтай ұшырып түсіреді. Содан Қаракерей Қабанбай мен Шақантай сарбаздары қалмақтарды үш күн бойы алға жібермей ұстап тұрған екен.

Шақантай мен Ер Жәнібек
Бердәулетұлы Жәнібек киелі батыр болған . Оның киесі қос бөрі екен . Шақаң қалжыңдап : – Сен киеңді қаратамақ көк найзама айырбастамайсың ба? , – дегенде Жәнібек : – Бердәулеттің баласының сізге берері таусылмайды . Амалым не ?. Ол жағы жаратқан Тәңірдің ісі ғой ,- деп жауап берген екен . Шақантай батырдың көп жорықтарының бірінде , Жәнібек батырмен бірге Барқытбел ( қазіргі Тарбағатай ) тауының солтүстігіндегі Көкбекті өзенінің шығысындағы Сегізсай сарала тау баурайында қалмақ шапқыншыларының он сан қолын өздері келген Шағанобаға қуып тастаған екен . Ер Жәнібек Шақантай батырды аға санап, алдынан шықпаған деседі . Екеуі қатар тұрғанда бойлары сұңғақтанып , көрген жұрт батырлықтың «Қос барысы» деп атаған екен . Шақаң жаугершілікте Еділ , Жайық жаққа аттанғанда: «Жалғызсырап қалғандаймын . Бірақ , біз Ел үшін туған ер емеспіз бе ? Ол жақтан да бір Жәнібекті табармын да деп барып : – Бірақ маған жан жағынан да , қан жағынан да Жәнібек біреу – ақ» деп , ат шылбырын асықпай бұрып: – Қош , арысым , -деп , денесін тік ұстапты дейді . Бірақ қайда жүрсе де Жәнібектің саулығына алаңдай беріпті дейді , бізге жеткен әңгімелерде .
Жалпы, Шақантай батыр хан сарайынан алыстау , аулақтау жүрген екен . «Маған хан сарайынан Қабанбайдың даласы жақын» деуі осыдан болса керек .
Шақаң батырлығымен бірге , төкпе ақын , түйінді сөзді шешен болған деседі . Бірде ол Жәнібекке :
Бердәулеттің баласы , оң қолымның саласы,
Қырларымды шолатын қырғи көздің қарасы .
Бітік орман биігі , биік таулар қарлысы
Қанаттары талмайтын қаршығаның шәулісі , -
деп , тақпақтаған екен .

Кеңесжан Шалқарұлының Қытайдағы Шақантай батырдың ұрпақтарынан жинаған деректерінен :
1. Шақантай бабамыз туралы Қытайдағы ұрпақтарының той жиындарда айтып жүрген өлеңдерінен :

1.1 Қайрай – қайрай қайрақтың таты шыққан,
Малшыда ұққан бұл әнді , батырда ұққан .
Мен бастамай бұл тойды кім бастайды
Он жасында Бабамның аты шыққан .

Батыр Бабам бас болған мақал дайын,
Айтып болмай бұл әнді жата алмаймын .
Сәбет пенен Жұнғоға таратылған
Ұрпақтары бұл күнде Шақантайдың .

Бүркіт те жүр бұл әнді айтып тау- қияда,
Қанат қағып самғап бір қыр – қияға .
Шақантайдың ұрпағын білмек болсаң
Қырым менен Тибет пен Туркияда .

Ебі соқса паналап тал , бағына ,
Тағдыр жазған амал не Хантауына .
Шақантайдың ұрпағын білмек болсаң
Мұңы қалың тау , мұхиттың ар жағында .

1.2 Үйі болған Бабамның он төрт түтін ,
Түтін сайын әйелден болған күтім .
Болған екен бес – бәйбіше , тоғыз – тоқал
Бір тайпа ел болған екен мұқым .

Жазы менен Бабамның күзі болған ,
Жүрген жердің шөлейті – сызы болған .
Білмек болсаң Бабамның Ұрпақтарын
Екі жүз елу – ұлы менен қызы болған .

Тағдырының таулардай ауыры бар ,
Мұны туған -туысқан бауыр ұғар .
Арғы беттің Ақсудай алқабында
«Шақантай» деген үлкен ауылы бар .

1.3 Өнеге ғып біздерге сөз арнапты ,
Қарсы алдынан соқса да ызғар қатты ,
Жалпақ жатқан далама жара салып
Жауы болған қырыпты боз қалмақты .

Жер бетінде қорғапты қызғалдақты ,
Дұшпанының ішіне мұз жалатты .
Кең өлкемнің кегімен батыр Бабам
Келмесіне жіберген боз қалмақты .

Осылайша ер Шақантай елін қорғап ,
Батырлармен бас қосып жерін қорғап ,
Тентектерді түзетіп тезге салып ,
Тектілердің жүріпті қолын қолдап .

2. Қазақ халқының қайраулы қылышындай , ерттеулі тұлпары мен алғыр сұңқарындай болған Шақантай батырдың төкпе жырларынан :

Дудыға сілкіп қағайын , Қолыма садақ алайын ,
Дұшпанға ойран салайын . Қорамсаққа қол салайын .
Ырық бермес жауыздың Қас жауына елімнәң
Басын қағып алайын . Қасқайып қарсы барайын .

* * * * *
Аққоян атқа ер салып , Аққояным астымда ,
Алдаспанды қолға алып , Асқар таудың қасында ,
Шашақты найза секілді Ақсұңқар болып ұшамын
Шашайын жырды толғанып . Ақ боран болып құшағым .

* * * * *
Аққояным астымда , Ерекше жомарт жолым бар ,
Шұбартаудың шұбар тасына Еңкулес жолдас болыңдар .
Жаныймын тұлпар тұяғын Құтылмас жасақ жоса боп
Жалғастырып жасынға . Құдіретім маған болып жар .

* * * * *
Екі қолым қарысып , Дұшпанға шауып барамын
Ебінің желімен жарысып , Оғы болып атқан даланың
Аққоянмен келемін Қолымда шоқпар қорғасын
Ата жаумен алысып . Қолдайды мені талабым

* * * * *
Өзімді қойман жасырып , Жоңғарға ойран салайын
Айтамын сөзді асырып . Атқызып таңның арайын
Жеңісім үшін алдағы Опат боп кеткен ерлердің
Келемін кекпен асығып . Өштерін мықтап алайын

* * * * *
Жусанды далам , кең далам , Андыздап соққан сары ебі ,
Жолбарыс жортқан ен далам . Көрсетіп жұртқа «бәлемді»
Таудай алып болсам да Сапырып жердің қыртысын
Талшыбықтай мен балаң . Састырдың әбден бар елді .

* * * * *
Құба белдер болатын , Шұбар – шұбар тауларым ,
Құс қанаты талатын , Шормақтанған , шор болған .
Сары алтындай топырақ Шөлі аралас маң дала
Саптамама толатын . Ойраттарға сор болған .

* * * * *
Қазақ қазақ болғалы , Қазақ қазақ болғалы
Қара өлеңге толғанды . Қалды ізі , жолдары
Қалың елі қан жылап Қалмақтан көріп зорлықты
Қалды ізі , жолдары . Хас батыры толғанды .

* * * * *
Алты малта ас болып , Аянбадым мен дағы ,
Жастанғаным тас болып , Аянбады ол дағы .
Шашы қатын , өзі еркек Қан жоса ғып сілтенді
Жолымды кесті қас болып . Қара найза қолдағы .
* * * * *
Қазақ қазақ болғалы , Қазақ қазақ болғалы ,
Хас батырсыз болмады . Қалың ел болып толғанды .
Қарсы келген дұшпанын Қасіретім сол ғана
Қаймықпай жүріп оңдады . Қаны тамған жолдары…
* * * * *
Жағалтай деген құс болар , Бұлбұлдарға бармайтын ,
Жағалап ұшқан жазықты . Бозторғайды алмайтын ,
Бұлдырықты бөктеріп Жағалап жүріп жазықты
Бүріп бір жеген азықты . Жаз бойы ұшып самғайтын .

* * * * *
Тобылды көрсем толқимын , Бидайығым қолымда ,
Торғайды көрсем шалқимын . Бипаздап ұстап қолыма ,
Көлдеріндей көсіліп Қараша қазды іздеймін
Көк үйректей қалқимын . Қарайлап оң мен солыма .
* * * * *
Бидайық деген сұлу құс , Сақтанып көзін тұрады
Салғаныңды алар тынымсыз . Сияқтанып сұлу қыз….

* * * * *
Ұрпағым менің көп болар , Ұрпағым менің тас болар ,
Өртеңге түсер от болар . Опырылмайтын жас болар .
Орғып басқан ізінде Осқырып жүрген дұшпаны
Ор ауыз құмдай шөп қалар . Өрісін беріп жасқанар .
* * * * *
Ұрпағым менің аз болмас , Ұрпағым менің , ұрпағым ,
Аққу болып , қаз болмас . Қара құс болмас , құр қалың .
Ызғарлы қысын үркітпей Атыратұғын еркімен
Қанаты жасыл жаз болмас . Ақ иық болар қыр таңын !

3. Шақантай батырдың ғақлия сөздері

« Даладан артық даңқ жоқ , алладан артық анық жоқ .
Құдайдан артық ием жоқ , құраннан артық кием жоқ .
Құран шын , пайғамбар хақ !
Залым адам зарын ішіне бүгеді . Зарлының дауысы мұңды .
Даланың көркі мал . Жомарттың жолы болғыш .
Өлермін , кім екенімді өлген соң көрерсің .
Жоғалған пышақтың бәрі алтын емес .
Есек те ерлік жасайды , ерлігі елге білінбейді .
Өтірік түбі қорлық .
Долы қатын ашушаң , долылықпен ортан жілікті сындырар .
Жаман қатын байымен жаз бойы ұрсысады .
Ғұмыр жігіттіктен басталып , қарттықпен аяқталады .
Алыстаса ағайын , жылқыдай кісінеседі .
Жақында жүрсе ағайын , жаман иттей тістеседі .
Жерін сатқанды – жеті атасы қарғайды .
Елін сатқанды – он екі атасы қарғайды .
Мақсатым бай болу емес , ел – жұртыма сай болу .
Ақылдыға ақыл қос , ақылсызға табақ тос .
Селебеңді тастама , сескенгенде – серігің .
Сілеусін ісінін ін түбіне тастамайды .
Барлытауда бартал болып көш . Зиятты жігіт – ұятты жігіт .
Шүнгілің болмай , шырқың кетер .
Бақанас – бақыт . Шұбартау – шұрат . Айдынкөл – суат .
Түліктің төресі – түйе , желінің сересі – бие .
Батырдың бақыты – елінде , ақынның бақыты – жерінде .
Ата , ана бақыты – бала , дананың бақыты- дара .
Қара жер – ырыс , халыққа – тыныс .
Байың сөйлесе басқақ бол , балаң сөйлесе асқақ бол .
Қатын ашуланса қазан қайнатады . Шайпау қатын шай тасытады.
Жауыңа қатты бол , қашқаныңда атты бол .
Қадірлесіп сыйласқан қанттан да тәтті .
Жақсы ана жалпақ жұрттың анасы , от басының данасы .
Ер – от басының иесі , әйел – от басының киесі .
Сөз атасы – Қара би , су атасы – Сүлеймен .
Сөз төркіні – қазағым . Күй төркіні – қазағым .
Су тұнығы – бастауым , шөл сұлуы – бастауым .
Жер сұлуы – бастауым , ел шырыны – бастауым .
Тамшыдан өсе – көл болар , там үйден өсе – ел болар .
Көзден тайса көңілден таса . Хас батырдың арманы қара ормандай
Қызғыштың үні көлінде , қыздың үні елінде .
Екі айғыр бір үйірде жараспайды . Жолбарыстың тегі мысық .
Пілдің зәресін биттей тышқан алар .
Самұрықтан бақ тайса , сауысқан би болады .
Самұрық сарала қазға тояттамас .
Сарыарқада самұрық жоқ , сауысқан көп .
Құмда туған тышқан , құланға айбат шегеді .
Далада бөрі ұлыса , дараққа ит сариды .
Бидайды білмеген , бидайыққа көз тігер .
Бидайықтай құс болмас , бидайдай ас болмас .
Өшіккен ит ізін талайды . Қасқырды көрсе , қалтырайды жаман ит .
Көз тойса да , көңіл тоймайды .
Борандай соққан боз қалмақ , боз кемік болып жоғалар .
Қаһарға мінген батырлар , қаймықпастан соға алар .
Тозған қорамсаққа , жебе тоқтамас .
Қозықаның мінезі қозыдай болмас .
Таутанның мекені биік тау , киелі жерде киік қау .
Жердегі інісіңді көктегі ілбісін ілер . Қонайсыз құндыз болмас .
Борбасты жерде борық болмас . Борықты жерде құрақ болмас .
Шабақтың басына бақ қонса , шағала келіп сәлем береді .
Қылыш тісті жолбарыс , қисынын табар жолда алыс .
Қасқырдың тектілігі – қайтпайтын беттілігі .
Тауың барда – таутаның бар , жауың барда – жанжал сал» !
4. Кеңесжан Шалқарұлының «Шақантай батыр» атты тарихи дастаны
(Қазақ халқының батырлары аз емес . Солардың бірі Шақантай батыр . Жаугершілік заманда халқына қамқор , қотанына қормал болғандығы анық . Әрі жау – жүрек батыр, әрі жалынды ақынның эпостық үлгіде ел ішіне таралып кеткен жыр – толғаулары көп . (« Жастабан шежіресі» )

ШАҚАНТАЙ БАТЫР

Қатал ғасыр , Қатал заман ,
Қатал Заң , Қатал Заң ,
Қазақ жері маталған . Өлмекшідей матаған .
Тарбағатай ол кезде Осы күнгі Қарақол
«Барқытбел» болып аталған . «Көлденеңсу» аталған .

Ойлары бар көптеген , Аттары бар баптаған ,
Көңілі бар көктеген . Зұлымдықты жақтаған .
Ол күндердің көзінен , Қазағыма қасірет ,
Қараңғылық кетпеген . Қалмақ болып қаптаған .

Қаймықпаған қаһардан , Болғанымен дала кең ,
Қазақ халқы Каһарман . Тартылған күй зар екен .
Арналы өзен сол кезден , Қодар қазған «Шыңырау» ,
Ай , Таңсық боп аталған . Сол заманда- ақ бар екен .

Бұл өлкеде мол екен , Қатпарына көп ойдың ,
Қазақша атау толы екен . Қалам тербеп берейін .
Еміл менен Арқалды , Майлы , Жәйір сол кезден ,
Деген атау жоқ екен . Жайлауы екен Керейдің .

Өңшең ноян білікті , Шекара жоқ , кеден жоқ ,
Жайлар жерді біліпті . Сондықтан да елең жоқ .
Кезі келген мезгілде , Жайылған мал майланған,
Көшіп – қонып жүріпті . Бетегесі белден көп .

Аспанында асқақ ән , Қалампыр боп атанған
Асқарынан асқан ән . Қазтабаны маталған
Қамыс түпті бидайық , Жыл он екі ай маусымы
Қамшы өрім бастанған . Шыбынсыз жаз аталған

Майлы , Жәйір елі бай , Қора – қора қой айдап,
Мәрмәр тасты елі бай . Табын табын мал айдап ,
Шөбі шүйгін масаты , Төрт түлікке кенелді
Қаз үйректі көлі бай . Байырғы осы бай аймақ .

Түрлентіп төрт – түлікті , Болмай , қорқып үріккені ,
Тұлпар қылып көлікті . Жолатпайтын сырт елді.
Осы өңірде «Жастабан» , Аю алған он жаста ,
Елі көшіп жүріпті . ШАҚАҢ сондай мықты еді .

Талай тойды тойлапты , Мұндай қазақ баласын ,
Шешіп істі толғақты . Дәріптейді бар ақын .
Қазан тасты лақтырып , Иір біткен еменнің ,
Қақпақыл ғып ойнапты . Бұтағын жұлып алатын .

Жасыл жайлау жайлаған , Оны аға , бауыры ,
Мыңғыртып мал айдаған . Мақтан еткен ауылы .
Асыл тууған арыстың , Баға жетпес батырын ,
Аты аңызға айналған . Бақ санайтын дәуірі .

Айналасын күйттейтін , Топқа келсе батыл – ды,
Ешкімнен көмек күтпейтін . Тойға келсе ақын – ды .
Бесті асауды құрықтап , «Күш йесі» депті жұрт,
Бұзаудайын бүктейтін . Жастабан текті батырды .

* * * * *
…Күн туып бір де қауіпты , Алатау мен Арқаға ,
Күңіреніп қазақ ауыпты . Жан ұшырып жар сала.
Хоргузды жайлап жататын , Ат шаптырды Бай елі ,
Қырғыздар оны шауыпты . Азапты көріп қаншама .

Бұл хабарды естіп Шақантай , Күдіксіз күнді батырды ,
Каһарға мінді жата алмай , Тағатсыз таңды атырды ,
Сәлемін айтты жаушыдан , Атантай деген ол дағы ,
«Қалмасын» деп Атантай . Жастабан жақтың батыры .

Бес қару байлап беліне , Жамылып шаң ,ұлт жолы,
Хоргуз таудай жеріне . Ұқсады мірдің оғына
Тартынбай тартты жас батыр , Тып -типыл ғып тастауға ,
Ортақ боп елдің шеріне . Тиісті жаудың тобына .

Астындағы Баранкөк , Таңғалтып сай мен саланы ,
Шапқан сайын елеуреп , Жалт қаратып даланы
Қуғанын алдан құтқармай , Құс болып тұлпар құбылды ,
Құлағы кетті елеңдеп . Қурылды жердің танабы .

С А Й Ы С
Сайран сап , сап түзегем Енесейден ,
Ойран сап , олжа алғам елес – оймен ,
Алатау алқабынан ауыл құрып ,
Аулыңа қарай енді ентеленем .

Мыңғыртқан төрт – түлігің сиың болар ,
Қырғызға қол – қусырсаң күйің оңар .
Қызың – күң , ұлың – құл боп , сонау жатқан ,
Аймағың алақаным жиып алар .

Басыңды ій ! Беріл маған ! Бала екенсің !
Ботадай болғанменен нар екенсің
Жоғалтпа ертеңіңді тым ертерек ,
Қайғыртпа көңілдерін ана , әкеңнің .

Батылдау көріп тұрмын тұрысыңды ,
Деме оған , мендей тажал қыры сынды .
Тұяғы тұлпарымның тасты ойған ,
Бекерге қандамайын қылышымды .

Осылай қырғыз батыр батылданды ,
Сайысқа дайындалып ақырды әрі .
Сабырдың сабасында салмақтанған ,
Сөз алып , Шақаң батыр ақыл салды :

-Ұқсап ұшқан лашынға , Жұмыр болат қалқанды – ап ,
Аққоян атым астымда . Жаудың тобын талқандап ,
Беренкөкті еру – ап , Беренкөкпен жортамын
Асқардан талай астымда . Аққоянды арқанға – ап .

Баран , баран , бараннан , Баран , баран , бараннан ,
Қиянға шауып бара алған . Қиянға шауып бара алған .
Аққоян мен Беренкөк , Ұшқан құстай екпіні ,
Асыл тектен жаралған . Қазан ат боп жаралған .

Қайтпас – қайсар , болатым Тегіміз бір ежелден ,
Егіз -емен қонатын . Қырғыз , қазақ болғанмен
Мен жас қыран болғанда , Қолыңды тарт кезенген ,
Қос тұлпар , екі қанатым . Бола қоймас ол дәмең…

- Дегенде көк найзасын көкке сермеп ,
Болмастан шықты қырғыз «жекпе – жек» деп .
Өтініп бас батырдан , жолын алып ,
Ұмтылып Шақаң тиісті екпіндеп кеп .

Бұл екеу жолбарыс па , арыстан ба ?
Ала -алмай жатты өзара алысқанда .
Ор болып жатты ізі аттарының ,
Аяусыз бірін – бірі шабысқанда .
«Хоргуз» деп ұмтылғанда қарсыласы ,
Сүбеден сүңгі тиіп қансырады .
Айрылып қолындағы қаруынан ,
Атынан құлап түсіп самтырады .

Айтауыр – қырғыздарға батыр болған,
Айқаста қыр еліне батыл болған ,
Азына бауырындағы жан таласта ,
Жығылып боз теректей ,жатыр солған .

«Бұғы»лап , айқайлады , ұрандады ,
Айтауыр сол жатқаннан тұра алмады .
Аңыз боп қалды артында екі елдің ,
Мынадай болмасын деп ұландары .

«Аруақ»тап айқайлады қазақ жағы ,
Лап қойып қашқан жауды қуып салды .
Хоргузды қонысына дейін қуып ,
Таңдаған ауылдарын алып қалды .

Бұлақтар біріксе көл болатынын ,
Түйінін түсінді енді мол ақылдың .
Ұқты олар үш руға бөлінсек те ,
Жұмылған жұдырықтай болатынын …

ДАУЫЛДАН КЕЙІН
Қол жетіп бейбіт күннің жазына да ,
Тойланды жеңіс күні Азынада .
Ат шауып , балуан салып қызықтады ,
Өзара толып алуан базынаға .

Беренкөк дара келді аламаннан,
Таң қалды шабысына қараған жан .
Жүйірік қылқұйрықта Азбанқара ,
Мың аттан екінші боп сараланған …

«Қабақты , қара торы , ұзын бойлы ,
Кірпікті , кісілікті , терең ойлы .
Иықты , еңгезердей , қара торы ,
Ешкімге ұқсамаған дара өңді» .
Соқпағын келешектің ол ұғынған ,
Ұстазы үлгі тұтар «Дала жолы» .

Ботадай көздерінде лаулаған от ,
Қанатты сөздерінің салмағы көп .
Жүзінде уылжыған батылдық бар ,
Тұратын тастүлектей тауға тілеп .

Осындай Шақантайдың келбетімен ,
Қарт Батыр ойлы жүзбен тербетілген .
Аты кім ?. Атасы кім ?. Көз тіккенді
Кім мұны еңгезердей ержеткізген ?

Шақырды Шақантайды «Батыр қандай…»,
Қонақ етіп құрметін жасыра алмай .
Танысты жөн сұрасып бір бірімен ,
Ата -тек әңгімеден басын алмай .

- Арғы атам Жастабаннан таралады ,
Бегімбет , Бекназар боп балалары .
Бәйжігіт дегеніміз өнер қуған ,
Пірі боп домбыраның саналады .
Өзен мен бұлақтардың аққандарын ,
Аспанда құстың қанат қаққандарын ,
Ғажайып шеберлікпен күй ғып шерткен ,
Далам да байтақтанып жатқан дарын .

Деп келіп , туған жерін , жүрген жерін ,
Баяндап айтты батыр білгендерін .
Жаушыдан естігенде «Жау шапты» деп
Буғанын айтты тағы бірден белін …

- Иландым бойыңдағы күш кеніне ,
Күмәнсіз толды толық күш сенімге .
Ұлықсат сұрап менен , Айтауырмен
Таңдандым жекпе – жекке түскеніңе .

Айтулы батыр болған Айтауыр да ,
Мерт қылып кете ме деп білмей тұрдым .
Қазақтың көп батырын найзаға ілген ,
Атақты ол … Арпалыстың айғағы ем .

Осылай қауіптеніп тұрғанымда ,
Қайырылып , қатуланып ұрғаныңда .
Көрсетіп батпандығын қайратыңның ,
Ұшырдың ұрымтал ғып ұрғаныңда .

Иландым асып – тасқан күш кеніне ,
Күмансыз толды толық іш сенімге .
Ұғындым сонда ғана өз өзіңе ,
Көкжалдай тәуекелге түскеніңе .

Ойымнан ойып алып , меңдей бердің
Тілеймін көбеюін сендей Ердің ,
Шынқожа деген жігіт көрінбейді ,
Шығатын биіктігіне көнбей өрдің .

Бір жерде оқыс болып қалды ма екен ,
Әлде оны жаулар байлап алды ма екен ?
Өзіңдей жас батырдың бірі ол да ,
Жастайтын жерге апарып жауды бекем …

Еласыл осыны айтып , ойланды да ,
Той қосты қуанышты тойға мына .
Жаңылдай қарындасын Шақантайға
Берді де , думандатты ойға – қырға .

Тоғыздан жасау жасап аттандырды ,
Жаңғыртып , жасандырып жатқан қырды .
Еліне – аман есен жетуіне ,
Тілек қып жаңа Отауды сақтандырды .

Жаңа көш , жасамыс көш байсал болсын ,
Бақыты базарлы боп жайсаң болсын .
Бағына болашақтың балын арнап ,
Бастады барлытауға бартал көшін .

КӨШ ЖОЛЫНДА

…Сөздері самал емес тікен болды ,
Бұл көштің иесін сұрап дікеңдеді .
Қоршаған қарақшылар : – Берілмесең
Шетіңнен быт шыт қылып түтем , деді .

- Болғанмен жері сұлу , таулары көп ,
Қазақтың сендерсіз ақ жаулары көп
Қояйық , өзара біз жауласпайық ,
Айтамын , мен ойымды сауға тілеп .

Деді де , көзбен шолып алыс қырды ,
Шақантай қалыңдығын таныстырды .
- Мына көш Азынадан қадам алған ,
Жасауы еді , -деп келіп , қалыс тұрды .

Сол – ақ екен қаптады қарақшылар ,
Жақ пенен шоқпар алған жарақтылар
Ойлары сұлуды алып , олжа бөліп ,
Кетпекші бұл арадан тарап бұлар .

«Сауға» деп , тосты алдан батыр барып ,
Күш кернеп өнебойын батылданып .
Біреуі салып өтті осы кезде ,
Теңселді түсуге аттан жақын қалып .

Көсілтіп содан кейін Беренкөкті ,
Шетінен ұрып тастап сереңдетті .
Сұраған жекпе – жекті жалпақ жауырын ,
Жаубасарды ерекше бір елеңдетті .

Денелі , тығыршықтай, жауырынды ,
Қасқайып қарсы алатын дауылыңды
Ат жақты , ақсарылау келбетінде ,
Ызғар бар ықтырардай қауымыңды .

Шақантай , барлап алып ағып өтті ,
Ал анау қалқанменен қағып өтті .
Сол сәтте байқап қалды соғысуға ,
Тәп – тәуір бар екенін қабілеті .

Қалқанды қағып өтіп жасқады да ,
Лақтырып көк найзасын тастады да
Атынан жұлып алды Ер Шақантай ,
Көзді ашып жұмғандай қас қағымда .

- Сен кімсің?- қайдан жүрсің торуылдап ,
Көлденең көшкен елдің көлігін ап ,
Заманда жортуылшы пайда емес ,
Боршалап өлтіруге қимай тұрмын .

Қазақтың батыр ұлын сыйлайтыным ,
Ынжықтық дүниеде қинайтын мұң ,
Бойыңда қайрат күшің болғандықтан
Боршалап өлтіруге қимай тұрмын .

- Шынымды енді айтайын босат мені ,
Мекенім Барқытбелде Қосат көлі .
Жайырда Алшаң байдың көп жылқысын ,
Тиіп – ап келе жатқан бетім еді .

Жусаған сонау жасыл Ойкөлдегі ,
Жүгіріп қырды өрледі , ойды өрледі .
Үйірін бес айғырдың біріктіріп ,
Көк айғыр тіпті бізге бой бермеді…

Ол қалды анау жақта , ана бетте ,
Үйірі толған өңшең қара – көкке
Деді де кектене бір демін алып ,
Күрсінді осынау бір бола дертке .

Шапқанын Хоргуздықтың Азынаға ,
Жеткенін жеңіс күннің жазына да
Айта кеп , Шынқожаны Еласылдың ,
Күткенін айналдырды базынаға .

- Алдыңда көретұғын бар қызығың ,
Бойыңда суымайтын жан қызуың
Тиіспейін … Шақантай менің атым ,
Сен айтқан Алшаң байдың жалғызымын .

- Дегенде жалт қарады шошынғандай ,
Аузына сөзі түспей тосылғандай .
Сол кезде … Шынқожаның маңдайынан ,
Сұп – суық тердің шығып жосылғаны – ай …

БАРҚЫТБЕЛ БАУРАЙЫНДА

Бүгінгі Тарбағатай ол кездерде ,
Аталған Барқытбел боп көрген көзге .
Тауынан шығыстағы Шағаноба ,
Басталып , иек артқан Аякөзге .

Дербілжін , Шәуешекті бауырына алып ,
Ойнатып заманадан сауырына ат
Мызғымай жатыр әлі Тау алыбы ,
Кеткенде талай жердің тауы құлап .

Бұлттай күн үйірілген аспанында ,
Бүркіттей ұялаған ән , асқарына .
Қазақтың тарихы бар таусылмайтын ,
Ғасырдан сіңіп қалған тастарында .

Ит мұрнын сұға алмайтын қалыңдығы ,
Болыпты самсап өскен самырсыны .
Басталып етегінен шыңдарына ,
Көз тартып көсіліпті қалың нуы .
Ежелден әні асқақ , жыры мықты ,
Ол Қазақ тағдыры ғой ұғынықты .
Сол елге жайлы Жайлау самырсынды ,
Қара көк барқыттайын құбылыпты .

Кезінде құс сынаған , ат сынаған ,
Көп болған халқымызда жақсы адам .
Болашақ ұрпақтарға сарқыт бол деп ,
Атаған солар еді «Барқытбел» деп .

Он ойлап , жүз толғанып түйін – түйген ,
Сол елдің айбаттанған батылы бар .
Қормалы , қорғаны боп қорғайтығұн ,
Қуатты құдай берген батыры бар .

Бірі сол батырлардың Шақантайым ,
Толғанып , тебіренем саған дәйім .
Қаруыңа сап болғанға мақтанады ,
Шомылған ай нұрына аппақ қайын .
* * * *
… Қазақтың қанын төгіп , малын алмақ,
Қаптады Қобық жақтан қалың қалмақ .
Белбұлақ жазығына Хан сарайын ,
Тұрғызды шүршіттердің жанын жалдап .

Қаптады Сарыарқаға самсап қолы ,
Ұлғайтты барған сайын қан соқтаны .
«Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама» боп ,
Жете алмай арманына жан тоқтады .

Қазақтың шықты сонда батырлары ,
Қақ болып ат терімен тақымдары .
Еліне «Қайың сауған» , «Азат» бол деп ,
Толғанып шықты күйші , ақындары .

Шақантай сол батырлар бірі еді ,
Келсе де қай іске де , ірі еді .
Отауға он үшінде ие болған ,
Алшаңдай ақылгей қартұлы еді .
Алшаңнан жалғыз еді ұлы Бабам ,
Ұялаған жүрегіне жылы арман .
Ол кезде Ел жүгіне Ер боп туған ,
Бұл күнде ақындардың жыры болған .

Қалмақтар Бура таудан өтті деген ,
Еліне Жастабанның жетті деген .
Батырға дер кезінде айтып келді ,
Шолғыншы Мұратайқын көпті көрген .

Қол жинап , жауын тосып кескестеді ,
Тарихтан бұл ерлігі өшпес тегі .
Тобына торғауыттың толғаулы оқтай ,
Батырды тез жеткізді өштескені .

Адынан қарсы шықты зор дабырмен ,
Қазан бас , ұзын қара жорға мінген .
Қандары қас Арқаның қазағына ,
Қалмақтың батыры ол «Чоорға» деген .

Қапсағай , қара торы , кең иықты
Әлгіге Жастабанның Ері шықты ,
Атанған Он үшінде «Хас батыр» боп ,
Ерлікті Шақантайдан Елі күтті .

Алаңға жекпе – жекке түсті келіп ,
Көрінді екеуі де сұсты болып .
Таң қалды сапта тұрған қалың сарбаз ,
Сайыстан батпандаған күшті көріп .

Сілтеді екеуі де найзаларын ,
Асырып бір бірінен айлаларын ,
Айқасқан Айтауырмен кезден бастап
Шақантай мұндай майдан жайға мәлім .

Шор – шор боп қолдарында шоқпарлары ,
Сілтеніп бір сәтке де тоқтамады .
Чоорғаның шоқпарынан дәмеленді ,
Шошайған көк тымақты көп қалмағы .

Чоорғаның білді мықты , бекемдігін ,
Бел бермес белдескенде екендігін ,
Өз атын ұран қылып бар даусымен ,
Шақантай шымырқанып көтерді үн .

Ырғасып , сайыс салып тұрған кезде ,
Тастақта ат тізеден кірген жерде ,
Найзадан екеуі де айырылды ,
Бұлғап кеп бірін – бірі ілген кезде .

Қалды енді қалқан менен алдаспаны ,
Күшейіп ажалменен арбасқаны .
«Шақантай , Шақантай» деп салған ұран ,
Өлкенің тау, тасынан жалғасты әрі .

Жұлдыздай Аққояны бола қалды ,
Жусандай көрмей қалың долананы .
Көтеріп алдаспанын сілтегенде ,
Қалмақтың басы жерге домалады …

Басында тұрған жаулар елемей көп ,
Бағынды басы алынған денедей боп ,
Қалмақтар қолға түсті тобыменен
Арқаның даласындай телегей көп .

Соларды Батыр барып аралады ,
Бір сұлу сияқтанды дала әні .
Соны алып неке қиды , сол Анадан ,
… «Дорынжап» деген ата таралады .

Толағай , Көкпекті мен Аякөзде ,
Шақантай ерліктерін сомдай білген .
Жайлау бар Шұбартауда Жорға деген ,
Ол әлгі қалмақ аты «Чоорға» деген …

Қалбадан жауды қуып Өкпеті кеп ,
Тоқтатпай Шіліктіге өткен үдеп .
Тауында Барқытбелдің ойран салды ,
Найзасын қолындағы көкке білеп .

Қалмақтар атын естіп қашты оның ,
Қан болып бұрылысында тасты жолдың .
Орқашар қайдасың деп кеткенде олар ,
Қазақтар қайта оралып басты орнын …

Кездесті Шынқожамен осы өңірде :
- «Адамды адастырар құбылған күн ,
Өтеу міндет кіндік қан жуылғанын .
Әу баста дүниеге келгенде сен ,
Анадан батыр болып туылғансың» .

Деп , Шақаң атүстінде демін алды ,
Көкейде шырқалғандай сенім әні .
… Сөйткенше болғаны жоқ төңіректен ,
Тағы да торғауыттар келіп қалды .

Біреудің шек қарыны ақтарылды ,
Біреудің ат сүйретіп , санын жұлды .
Біреудің қорқыраса аты құлап ,
Біреулер тұрмастай боп жатыр сұлап .

Шынқожа неше күндей сайыс салған ,
Жеке өзі , сарбаздары алыс қалған .
Ортаға ап , жалғыз өзін жүздей қалмақ ,
Терісі бас сүйектің сау қалмаған .

Денесін атпен сүйреп талқандады ,
Есілген ту құйрықтан арқандары .
Ерлігі өтіп еді Батырлықпен ,
Көрсеткен жауларына әр таңдағы .

Шақантай хабарды естіп келді жетіп ,
Қоршауға ап қалмақтарды желкелетіп .
Көрсеткен Шынқожаға азаптарын ,
Қайталап өздеріне еселетіп .

Олардың шауып алған көші қалды ,
Теңдерін , текеметін шешіп алды .
Шетінен атқа сүйреп Шынқожадай ,
Батырдың қайта келмес , Өшін алды .

Босты жау , азайғандай қауіп алдан ,
Асқақтап тұрды қарап тауы барған .
Жерледі Шынқожаны биік шыңға ,
Оң қолдың саусағымен тауып алған .

Туралған басқа дене сүйегімен ,
Батырды жырлайды елі сүйе білген .
Қалса да бір саусағы , туған халқы ,
Ерлікке ұлы басын ие білген .

Аякөз қаласының шығысында ,
Бір Шың бар таңқалатын тұрысында .
Көмілген сонда батыр бір саусағы ,
Айналып мәңгілікке ұлы Шыңға .

Бұл шыңды Ер Шақантай құрметтеген ,
Жүрсе де жаугершілік дүрмекпенен .
Үстінде үлкен жолдың жолаушылар ,
Салтпенен мұсылмандық құр өтпеген …

Ол қазір Тарбағатай тауы атанған ,
Аякөз шығысында дана қорған .
«Шынқожа» деген ауыл әлі де бар ,
Жолдары жан жағынан салаланған …

БАБА РУХЫНА БАС ИІУ

Ұрпақтың өніп өскен иесі өзің ,
Жолынан ән тамылжып , күй есетін .
Беу , Баба ! Бес , бәйбіше , тоғыз тоқал ,
Көтерген он төрт отау иесі едің .

Көтерсем шаңырақтың шындығын мен ,
Көремін шырағынан күнді күлген .
Тағдырың тастан қатты болғанымен ,
Тараған бір тайпа елміз кіндігіңнен .

Көтеріп Батырлықтың туын тіктеп ,
Тірліктің адамға тән күйін күйттеп .
Ұрпағың Қытай , Қазақстанда өсіп – өніп ,
Таралды аймақтарда дүйім жұрт боп .

Ойларым жетектейді жыр қияға ,
Сұңқардай қанаттанып бір ұяда .
Тар болып көрінгендей Қазақ жері ,
Таралған ұрпағың бар Туркияда .

Ақылды , асқан сұлу Жаңыл атты ,
Үлкені бәйбішенің болғаны анық .
Қырғыз бен Қарақалпақ әйеліңнен ,
Білеміз ұрпақтарын тарағанын .

Қоңырат , Қаракесек , Шапыраштыдан ,
Болыпты Әжелер де ақылы асқан .
Қыпшақ пен Жағалбайлы қыздарына ,
Он қанат отау тігіп жақындасқан .

Ол кезде жаугершілік заман екен ,
Батырға болмаған жұрт ала бөтен .
Жорықта жолы болған Хас батырлар ,
Таңдаған сұлуларын алады екен .

Сонымен он төрт әйел алған Бабам ,
Ғасырдан ғасырларға жалғанған Ән ,
Бір Болыс ел болғанда он төрт үйден ,
Дүйім жұрт ешқандай да таңданбаған .

Қырандай самғап қонған тұғырына ,
Батырлық қанат жайған ғұмырына .
Бастырмай топырағына торғауытты ,
Заманын сомдай білген Ұлы Тұлға !

Өтейтін біздің көп қой мүрәсім жәй ,
Қалдырған Бабам мәңгі мұрасындай .
Самал тау , сайын Дала , ел қорғаған ,
Кешегі Батырлықтың куәсындай …

Иә , Баба !… Табынамыз аруағыңа ,
Туған ек , татырмыз деп талғамыңа .
Өмірде ұрпағыңды өнерлі ғып ,
Ойымызды болашаққа жалға , Мына !

Несіпбек Айтұлының « ШАҚАНТАЙ» поэмасы

1.
Үн – түнсіз толғанасың ұлан дала ,
Тапсырып тағдырыңды бір Аллаға .
Тұтқандай көк сағымнан көк шымылдық ,
Көлбейді көкжиегің мұнарлана .
Сәулесі сан құбылған қас қағымда ,
Сағымның сағыныш бар астында .
Езіліп ет – жүрегім шымырлайды
Бозторғай шырылдаса аспаныңда .

Шұбартау , не көрмедің , не кешпедің ,
Сыр бүккен бұйрат – бұйрат белестерің .
Мұң шаққан тау – тасыңа таң бозынан
Мен де бір бозторғайың емес пе едім !

Сайраған жыршы құсың тілі балдай
Өзіңді жырлап өтер тыным алмай .
Бұл күнде өз басымен әркім әлек ,
Айтқанмен жай – күйіңді кім ұғардай ?

Байқасам қасіретің қатпар – қатпар ,
Тасындай Баршатастың жақпар – жақпар .
Бір кезде шалғыныңды шалқи басып ,
Төсіңде сайрандапты жат қалмақтар .

Күн туған ел басына ол заманда
Боларын бүгін былай болжаған ба !
Ұшқан құс , жүгірген аң құлақ түрген
Қазағым «Елім – ай» деп зарлағанда .

Жарамас қасіретті айта берген ,
Тұра ма батыр тумай байтақ елден .
Сан көшіп бұл өңірден қалың қазақ ,
Сан рет жауын жеңіп қайта келген .

Өшкенше жау қарасы төңіректен
Осылай айқаспенен өмір өткен .
Дариға қайта оралмас сол батырлар
« Өгіздей адырнасын мөңіреткен» .

Аттарын ауызға алсам төкпелетіп ,
Биіктер төбем демде көкке жетіп .
Қайтемін бөліп жарып бабаларды ,
Алармын аруақтарын өкпелетіп .

Шақантай – сондай асыл ердің бірі ,
Не болар ер болмаса елдің күні ?
Байлықтан батырлықтың жөні бөлек ,
Емес пе дүние шіркін қолдың кірі .

Анадан болса ұл боп туғаны шын ,
Аяққа бастырады кім намысын .
Түбінде жақсылық па , жамандық па ?
Алдыңнан шықпай қоймас қылған ісің .

Жұлдыздай жарқыраған жанып өткен ,
Керейде батыр аспас Жәнібектен .
Ұсынып хан Абылай оң тізесін ,
Өзіне өле – өлгенше серік еткен .

Атанған Ер Жәнібек бала жастан ,
Жан екен ерте қонған басына бақ .
Шежіре Сарыүйсіннің қызы дейді ,
Керейдің ұлы анасы асыл Абақ .

Абақтың пұшпағынан бала тарап ,
Он екі ұл атаныпты « он екі Абақ» .
Ұрпағы ұран салған батыр бопты
Шетінен найза ұстаған қара тамақ .

Жастабан он екінің бір бұтағы ,
Енші алған өзге түгіл құл -құтаны .
Есігін жарық дүние ашқан жанды
Әр жерге тірлік қамы сырғытады .

Қорғаны Жастабанның би Жобалай ,
Көреген әрі шешен , ақылға бай .
Бөлініп он екі Абақ аталастан
Көшіпті бір себеппен әлдеқалай .

Керейдің қорлығы жоқ жаттан көрген ,
Тәңірі тілегенін ақтан берген .
Екі жүз үйді бастап би Жобалай ,
Арқаға Алтай , Сауыр жақтан келген .

« Қой болар , қарамаңдар , қозы болар ,
Айналып келер жылы өзі болар»
Деп айтқан бір бітімде Жобалайдың
Артына аңыз болған сөзі де бар .

Кемеңгер Байқотан би , ер Шақантай ,
Серігі қасындағы болды оған сай .
Ортадан Арғын , Найман орын беріп ,
Аз Керей Бақанастан тауыпты жай .

Үзілмес кіндік тартып осы жерден ,
Ұрпағы Жастабанның өсіп өнген .
Басынан қилы – қилы күндер кешіп ,
Заманның көппен бірге көшіне ерген .

Жақсымен алыс – жақын жолдас болған ,
Жобалай , Байқотан би ел басқарған .
Ізденіп келген жаудан талайлары ,
Қолынан Шақантайдың жер жастанған .

Болыпты жаудан қайтпас ер Шақантай ,
Асыпты Алтай , Сауыр , Тарбағатай .
Жасында қарғып мінсе жолбарыстай ,
Әп сәтте жуасыпты тулаған тай .

Қашанда күш атасын таныған ба ,
Батыр да , болған екен балуан да .
Ешкім кеп ел шетіне басынбапты
Шақаңның кеудесінде жаны барда !

Алтайдың биігіндей қыран қонған ,
Шақантай ұрпағына ұран болған .
Бір мінез көрсетпесе кішкентайдан
Баланың болашағын кім аңғарған !
2
Кеңітпей тар тұсауын келте жалған ,
Шақантай ата анадан ерте қалған .
Жалтаңкөз жетімдіктен жапа шегіп ,
Өксіген аш өзегін өртеді арман .

Жетімнің таңы қашан күліп атты ,
Жанына жалғыздықтың мұңы батты .
Әкеден қалған малға ауыз салды ,
Тасбауыр ағайыны діні қатты .

Қап қара сырты менен іші бірдей ,
Кісінің тұрмас сырын кісі білмей …
Азуы алты қарыс айналасы
Көкжалдың жұлмалады күшігіндей .

Шақантай одан бірақ жасымады .
Өжетті кім қашанғы басынады ?
Сенері , сүйенері – екі әпкесі ,
Үшеуі бірін бірі асырады .

Талпынып Жауғашардың жас түлегі ,
Атағы айналаға естіледі .
Алдына шапса қара салмайтұғын
Бар еді егіз туған қос күреңі !

Ағасы Матақ батыр немерелес ,
«Жетімге тізем батты – ау» демеген еш ,
Қадалып қос күреңге көзі түсті ,
Байқаса , бермесіне көнер емес .

Не десін дойыр мінез ағасына ,
Жараспас жармасқанмен жағасына .
Бетіне қарсы келіп , қолы тисе ,
Қалмай ма дос дұшпанның табасына ?

Матақ та күнде көзін алайтады ,
« Аттарды бермейсің бе ?» – деп айтады .
Қос күрең қос – қанаты емес пе еді ,
Қанатын қиып берсін қалай тағы ?
Қадірін біле – бермес иліккеннің ,
Бүйірден сұрқы жаман киліккеннің .
Бір қауіп ойлады да алдын – ала ,
Жіберді тілін буып жүйріктердің .

Қос күрең тілін буған жайыла алмай ,
Су ішіп , емін – еркін тойына алмай
Жарады оқтаудай боп өздігінен
Ер салмай , мінбей – түспей , терін алмай .

Қожақұл нағашысы тамыр жайған ,
Ішінде Қаракерей қалың Найман .
Бір түнде қос күреңмен тартып кетті ,
Таяныш таппақ болып Қабанбайдан .

Жортады төте тартып жер қуалап
Ызалы көк бөрідей қандыбалақ .
Күреңі жетектегі ырық бермей
Ұйтқиды құйындатып алдын орап .

Ол кезде Найман жұрты Сарыарқада ,
Шалқыған Сарыарқадан жер арта ма !
Ілініп жорта – жорта ел шетіне ,
Бір үйге келіп түсті қоналқаға .

Қызарып кешкі бұлттар арыстан жал ,
Күн бата қайтқан мезгіл өрістен мал .
Маңайға маңғаз қарап тұр екен бір
Алдында ақбоз үйдің ақсақал шал .

Деп жатты дабырласып «біреу келді» ,
Алдымен шалға барып сәлем берді .
« Емес – ау тегін адам» , деп ойлады
Қария көзбен шолып күреңдерді .

Ақсақал қырау жапқан қас қабақты
Үйіне бастап кірді жас қонақты .
Шөл басып , малға бата жасағанша
Үйіріліп қараңғылық , кеш те батты :

- Шырағым , келіс қай жақ , барыс қай жақ ?
Қария жөн сұрады алысты ойлап .
Шақантай шынын айтты , жасырмады
Қазандай кеудесінде намыс қайнап .

- Қиырдан көрінеді тау жотасы ,
Ер Керей Жастабанның арғы атасы .
Сен болсаң Жауғашардан қалған тұяқ ,
Найманның мен боламын Нарботасы !

Тұрғанда ұл тумай ма ер тұғырда ,
Тараймыз Сүйіндіктен Төртуылда .
Түбіміз тамыр жайған – Төлегетай ,
Сүйегі Сырда қалған жортуылда .

Қазақпыз көшіп қонған талай жерге ,
Келіппіз Сырдан ауып Ерейменге .
Іргеңнен бөрі шулап , ит ұлиды
Анталап аңдыған жау көбейгенде .

Қария кең маңдайлы , ойлы көзді
Айтты да бір тоқтады осы сөзді .
Ақырын бәйбішеге иек қағып ,
Ілулі домбыраға қолын созды .

Тербетіп тыңдағанның жан жүрегін
Домбыра барып – барып алды демін .
Қонаққа мойын бұрып отағасы
Жалғады жібін қайта әңгіменің :

- Ел – жұрты Қожағұлдың есен – аман ,
Ауылы қашық емес осы арадан .
Атадан ер боп туған Қабанбайдың ,
Жиені бола қоймас осал адам ? !

Деді де , мұртын сипап шал жымиды ,
Қабанбай аты шықса жан жылиды .
Шақантай елең етті мына сөзге ,
Отырған ұмыта алмай әлгі күйді .

- Мекені нағашымның – Есіл маңы ,
Әкемнің айтқан сөзі есімде әлі .
Атақты Ақтанберді жырын талай
Тыңдапты Қабанбайдың қасындағы .

Саңқ етіп , деді қария «Бәрекелді ,
Аумапсың , танушы едім мен әкеңді !»
Шақантай әдеппенен қол созғанда
Бәйбіше домбыраны және әперді .

Асау жыр таудан тасқын құлағандай ,
Ерлігін ер жігіттің сынағандай .
Нарбота дүр сілкінді , көз алдынан
Жарқылдап қалың жасақ шұбағандай .

Қарағым , домаласын өрге тасың ,
Найманның ұмытпай жүр Нарботасын .
Ал қане , қолыңды жай , мен берейін ,
Атаның ақ тілекті оң батасын .

Шақантай қолын жайып жүреледі ,
Осы еді бір Алладан тілегені .
- « Жортқанда жолың болсын , жас жолаушы ,
Қырандай қанаттанып , түле !» деді .

Бол деді , Қабанбайдай елге қорған ,
Намыстың алтын туын берме қолдан .
Көргеннің көзі тойсын ауылыңа ,
Қаз – қатар , аққу – қаздай көлге қонған .

Ұрпағың ұрық шашып өсіп – өнсін ,
Бақ – дәулет қойшыңның да қосына енсін .
Жарқырап ақ маңдайын топ алдында ,
Үйіріліп игі жақсы қасыңа ерсін !» …

Тәңірі тірлік берген жайнасын деп ,
Қызығын бұл жалғанның тойласын деп
Қоштасып ертеңіне Нарботамен ,
Жөнелді Есіл – Нұра қайдасың деп !

Зулады кезек мініп қос күреңді ,
Жолына бөгет болмас ешкім енді .
Нұраның жағасында ер Қабанбай
Отыр деп Нарботадан естігенді .

Қабанбай батырлықтың асқан белі ,
Жоқ одан ешбір жанның асқан жері .
Жатыр деп Нарботадан және естіген
Дәулетбай әкесіне ас бергелі .

Шақантай шапқан сайын жолды үдетіп ,
Нұраға ара қонып келді жетіп .
Ас беріп жатыр келсе қалың Найман
Бәйгенің туын тігіп желбіретіп .

Бас болып хан Абылай , ер Қабанбай
Келіпті жақсы жайсаң елде қалмай .
Тек қана келе алмады Нарбота қарт ,
Қанатын кәрі қыран қомдай алмай .
Жігіттер су төгілген мінген жорға ,
Тебінсе теңселеді оң мен солға .
Ағындап жосылады үйден – үйге
Табақты зырылдатып қолдан қолға .

Күрпілдеп сары қымыз саба – саба
Қосады өз қызуын тамашаға .
Дүркіреп , дүбірлеген думан – қызық
Көз салып қай жағына қараса да .

Әр үйге жеке түскен ел ағасы ,
Тартылған жөн жобамен сыбағасы .
Бұл аста Шақантайдан басқа жан жоқ
Сопайып жалғыз жүрген қара басы .

Төбеде атойлайды бәйге алаңы
Жар салып жүйріктерді айдағалы .
« Мен неге қос күреңді қоспаймын» деп
Шақантай сол арада ойланады .

Кедейдің жаны жомарт , көңілі бай ,
Жалғыздың жеке жүрген жары құдай .
Желтақым екі бала тауып алып ,
Мінгізіп қос күреңге деді былай :

- Жәрдемші жетім , жесір кембағалға ,
Жаратқан жарылқайды қолдағанда .
Өтіңдер « Шақантай»лап ұран салып
Аттарың оза қалса алда – жалда .

Сәйгүлік мың қаралы жел қанатты
Желгенде тұяғынан шаң боратты .
Алдында айдаушының топ ішінде
Ойнақтап қос күрең де бара жатты .

3

Ат кетті , ас қызығы жалғасуда ,
Күн ыстық , қымызбен жұрт шөл басуда .
Секілді бала бүркіт тұғырдағы
Шақантай жалғыз отыр дөң басында .

Сездіріп ішінде бір ашу барын
Жанары жалтылдайды шашып жалын .
Жақсылық нышанына жорып отыр
Бәйгеге қос күреңнің қосылғанын .

Тіреліп қос күреңге арман – үміт ,
Аллаға сиынады жалбарынып .
Кім білсін , бағы жанып аты келсе
Алдынан жол ашылар қақ жарылып .

Таянды ат келетін мезгіл – дағы ,
Тігілді солай қарай көздің бәрі .
Дүрлікті жиналған жұрт дөң басында
Жүйрік боп барлығының сөз қылғаны .

Таусылып тұрған шақта ел шыдамы ,
Бұрқ етіп будақ будақ шаң шұбады .
Біреулер « Әне келе жатыр!» , десті
Шошайып қолындағы қамшылары .

Табаны қызған сайын шабатұғын ,
Түрі жоқ тұлпарлардың талатұғын .
Қос күрең қосауыздың оғындай боп
Атылып алға шыққан болатұғын .

Шұбатып қалың топты артындағы
Таласып , қатарласып қарқындады .
Малынып ақ көбікке құйысқаны ,
Серпіле созылғанда сартылдады .

Саңлақтар сан бәйгеде дара келген
Жүйткиді құстай ұшып қара желмен .
Қос күрең ұмтылғанда алға қарай
Шетінен бір ышқынып қала берген .

Рас ау жүйрік деген жылқы желден ,
Шалынды қос күреңнің қылпы белден .
Оқ бойы келе жатыр жануарлар
Тазыдай бүктетіліп түлкі көрген .

Қарасын қос күреңнің енді аңғарып ,
Еріксіз тынып қалды ел дағдарып .
Екенін кімнің аты біле алмай тұр ,
Жын ба әлде келе жатқан елбең қағып ?

Сақпанның тасындай боп дөңгелене
Шықпасын жүйрік шіркін , дөңге неге ?
Көзді ашып жұмғанша екі күрең
Ағындап жетіп келді көмбеге де !

Бәйгеден келді деген аты ғана ,
Қызғандай екпіндейді еті жаңа .
« Шақантай !» , « Шақантай !» деп ұран салып
Шырылдап өте шықты екі бала .

« Тәңірі , тілегімді бердің бе ? – деп ,
Қара үзіп , қос күреңім келдің бе !» деп
Шақантай орынынан түрегелді ,
Жатқанын естіген жоқ елдің не деп .

4

Шақырды атқа шапқан бала кімді ?
Біле алмай Шақантайды ел аңырды .
Иесін қос күреңнің сұрастырды
Қақ жарған төрешілер қара қылды .

Бәйгеден аты келген тілегі боп ,
Кім білсін , жетім бе әлде тірегі жоқ ?
Сұрады атқа шапқан балалардан :
-Иесі жүйріктердің кім еді ? – деп .

Балалар көз жеткізіп аныққа енді ,
Жетелеп Шақантайға алып келді .
Қараса , он бестегі бозбала екен ,
Иесін күреңдердің халық көрді .

- « Шақантай» қандай елдің ұраны ? деп
Өзінен Шақантайдың сұрады көп .
- Шақантай – мен едім , деп жауап берді
Бұл аста түскен үйі – тұрағы жоқ .

Қалың ел одан сайын гуілдесті ,
« Қаршадай болып алып бұл кім ?» десті .
Керейлер Шақантайдың жөнін біліп ,
Қуанып іштерінен күлімдесті .

Жас бала жарқылдады топты жарып ,
Жүлдесін алғанына бек қуанып .
« Шақантай Қожақұлдың жиені екен»
Деген сөз Қабанбайға жетті барып .

Батыр боп бекер адам жарала ма ?
Шақыртты Шақантайды сол арада .
Иіліп Қабанбайға сәлем берді
Иықты , қыранқабақ жап – жас бала .

Ай маңдай құлынындай боз биенің ,
Қабанбай тани кетті өз жиенін .
Балаға оң жағынан орын беріп ,
Ағытты ұлы батыр сөз тиегін .

Сүйетін туған ұлын шын аймалап ,
Ел қамын , ер болмаса , кім ойламақ ?
Қабанбай көз қиығын тастап қойып ,
Отырды Шақантайға сынай қарап .

Тұрпаты танылып тұр ер боп туған ,
Ерке емес дыр – думанды ермек қылған .
Ұнады Қабанбайға мына бала
Қайраты тұла бойын кернеп тұрған .

Көңілге қуаныштың қонды қазы ,
Өмірдің жарқырамақ енді жазы .
Бар болған оқиғаны естіп – біліп ,
Қабанбай Шақантайға болды разы .

- Білмеймін , құбылады заман қалай ,
Емес қой өмір сүру адамға оңай .
Бол , деді , бұдан былай өз қасымда ,
Артыңа , атыңа да алаңдамай !

« Қабанбай Шақантайға нағашы екен ,
Бірі – жең , бірі – тонның жағасы екен .
Бәйгеден екі бірдей аты келген
Керейдің шынашақтай баласы екен !»

Дегенді естігенде Ер Жәнібек
Отырды бармақ тістеп , сәлге жүдеп .
Матаққа қатты ренжіп , назаланып :
« Болдық -ау , – деді , -жұрттай қорғаны жоқ»

Керейдің қуана алмай жеңісіне ,
Сыймады ашуланып терісіне .
Ержүрек жас баланың тапқырлығы
Аңыз боп кете барды ел ішіне …
5
Алса да ит тіршілік балағынан ,
Жігіттің қар жаумады қабағынан .
Қасында Қабанбайдың жас Шақантай
Түледі секілді боп бала қыран .

Батырлар елін қорғап аласұрған ,
Тұлпарын белдеуінде таң асырған .
Ол заман біздің қазақ соғыс салып
Алтайдан ата жауын ары асырған .

Соғысқа талай ерлер қатысыпты ,
Қалмақпен шабысыпты , атысыпты .
Айқаста жолбарыстай жауын жайпап ,
Жас батыр Шақантайдың аты шықты .

Шақантай тұлғаланып толған екен ,
Қасында Қабанбайдың болған екен .
Әкесі тірі кезде Наймандағы
Айттырған қалыңдығын алған екен .

Бұл өзі таусылмайтын әңгіме еді ,
Сан саққа жүгіртеді әркім оны .
Найманның бір байының сұлу қызы
Жаңылды айттырғанын ел біледі .

Әлгі бай мың құбылып қызыл желдей ,
Арқауы құдалықтың үзілгендей .
Жауғашар өлгеннен соң жетімсіреп ,
Жүріпті Шақантайға қызын бермей .

Қабанбай кісі салды әлгі байға ,
Жалтарып құтылады енді қайда ?
- Ақ бата жасасқаны рас болса ,
Жаңылды ұзатсын – , деп , ендігі айда !

Шет болды серттен тайып аруаққа ,
Шақантай қайдан шықты , танымап па ?
Жаңылдың жасауына қосып және
Мінгізсін жеті қызды шаңыраққа !

Ақылы айласымен көмкерілген ,
Байлардың әдеті ғой ерте күннен .
Сәлемін ести сала Қабанбайдың
Әп – сәтте аударылып – төңкерілген .

Жан тәтті , түскеннен соң жарлық қатты ,
Қабанбай сараң байды жорғалатты .
Жасауы Жаңыл қыздың түгенденіп ,
Той өтті дүркіреген салтанатты .

Бай құда жөнге келді екіжүзді ,
Шығарды жомарттықпен атын ізгі .
Айтқанын Қабанбайдың екі қылмай ,
Мінгізді шаңыраққа жеті қызды .

Шақантай шықты ойлаған кезеңіне ,
Өрт түсті кейбіреудің өзегіне .
Қабанбай ақ батасын берді – дағы ,
Жиенін аттандырды өз еліне .

6

Шын батыр тұра ала ма елім демей ,
Елінің ертелі кеш қамын жемей .
« Шақантай келе жатыр!» дегенді естіп
Қарсы алды қаптай шығып қалың Керей .

Көл қылып шаттықпенен көңілдерін ,
Түсірді оң аяқпен келіндерін .
Қуанып арқа – жарқа Матақ батыр ,
Ініден мойындады жеңілгенін .

Деп Матақ той жасады : « Інім келді !» ,
Қадірі туыстықтың білінді енді .
Риза боп Шақантай да ағасына ,
Әйгілі қос күреңнің бірін берді .

Мерейі Шақантайдың аспандады ,
Даңқына сүйінбеген дос қалмады .
Әйелдің кемеңгері Жаңыл болды -
Тәңірдің өзі таңдап қосқан жары.

Адам аз бұл өмірге еркелеген ,
Талайды тағдыр шіркін желкелеген .
Біріне шаңырақтың мініп келген
Бар еді ақылды қыз Еңке деген .

Әйелдің барлығынан асты Жаңыл ,
Бақытын Шақантайдың ашты Жаңыл .
« Жалғызсың , көбеймесең болмайды !» деп
Еңкені өз қолымен қосты Жаңыл .

Жаңылдың ерлігі тек ол емес – ті ,
Артынан алты қызды және қосты .
Алғаны көп болмаса осылайша ,
Ұрпағы Шақантайдың неден өсті ? !

Түсіріп ықыласын Тәңір оған ,
Қосыпты сұлуларды Жаңыл оған !
Соңынан бес әйелді тағы әперіп ,
Бұтағы қаулап өсіп жамыраған !
Шақантай әрі шешен , әрі батыр ,
Тарихын қуа берсең ары жатыр .
Тараған сонау он үш әйелінен ,
Бұл күнде қарақұрым халық отыр .

Талайдан Шақантайдың ерлігі асқан ,
Тағдырдың сан талқысын көрді жастан .
Бірлік пен берекенің діңгегі боп ,
Жан екен ел үстіне елді қосқан !

Батыр боп атана ма тегін кісі ,
Кеппеген жортуылдан тебінгісі .
Ақырған арыстандай талай – талай
Алыптан басым түскен оның күші .

Құдайым ылғи сәтін келтіріпті ,
Оңынан Шақантайдың жел тұрыпты .
Бойында Аягөздің жекпе – жекте
Қалмақтың қара дәуін өлтіріпті .

Босамас жаудан жерің жаннан күспей ,
Кешегі көшкен өмір көрген түстей .
Көк найза , қара шоқпар заманында
Өтіпті ат үстінде ерден түспей .

Таба алмас жоғалтқанын із көрмеген ,
Дариға , сұмдық бар ма біз көрмеген !
Ерлігі Шақантайдың таусылмайды
Моншақтай мөлдіретіп тізгенменен …

Бүгінге аңыз оның батырлығы ,
Ізінде ғасырлардың жатыр мұңы .
Аруағын осындайда қозғамасақ ,
Қазақтың кімге керек ақындығы ? !

7

Жорықта жолда қалмас жүгі нардың ,
Рухы мәңгі сөнбес ұлылардың .
Ұрпағың ұмытпайды , ер Шақантай ,
Аузында атың жүрер тілі бардың .

Шұбартау – Шұбартау боп жаралғалы ,
Керей кеп бұл арадан жер алғалы
Көрмепті жел жағыңа ешкім шығып ,
Анаңның сені тапқан жоқ арманы !

Өткерді қазақ қанша зіл – заланы ,
Шұбартау қалай одан құр қалады ?
Жобалай , Байқотан боп , Шақантай боп
Жатырсың қорғап – қоршап бұл даланы !

Бостандық баянды боп осы келген ,
Тұқымың азаймасын өсіп өнген .
Шұбартау топырағында өшпек емес
Қалған із өзіңіздей асыл ерден !

Елім деп қабырғасы қайысатын
Жоқ бүгін Төлеу менен Уәйіс ақын .
Солардың жұртындағы біздер бармыз
Сескенбей топқа түсіп сайысатын .

Жетеді Шұбартаудан шыққан ұлдар ,
Әйгілі Еркеғали , Мұхтарың бар .
Бекен мен Мыңбай , Төлек , Жанұзақтар -
Жартасты жарып өскен түп – тамырлар !

Жұртыңды , ұрпағыңды қолда , баба ,
Жар болып жабырқаған кең далаңа !
Тимесе аруағыңның шарапаты ,
Дертіне Шұбартаудың ем қона ма ?

Қолдасаң , кем кетігім толады әлі ,
Өріске малым симай қорадағы .
Жыртылған жолым қайта жамалады ,
Жүдеген елім қайта оңалады .

Желбіреп жас келіннің орамалы ,
Өмірге талай ұрпақ келер әлі .
« Шақантай !» , « Шақантай !» деп шауып өткен ,
Бәйгеден көрсем деймін сол баланы !

Ақындар бүгін терең ой кешуде ,
Қызыл тіл қызған сайын сөйлесін де .
« Шақантай !» , « Шақантай !» деп мен де келсем ,
Арман жоқ , жырдың үлкен бәйгесінде !
« Шақантай !» , « Шақантай !» …

Жастабан тағдыры
( Қытайдағы деректерден алынды )
« Жайылып жан жағыңа керегең кең ,
Өсуге аман – есен берекеңмен
Сырт жаудан қормал болып , қорғау үшін ,
Керейге төре керек не дегенмен .
Күл төккен іргең бекем болу үшін ,
Суатың арнасына толу үшін
Абақтың баласына төре керек ,
Жүретін көшіп қонған жолы үшін .

Төбесіз жер болмайды даламызда ,
Төресіз ел болмайды арамызда .
Бақыттың бастаушысы жеткізетін ,
Төрелер дейді екен әр аңызда …».

-Деп мақтап Арғын биі төрелерді ,
Керейді жүрісінен өреледі .
Аңқау ел айтқанына Арғын бидің
Біртіндеп , бірегей боп көне берді .

Сонымен Абақ Керей төре іздеді ,
Жиғанын төрелерге бере іздеді .
Төріне төрт қабаттап көрпе төсеп ,
Төренің басшылығын өріс көрді .

Ұлдарын Әбілпейіз қалап алды ,
Қырғыз қызы Тұмардың балалары .
Көгедай , Жабағытай , Сәмен атты ,
Көктулы төрелердің жаңа бағы .

Басталып бір көктемнің көкорайы ,
Хан қылып көтермекші Көгедайды .
Толмаған балиғатқа оның жасы
Толуға уақыт керек оған әлі .

-« Басқарған өзін – өзі Абақ Керей ,
Жетеді істерінде талап , мерей .
Төреге осыншалық қамқоршы боп ,
Жабыстың неге биттей балаққа , ей .

Төбесіз жер жетеді даламызда ,
Төресіз ел де көп қой ғой арамызда .
Қоңырат , Қыпшақ , Найман өздерін де ,
Төресіз өмір сүрген бар аңызда» .

Деді де , Арғын биге шоқтығы ірі
Қадалды Шақантайдың отты көзі .
Керейге қалай ғана жол көрсетпек
Төренің ержетпеген боқмұрыны .

Қолында алдаспаны тұра ұмтылды ,
Ертеңге туғызбаққа қыйын күнді .
Тоқтаты үлкендер кеп , басу айтып ,
Үх- деді , кімдер көрген бұрын мұны .

Дегенмен батыр қатты намыстанды ,
Көзіне елестетіп арыстанды .
- Алмасам басын кесіп Көгедайдың ,
Деді де табан тіреп қарысты енді .

Қан төгіп қалмақпенен күрескенмін ,
Табандап қара жерде тірескенмін .
Мекенім тау мен дала құшағы боп ,
Жігермен желбіреткем жыр ескегін .

Сәт сайын еселеніп күшім менің ,
Ел үшін батырлықты түсінгенмін .
Биікте желбіреген сол туымды ,
Басқаның билігі үшін түсірмеймін .

Сартоқай , Сарбас пенен Бегімбеттер ,
Баласы Жастабанның текті – тектер .
Қорғадым бостандықты басты жаудан ,
Жәйім жоқ енді содан шегіншектер .

Жолында азаттықтың ағындаймын ,
Жалбақтап Әкімдікке жағынбаймын .
Шұбыртқан төлеңгітін шибөрідей ,
Төренің билеуіне бағынбаймын 2 .

Деді де , қахарланды Ер Шақантай ,
Қозғалды қонысынан ел жаталмай .
Байқотан , Жобалай мен Томан билер ,
Батырын қолдап шықты жолға шалғай .

Батыры Жастабанның іріктелді ,
Мұндайда кім жек көрсін біріккенді .
Баймұрат , Атантайлар атын сайлап
Бас батыр жаққа бүйрегін бұрып келді .

Қотырақ жіберді Шақантайға Шақабайды ,
Жақтама батыр , деп шатақ жайды .
Туған ел даласындай еркін болсын ,
Түсіну керек толық Ата жайды .

Әрине , силаймын мен жақсы Ағаны ,
Шырқалған батырлықтан асқақ әнді .
Көзімнің тірісінде кіріптар ғып ,
Жүрмеймін бәз біреуге Жастабанды .

Тапсақта қаншалықты жер кіндігін ,
Сақтаймын ылайлатпай ел тұнығын .
Біреудің сыңар езу билігінен ,
Қорғаймыз қорған болып Еркіндігін .

Жібермен намысымды уысымнан ,
Сағынсам жүрегімнен жыр ұсынам .
Керейдің – он екі Абақ біреуі боп ,
Сендерді қайда жүрсем туыс тұтам .

Жатқанда өгіз өліп , атан ауып
Сапарда осынау бір қатер қауып .
Жәнтәкей батырына бар жәйді айтып ,
Жіберген ат мінгізіп , шапан жауып .

Дегенмен Шақаң өзі ауылына ,
Қамқор боп атасы бір бауырына
Керейлер Өр Алтайға шұбырғанда ,
Жастабан қалған екен Сауырында .

Найзасын қолындағы алуан толғап ,
Сауыр мен Сарыарқаны жаудан қорғап
Ғұмыры Шақантайдың өтіп еді ,
Қарсы боп пиғылдары жалғанға жат.

Билеуге асыққандар сұқтанады ,
Көтеріп паң кеудесін жұртқа бәрі .
Хас батыр ойлап елдің болашағын ,
Билеуін төре жақтың құптамады .

Қытайдың патшасына құзыр болып ,
Көгедай щайын ішті жүзін көріп .
Шошқаның милығын жеп дәреже алды ,
Қалмады Хан төренің өзінде ерік .
Керейдің малын шашты , жанын қысып
Шетінен көнбегеннің қанын ішіп .
Көгедай өлгеннен соң баласы Ажы -
Киінді мұрагер боп қалың ішік .

Тозбайтын , тоңдырмайтын мұрагерді ,
Қахарлы Ажыгун боп тұра берді .
Бір кезгі «кемеңгерлік» ұмытылып ,
Шындықты шырқыратып бұра берді .

Сұмдықты сұмырайлар көргізгелі ,
Суытып көңілдерін ел күйзелді .
Тфу деген түкірігі жерге түспей ,
Төрелер осылайша ел биледі …

Патша үшін елге салды бар салықты
Көтерді ауырлықты ел соншалықты .
Моңғұлдың жылқыларын барымталап ,
Артынан жауапты етті Арқалықты

Керейлер батыры үшін күңіренді ,
От түсіп арасына бүлінді енді .
Жан – жаққа бытырады осы кезде ,
Алтайдан ауып тағы рулы Елі .

Ажыгун – ара түсер сөзін жұтты ,
Керейде оған тоқтар төзім бітті .
Қаймығып Дөрбіт ханның қахарынан ,
Батырдың Арқалықтай көзін құртты .

Сол кезде Шақантайды ұққан еді ,
Түсініп Бостандықты сырттағы Елі .
Күн туған Ер басына заманада ,
«Ағажай Алтай …» әні туған еді .

Бағалап Шақантайдың батылдығын ,
Болғанын болашаққа ақылды ұғым .
Төренің бауыры суық екендігін ,
Жанжақтан бұрқыратты ақын жырын .

Шөлдесем рахат табар көлім едің ,
Шалдықсам шәрбат берер төрім едің .
Бұлыттай көшкен кезде бірігесің ,
Жел соқса ыдыраған Елім менің .

Бала ел , батыр елі Керей деген ,
Келесің кең қолтықты мерейменен .
Біреуің қоныстансаң Өр Алтайға ,
Біреуің мерей таптың Ерейменнен .

Амал не , бос қалдық қой көп мұрадан ,
Сапарда есе алмай соққылардан .
Ағайын ала болып , бос сөзге еріп ,
Бөрі жеп бүлінгенді – өтті заман .

Тарқамас таудан ауыр маған көп мұң ,
Басына алынғаны Махамбеттің .
Бөкенің бір қабірге симағаны ,
Жалынын әкелді ғой маған өрттің .

Халқы үшін толқындарда қайраңдаған ,
Жері жоқ күрестерде қайралмаған .
Өтіпті – ау ардагер боп арпалысып ,
Шақантай деген менің – қайран Бабам !

Арқаның аязындай сақырлаған ,
Адамның Азаматы батыр Бабам !
Тартыста табан аумай өткендігін ,
Оспалы өлеңіндей Ақынға аян .

Сауыр мен Сарыарқаны сайрандаған ,
Бұл күнде сендей жжанды қайдан табам ?
Өлеңге симай кеткен алып тұлғаң ,
Өмірге симай кеткен қайран Бабам !

5. Қытайдағы — профессор , қытай тілінің маманы – Нариман
Жабағытаевтың «Жария сыры»:

- Ерен – Ерен , Ерентау , Үрімжі деген қала бар ?
Елеңдетер белең тау . Толып жатқан сала бар .
Ел жұртынан айрылған Шығысымда – Богда тау ,
Мен сияқты берен бар . Шырылдап соны паналар

Еренқабырға тау екен , Уан ханы Керейдің
Бауыры бақша бау екен . Өсірген сонда мерейін ,
Шақантайдың ұрпағы Анда – санда сол жерге
Бұл жақта да бар әсем . Аңсаумен барып келемін .

Айналайын , жан Бабам Ерлікке батыл бара алған ,
Аруағыңнан айналам . Батыр болып жаралған ,
Боз қалмақтан даласын Ұлы Бабам ұрпағы
Ерлікпенен қорғаған . Жер жүзіне таралған .

Көптен ойлар көктейді
Көксегенді шектейді …
Батыста жатқан байтақ ел
Ештеңе саған жетпейді …

Жазушы Хасен Әдібаевтың « АТАМЕКЕН» өлеңі .

Армысың Атамекен Шұбартауым ,
Алқызыл арман ескен бақша – бауым .
Ұшырған тұмар тағып қайран жұртым
Жасыл шық тамшылаған шүйгін қауым .

Айналдым Атақоныс шұбартауым ,
Айналып қайта таптым алау таңын .
Маздаған балалық шақ , бал дәуренім
Бас иіп , тағзым етем туған қауым .

Жау қуып , қиқу салған батыр бабам ,
Тайпалтқан боз жорғаны жап – жас анам .
Сапырған сары қымыз , ақбоз үйлер
Бақ қонған , ырыс тұнған жасыл жағаң .

Ер туған , ақ найзалы талай – талай ,
Сайраған күміс көмей қалай – қалай .
Жырлаған « Елім – айын» Қожаберген
Сабылтқан Нарқызылын өр Шақантай .

Тербеген қалың елді Сегізсері
Маңдайдан тамшылады ащы тері .
Ғашық боп Мақпал менен «Гаухартас»қа
Ғажайып ән шырқаған әсем жері .
Жарылды тас төбеңде атом бомба
Оранды отжалынға шыбын жан да .
Сөгілді іргелі елдің қабырғасы
Арландым , аласұрдым шара бар ма ?!

Ақ көйлек , адал жүрек балаң едім ,
Білмеген білезікті балаң едім .
Пердесін сұм жалғанның жұлғанымда
Шошыдым , шамырқандым Сен бар едің .

Ақ бесік , ата дәулет Шұбартауым ,
Кеудемде жалындаған жанар тауым .
Тәу етіп тастарыңа келіп тұрмын
Аша бер құшағыңды алау таңым .

«Әдебия (Бәсен) Серікалды қызы Бәсен немересіне -
Серікалды Сәсенов , Жалбағаев Ережеп , Балсекер , т.б.
үлкен кісілер айтқан естеліктерден…

Үлкендер жиналып,ата бабалары туралы әңгіме – естеліктерді айтып отырушы еді . Біз ұқсын , кейінгі ұрпаққа айта жүрсін , туыстықтары нығайып , имандылықтары арта түссін , ата бабаларының атына кір келтірмесін , жақсылығын үйренсін,жаманынан жиренсін деген мағынада еді …
1 . Бабамыз Шақантай :
« Басыңа іс түсіп қиналған кезіңде Байқотан мен Жобалай бабаларыңа сиын , қыл үстінде тұрсаң маған сиын» , деп өсиет қалдырған .
2. Байбарақ пен Құлбарақ .
Жаңыл ( Жәкем ) анамыздан туған бес ұл ерке , алкеуде батыр болып өскен екен . Шешеміз бауырындағы ( Еңкеден туған Құлбарақты өзінен туған Байбарақпен екеуі егіз қозыдай тату өссін деп , Жаңыл шешеміз бауырына салған ) аса ұғымтал , ақылды Құлбараққа ризашылығымен ерекше көңіл бөліп , келешек ұрпағына зейінді болар ау деп батасын берген . Құлбарақ Байбарақтың айтқан сөзін жерге тастамай , ақылдылықпен орындап , істеген жақсылығын – «Байаға осылай деп айтып еді» , деп , анамыз Жаңылды таң қалдырған .
Екеуі ер жетіп , отау тігіп , екі ауыл болып еншісін алуға аналары Жаңылдың алдына келеді . Ол кісі рұхсатын беріп , алғандарыңды әкелеріңе соңынан баяндаңдар , деп тапсырма береді . Малдарын бөлісіп алып , көңілдері жайланып , төбе басында ақсақалдар кеңесін құрып отырған әкелеріне келіп , үлкендерге сәлем беріпті . Келген жұмыстарынан хабардар әке : – Айтыңдар , деп белгі береді . Құлбарақ иіліп , Байбараққа жол сіздікі депті . Алкеуде батыр Байбарақ :
- Айтсам , Әке ! Малдың ылғи жас үйірі мен жақсыларын таңдап алдым , -депті . Ал , сен Құлбарақ , не алдың ? – дегенде :
- Мен , әке , ағадан қалған кәрі құртаң малдарға иелік жасадым , -деген екен . Бабамыз ұлдарына қолдарыңды жай депті :
- Байбарақ , аузың асқа , бұтың атқа жарымай , алланың берген маңдайыңдағы рыздығымен өтеді екенсің. Құлбарақ , бар байлық сенде қалады . Бірлік , ынтымақтарың нығая берсін , енді аналарыңа барыңдар , – деп шығарып салыпты . Кейінгі олардың өмірлері , ата батасын дәлелдеген . Бай , дәулетті адамдар Құлбарақ ұрпағынан тараған , берекелі ырысты ұрпақ әке батасын орындап , өсиет құрды .
« Баталы құл арымас» деген сөз осыдан қалса керек .

3. Шақантай батырдың бірінші бәйбішесі Жаңыл ( Жәкем ) анамыз Қаракерей Қабанбай батырдың туған қарындасы екен . Шақантай батырлығы , келбеттілігі мен ақылдылығымен көзге түсіп , қас сұлу Жаңылмен көңіл жарасымдылығын сезген Қабанбай батыр қарындасына лайықты жар деп , келісімін берген екен . Дағандел бойына аттандырып , той жасап , ұзатар алдында , бір ай бұрын қалмақ шапқыншылығынан қолға түскен тұтқындардың ішінде қалмақ батырының қызы , ай десе аузы , күн десе көзі , қолаң шашы тобығына түскен Еңке сұлу бар екен . Қабанбай батырдың Еңкеге көзі түсіп , ерекше күтіммен бөлек күткізіпті . Жеңгелерінің суық көзқарасынан қызды құтқармақ болып ақылды Жәкем , ағасына кісі салып : – Маған күңдікке шабындыдан түскен қызды берсін , сонда мен ризамын ағама , – деген екен .
Суық көзбен сұқтанып жүрген жеңгелері араласып , Ерасылдан (Қабанбай ) рұқсатын алып , Еңкені Жаңыл анамызға күтуші етіп қосыпты . Отыз күн ойын , қырық күн той болып , Жаңыл анамыз жасау , еншісімен Дағанделге қарай көшін бұрыпты . Үш күн жүріп , жол бойында жеңіл отау тігіп , еру жасайды . Сарбаздар : – Шақантай , шаңырағыңды көтер , деп айғайлайды . Қару жарақ асынған бабамыз тігіліп жатқан үйге келіп , шаңырақты бақанмен көтеріп тұрып , уық шаншып жүрген Еңке қызға көзі түсіп , есі кетіп , не істеп тұрғанын ұмытып , ойға шомып , жеті уық түгіл , саны жиырмаға жетіпті . Бұны байқаған Еңке қыз : – Батыр аңғал деген рас екен , есті адам жеті уықтан кейін шығып кетеді , сізді кімге теңесем екен , -депті …
Батыр серпіліп : – Мына күң не дейді , деп , садақпен тартып жіберіпті . Садақтың жебесі барып Еңке сұлудың қара санына қадалады . Сонда Еңке шешеміз ауырса да , қанын сорғалатып : – Кім атты , етегімді көтеріп садақтың оғын өзі алсын , деп ешкімді жанына жолатпапты . Шақантай бабамыз Жаңыл шақырады дегенге барады . Ақылды апамыз : – Маңдайыңа жазылғаны осылай шығар , бар да етегін көтеріп оғыңды ал , молда шақырып некеңді қиғыз , менен рұхсат,- деген екен . Осылай Еңке апамыз Шақантай бабамыздың Жаңылдан кейінгі екінші бәйбішесі болып , Құлбарақ атамызды дүниеге әкелген екен …»

ШАҚАНТАЙ БАТЫРДЫҢ ТУҒАНЫНА 300 ЖЫЛ

Батырдың туғанына үш жүз жыл толуына арналған мерейтой 2006 -жылы ,18 – 19 тамыз күндері Шұбартау өңіріндегі Қосағаш аулында өтті .
Он сегізінші тамыз күні , таң бозынан Қарауылтөбедегі Шақаңның кесенесінің маңына келіп атбасын тіреген адамдардың санында есеп болған жоқ . Олардың бәрі батыр бабаның басына құран бағыштап , дұға оқытпақ ниетте болатын . Таңертеңгі сағат онда аудандық
мешіттің бас имамы Айдын Жеңісұлы , Шақантай Жауқашарұлының рухына арнап аят оқыды . Осыдан кейін Қарауылтөбеден қозғалған қалың жұрт Қосағаш аулындағы жаңадан бой көтерген Шақантай батыр мешітінің алдына жиналды . Осынау мешіттің қысқа мерзімде салынуына батырдың ұрпақтары ғана емес , бүкіл халық бір кісідей жұмылды . Қомақты көмек көрсеткендердің арасында Сәдуақасов Т.
(1 000 000 тенге) , Найзабеков Н . (1 000 000) , Амандосов К. ( 1 000 000) , белгілі кәсіпкер Әлпиев А . ( ВАЗ авток . ) , Ибраев Н. (500 000), Ыдырыспаев Қ . ( 250 000 ), Айнабеков М ( 100 000 ) , мәжіліс депутаты Сабиьянов Н. (500 000, 2 – ВАЗ ) , Хайбарұлы А . ( 300 000 ) , Тлеубердин Ж . ( 150 000 ), Мұқашев Е . ( 100 000) , Алматы қ . Түрксиб ауданы салық комитетінің бастығы Қабышев А. ( 200 000 ) , Кенжеғарин А .
( 100 000 ) , Төлтай Т . ( 140 000 ) , Өлкебаева Л . ( 100 000 ) , Шаймерденов Мұратбек ( 100 000 ) , Тәшкенбаев М . ( ВАЗ ) , Сүлейменов Қ . ( ВАЗ ) , Жампозбаев Б . ( 150 000 ) , Шаяхметов Т . мен Қабдықалымов Ә . ( бір жылқыдан ) , Искаков С . пен Семізбаев Ә . ( компьютер класы ) . Тойдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан А . Алимханов , Орынбасарұлы Қ . , Б. Саят , Ә . Жақыпбеков , Ибраев Асқар , Шоланбаев Б . , Е . Тәуірбаев , Рысқалиев Қ ., Қасымбаева Т . , Жайдарин А . , Қабасов Қ . , О. Ерубаев , Жанат , Серікбол Қожахметовтар , С. Мұқатова , Бекмұрат , Е. Қанапиянов,
Жоламановтар әулеті , т. б. көптеген аттары аталмай қалған азаматтарға ата бабалар аруағы разы болып , алладан нұр жаусын !
Осы тойда Алматыдан келген Шақаң ұрпағы Т . Төлтайдың баспадан жаңа ғана шыққан « Шақантай» шежіре – естелік кітабіның екінші басылымының таратылымы болды . Кітаптан түскен 100 000 тенге жаңадан ашылып жатқан Қосағаштағы Шақантай мешітіне берілді .
Торғай атамыздың ұрпағы Тентексары немересі – Нұргүлсім Қытайдан арнайы келіп , Шақаңның 250 – жылдан бері сақталып келген шекпенінің фотосуретін жұртшылыққа таныстырды . Нұргүлсім мешіттің салынуына да атсалысып , құрылыс материалдарымен ( кафель ) көмек көрсетті .
Мешіттің ашылу салтанатын « Қосағаш» аулының әкімі Қазов Б . ашты . Құттықтау сөз сөйлеген Жеңісұлы А ., Жоламанов Т. , академик Қаймолдин О . , Әлпиев А . , Үржар аудандық мәслихатының хатшысы Байсинов Қ . , ардегер Шакетов С . , «Алла үйінің» елдің елдігіне , береке бірлігіне арқау болатынын атап өтті . Мешіттің ашылу лентасын аудан әкімі Шерубаев Н. пен композитор Е . Рахмадиев қиды . Осыдан кейін салтанатқа қатысушы қалың жұртшылық Қосағаш ауылдық Шақантай батыр мешітінде оқылған жұма намазына қатысты . Жаңа ашылған мешітке тарту ретінде көпшілік берген кілем , палас , жайнамаз , суреттер , кітаптар т. б. тартуларда есеп болмады .
Жаңа мешіттің ашылу салтанатымен қатар , Қосағаш аулындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте компьютер класының
ашылуы қатар ұйымдастырылды . Соңғы үлгідегі жаңа компьютерлерді Шақаңның 300 – жылдық мерейтойына лайықты тарту ретінде , Алматыдағы «AIVA» компаниясының басшылары Искаков С. , Семізбаев Ә . сыйға тартты .
Мешіттегі намаздан кейін жиналған азаматтар Қарауылтөбенің баурайындағы Бақанас өзенінің бойына тігілген елу – алпыс ақбоз үйлерге ағылды .Түскі астан кейін жыр – жарысы мүшайра басталды .
Халық алдында батыр Бабаға арнаған жыр өлеңдерін ақындар үлкен шабытпен оқып шықты . Ақындардың жырларымен алдын ала танысып шыққан жюридің шешімімен :
- Бас жүлде , ВАЗ автокөлігі белгілі ақын Н . Айтовқа берілді .
- Бірінші орынға К . Шалқаров , екінші жүлдеге Үсенбаев Б . мен А . Қорғасбек , үшінші орынға Ережеқызы Ә . мен Қайрамбай Қ . ие болды .
Жыр мүшайрасынан кейін , мерейтойға арналған салтанатты жиын басталды . Жиынды қысқаша құттықтау сөзбен аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаев ашты . Алғашқы баяндамада Шұбартау ауданының экономикалық және әлеуметтік жағдайы туралы әкімшіліктің аудандық ауыршаруашылық басқармасының бастығы Тілеужанов А . айтып өтті . Баяндама арасында белгілі әнші – сазгер Тұрсынғазы Рахимов « Шақантай» атты жаңа ән – толғауын орындап берді . Екінші баяндаманы Шұбартау өңірінің тарихы және жоңғар шапқыншылығында ұлт азаттық күреске өзінің елеулі үлесін қосқан Шақантай батырдың ерлігі туралы , белгілі жазушы , Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Тілеуханов Т . жасады . Тың деректермен толысқан осы баяндаманы көпшілік жылы қабылдады .
Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Н. Шерубаевке берілді . Аудан әкімі өз сөзінде Шақаңның мерейлі мерекесі ерліктің , елдіктің тойы екендігін , кейінгі ұрпақ үшін тәлімдік , тәрбиелік өнеге болып қала беретінін атап өтті .
Келесі құттықтау сөзді облыстық мәдениет басқармасының бастығы Түсіпбеков Т . айтты . Құттықтау сөзінен кейін ол Қосағаш ауылдық кітапханасына жаңа компьютермен бірге шығыс ақын жазушыларының бір қоржын кітаптарын сыйға тартты .
Салтанатты жиналыс соңында аудан әкімі жүз үш жастағы академик О . Қаймолдинге ат мінгізіп , шапан жапты . Ал мәжіліс депутаты Н . Сабильянов осы елдің тумалары , атақты композитор Е . Рахмадиев пен әнші , профессор Б . Жылыспаевқа автокөлік мінгізіп , марапаттады .
Кешкі астан кейін көпшілік асыға күткен мерекелік концерт басталды . Бірінші болып сахнада « Аягөз» халықтық ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті . Әншілер А . Шегенбаеваның , Н . Мұстафаевтың , Ә . Ақылбаеваның , Ж . Әзілқияшевалардың шырқап салған әндеріне
көпшілік ұйып тыңдап , дән риза болды . Оркестрден кейін аудандық « Баян сұлу» халықтық ән – би ансамблі өнер көрсетті . Әншілер К .
Алпысбаев , Е . Жақсылықов , З . Жайлаубаева , Р . Сакиева , Б . Гусеинов ,
Б . Нұртөлеуов , Қ . Садықов , С . Әбеуов , Г . Әубәкірованың салған әндері көрермен көңілін баурап әкетті . Сыбызғышы А . Чаев , күйші дирижер Қ . Әзілқияшев , бишілер тобының өнеріне де көпшілік тәнті болды . Семейден келген Мырзахан мен Бауыржан бастаған актерлер тобы – сахнада Шақантай батыр мен қалмақ батыры арасындағы жекпе – жекті бейнелеп берді .
Мерекелі концерттің соңына қарай Республикаға белгілі эстрада жұлдыздары Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева ән шырқап , көпшіліктің алғыс , құрметіне бөленді .
Мерейтойдың екінші күні қазақтың ұлттық спорт ойыны – ат бәйгесімен басталды . Жеті шақырымдық тай жарысында бірінші болып – Айғыз ауылының Айтөбел , екінші орынды – « Достық» шаруа қожалығының Оқжирен , үшінші – орынды Баршатас ауылының Самалгер атты тайлары иеленді . Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды .
Он бес шақырымдық бәйгеге алпысқа жуық сәйгүліктер қатысты .
Бірінші орын – Семейдің « АЙКЕЛ» ЖШС ның Ақжол , екінші – Аягөзден Тұмар , үшінші – Қосағаш аулынан Құлаққасқа , төртінші – Қарағанды облысынан Арқаргер , бесінші болып – Дөкіртовтың Ақпар атты жүйріктері келді . Жүлделі орындарды иеленгендерге тоңазытқыш , теледидар , кілем , кіржуғыш машина , бейнемагнитофон , шаңсорғыш сыйға тартылды .
Аламан бәйгеде бірінші болып Таскескенің Шолпан атты сәйгүлігі келіп , белгілі палуан , кәсіпкер М . Тәшкенбаев қойған ВАЗ автокөлігін иеленді . Екінші болып Шұбартау өңірінің – Қаракер (тоңазытқыш) , үшінші аягөздік Дөкіртовтың – Құлагер ( кіржуғыш) , төртінші Қарағандының Ақтоғайынан – Шаншар ( теледидар , кілем ) , бесінші Шұбартаудан – Шаңтимес ( теледидар) , алтыншы Мәдениет аулының – Күреңқасқа ( бейнемагнитофон ) , жетінші Баршатастың -Әсемқоңырға ( шаңсорғыш) сыйлықтар берілді .
Қызықты өткен ат жарысынан кейін Бәйгетөбеден қайтқан көпшілік ақбоз үйлерге оралып , дастархан басында тойдың жоғары деңгейде өткеніне ұйымдастырушыларға өздерінің алғысын айтып , ризашылықтарын білдіріп жатты . Әкімнің он екі қанатты үйінде силы қонақтарға шапан жабылып , құрмет көрсетілді . Алматыдан келген қонақтар Облыс , аудан әкімшіліктеріне , жаңа ашылған мешітке – Қытайда үш тілде шыққан , қазақтың ескі салт – дәстүрінде қолданыста болған киіз
үйдің жабдықтары , ер – тұрмандар , алаша , кілем , түс – киіздер , ыдыс – аяқтар , қылыш – шоқпар , ұлттық киімдер т. б. -лар түрлі түсті бояулармен әсем бейнеленген кітаптарды тарту етті … Көпшілік қауым осы мерейтойды ұйымдастыруда аудан әкімінің орынбасары Н . Әзімбаев пен Қосағаш аулының әкімі Б . Қазовтың еңбектерін ерекше атап өтті .
( А . Көксегеновтың аудандық газетте жарияланған мақаласы пайданалынды )

Жобалай би (1730 – 1818)

Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы :

« ЖОБАЛАЙ Бәйсейітұлы ( 1730 – 1818 ) – би . Билік жолын әкесі Бәйсейіт биден алған Ж. би елін әділдікпен , халық арасынан шыққан азаматтармен ақылдаса отырып билеген . Ж. биден Томан , Байқотан , Тоқсанбай , Есенжол билерге жалғасып кете берген . Ж. бидің соңында көптеген сөздер қалған . Солардың бірі : « Атыма тай бер , Тайыма қой бер , Қой болар , қозы болар , Келер жылы өзі болар» , – деп келетін билік сөздері . Бұл сөздердің мағынасын ел – жұрт Абайдан сұрағанда , Абай : « Күшті зорлығын қойған ба ? Әлсізді әлім жеттікпен жол , есе бермегеннен кейін , Жобалай бидің ойлап тапқан билігі ғой» , деп жауап беріпті . Дау шиелінісе бергеннен кейін , тұяқ орнына тұяқ алып бітісуді « Жобалай жолы» деседі . Ж. би жайындағы сөздер М. Мағауиннің « Мен» атты ғұмырнамалық романында кездеседі . Ж. бидің өмірі , билік сөздері ел ішінде жиі айтылады . « Қаракерей Қабанбай дастанында Ж. бидің жорықтағы істері суреттелген . Ж. бидің тікелей ұрпағы , заманының көзі ашық азаматы , Томск мал дәрігерлік ин – тын бітірген , саяси қуғын – сүргін құрбаны болған Тойсарыұлы Бейсембай 1914 ж. Ж. бидің бейітінің басына Қазан қаласында жаздырылған көктас ( биіктігі 2 м. , ені 80 см. ) қойдырды . Көктаста шағатай жазуымен Керей елінің қысқаша шежіресі берілген . Жобалай бидің мазары қазіргі Шығыс Қазақстан облысы , Аягөз ауданы , Шұбартау өңірінде» ( Б. Атығаев ) , ( 3- том , 692 – бет )

Жобалай би 1730 жылы дүниеге келген. Жас кезінен алғыр, шешен, мекендеген Керей Бегімбеттің Бекназар, Қосайдың 200 үй ұрпақтарын, Дағандел Бақанас өзенінің бойы мал бағуға аса жарамды жер екен деп Шақантай батыр, Байқотан билермен бірге көшіріп әкелген. Осы Керейлер 1914 жылы Жобалай ұрпағы Тойсарин Бейсембайдың айтуы бойынша 3000 үйге жеткен. Жобалай өзінің шешендігімен, әділдігімен Қазыбек би, Құттыбай би, Кеңгірбай билермен дастархандас болып, араласып жүрген.
Жобалай тек би ғана емес, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлармен бірге Жоңғар – Қазақ соғысына қатысып, ерлігімен көзге түскен күрескер . Қабанбай батыр дастанында:
“Бір күні Қабанбай бар, Жобалай бар,
Аттанып жорық шектік, добал айбар”- деп аты аталады. Әділ би ретінде атағы шығып, көрші Арғын, Найман жұрты Дағандел Бақанасты жайлаған керейлерді «Жондағы Жобалай елі» деп те атап кеткен. Жобалай би айтқан: «Атанға тайлақ, атыма тай бер, қойыма қозы бер, қой болар, қозы болар, келер жылы өзі болар» деген құн төлеу хақында айтқаи билігі ел есінде қанатты сөз ретінде сақталып қалған. Абақ керей ұрандары «Абақ», «Ошыбай» мен қатар кейінгі ұрпақтары «Жобалай, Шақантай, Байқотан» деп ұрандап, әруақтарға сиынған.
Жобалай бабамыз ұрпақтарына :
« Арман тілектерің тез орындалсын десеңдер Шақантайға , ұзағынан сүйіндірсін десеңдер маған сиыныңдар» , деген өсиет қалдырған екен …
Керейлер Шұбартауға қалай қоныстанды ?

Қараша айының бас кезі жауын шашынды болды . Қарлы жаңбыр аралас жауған мұздақ қар , тебіндегі жылқы тұяғының жұлығын кесіп , қанын шығара бастады . Мұздақ шөп жеген биелер іш тастап , Ертіс өзенінің бойы осы қыста жылқыға қоныс болмауға айналды . Мыңдаған жылқысы бар байлар мен билер жылқышыларын сайлап , құр ат , құр айғырларын жаратып , қостарын жабдықтап , азық түлік дайындап жатты . Рулы ел бірігіп алыстағы Алтай тауына жылқы отарлатудың қамында болатын . Керей ішіндегі Жастабан руынан тарайтын шағын шаруалы Жобалай би де туыстарының азын аулақ жылқыларының басын біріктіріп , жүзден астам жылқыға ие болатын жесір кемпірдің жалғыз баласын отпрлаған көп жылқыға қосып жіберген . Жылқы отары барған жердің түгін тартсаң майы шығып тұратын қалың қопалы ну , ши , қияқты , көптен мал тұяғы тимеген , тусап кеткен өте шұрайлы жер екен . Қазақ жоңғар соғысы аяқталған соң иен қалған жерге емін еркін өрістеп , құлаш жаза жайылған жылқының жалы қыңыры жоқ , шетінен тыңқиған шұнақ болып семірді . Жылқы семіз , ер қунақ . Соғымға сойғандары қысырдың тайы мен шұрасы жерге түскен ту биелер . Табан елі сере қазыны керте кесіп жеп , астау астау құрт езіп ішеді жылқышылар . Кигендері шидем күпі , аяқтарында саптама етік , бастарында түлкі тымақ . Кезектесіп түнгі күзетке шығады , түздің тағысы қасқырдан басқа қауіп жоқ . Мінгендері құр ат , құр айғырлар , ауыздықтарымен алысады . Күндізгі қоста қалған жылқышылар қасқыр , түлкі соғады . Ерігіп іштері пысқан кезде қарап жатпады . Ат үстінде аударыспақ ойнады , ат жарыстырды , жорға салыстырды . Сайдың тасындай кілең жас жігіттер айқаса кетіп , шылбыр тартысады . Алаңсыз елірген жылқышылар мен байдың мырзалары ойларына келгенін істеді . Осы сайыстың бәрінде Жобалайдың жылқышы жігіті тартысқанның шылбырын бермеді , аударысса ат үстінен кезек
кезек жұлып тастады , күрескендерді шетінен жықты . Ең аяғында ат бәйгесінде де жаратып қосқан аты озып келді .
Жылқышы жігіттің мына қылығына іштей ызаланушылар көбейді . Өштесе бастады , жекпе жекке ешкім беттемейді . Бұлардың арасында жылқышы жігіттен ойсырай жеңілгендері өзара әжуа сықаққа айналды , ызаға шыдамаған тоңмойын томырықтары кектенетін болды .
Жылқы отарының қайтар кезінде тағы күрес бастады . Осы жолы сені жықпасам ба деген алкеуде мырзаның бірі күресіп , тағы да жығылған болатын . Басымнан аттадың деп төбелес шығарды . Тістерін тістеріне қойып жүрген есерсоқтар жалғызды жүндей түтіп , тепкілеп жүріп өлтіріп алғандарын өздері де сезбей қалады …
Көктемнің көгі жетіліп , жазықта қалған ел мал аяғына тойынған кезде , отардағы қалың жылқы да келіп жетті . Аман есен келген жігіттерді кезектесіп қонаққа шақырып , той жасап думандатып жатты . Жобалайдың жылқысына ие болып кеткен жылқышы жігіті оралмады . Сұрау салса , « Қайтарда бар болатын , жоқ қарап кеткен шығар» дейді . Әрқайсысы әртүрлі айтады , бірінің сөзі біріне ұқсамайды . Мазасы кетіп , амалы құрыған Жобалай байларға мен билерге барып шағымын айтса : «Жылқышың боранда ығып кеткен жылқының соңында жүріп үсіп өліпті . Боранда өлген кісінің құнын бізден алмақпысың ? Ел аман , жұрт тынышта айтып жүрген кісі құны дегенің қай алжасқаның ? . Жылқыңды отарға қосқанда , жылқышың өлсе құн төлейміз дегеміз жоқ . Тағдыр жетіп өлген шығар» , деп Жобалайдың арызын тыңдамапты .
Бұл әділсіздікке өкпелеген Жобалай , өзіне қараған он үш ауылды соңынан ертіп , елден бөлініп , Ертісті құлай көшіпті . Мұқыр , Бөкенші , Маралды , одан Шаған өзенін бойлай көшіп , көштің бетін оңтүстікке қарай бұрған Жобалай : «Жаратқанның бізге арнаған бір жері табылар . Біз де ес жиып , ел болармыз . Алдымыздан не күтіп тұрса да алған беттен қайтпайық» , деп бәтуаласты . Жылжи көшіп Шұбартаудағы Байқошқар өзенінің бойына келіп бірақ тоқтады . Ат жетер жерге барып жер шолып көріп еді , елсіз иен жатқан жер екен . Жаз жайлау , қыс қыстау , әрі көктем , әрі күзек , жылдың төрт маусымында да қысылмаймыз . Мал өрісі кең , қайсы малды өсірсең де , малдың құлағы шығып маңғырып тұрған жер екен . Тәуекел , осы жерді бізден ешкім қорымас , бізге мекен осы болады» , деген екен Жобалай .
Жаз ортасы ауа келген бұл қоныста малдары күйлене бастады . Ел малдың ағына қарық болып , ес жиып сергіп қалды .
Қысқа қарата Көксала , Бақанас өзендерінің бойына барып , қалың қамыстың ортасын ойып , қазақ үйлерімен қыстап шықты . Бұл өңірде арқар киік үйірімен өріп жүреді . Тазы жүгіртіп , қақпан салып , тұзақ құрып ұстаған қоңыр аңның етін қыс бойы қуырдақтатты .
Күн жылынып , қар кетті , жаймашуақ жадырап мамыр айы туды , жердің көгі аттың көзінен келеді . Көктемге қарата ауыл қыратқа қонды . Изен , жусанды жеген малдың желінінен сүт ағады . Қойдың уызына сүрі қосып асып , кезектесіп қонақ шақырады . Бастап келген Жобалай : « Бір боздағымыздың намысы үшін елден бөліне көшкенде досқа күлкі , дұшпанға таба болмай , аман есен болғанымызға мың да бір шүкірлік , жаратқан ием , әмісе жар бола гөр» , деп көптің тілеуін тіледі .
Сарыарқаны көргенде : « Өрісі мол , суы тұнық жер шұрайы мұнда екен» , деп Асанқайғы айтқандай , Жобалай бидің іздеп тапқан жері шынында да малдың кіндігі тұрған шұрайлы жер болып табылды . Қырына шығып қараса – өзектері толған қараған , тобылғы . Бұйраттардың беті көк қасқа бетеге , жжылға жылғаның табаны тарлау , торғай оты . Бұлақты жердің өзегі құлын жасыратын қарабас шалғын . Аз ауыл құнарлы қоныс тауып , ырғап жырғап жатқанда , Жобалайды елге қайтарамыз деп , бір топ қариялар да соңдарынан жеткен болатын :
- «Заманы тыныш болса жер табылар , ел табылмас . Елден бөлінген ел болмас , түбі бірге түртпейді . Бөлінгенді бөрі жейді , жарылғанды жау алады . Жылқышыңның құнын берейік , жерден кетсең де , елден кетпе , райыңнан қайт Жобалай» , деген .
- Елдік білдірсеңдер қайда қалдыңдар , алдарыңнан әлдеқашан өткем . Билерің мен байларың менсінбеді , арызымды әжуаға айналдырды . «Тайынша тулап ыңыршық сындырмас» , деді . Сендер солардың ықпалынан шыға алмай , ауыздарыңа құм құйылып , жер шұқып төмен қарадыңдар . Менің керегім елден бөлінгеде естеріңе түсті ме ? . Алған бетімнен қайта алмаймын , дейді .
Жобалайдың алған бетінен артына қайта қайрылмайтынын қариялар түсінді . Ірге теуіп , қоныстанған жері қарияларға да ұнап тұр .
Келесі жылы сол келген туыстас ағайындар бірі қалмай көшіп келіп Жобалайға қосылды . Жыл сайын қалған елден бес , ондаған ауыл қосылып жатты . Мекендеген елдің мал жаны қаулап өсті , ен жайлап , еркін құлаштады , тыныш өмірдің құшағында шаруа күйттеп , еркін өмір сүріп жата берді …

«Жобалай Бітімі» қалай шыққан ?

Біраз заман өтті . Арғын , Найман жортармандары ара тұра барымталап жылқы алысады , ауа жайылған малды іле кететіндері де жоқ емес . Бір жылдары Қаз дауысты Қазыбек биден хабар келеді : – «Шілде айының жиырмасында Арғын , Найман билерінің бас қосқан үлкен жиын болмақшы . Жер дауы , жесір дауы , ердің құны шешіледі . Алысқан барымтаның қарымтасы қайтарылады . Елдің береке татулығы сұралады» .
Бұл жиынның күні таянғанда бір тұтам кепкен тобылғының екі басын тегістеп тұжырды Жобалай . Сыртына сары май жағып , оттың шоғына ұстап қыздырды . Май сіңіп қызған тобылғы қанкәрең түске кірді . Одан соң бір шаршы бәтеске орап , ине жіппен тігіп дайындады . Үлкен баласын шақырып алып : – « Көкшетау жерінде Арғын Найман билерінің бас қосқан үлкен жиыны болады . Жиынды арғын Қаз дауысты Қазыбек би басқарады . Соған сен менің орныма қатынасасың . Мына сәлемдемемді Қвзыбек биге табыс ет . Шешуін тапса құрқол қайтпайсың» , деп , бәтеске оралған тобылғыны баласының қолына ұстатты . Жобалайдың баласы Көкшетауға барғанда , алқақотан отырған билер тобын көрген соң , аттан түсіп , жаяулап барып сәлем береді . « Қайдан келдің , кімсің ? , деген Қазыбек биге :
« Шұбартауданмын . Елім Керей . Жобалай бидің баласымын . Мына сәлемдемені би атам сізге бер деп тапсырған еді» , деп , ақ бәтеске ораулы тобылғыны ұсынды .
Қазыбек би орнынан тұрып : – « Құрметті билер , мынау сәлемдемені Керейдің биі Жобалай , осы отырған бәрімізге аманат , деп баласынан жіберіпті . Ашып көріңдер . Бұл жұмбақтың шешуін көбіңе бердім» , деп жағалай отырған билерге берген екен . Бір тұтам ақ бәтестің орауын шешіп ашып еді , екі басы теп тегіс , әдемі тұжырылған қызылкүрең тобылғы . Таң қалған билер : « Түсінбедік» , деді . Жағалай отырған билердің бәрі де қолдарына ұстап көріп , шешу айта алмады . Қайтадан Қазыбектің өз қолына келгенде :
« Бұл жұмбаққа шешу айтпадыңдар . Рұхсат болса мен айтып көрейін . Тобылғының артық емес , кем емес бір тұтам болуы -Арғын , Найман екі үлкен арыс елсіңдер . Екеуіңе ортақ ортаңдағы қонақ мен едім . Менің елім де , мекендей отырған жерім де осы бір тұтам тобылғыдай емес пе дегені . Екі басын тегістеп тұжырғаны – екі ұлы ел , сендердің қия бүлдіргілеріңе тиіскем жоқ , суыртпағыңды алғам жоқ , керегеңнің сағанағын
сындырғам жоқ , екуіңнен де таза емеспін бе дегені . Ал , тобылғының қызылы – екі ел , сендерге менің малым сендерге қызыл болып көрінді . Ары өтесің Найман , бері өтесің Арғын , елімнің үстін таптап өтесің , барымталасқан жылқыңа қағажу қалған жылқым мен түйемді ала кетесің . Алдарыңа барғамын жоқ , өздерің неге білмейсіңдер дегені . Ал мынау ақ бәтес ей , ағайын , екі ұлы ел , сендерге деген менің ақжүрек адал ниетім осы ақ бәтестей емес пе , дегені Жобалайдың . Осы шешу көкейлеріңізге қона ма ?» , деп сұрапты Қазыбек би .
« Дұрыс , дұрыс , мүлтіксіз шешілді» , деп жамырай айтты билер .
Ендеше Арғын , Найман билері , табандарыңды аудармай , тапжылмай отырып Жобалайдың малының қарымтасын қайтарыңдар , депті Қазыбек би .
Баласы аттанарда Жобалай : – Түйем кетті , бием кетті , төлеуін толық аламын деп қасарыспа . Түйеңе тайлақ , биеңе тай , қойыңа қозы берсе ала бер . Жас өседі , жарлы байыйды . Кәрі мал өспейді , жас мал өсім береді . Тайлағың түйе , тайың бие , қозың қой болады . Тұяққа тұяқ , құлаққа құлақ , не берсе де беттерін қайтарман , деп тапсырған . Осы жолы Жобалайдың баласы жылқы , түйесі бар жүз шамалы мал айдап әкелген екен .
Жалпақ қазақ еліне әйгілі Қаз дауысты Қазыбек бидің қара қылды қақ жарған әділ шешімдеріне үйлес , Жобалай би де жеңіл бітім жасапты . Әлі күнге ел аузында аңыз болып қалған
« Жобалай бітімі» дегеннің мәнісі осы екен .

( Сарқамыс аулындағы Оспанқұл молда Сабырбайұлынан жазылып алынған )
Жобалай бидің мазарының басына қойылған тастағы жазу :

«Діні ислам , нәсілі қазақ , руы Керей , Бегімбеттің екі баласы Бекназар хәм
Қосай абыз 1765 – ші жылдар шамасында , атақты Жобалай би осы күнгі
Қытай қол астындағы Алтай , Сауыр тауындағы көп керейлер , Бегімбеттің
екі баласының туыстары екі жүз үй шамасында Жобалай би бастап көшіп келіп , осы Дағанды елінің Бақанас деген жері мал бағуға аса жарамды деп орын қылды . Құдайға тәуба , үш мың үй болдық . Сол уақытта , халықтың зорлық барымтамен жүрген күнінде «Атанға тайлақ , атқа тай» төлеу алғызып , билік айтып , елді солай тыныштаған екен . Осы күнгеше Орта жүзде Жобалай бітімі жүреді . Мәшкүр Қосай абыз ұлы Ырыспетек , оның ұлы Бәйсейіт , оның ұлы Жобалай ** 1233 хижрада** ақиретке сапар етті . Жобалай ұлы Жиде , оның ұлы Жоламан , оның ұлы Тойсары , оның ұлы осы күнгі ел билеуші Бейсембай мәшкүр бабамызға 1914 жылы бұл тасты жаздырды» .

Байқотан би (1739 – 1834)

Бегімбет, Қосай ұрпағы Байқотан би де Шақантай батыр, Жобалай бимен қатар Дағандел Бақанастағы керей еліне басшы болған қайраткер. Жас кезінде Қожагелді табынан шыққан Томан биден бата алған екен: «Әділ бол, әрқашан шындыққа жүгін» деп. Шербешней сиез өткізген ел билеуші жандаралмен ( губернатор) кездесіп, дау тартыс көбіне жерден туады, жерімді, шекарамды қағазға түсіріп, мөрлеп беріңіз деп талап қойған. Озық ойлы Бабаңның орынды тілегі бойынша жандарал жер көлемін белгілеп, иттің терісіне сызып, мөрлеп, бекітіп беріпті. Кейінгі ұрпақтары осы актіні «Бабаңның көк қағазы» деп атап кеткен. Кейін Тобықты Құнанбай қажы Байқошқарды өзіне аламын деп Омбыға бірнеше рет барғанда, осы «Бабаңның көк қағазы» көлденең болып ала алмаған. Найманмен шекара туралы дау – тартыста да осы Бабаңның көк қағазы үлкен рөл атқарған. Елге келген Губернатор сынап көрейін деп Бабаңа бірнеше сұрақтар қойған көрінеді :
- Өтірік пен шындықтың арасы қанша ?
-Төрт елі деп Байғотан би құлақ пен көздің арасына төрт саусағын қояды . Көзбен көрген рас , құлаұпен естіген өтірік .
-Адамға пәле қайдан келеді ?
-Қызыл тілден .
-Жер ортасы қай жер ?
-Сіз отырған жер , сенбесеңіз өлшеп көріңіз .
-Шығыс пен Батыстың арасы қанша ?
-Бір күншілік . Таңертең күн шығыстан атып , кешкісін батысқа қонады . Губернатор жауапқа риза болыпты .
Бабаң қонағына серкенің басын тартады . Губернатор қойың жоқ па дегенде , «бір қора қойды серке бастайды , ол жүз түрлі шөп жейді . Шөптен дәрі шығады , еті жеңіл , әрі жұғымды деп әдейі ниетімді артып отырмын» деген .
БАЙҒОТАН БИДІҢ ТЕРІС , ЖАРТЫ , ОҢ БАТАЛАРЫ

Бабаңның теріс батасы

Жоңғарды жеңгеннен кейінгі тыныш заман болса да , қазақ арасында ел ішіндегі барымта , жер дауы , жесір дауы , ел шабу , есе қайтару қанға сіңіп , салт дәстүрге айналған …
Қасқа елінен Қосай батырдың ұрпағы Жақсыкелді шығыпты . Бұл кез Бабаңның қартайған шағы екен . Жақсыкелді жас , бойдақ жігіт . Мөлшерсіз табиғат берген күші бар , қоңыр бедеуіне мініп , жауға шапқанда оны көрген жаудың қарадай зәрелері ұшады екен .
Қазақ бірін бірі жау көріп , барымталасқан заманда Жақсыкелдідей не бір қайрат – жігері тасығандар , бай – жуандардың қол шоқпарына айналып , батыр деп қолпаштағандарын дардай көріп , ел шауып – олжа түсіруді мақтанға , ерлікке санаған . Жақсыкелді жас албырт күнінде , сені ме деген қас жауын жолдас ертпей жалғыз шауып , тағалы тайын тастамай әкеле беріпті . Мұны көріп қайратына сүйінген ел оны «Жалғыз» атандырыпты . Жалғыз қанша жылқы олжаға түсіргенмен , бас құрап , ауыл атану арманына жете алмайды . Тапқаны байдың пайдасынан , пайдакүнемдердің амал айласынан аспайды .
Ісінің терістігін іштей сезініп , түзелмекке ниет еткен Жалғыз бата сұрап Бабаңа келеді . Керейден шыққан ел ағасы , әділ де тапқыр , шешен би Байғотанның тілінің үшінде бидайдай қара меңі бар дуалы ауыз кісі екен . Бабаң екі тізесін бүге жүгініп отыра қалып бата сұраған Жалғызға :
- « Қиянатшылсың , тек жатқан елді шабасың , ішінде сан момынның малы кетеді , олрдың көз жасы түбіңе жетеді . Жасыкелдіден « Жалғыз» атандың» деп , екі алақанын теріс жайып бата береді .
Бабаңның жарты батасы .
Осыдан бірер жыл өткен соң , жазғы жайлауда , ел беткейде , мал төскейде қаннен қаперсіз отырғанда Бабаңның жау тиіп , жиырма шақты жылқысын айдап кетіпті . Амалы қалмаған Бабаң Жалғызды шақыртады . Жақсыкелді Бабаңның жылқысын жаудан айырып батасын алатын болдым деп қуанып , күрең бедеуге ер салып , қару жарағын асынып Бабаңа келеді .
Ауыл маңындағы дөңнің басында ренжулі күйде отырған Бабаңа Жақсыкелді келіп сәлем бергенде :
- Сабамды керегенің басына ілгізіп , жылқыны Балқаш көлін жағалап Үйсінге қарай айдап барады . Жаудың қарасы отыз қырық шақты деседі . Көмекке қанша кісі жияйын , жылқымды қайтарып әкеліп бер , деген өтінішін естиді . Бабаңның сөзін өтініш емес , бұйрықтай сезінген Жалғыз :
- Баба , маған ешқандай көмектің керегі жоқ , сіздің малыңызды жалғыз өзім қайтарамын , деп , жаудың кеткен жағына қарай аттанады . Жер ортасын қуыра орта жолда қуып жеткен Жалғыз жауға зымырап тиген жалғыз жебедей тиіп , сартта – сұрт жалғыз айқасып , жүректі – білекті деген басты – басты мықтыларын түгел түсіріп , өздерін шылбырларымен аяқтарын аттың бауырына алып тартып байлап , жүгендерін сыпырып тастап , жылқымен қоса айдап , даланы дүркіретіп ауылға жақындайды . Дөңнің басында қарауылдап отырған Бабаңа сәлем беріп :
- Тағалы тайыңыз қалған жоқ , биеңіз құлын салған жоқ , жауды жайлап , жылқымен қоса айдап келдім . Маған батаңызды беріңіз , деп қолын жайыпты . Бабаң бір алақанын оң , бір алақанын теріс жайып:
- Қиянатшылсың , ел шапқанды қой . Ел басына күн туғанда бір өзі жүзге татыр нағыз ержүрек батыр ғана ұрандап жауға аттанады . Ерлігіңе ризамын . Аллауакпар ! – деп , бетін сипапты . Бабаңның жарты батасын алдым деп , қуанып Жалғыз үйіне жетіпті .

БАБАҢНЫҢ ОҢ БАТАСЫ .
Жылдар жылжып уақыт өте береді . Жақсыкелді ел шапқанын қойып , ел қатарлы өмір сүріп жатады . Бір жылдары аяз бораны сақылдаған қахарлы қыс келіп ел жұтай бастайды . Бабаңның отарға қостап шыққан жылқышылары түгел үсініп , жылқы ығып кетеді . Табиғат апаты , қыс дүлейіне төтеп беріп , ыққан жылқының соңынан баруға Жақсыкелді ғана сенімді деп шешкен Бабаң :
- Балқашты құлдап ығып кеткен жылқыға күш қайрат жасау сенің ғана қолыңнан келеді , деп қиынға жұмсайды .
Бұл сөзді қош алған Жалғыз , өзінің күшіне лайықты ағаш күрек жасатып , азыққа жарты қап құрт салып Бабаңның шынжырда жарап тұрған қара бурасына мініп , жылқының соңына түседі . Із қуалап , жер шола отырып жеті тәулік өткенде жылқының қарасы көрінеді . Сәтін беріп , бар жылқының тұяғын түгел етіп , Бабаңның ауылына жеткенде , Жақсыкелді болған істі былай деп баяндайды :
- Балқаштың ойынан қырға қасқайып шығуға бет қарағысы келмеген жылқы қайыру бермеді . Жылқының алдын бұрқыратып күреп ашып , ашқан жерге жылқының алдын қайырып әкеліп , алға ұзап барып бұрқыратып тағы да күрек аршып , жылқыны қайта қайырып дамыл таппадым . Алдына жасаған бөгесініме ықтаған жылқыға арты иіріліп келе берді . Жеті тәулік соққан боранды аяздың қахарынан менің қахармандығым басым түскен болар , қара бурамен бұрқыратып жүргенде өне бойың қыз қыз қайнап , буың буырқап , қайраттана түседі екенсің . Қарным ашқанда саптаяққа құрт салып , оны еріткен қармен езіп іштім . Сұрапыл соққан боран басылып , жеті аяз қайтқан соң жылқы да үйренген жеріне бөгетсіз тарта берді . Әңгімені байытқан Жақсыкелді екі қолын жайып , Бабаңнан бата тілейді . Қиянат жалауын тиып , түзу жолға түскеніне , жеті аязды жеңіп қайрат көрсеткенін ерлікке балаған Бабаң , екі қолын оң ұстап шын ниетті батасын беріпті .
Бабаңнын оң батасын алғаннан кейін , Жақсыкелдінің талайы үстем болып , тапқаны құралады . Өз алдына Жақсыкелді ауылы атанып , төрт бала сүйіп ер жеткізген оның елге қадірі артып Жақсыкелді батыр деген жақсы атпен ел аузында қалған екен .

( Айдарханов Жағыпардан жазып алған Сайлаубек Жақыпов )

…Бабаңның мазарында жазылған «халқым қуанса – қуанышына күлемін, халқым қорланса – намысы үшін өлемін» деген асыл сөздері ұрпақ үшін үлгі – өнеге болмақ.
… Жобалай , Байқотан , Шақантай бабаларымыздың жаңа мазарларын тұрғызуға , атақты композитор , қоғам қайреткері , елге танымал тұлға Еркеғали Рахмадиевтің көрсеткен еңбегіне бүкіл Шұбартау жұртшылығы ризашылығын білдіреді .

Томан би (1724 – 1814)

Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет елінің Жобалайдан кейінгі екінші ұлағатты биі. Бегімбет, Бекназар, Қожагелді, Алыбай, Баймырза, Сүйіндік . Одан Томан би.
Томан көріпкел, әулие кісі болған. Жобалай би:

«Елім деп туған ел баласы,
Томандай болар ел ағасы.
Көзі ашық, көкірегі ояу,
Сөзі – алтын, ер данасы» – деп баға берген.

Томан би айтқан аталы сөз көп:
«Көсеу ұзын болса, қол күймейді ; ағайын көп болса жан тимейді», «Құлақ естігенді көз көреді, атқан оқ ажалдыға кез келеді», «Жалған достан сақтан, қалған астан сақтан», «Досы өткірді жау алмас, сөзі өткірді дау алмас», «Әділеттілік – кісілікте, әдептілік – кішілікте», «Жақсымды айтты деп дос деме, жаманымды айтты деп қас деме», «Жолдас болсаң сұмға, отырғызар құмға», «Жасық, жаман туған көп езден, асыл туған бір ер артық».
Керейге болыс болған Шолтанай қажы, Томан би айтқан екен деп өсиет қалдырған:
«Тәрбие бар елде – тәртіп бар», «Ақылды үйренеді, ақымақ күйретеді», «Ақылды болсаң ақымақпен таласпа, сөзіңді ұқпайды, өзіңді боқтайды», «Өткен күн оралмайды, жарық дүние жоғалмайды», « Шайпаудың тілі ұзын, ақылсыздың бойы ұзын», «Әділ кісі өзіне қатты, өзгеге тәтті», «Жақсылық қусаң – мерейің асар, жамандық қусаң -кеудеңді басар», «Халық сынай да біледі, силай да біледі».
Оның осындай нақылдары ел есінде ұмытылмақ емес.
Томан би Байқотан бабаның балалық шағында бата берген екен:
«Балам, бала қыран ұшарын біледі, қонарын білмейді. Әділдіктен тайма, жағынба байға, басыңды ұрма төреге. Ұлылармен тең бол, шөлдегенге суат бол, қажығанға қуат бол. Құлағанға қол бер, сүрінгенге жол бер. Жалғызды, жаяуды, кәріні ая, құшағыңды жая . Ел баласы бол, сөздің анасы бол, көздің қарасы бол, кедейдің панасы бол, азаматтың ағасы бол.»
Керей еліндегі атақты билердің бірі – Томан би – ұмытылмайтын ірі тұлға.

Бегеш шешен (1834 -1911).

Бегімбеттен – Бекназар, одан Қожагелді, одан Жанбай,одан Манабай, одан Ноқат, одан Сабан, Сабаннан Бегеш туады. Абай Құнанбаевпен замандас, силас, досы болған. Бегештің шешендігін Абай жоғары бағалаған. Абай: «Керей маған Бегешін берсе, мен бүкіл Тобықтының шешендерін жиып Керейге берер едім» деген сөзі бар екен .

Бегеш туралы естеліктер:
1. Бегеш есіп тұрған қызыл жел емес пе?
Бес болыс тобықтының белді, басшы адамдары Абай алдында айтулы бір дауды шешкен отырыста Бегеш те бар екен. Абайдың ұйғаруымен дау Бегештің сөзіне тоқтайды. Бегеш кеткен соң ел жуандары отырып: – Абай, сен бес болыс Тобықтыны бір болыс Керейге билеткенің қалай? – деп сұрапты. Сонда Абай: – Сендердің сөздерің Бегештікіндей негізді, шешімді боп, жүйесін тауып тұрса, мен Бегештің сөзін алып неғылайын. Сен бесеуің Бегеш болам десеңдер осы қазір атқа қоныңдар да, анау керей жақтағы жонның үстіне шығып, бесеуің маған бес уыс жел ұстап әкеліңдер,– дейді сынай қарап.
- Абай – ау , жел ұстатушы ма еді? Мұны не қыр, не сырмен айтып отырсың? – десіп даурыққандарға:
-Ендеше , Бегеш сол есіп тұрған жел емес пе? Жел ұстата ма? Сендер Бегеш бола алмайсыңдар – деп түйіпті.
2. Қапқан иттен өш алам десем.
Абайды Оразбайдың озбырлары сабапты деген хабарды естіп төрт арыс-арғын, найман, керей, уақтың игі жақсылары жиналып барып, Абайды қорғап, жақтап сөйлей бастағанда, бірден суырылып Бегеш:
- Абай мырза, ерге жара түйін деген. Ит арамды, тентек құдайды танымайды. Сіз жалғыз тобықты емес, Орта жүздің арысы едіңіз. Абай сияқты есті, ақылды адам, надан еліне бола қалпынан айрылса не болмақ? Рұқсатыңды бер, тентегіңді тиюға келдік депті. Сонда Абай: – Әй, Бегеш,ай. Шешендікпен қиыстырып айтасыз – ау. Қәділет пен қасірет бар емес пе? Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол десем не дер едіңіз? Жамандықты жолым деп кеткен Оразбайға айтқан сөз суға жазғанмен тең. Мені бір ит қапты ғой. Қапқан иттен өш алам деп, мен де қапсам,аузым арамданғаны ғой. Айыпты әпермеңдер, аяғыма жықпаңдар, – деп тоқтайды.

3. Сен кеткенше жеңілдер.
Інісі Оспан мен ұлы Әбіш қайтыс болып, одан кейін сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болғанда Абай қатты қайғырып ешкіммен сөйлеспей қояды. Ағасы Тәкежан келіп:
- Абай-ау, о дүниелік болғаның ба, неге үндемейсің? – деп жылағанда да тіл қатпаған. Содан туыстары мұны бір сөйлетсе Бегеш досы сөйлетуі мүмкін
– деп Бегешке хабар береді.
Бегеш көңілін сұрай келіп:

- Ассалаумағалайкум , Абайжан!
Сөзіңе таңырқаған талай жан.
Булығып сөйлей алмай жатырмысың,
Алла қонағында бұл не хал?
Әй, сабазым , Бегешіңе сөз қатпасаң,
Көңілден өле – өлгенше кетпес бір арман, – депті.
Сонда Абай басын көтеріп:

Аз ғана ауыл Керейден асып туған сен бір ер,
Сен кеткен соң бұл Керейге сен сықылды кім келер?
Жүгім ауыр болған соң, көтере алмай жатыр ем,
Келдің ғой, Бегеш көрдің ғой.
Сен кеткенше жеңілдер, – деп бір сәтке көңілі көтеріліп, жаны да жадырағандай күйге түсіпті.

4. Абай мен Бегештің сөз қағыстыруы.
Бегеш- Керей Тобықты бас қосқан жиындарда Абаймен тізе қосып отырып, даулы істерді бірігіп шешеді екен. Ал билік айтарда үнемі әуелі сөзді Бегеш айтып , Абай мақұлдап отырса керек. Бірде Тобықтының біреуі:- Абай, осы Бегеш неге сенен бұрын сөйлейді. Алдыға түсіп кететін не жөні бар?- депті. Осы сөз көңілінде бар Абай бір бас қосуда:- Бәке, осы сіз үнемі менен бұрын сөйлеуге неге асығасыз? – деген екен, әзіл-шынын араластыра. Сонда Бегеш іркілместен : – Абайжан –ау, мен қателессем қасымда түзеп жіберетін сен барсың. Ал сен қателессең, кім түзей алады? Сенен бұрын сөйлеуге асығатыным сол емес пе?- депті.
5. Абай үйінде Тобықты елінің бір топ игі жақсыларымен мәжіліс құрып отырады. Бегеш келе жатыр деген хабар келеді. Абай: «Олай болса шақырыңдар, төрден орын босатыңдар» – дейді. Отырғандар: “Бегеш сонша кім еді, төрге шығарып?” – дейді ғой. “Кім екенін қазір білесіңдер” – деп, Абай Бегеш кіре бергенде:
- Мыналар қу дегенің қандай болады? – деп таласып отыр. Сен айтшы мұның жауабын, – дейді.
- Қу сенсің, – депті Бегеш алғыр, жылдамдығына басып.
- Мен қу емес, сен қу, – дейді Абай, – Ел-елді аралап келіп, не түрлі шешендердің аузынан шыққан сөзді естіп, ұғып аласың да, менің сөзім деп ел-жұртқа жаясың.
Сонда үйдің іргесін айнала доғаша ілген аласа кітап сөрелеріне көзі түскен Бегеш:
- Абай, сен анау сөрелердегі араб, парсы, шағатай, орыс, орман дейсің бе, неше түрлі жұрттардың әйгілі ғұлама-ғалым, оқымысты кісілердің сөздерін оқып аласың да, тонын айналдырып әкеп, менің сөзім еді дейсің. Мен болсам, бір қазақтың ішін ғана аралап, ауыздан шыққан асылды теріп, ел кәдесіне асырамын. Сөзді әр елден жинап-теріп, сен менен де өткен қу болдың ғой, – депті.
Сол екі арада үйде отырғандар орындарынан тұрып, қол берісіп қошаметтеп, оны төрге шығарады.

6. « Дауасыз , арзан , қымбат …»
Бірде Абай үйінде отырып , өзінің замандас досы Керей Бегештен :
- Осы дауасыз , арзан , қымбат дегендерді қалай түсінесіз ? – деп , сұраған екен . Сонда Бегеш жұлып алғандай :
-Дауасыз – кәрілік , арзан -өтірік , қымбат- шындық , деп жауап береді .
Абай : – Енді Бекназар – Қосайдан сендей ұл туар ма , деп риза болыпты .

Нұралы батыр
(1699 – 1763)
Бірде Ер Жәнібек көп қолмен Тоқта – Барлықта бекініс жасап жатқан Қаракерей Қабанбай батырдың қолына келіп қосылады. Бұлар орманды, шатқалды құлдилап келе жатады. Сол сәтте әскердің алды ұйлығып жүрмей тоқтап қалады. Аттар дірілдеп – қалшылдап алға қарай баспайды. Сонда Қабанбай:- Жануарларда тіл жоқ, алдымызда қауіп бар екен. Сол қауіпке қарсы шығатын кім бар ?, -дейді. Сонда ортаға жас жігіт шығып: – Он екі Абақ Керей Жастабанмын, Атым Нұралы. Әкем аты – Есіркеп, жасым он сегізде- дейді. Қабанбай: – Жортқанда жолың болсын, күш – жігерің болса көрсет6 – дейді. Содан Нұралы самсап өскен теректің ішіне кіріп, өсіп тұрған ақ қайыңның бірін жер ошақтай тамырымен жұлып алып, келден сойыл әзірлейді. Қара төбенің күнгей бетінде күншуақта жатқан дәу жолбарыс қарсы атылғанда, дәл бастан пәрменімен ұрып өлтіреді. Сонда Нұралының ерлігіне риза болып батырлар «Жас жолбарыс» деп атапты. Содан бастап аты шығып, еліне елеулі болып, Нұралы батыр атанады. Нұралы батырдың он ұлы болған екен: Жантемір, Жанұзақ, Өмір, Нәдір, Досымбек, Өзенбай, Кененбай Дөненбай, Сәдір, Бұлантай.
Ата жауы алысқан
Қалмақты Керей қиратты
Қимылды жылдам ширатты
Жастабан деген елі екен ,
Алтай деген жері екен ,
Нұралының он ұлының сегізі
Соғыста өлген ер екен.
деген шумақтар оның ұлдарының да батыр болғандығын баяндайды.

Шүршіт Құлбарақ ұлы .
(1770 – 1850)

Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай, Құлбарақ, одан Шүршіт. Абайдың әкесі Құнанбаймен қадірлес, оның әкесі Өскенбаймен замандас болған адам. 1851ж. Құнанбай әкесі Өскенбайға үш жүздің басын қосып ас берген. Асты Шыңғыс тауында емес, жер ортасы Қарқаралы, Көкшетауға жақын кең алқап, жазық Көкжайдақ деген жерде өткізеді. Осы асқа қосқаным деп Шүршіт би сойысқа он семіз жылқы әкеліпті. Жылқылардың жал-құйрықтарын күзеп әкелген. Тобықты малжанды болушы еді, асқа соймай алып қала ма?- деген қаупі болса керек. Сол жылқылардың біреуіне бір жастау татар жігітін мінгізіп әкелген екен. Құнанбайға сәлемдесіп, әкесінің асына қайырлы болсын айтып, әкелген сойыс малын беріп, онымен қабат ертіп келген татар жігітінің жайын баяндайды.
«Былтырғы өткен күзде Қоянды жәрмеңкесінде сатуға мал айдатып жіберген адамдарыма осы ноғай жігіті жолығыпты . Мен әскер қызметінен қашып жүрген адам едім, сіздер қыр адамдары көрінген соң арыз-мұң шағуға келдім. Маған мұсылмандық жолмен жәрдем көрсетулеріңді өтінемін», дейді. Олардың жандары ашып , қастарына ертіп маған әкеп тапсырды. Қыстай өзімнің және көршілерімнің балаларының тілдерін жаттықтырып оқыттырып шықтым. Байқауымша ,мінезі, адамгершілігі жақсы көрінеді. Былтыр сіз жақсы бір молдаға зәру болып жүрмін деп едіңіз, егер керек десеңіз , алып қалыңыз» , дейді.
Құнанбай: – Бай, сізге көп рахмет. Маған молда қатты қажет еді, – деп аты жөнін сұрап біліп, сол Ғабитқан деген татар молданы қасына алады…
Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар» деген кітабында да Шүршіт туралы деректер бар: Саяхат күнделігінен үзінділер, 23 тамыз (1846).
«…Шүршіт деген байдың ауылында санақ жүргізуге тура келді. Ол ел билеушімен қатты араздасып (ел билеуші Жүсіпбай деген кісі екен), қол астындағыларды тықсыра беретін көрінеді. Шаңырағы басқалардан дәулетті. Шүршіт те оларды жазғырудан кем қалған жоқ, сосын барып ол басқа қонысқа қоныс аударуды өтінді. Шүршітті аға сұлтанның болысына көшіруді айтып, Виктор екі жақты да риза қылғанда, бұл әділ үкімге құлдық ұрған дауыстар естілді. Шүршітке бағынып келгендер өз қол астына алуды өтініп, Пан есімді басқа старшинаға тілек білдірді. Қазақ үшін өз болысын тастап, басқа жаққа көшкеннен артық ұят іс жоқ. Өйткені ,бұл – оның олармен бірге тұрып өмір сүре алмайтындығының белгісі. Жүсіпбай және басқа да керейлер төлеңгіттердің Шүршітке барып, өздеріне қаншама ауыртпалық түсірсе де, оның қоныс аударудан бас тартуына сөз салуды өтінді. Төлеңгіттер дәстүр, парыз дегеннің бәрін істеп бақты, бірақ Шүршіт сөзге құлақ аспады» – деп жазыпты.

Уәйіс Шондыбайұлы
(1873-1925)
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы Баршатас ауылында, бұрынғы Дағанды болысы 12–ауыл, Жылтыр деген жерде 1873ж. дүниеге келіпті. Абақ Керей, одан Бегімбет, одан – Бекназар, одан – Қожагелді, одан – Қойлыбай. Шондыбайдың Уәйістен басқа Мұхамедияр, Жүніс, Исатай, Естай деген ұлдары болған. Исатай мен Естай да әнші болған.
Уәйіс-әнші, домбырашы, гормоншы және өзі де ән шығаратын сегіз қырлы өнерпаз. Оның ақындық, әншілік өнері өз ортасына әйгілі болған. Абай Құнанбаев оның өнерпаз, жас талапкер екенін естіп, білген соң, әдейі арнап шақыртып алып, өлең айтқызып, ән салдырған. Абайдың шәкірттері Көкбай, Мағауия, Ақылбай тобына қосылады. Ақындық өнерде Абайдан үлгі-өнеге алып, оның өсиетін көп тыңдап, терең түсініп, мол тағлым алған Уәйіс ұлы ақынның саналы шәкіртінің бірі болады. Уәйістің өзі де, әкесі де кедей болған. Оның өзінің елінен басқа тобықты еліне көшуіне бай туысқандарының тізесі де себеп болған. 1919 жылы Қожакелді ішіндегі Манабай, Алыбай руының жуандары Уан Ошақор сияқты тізелі адамдар бір түнде Сартерек деген жерде отырған Қойлыбай аулына баса қонады. Ата қонысы Сартерек үшін Қойлыбай ауылы Уан ауылымен алакөз болады. Амал не, шамасы ешнәрсеге келмеген Қойлыбай ауылы жуандардың тізесіне шыдай алмай, амалсыздан Сартеректен айрылып шыға береді. Бұдан кейін көрнеу зорлыққа шыдай алмаған Уәйіс, үй-ішімен Шыңғыстаудағы құдасына көшіп кетеді.

-Апырау, не айтайын Уанменен ,
Жерімнен ата қоныс қуам деген.
Сұм дүние, осыменен өтесің бе,
Байларға зауал болмай, жуанменен….

-Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер ,
Қызылтас, Қотанемел, Баршатасқа
Басында ән шырқадым Жорға таудың
Байлармен айтысам деп елден аудым….

Уәйіс Шондыбайүлы: “Қайғылы хал”, “Аз мәселе сөйлейін”, “Жүреді жұрттың көбі қарасынға”, “Адамға нәпсі-қасқыр”, “Ақыл-қақпан”, “Бастаушы Әділ болмаса”, “Бай мен кедей”, “Бірлес елім”, “Ал жастарым”, “Жаны бар жас қазақтың” және т.б. көптеген өлендер, “Тартыстың табысы” деген поэма; айтыс өлендері: “Уәйіс пен Қамар қыз”, “Уәйіс пен Сарыкөздің қағысы”, “Төлеу мен Уәйістің айтысы”, “Перуайым”, “Ақбөкей”, “Бозқараған”, “Шынғыстау” деген әндер; “Бір қыздың уақиғасы”, “Жошы-Алаша хан”, “Иванушка”, “Тәуке- келіншек” деген поэма-дастан шығарған.
Уәйіс Шондыбаев 1924ж. ауыр дертке ұшырап, 1925ж. қайтыс болады. Ақынның бейіті Абай ауданында Ши деген қорықтың басында.
Уәйістің әйелі Балқыжан, балалары Молдахан, Мұхаметжандар 1930-1940 жылдары қайтыс болыпты.
Абақ Керейдің ұраны «Ошыбай», кейінгі кезде мықты аталарына сиынып, «Жобалай», «Шақантай» деп те ұрандаған. Оның дәлелі Уәйістің өлеңдерінде кездеседі. Мысалы «Сөйледім аз әңгіме ұқсаң қазақ» деген өлеңінде:

- Жондағы Жобалай деп айтар бізді,
Ұраным – Ер «Ошыбай», Керей затым.
Жылында мың тоғыз жүз он алтыншы
Тамыздың он үшінде жазған хатым,… – дейді.

«Тәуке- келіншек» поэмасында:

-Тағы да араласты «Жобалайлап!»
Найзаға ер Қосайдың туын байлап
Құтқарар еш адамды көрінбейді
Енді өзін атайын деп тұрдым ойлап.

Уәйістің «Тәуке- келіншек» поэмасы туралы.

1909-1910жылы жазылған. Поэмада дәл, болған шындық оқиға баяндалады. Абақ керейден – Бегімбет, одан Қосай, одан Еламан (Қасқа), одан Бура, Дүйсеке, одан Көшімбай, одан Жікібай, Демесін.
Арап Абралы баласы-Тобықты ішінде Сақ, Тоғалақ елінің ру басы адамы. Ыбырай Араптың жақын туысқаны, шешен, пысық, атқамінер. Басқа елде артық-ауыс аласысы, дау-таласысы болса, Арап Ыбырайды жұмсап отырған. Сондай аласысы Семіз Найман Серікбай байдың аулында және Керей Қасқа аулында болып, Ыбырай сонда аттанады. Серікбай аулындағы дауды реттеген соң, Ыбырай енді Қасқа аулына келіп, ауылдың басты адамы Демесінге жолығады. Ыбырай қуып келген дауын айтып, аласымды алып бер деп, Демесінге өктемдік мінез көрсете сөйлейді. Демесін оған: «ел қазір жайлауға көшіп жатыр, кімнің қайда екенін біліп болмайды. Екі ел жайлауда бас қосамыз ғой, қазір қайтесің», – дейді. Ыбырай оған шамданып, Демесінге тіл тигізеді. Қатты ашуланған Демесін Ыбырайды сабап, аяқ-қолын байлап, кісендетіп тастайды да, Ыбырайдың атын еріп келген ат қосшысына беріп, «Еліңе сәлем айт»- деп қайтарып жібереді. Екі ел Бақанас, Көксеңгір, Шорқашқан, Қаршығалы, Жауыртағы деп аталатын жайлауларына көшіп келіп жайласқан соң, Демесін адамын алып кетсін деп кісі салады. Тобықтыдан Арап бастатқан бес кісі келген соң, Демесін оларға: Мен Ыбырайды кісендеп едім, енді қолдарыңа бердім, қасыңа көшіп келдім, ал енді атсаң да, шапсаң да бес болыс тобықты , ықтиярсың дейді. Арап ол жерде дау көтермей, Ыбырайды алып қайтады, жаздай екі елдің ортасында дау-жанжал болмайды, күзде екі ел қыстауларына айрыла көшеді. Демесін мен Жікібай ауылдары Бабаң өзені дейтін күзектеріне барып қонады. Сол жылы Ақмолада айдауда жүрген Тәуке қашып келеді. Арап Тәукені шақыртып алып: Керейдің ызасы өтті, Ыбырайды кісендеп әкеп қолымызға берді. Сен енді Керейді бір шауып бер, кісі өлтірсең де бес болыс тобықты көтереміз деп қасына жетпіс жігіт қосып Керейге аттандырады. Тәукенің Керейді қалай шапқаны, Жікібайдың Көкбесті атымен бой бермеген ерлігі, одан оның атын атып өлтіргені, өзін қара санынан атқаны, 300 жылқыны айдап әкеткені поэмада суреттеліп жазылған. Осы оқиғаның немен тынғанын Төлеу Көбдіков былайша айтып берген:
- Керейден Семей губернаторына бес кісі жіберілді. Олар ел шапты, кісі атты деп арыз апарды. Қаладан доктор келіп, Жікібайдың денесіне дарыған мылтықтың бытырасын алып, оны емдеп, ауылда бес күн болды. Акты жасап, Семейге қайтып барған соң, 25 солдат шығып, Арап, Тәуке бастатқан тобықтының 22 адамын тұтқынға алды. Келер жылы екі ел Сергиопольда бас қосып бітісті. Тобықты Керейден алған 300 жылқыны қайтарды және Көкбесті аттың құнына 10 түйенің құнын төледі. Сөйтіп тұтқындағы адамын шығарып алды. Ол уақытта екі ел өздері бітіссе, сот орыны арызды қайтарып беретін екен.

Төлеу Көбдіков
(1874-1954)

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы бұрынғы Қарқаралы уезінің Дағандел болысында туған. Бегімбет – Қосай, Құтыке – Төлен, Сарыбай – Тоқымбет – Қожаберген – Ерубай әкесінің шын аты Көпжер, паспорт алғанда Көбдіков болып жазылып кеткен. Көпжер орта шаруалы, момын адам болыпты. Оның әкесі Ерубай дәулетті адам болған. Сондықтан ел ішінде «Ерубайдың Төлеуі» деп атап кеткен. Ерубай Найман Ақтайлақпен құда болып, Ақтайлақтың кенже ұлы Сабырбайдың қызы Қуандықты баласына әпереді. Абаймен айтысқа түскен, көпке танымал Қуандық.
Көпжердің бәйбішесі Лекерден: Байғара, Ботақара, Есенқара, Болғанбай, Толғанбай, Жұмақан. Ал екінші әйелі Қуандықтан – Төлеу, Мұқаш. Қуандық сөзін өлеңмен айтып отыратын ақын адам болған. Төлеудің нағашы атасы Сабырбай, нағашы ағалары бәрі де суырып салма ақындар. «Нағашың он жеті ақын» дегеннен соң, солардың ыстығына күйіп жүрмін…. дейтіні сондықтан. Төлеу Көпжерұлы 9 жасынан ауыл молдасынан сауатын ашып, өлең шығара бастайды. Он бес жасқа толғаннан кейін ойын – тойларда айтысып, ескі ақындардың толғауын жатқа айта бастаған. Халықтың мұңын, жоғын жоқтап, сол жолда қара басын да қатерге тіккен ақын. Төлеу Көпжерұлы 1930 ж. «тазарту науқаны» жүрген кезде, бұл бұрынғы би- болыс, байлардың шашбауын көтеруші, сол заманды мақтап жырлайтын ақын деп, он жылға сотталып Қарқаралыдағы «қоныр абақты» түрмесіне отырғызылған.
1930 жылдары жүргізілген Кеңес өкіметінің саясаты бойынша егін салуды білмейтін елге астық салығын салды, шаруалардың малдарын тартып алды. Сол бір қасіретті жылы Шұбартауға Елтай Ерназаров келеді. Ол Қарқаралының абақтысына да барыпты. «Сендерде бір ақын отыр дейді шақырыңдар, маған өлең айтсын» дейді ғой. Сонда Төлеу ел ағасы Ерназаровқа жүректе жатқан мұңын былай деп өлеңмен жеткізген екен:

- «Ассалаумағалейкім, ханымызға,
Көтерген қазақ жүгін нарымызға.
Еңбекші ел, бүгін сенің арманың жоқ,
Қарайтын аға келді халқымызға.

Егін ор, қар үстінен бидай тап деп,
Кәмпеске қаттау жүрді малымызға.
Келген соң басқа қысым малы құрсын,
Бір қайран болар ма екен жанымызға.

Үй басы бірді-екілі қара қалды,
Бей күнә, талай момын жараланды.

Қолдағы бар азықты сыпырып ап,
Тамақсыз шуылдап аш бала қалды.

Мүбәрәк ұстаған соң қолыңызды,
Көрерсіз қайнап жатқан сорымызды.
Қаталдық, қараңғылық, надандықпен,
Сыпырды белсенділер жонымызды.

Қалайша өкіметке қас болады,
Білесіз қойдан момын қазақ жайын.
Жұмысты таза шешіп, қылмыс тауып,
Алсаңыз, мен риза , басым дайын.

Сізді де хан тағына қойған халық,
Күн көрмес су түбінде болған балық.
Қайраңдап жағалауда жан тапсырып,
Қайран ел бүгін, міне, болған ғаріп, – деп ащы шындықты ашып айтқан ақын өлеңі ұнамаса керек:
«Мынау түрмеде отырғанда мынаны айтты, босатсаңдар тіпті бүлдіреді», – депті Елтай. Сонымен, жасына байланысты кешірім болып ,1934ж түрмеден босап шығады. Қарқаралыдан Дегелең, Шыңғысты басып Семейге жаяу жетеді. Тоз-тоз болып тарап кеткен ағайын-туғандарын бірлі-жарымын әзер
табады. 1937ж қайтадан сергелдең (халық жауын іздеу) басталғанда, бір түнде ат- арбамен тартып беріп, Барнауыл қаласынан бір-ақ шығады. Содан 1940ж қайтадан елге оралған, Шар қаласында тұрып қалған. Төлеу Көпжерұлы Абаймен төрт рет кездесіп, дастархандас болған.

-Қазақтың мәңгі айнасы Абай құтып ,
Адамзат болған емес сөзден ұтып.
Таусылмас ұлы дария арнасынан,
Отырмыз жүзіп ішіп, талдап жұтып, – деп жырлаған.

1945ж. Абайдың жүз жылдық тойына қатысып, айтысқа түскен, әнші- ақын Естаймен кездескен:
-Ақыны Керекудің Естай саңлақ,
Баяғы ән шырқаған Хорланға арнап.
Жалпыға Естай болу қиын екен,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап, деген өлеңін Естайға арнаған.
Төлеу ескіше, жаңаша хат таныған. Бұрынғы ақындардың өлеңдерін, халық дастандарын, Сегіз сері өлеңдерін, Біржан-Сара айтысын түгел, Абай өлеңдерінің көпшілігін жатқа білген. Кеңес дәуірінде, өзінің көзі тірісінде үш өлеңдер жинағы жарық көрген (Сапарғали Бегалиннің құрастыруымен): «Алып күшті Отаным» – 1948, «Өмір жыры» – 1953, «Өлеңдер» -1953 ж. Төлеу Көпжерұлы қайтыс болғаннан кейін, ұлы Мұрат Төлеуовтің құрастыруымен 1975 ж. «Жырларым» деген кітабы жарық көрді.

Бейсенбай Тойсарин
(1869 – 1937)
Бәйсейттен -Жобалай би, одан- Жоламан (Жиде), одан -Тойсары, одан Бейсенбай туған. Тойсары бай да, би де болмаған, баласы Бейсенбайды бай балаларының орнына жіберіп оқытуға келіскен. Бейсенбай әуелі Қарқаралыдағы орысша үш сыныптық мектепті бітіреді, кейін Омбыда оқып, 1893 ж. мал дәрігерлік училищені алтын медальмен бітірген. Одан кейін Томь университетіне түсіп оқыған. Оқумен қатар қиыр солтүстікке барып, саха, нанай халықтарының арасында қызмет істеген. Елге келген соң, мал дәрігері ғана болып қоймай, ағартушылық қызмет атқарады. Малды індеттен сақтап қалу үшін карантин пункттерін ашқан. Болыс сайлауына қатысып, жиырма жылдан астам болыс болған. Патша жарлығымен 1916ж. қазақтардан майдан шебіне қара жұмысқа 19-43 жастағыларды шақырғанда, Бейсенбай амал тауып, ел ішіндегі кемтар, ауру адамдарды дәрігерлер комиссиясына апарып Дағандел болысынан көп адамдарды алып қалған. Бейсенбай Тойсарин Бақанас өзенінің Құйған деген жерінде мектеп, магазин салдырған. Жұрт «Бейсенбайдың ақ мектебі» «мәңгезейі» деп атап кеткен. Бейсенбайдың ақ мектебін бітіргендердің ішінен Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин, жазушы Төлек Тілеухан, ғалымдар Кәрім Ақанбаев, Блок Шайкенов, т.б. шықты. Азамат соғысы жылдарында ақтар қашып қызылдар келгенде, Қытайға қарай ығысқан отрядтардың шапқыншылығынан елді аман алып қалуға тырысқан. Ел үстінен өткен әрбір отрядпен тіл табысып, ел тыныштығын сақтаған. Бейсенбай Тойсарин «Алаш» партиясының азаматтарымен де байланыста болыпты. Алихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов Семейден бой тасалап, Шұбартауға келіп, бір айдай Орынбордан хабар күтіп жатқан. Бейсенбай Тойсарин 1937 ж. қамауға алынып, Алматы облысының ішкі істер басқармасының жанындағы Үштік үкім шығарып, соттап жіберген. Қай жылы, қай жерде қайтыс болғаны белгісіз . . .

Керей Бәйжігіт күйші .

Он сегізінші ғасырда жау шапқыншылығынан Керей елінің бір ауылы қырылып , тірі қалған нәрестенің біреуі Бәйжігіт екен . Бегімбет , Бекназар , Жәдігер одан Бәйжігіт тарайды . Күйші Бәйжігіт он сегізінші ғасырда , Шақантай батыр заманында өмір сүрген . Жұртта қалған нәресте , жетім Бәйжігіт , ел іші алтын бесік дегендей , тез ширап , елді аралап , саңылауын қытықтаған сыбырды ұғып өсіпті . Ол жанын жанитын сыбыс , уіл , ыңылға құлақ түріпті . Қамыстан уілдек , бозқурайдан сыбызғы , ағаштан шіңкілдек жасай тартып , сыбыстан дыбыс шығарыпты . Екі шекті шіңкілдекті өзіне шақтап жасап , дауыс деңгейін сынаған .
Бәйжігіт сімірген өнер – халық үні үйлескен табиғи сарын . Дарынды күйші , сазгер , қаратаңдай шешен , шебер орындаушы Бәйжігіт көптеген күйлер шығарған : « Жетімторы» , «Көксерке» , «Көкбалақ» , «Салқара» , «Аққу» , «Қоңырқаз» , «Әлдисұр» , «Қосбасқан» , «Келіншек» , «Көк қаршыға», «Еркетатан», «Қаракөк», «Дәлдірең торы» , «Байғыз зары», т. б.

Бодау ақын .
Керей Бодау ақын он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген . Құнанбай қажымен замандас болған . Ол елге кең тараған « … Арқарлы , Қотан , Емел , Мұзбел , Серек» , деп басталатын
« Тау өлеңі» деген жырын шығарған . Бодау ақын Бекназар Қосай ұрпағынан . Бекназардан – Жәдігер , одан – Малдыбай . Осы Малдыбай ұрпағынан белгілі адамдар :- Самалдық , Әлдеке , Мұқаметжан , Бәйжігіт күйші , Бодау ақын тарайды . Салқын қанды , ұстамды , нені айтса да дерегін дәл басып айтатын ақын болған . Абақ Керейдің шежіресін дәл таратып беретін шежіреші екен . Бодау ақын айтыпты дейтін әңгіменің ұшы қыйыры жоқ . Шындыққа көз салып , айтар сөзімен турап түсетін наркескен ақын . Сұлтан , төре , билерден қаймықпаған , көрген түйгендерін бетке айтып тастайтын төкпе ақын болған деседі жұрт . Жыр қиссаларды да ел арасында айтып жүрген . Туған елінің сол замандағы тұрмыс халін жырға қосқан :

Жер дегенде тебіренем
Ел дегенде еміренем
Ездерін көрсем күйінем
Ерлерін көрсем сүйінем…

Бодау ақынның тұспалдауы бойынша Шұбартаудың географиялық атауларын Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу қойғанға ұқсайды . Аты қалған тауды – Жауыртағы , көк салысы қалған өзенді – Көксала , бақан асып баспана тіккен өзенді – Бақанас , жорғасы болдырып қалған тауды – Жорға , шұбар айғыры болдырып қалған тауды – Шұбарайғыр , т. т. тау жалдарының атаулары Құнанжал , Дөненжал , Қособа , Бесоба , Бесқауға , Сандықтас , қазан асып , қора салған жерлерін Қазанқап , Тасқора деп атап кеткенге ұқсайды . Жер атаулары осы күнге дейін солай аталады .

Керей Мұхамораз.

Мұхамораз өзінің кедейлігіне, ел арасының қашықтығына қарамай жыл сайын бір-екі рет Абайға барып сәлем беріп, қонақ болып кетеді екен. Абай бірде сәлем беріп кіріп келген Мұхаморазға:
- Сол жерде тұрып кідірместен өзің туралы бір ауыз өлең айтып жіберші, – депті. Сонда Мұхамораз бөгелместен:
Атандым Мұхамораз бала жастан,
Ауру астан болғанда, дау қарындастан,
« Мұхамораз» дегені – шайтан аты ,
Қандай адам қойды екен аямастан , – депті .
Ойланып қалған Абай: Әлгі сөздің мағынасын түсіндіңдер ме, дау қарындастан деп, былтыр Оразбайлардың маған таяқ тигізген жанжалын
айтып тұр. Қысқа да болса, табан астында осындай нұсқалы сөз табатын Мұхамораздың ұшқыр ойлылығына көзім жеткендіктен сұрап едім, – депті Абай.
Біке шешен.

Керей Біке Құнанбаймен замандас болған. Құнанбайды да сөзден тосып, есесін алған кездері болған екен. Қартайған шағында Шәкәрім аулына келіпті. Шәкәрім аңға шығып кеткен екен, кешке жақын киіктің бір текесін атып әкеліпті. Қонақ болып отырған Бікені білген соң бір қозы сойғызып етін асқызады. Атып әкелген текенің басын қосып асқызады. Бұл дәмді Бікенің алдына тартады. Шәкәрім: – Әмин, Біке –еке, мал батасын да, бас батасын да берме, аң батасын бер,- депті. Біке, қолын жайып:
- Тарс еткенде, тарс етсін,
Түтіні былай кетсін.
Текесі құлай кетсін, аллауакбар, – депті. Жанында отырғандарға
Шәкәрім: – Тәтемнен (Құнанбайдан), Абайдан артыламын дедім бе екен, осы шалды несіне айналдырдым, – депті.

Оспан батыр Ісләмұлы ( 1899- 1951 ) .

Абақ Керей , Молқы , Машан , Айтуған , Бегалы , Төлес , Райымбек , Сайеке , Ісләм , одан – Оспан .
Шығыс Түркістан , Шыңжаң ұлт – азаттық қозғалысының басшысы , халық батыры . Өр Алтайдың Көктоғай ауданының Өңдіқара деген жерінде туған . 1940 жылы Алтай аймағында Шың Шысай үкіметіне қарсы шыққан Көктоғай көтерілісіне белсене қатысқан . Көтерісшілер жеңілген кезде , Шың Шысай үкіметімен келісімге келуден бас тартқан . КСРО мен Монғолия үкіметтері оны Шың Шысай үкіметіне қарсы пайдаланып , өз көмектерін ұсынған . 1943 жылы Чойболсан мен генерал Попов 1000 винтовка ,20 пулемет , оқ дәрі , т. б. қару – жарақтар берген . Оған қоса 2 әскери ұшақ , 200- ге тарта жауынгерді көмекке беріп , Қытай иелігіндегі Бұлғын бекінісін қайтарып алуға көмектесті . 1944- 1945 ж. көтерісшілер Шіңгіл , Көктоғай аудандарын Қытай әскерінен босатып , тұтас Алтай аймағын азат етті . Оспан осы Алтай аймағының генерал – губернаторы болып тағайындалды , ел бастаған күрескерлер арасында оны халқы Хан сайлады деген де әңгіме бар . Алайда Шыңжан өлкесі Коммунистік Қытай билігіне өткеннен кейін , ол губернаторлықтан бас тартып жаңадан күш жинауға кіріседі . АҚШ тың консулымен де кездескен .
Қытай билеушілерімен , коммунистермен он бір жыл қанды шайқас жіргізген Оспан батыр , ақыры 1951 жылы қазіргі Гансу өлкесіне қарасты Қанамбол тауының Мақай деген жерінде Қытай қызыл армиясының қолына түсіп , Үрімжі түрмесінде өлім жазасына кесілген …
Зираты Көктоғай , Күрті ауылы , Тамырлы деген жерде .
Ал Қалибек хакім Қытайдан қашып Үндістанға, одан Түркияға өткен. Қалибек хакімнің ұлы Хасен 1930 ж. Қытайда туған. Түркияда тұрғанда ағылшын тілін үйреніп НАТО-ға қызметке кірген. Кейінірек Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосына қызметке орналасып, қазақ бөлімшесінің директорлық қызметін атқарады. Хасен өзінің фамилиясы Оралтай болып аталатынын былай түсіндіреді екен:
1954ж Қалибек хакімнің бастауымен 1000 шаңырақ Гималай асып, Ыстамбулға жетеді. Сонда бұлардың аты жөнін тіркеп отырған түрік азаматы «Өр Алтай» дегенді «Оралтай» деп жазып жіберіпті.
Абақ Керейдің Қарақас руынан шыққан Бүркітбай ( 1906-1944 ) Қытайда Шығыс Түркістан азат мемлекетін құрамыз деп күрескендердің ішінде болған:
«Менің атым Бүркітбай
Сабадағы іркітті -ай.
Тыныш жатқан ел едік,
Залым дұшпан үркітті – ай.

Ұшады қыран бүркіт аспанменен,
Ажалдан құтылмайсың қашқанменен.
Қыран құстай жаңылып қолға түстім,
Алты-ақ жыл жолдас болдым аспанменен.

Қылышымның сабы бар,
Жаудың басы шабылар.
Кескіленіп ет қалса,
Сүйек қайдан табылар.

Қара ат міндім тағалап,
Құмды жүрдім жағалап.
Жолдас жаман болған соң,
Ұстап алды-ау қамалап.

Түлкі тымақ басымда,
Қайратты едім жасымда.
Қолға түсіп қор болдым,
Отыз жеті жасымда. . . .»
-деп арттағы ұрпақты ойландыратындай сөз қалдырған.
Керей Шоқбатар балгер мен Балтақай емші .

Керей Шоқбатар бақсы мен Балтақай емші, Қосай Қасқа, Дүйсеке, Жылкелді, Байсүгір, Орсақ, Құдайқұл, Шоқбатар, Балтақай, Өмірзақ.
Дүние салардан екі күн бұрын Абай Керей Шоқбатар бақсыны шақыртады. Кіріп келген Шоқбатарға сәлем беруге үлгіртпестен Абай:
- Шоқбатар, мен осы аурудан өлем бе, жазылам ба соны айтшы, – дейді.
- Бұл аурудан бүрсігүні қайтыс болып, арғы күні жамбасың жерге тиеді, – депті Шоқбатар түрегеп тұрған бойы бөгелместен.
- Әй, Шоқбатарым-ай, бұл аурудан жазылмайтынымды өзім де біліп отырмын. Сенің көріпкелдігіңді ақырғы рет жұрт алдында бір сынайын деп шақыртып едім. Шақырғанымда бөгелмей келгеніңде де, менің сұрағыма жалтармай, тура жауап бергенің үшін де, Алла риза болсын. Шіркін, сенің осы айтулы қасиетің Балтақайыңа, басқа да кейінгі үрім-бұтақтарыңа дарыр ма екен, – депті де.
- Балгерді қонақ үйге апарыңдар, тынықсын, – депті ерекше ілтипатпен. Қонақ үйге кетіп бара жатқан Шоқбатар:
- Абай мені емделу үшін емес, менің көріпкелдігімді ақырғы рет бір сынау, жұртқа осы қасиетімді тағы бір танытып кету үшін шақыртыпты ғой. Алла берген балгерлікті ақырғы рет танытып кетуші – кемеңгер Абайдан басқа кімнің қолынан келер еді, – деген екен. Шоқбатар ұрпақтарының айтуы бойынша, Шоқбатарға түсінде ақ сәлделі кісі аян беріп: «Бақ аласың ба, ұрлықпен кетесің бе деп?» сұрапты. Ұйқыдан оянған Шоқбатар бақ аламын деген. Содан оған балгерлік, көріпкелдік, емшілік қонған екен дейді. Тамыр ұстап, құмалақ салып, адамның басынан қан алып, балгер атанады. Әкесі Шоқбатардың емшілігі баласы Балтақайға да қонған. Шоқбатар мен Балтақайдың емшілік қасиеттері туралы әңгімелері ел аузында көп.

Төлтай Мұсабекұлы.
( 1851 – 1904 )

Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай, Құлбарақ, Мұсабек, одан -Төлтай.
Академик Омар Қаймолдин 1982 ж «Жұлдыз» журналының 8 нөмірінде: «Әдетте ойды ой қозғайды. Тағы бір өнер иесінің өмірі туралы деректі Жұмақан Байжігітұлы айтты. Ол, сөзін «Төлтікем айтушы еді», деп бастады. «Төлтікем» дегені ұлы Абайдың шығармаларында кездесетін Төлтай Мұсабекұлын меңзеп отыр. Төлтай Абаймен үзеңгілес адам. Ол Абайдың бір сұрағына жауап бере отырып: « Темірді – от, ағашты- мор, адамды – сөз балқытады. Болатты көрік қорытады, адамды сын түзейді. Баланың қыбын – әке, қыздың қылығын -шеше, сөз жүйесін- дана табады. Тұрлаусыз серттен қайтады, рақымсыз шырық бұзады. Береке ел ұйытады, ықылас мейрім тудырады»-депті. Шешендік сөздің бұл да бір үлкен қазынасы емес пе» – деп жазады.

Абай Құнанбаевтің Шығармаларының екі томдық толық жинағының 2 томында, (1957 ж . 62 бет) Төлтай Мұсабекұлы туралы төмендегідей дерек келтірілген: «Кейде Абай оқыс бір сұраумен ел кісілерін сынайды. Керей Шақантайдың Төлтай, Ошыбай деген кісілері келгенде Абай: «Қаттыда не қатты, тәттіде не тәтті?» деп сұрайды.
Соған Ошыбай: «Құрттың ақ малтасына қосып жеген қанттан тәтті бар дейсіз бе?» деп бастағанда, Төлтай Ошыбайдың құрдасы екен: «Ой, ит оттама! Қатты дегені – жоқшылық, тәтті дегені – жан емес пе!» депті. Абай күліп: «Жарайсың Төлтайым. Құдай ақымақты да , ақылдыны да Шақантайға берген екен !» дейді .

О.Қаймолдиннің «Алғысқа бөленгендер» деген кітабында: (Қазақстан баспасы, 1977 ж.)
«Төлтай Мұсабекұлына тәңірім сөзді құя салған ғой. Көмейі сылдырап, тілі мен көмейінен сөз ағытқан суша төгіліп жататын еді. Оның білмейтін шежіресі, айтпайтын қисса-хиқаясы бар ма? Оның аузынан қаншама сөз маржандары төгілетін еді, шіркін.
Қисса, жырының соңында: «Көзі біткен көл, сөз өтпеген көсем тартылады, тек өнер ғана тартылмайды. Оның үні аңызға айналып, әлемге жайылады, жұрт қуалайды.» Мен аң-таң болып қалыппын. – деп өз әкем Қаймолда айтып отырушы еді» – деп жазды.
Төлтай Мұсабекұлының зираты бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Сарықамыс совхозының «Сатай», «Шағырай» бөлімшелерінің маңындағы «Кіндікті» деген төбеде. Төрт құлақты зиратқа мрамор тасынан белгі қойылған. Зиратта Төлтаймен бірге, әкесі Мұсабек, шешесі Айжан, екінші шешесі Тазамоншақ, бәйбішесі Үржан жерленген.

Жанділда Мүсали ұлы .

Найман Серікпай мен Керей Шақантай – Төлтай , Бөдес «Қазанғаптағы» жерге таласқан . «Қазанғап» – Найман мен Керейдің шекарасы есепті . Төлтай мен Бөдес ауылдарын Керейдің елбасылары Найманға төтеп берсе , осы ауылдар төтеп берер деп Қазанғапқа орналастырған екен деседі . Бөдес кірпіштен жылқы қора құйып кетсе , наймандар жылқымен таптатып кете береді екен . Содан Төлтай мен Бөдес қол жинайды , ішінде Жанділда да бар екен . Серікпай да қол жинаған , ішінде мықты Сопы деген батыр бар екен . Содан екі жақ кездеседі , қарулары сойыл , найза , шоқпар . Жанділда қахарына мінгенде көзі қанталап , беліне дейін жалаңаштанып алатын көрінеді . Бөдес қажы айтыпты , ішіндегі мықтысы Сопы батыр , Сопыны құлатсаңдар болды , соны аңдыңдар дейді . Жанділда Төлтайдың жүйрік қоңыр атына мініп , шоқпармен найманның жігіттерін құлатып жүрген . Сопы да дес бермей, керейдің жігіттерін шоқпармен құлата берген . Жандилла байқап қалып , солай қарай ұмтылады . Екеуі бетпе – бет келіп қалып , « жекпе – жек» деп , жекеленіп шығады . Содан бірінші кезек ұрысқанда Сопының найзасы Жанділданың ерінің теміріне тиіп сынып кетіпті . Екінші кезек ұрысқанда екеуіне де соққы тиіп , аттарынан құлап түседі . Біраздан соң Жанділда орнынан тұрып кеткенде , Сопы батыр орнында қан болып жатып қалған екен . Сопы құлағаннан кейін , Найманның құламаған жігіттері шегініп кеткен көрінеді . Ал Найманның құлаған жігіттерін ауылға әкеліп , жараларын таңып , еліне қайтарыпты . Жаралыларды емдеп , күткен Керей еліне келін болып түскен өздерінің апа , қарындастары . Жалпы , Керей мен Найман қыз алысып , қыз берісіп , құдандалы тату өмір сүрген . Жанділда – Шақантайдың соңғы батыры деген сөз ел аузында қалған .

… Қазанғап дауы – Бейсембай Тойсарин болыс болған кезде де тоқтамаған . Найманның елбасылары «Қазанғап» біздің жеріміз деп Семейдің генерал
губернаторына ( жандарал ) арыз түсіреді . Жандарал «Қазанғапқа» келіп , екі жақтың дәлелдерін тексеріп , жер Наймандыкі деп шешеді . Сонда Бейсембай қасындағы жігіттерге : – Анау тұрған молаларға қарай ат қойыңдар дейді . Жігіттер « ой – бауырымдап» шаба жөнеледі . Жандарал Серікпай мен Бейсембайға қарап , бұл не шабыс деп сұрайды . Серікпай орысшаны тілмаш арқылы сөйлеседі екен, ал Бейсембай орысшаға жетік болған . Сонда Бейсембай бірден суырылып шығып : – Тақсыр , мына «Қазанғап» біздің Керейдің жері еді , анау тұрған біздің аталарымыздың зираттары . Сіз бұл жерді Наймандыкі деп шешкеннен кейін , енді менің бауырларым сол аталарының сүйектерімен қоштасуға шауып барады дейді . Сонда Жандарал ойланып , мынау жаңа дерек болды , сондықтан мен жаңағы шешімімді қайтып алдым , ендігі жерде бұл «Қазанғап» – Керейге тиесілі болсын деп шешіпті …

Керей ер Самалдықтың елге сәлемі
( 1851-1925 )

Бір ауыз сәлем айтам Оспанқұлға ,
Тартар деп білегімнен Сіздей ұлға.
Дағанды ел қазағы – мен Самалдық
Қызығып кетпес -ақ деп қазына пұлға.

Жат елдің жаласымен пенде болдым,
Тіл жетіп , сөзім жетпей бір маңғұлға.
Атаның аруағынан үміт етіп
Болар деп бір басыңды елге тұлға.
Елім деп еміреніп , Сіз тұрғанда
Кетем бе , төлеу болып пұлсыз құлға.

Асылды салса қайрап не кеспеген
Жан жетіп , жас күніңмен теңдеспеген.
Дариғай , бір себебін табар еді ау
Тышқанбай тірі болса Бегешпенен…

Самалдық – Шұбартау өңірінің төл тумасы . Самалдық – ел қорғаны . Берсең – қолыңнан , бермесең – жолыңнан , деген азамат . Маңайын ерлікке , күреске үйреткен .
Сергиопольде болған сотта Тобықтының игі жақсылары параны беріп – беріп Тәукені ағартып алып кетеді де , ал Керей Самалдық тағы да ұзақ мерзімге айдалып кете барады . Самалдық «Елге сәлем» – деген хатын осы жолы айтқан екен .
Бұл Тышқанбай батыр мен Бегеш шешеннің дүниеден қайтқандағы , Керейде , оның ішінде Бекназарда бас көтеретін ру басшыларының тоз-тоз болып жүрген кезінде болса керек …

Оспанқұл Меңаяқұлы ( 1856 – 1907 )

Арғын , Алтай , Мамадайыр ( Төлеңгіт ) , Өмірзақ – Сары тарауынан
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Жорға ауылының Бесбұлақ баурайында туған .
Шұбартаудың бір бауырдай , туыс болып кеткен керей – төлеңгіт елінде бірнеше рет болыс болып сайланып , ел басқаруға қатысқан . Елге қылдай қиянат жасамаған , елді басқарып , елдің қамын жеген , сол елге танымал , сыйлы адам болған . Оспанқұл халықтың тілек талаптарын ұлыққа кіріп орындатып шығады екен . Романовтардың таққа отырған жылдарында , Арқа жерінен Оспанқұл оязға барып , адамдардың әл ауқатының төмендеп бара жатқанын айтып , қоластындағы халықты салықтан босаттырған . Сондықтан оны « 22 болыстан асқан» деп шын дәріптеген . Ел – жұрты игі істеріне тәнті болғандықтан атын тікелей атамай «Осан» атандырған . Шұбартау болысын басқарған жылдарында елді кәсіпке баулып , адамның еңбегіне қарай жағдайын жасап , береке – бірліктің ұйтқысы , ұйымдастырушысы болған .
22 болыс бас қосқанда Оспанқұлсыз ояз мәжіліс ашпайды екен .
2006 жылдың 9 тамызында ҚР үкіметінің қаулысымен бұрынғы Шұбартау ауданы Баршатас аулындағы № 1 қазақ орта мектебіне Оспанқұл Меңаяқұлының аты берілді .
Меңаяқұлы Түрікбай Шұбартаудағы Өгізтауда үлкен төрт бөлмелі үй салып мектеп ашқан . Бұл мектепте төрт сынып болып , елу – алпыстай бала оқыған . Осы мектепті бітіргендердің ішінде Қырғызстан Ғылым Академиясының мүшесі Нұрақым Әлпиев , әнші – домбырашы Мірәсіл Оспанқұловтар болған .
Қазіргі кезде Оспанқұл Меңаяқұлының ұрпақтары Шұбартау өңіріне қол ұштарын беріп , демеушілік жасауда . Шөбересі Әлпиев Алтынбек Мұхамедияұлы Баршатастағы қазақ орта мектебіне 2005-2006 оқу жылында 360 парта , 24 тақта , 12 компьютер , кейінірек бір жеңіл автокөлік пен компьютер сыйлады . Мектеп бітіруші тоғызыншы , он бірінші сынып оқушыларын Аякөз қаласындағы политехникалық колледжде тегін оқуына демеуші болды .
2006 жылы Оспанқұл Меңаяқұлының туғанына 150 жыл толуына орай есімін әспеттеп , кәсіпкер шөбересі Алтынбек Мұхамедияұлы бабасының туған жерінде ат шаптырып , балуандарды белдестіріп ас берді . 2007 жылдың 26 мамырында Оспанқұл Меңаяқұлының өмірден өткеніне 100 жыл толуына орай басына ескерткіш қойып , ас берілді .
Оспанқұлдың немере ағасы Әзімбай Бижанұлы ( 1854 – 1922 ) белгілі ақын , қисса , дастандар шығарып , ел арасына таратушы . Ақынның өлеңдері , толғаулары , қисса дастандары көпшілікке кеңінен мәлімденіп , ауыздан ауызға таралған , көшіріп жазып алып , қасиетті қазынасы ретінде қастерлей сақтаған дүниелер . Ақынның үлкен еңбегінің қатарында өзінің төл туындыларымен бірге атақты жырау Ақтанбердінің толғауларын жеткізуші есебінде бірден бір негізгі нұсқа екендігі әдебиет тарапында ерекше бағаланады . Ақтанбердінің ұлы толғауын бағдарға ала отырып , «Ақтанберді – Жаскілең» атты үлкен дастан жазған .
Талтүс Жаскілеңұлы ( 1855 – 1916 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Торғай , Телеу , Шолақ , Жаскілең , одан Талтүс .
Талтүс Жаскілеңұлы ауқатты , көп ағайынды болған екен . Бәйбішесі ер қайраты бар , есті , адуын әйел болған . Бәйбішесінен ұл бала болмаған . Отағасына жалғыздықтан жапа шектің деп тоқал алғызған . Екінші әйелі Бибатпадан Ысқақ , Сыдық , Сүлеймен дүниеге келген .
Талтүс мейрімді , дуалы ауыз , ақылды , қайратты , елдің жағдайына жанашыр адам болған деседі . Болашақта қандай жағдай болатынын алдын ала болжап отыратын қасиеті бар екен . «Ауа райы бұзылып боран болады , жылқыға жау тиеді» деген көріпкелдігі дәл келіп отырады екен . Қазіргі Талтүс жерленген жер « Еспе» деп аталады , ертеректе төбешікті , шилі , құйқалы жер болған . Нұржүсіп , Нұртүсіп деген егіз екі ұлы атқа шауып жүргенде аттан құлап қайтыс болады . Сонда Талтүс осы жер кейін жол болады деп балаларын қойғызған . Найман мен Керейдің шекарасы осы ара , бұл менің еңбекпен алған жерім , менің орным да осы жер деп айтып кеткен екен . Атамыздың көрегендік , екі елді бітімгершілікке шақырған даналық өсиетін , кейінгі ұрпақтары зор ризашылықпен бағалап келеді .
«Талтүс атамыз айтыпты» , деген естеліктерден :
1. « Ақырзаман деген жоқ нәрсе , кімнің басына іс түссе , ақырзаман деген сол»
2. Өмірінің соңғы жылдары болса керек : « Большевик боласың ба , жоқ меньшевик боласың ба ? , деп сұрағанда «Мен екеуі де болмаймын , өзім басқа әлемге барғалы жатырмын» , деген екен .

Тентексары Дүйсекбайұлы ( 1880 – 1977 )

Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай (Жаңыл), Торғай , Бөлеген , Рахымет , Ахметжан , Дүйсекбай одан Тентексары .
Тентексары Дүйсекбайұлы Бұрынғы Семей облысы , Шүбартау ауданы , Бақанас аулында туған . Жас кезінде молдадан арабша оқыған , өздігінен орыс тілін меңгерген , көкірегі ояу , әділетті жақтайтын , ел ішінде абыройлы , сауатты адам болған . Ақ пен қызылдар келіп , аумалы төкпелі заманда , белсенділер қатарында болып , колхоз бастығы қызметін атқарды . Заманның бұзылар жағдайын болжап , елді жасырын Шығысқа көшіруге атсалысқан . Атақты «Шұбартау көтерілісіне» қатысып , қудалауға түседі . Іштен шыққан жаулар Тентексарыны «үкіметке қарсы , елді көшіріп жатыр», деп ұстап берген . Көтерісшілермен бірге тұтқындалып , сол жолғы қолға алынғандардың кінасын өз мойнына алып , біразын босаттырады . Өзі тергеуге түскенде , тергеуші бір адамгершілігі бар қазақ қызы екен , Тентексарының елі үшін көрсеткен ерлік еңбегіне риза болып :
- Сен босқа атыласың , елге сендей азаматтар керек қой , деп , бір жолдасымен жасырын қашырып жіберіпті .
Түнде жүріп , күндіз жасырынып , даладан қоянды аужал етіп , бір жетіде елге жетеді . Сол жолғы тұтқындалғандар атылыпты , Тентексары қашып кетіпті , ұсталсын деген елге бұйрық түсіпті . Күндіз жасырынып , түнде ел ішіне кіріп , елді көшіріп шығарып жүргенде , үлкен шаңырақтағы бабадан хабар келеді . Түн ортасында бабаның үйіне келсе , үй толған ауыл ақсақалдары мен мұздай қаруланған жігіттер екен . Төрде керегеде ілулі тұрған құндыз жағалы шекпенді бабамыз алып :
- Мына шекпен Шақантай бабаңның шекпені , мұны Жаңыл анаң өз қолымен моншақ салып иіртіп тоқытқан , өлсең кебінің , тірі жүрсең көзіңнің қарашығындай сақтап , кейінгі ұрпаққа жеткіз , саған аманат , деп , – иығына жауыпты .
Шәпет , Айдынкөл , Шалқар : – Тез , таң атып кетеді , дайын болған шаңырақтарды баста , деп қатал , келте сөз айтады . Үйіне де бара алмай , көшті бастап жүріп кетеді . Осылайша бірнеше көшті шығарып салып жүргенде , орыс отрядының қолына тағы да түсіп қалады , жараланады . Бұл жолы тергеусіз атылуға бұйрық түсіпті . Қол аяғын қыл арқанмен байлап , көк байталға таңып әкеле жатқан жолда , Айдынкөл , Шалқар , Шәпет , Манап бастаған азаматтар қайта оралып , орыс әскерлерімен қанды қырғын соғысып , Тентексарыны босатып алып қашып шығады . Ол жігіттер ылғи да қос атпен жүретін … Соңғы көшке жетіп , жарасын таңдырып алған соң , Шәпет пен Айдынкөл :
- Жә , тентегім ( олар солай атайды екен ) , жараң ауыр , қалған елге біз барамыз , сен қайта қайтушы болма , енді қолға түссең сені турап өлтіреді , бала шағаңды біз әкелейік , сен көшке ие бол , ( бұл жолғы соңғы көште олардың бала шағалары толық бар болатын) , біз екі үш күнде ораламыз , деп аттанып кетеді …
Айтқандарындай үшінші күні түнде олар көшті қуып жетеді . Шәпет: – Тентегім , ауыл әскерлер жағынан қатаң қоршалыпты , үш рет бардым , бала шағаңды алып шыға алмадым , дейді өкініп . Мұндай іс тек Шәпеттің қолынан келуші еді , ол өте тез , қырағы , батыл болатын . Ол қанша үміттенгенмен , бала шағасын әкелу мүмкін болмай қалады . Бес алты жыл өткенен кейін ол амалсыздан екінші рет үйленеді .
Қытайда жүргенде де , Кеңес үкіметінің кезіндегі қуғындалғандардың тізімі бойынша , Тентексарының соңынан іздеу түседі . Дөрбілжін аймағында жүрген кезінде қуғыншылардан қашып , Нылқы деген қалмақтардың жеріне көшеді . Нылқыда жасырынып жүріп , қалмақтардың малын бағады , сол жерде екі ұлы өмірге келеді .
Бірақ , бұл ара да оған пана бола алмайды , тағы да қуғын түседі .
Кеңес үкіметі жағынан қуғындалғандарды ұстап қайтаруға , Шың Шысай үкіметімен келісім шарт болатын .
Шәпет ( Нүсіп ) Меңімұлы (1890-1973)

Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Байбарақ, Жаңабай , Қоян , Бижан , Меңім одан Шәпет
Хасен Әдейбайұлының « Өмірдария» деген кітабынан :
« …Жайлаудамыз . Бейуақ . Мұздай қаруланған бес – алты кісі сау етіп кіріп келді . Шәпет аға бастаған туыстар екен . Ағайынды Жәміш пен Ыбырай , ағайынды Айдынкөл мен Шалқар .
- Мына заманның түрі жаман , – Шәпет аға түсі суық , қара мұртты , иықты кісі екен , « Кәмпеске» деген жат сөзді қадап айтады . Семей төңірегіндегі игі жақсыны жер аударатын көрінеді . Тізім жасалыпты . Малды сыпырып ортаға салады , шолақ белсендінің қолына бәрі көшеді . Шәпеттің отты көзі жарқ етті .
- Мен , тәуекел атқа міндім . Ел үшін , жер үшін күресіп өлемін . Дүниені тарылтып бара жатқан өзіміздің қазақтар , өзіміздің туыстарымыз . Қазақтың соры – қазақ . – Ендігі сөз қысқа . Біз Шәкәрім қажыға кетіп бара жатырмыз . Қажыны ар жаққа алып кетпекпін . Мұнда енді тыныштық болмайды . Бір ауыз артық сөз тарамасын . Тек белін бекем буып отырған ағайындармен сөйлес . Буынып түйініп сақадай сай отырыңдар . Дүние боққа байланбаңдар . Тек дайын көлік байлауда тұрсын . Анық үш төрт күн ұтсақ , шекарадан өтіп кетеміз .
… Қоштасу мәңгі есімде қалды . Көш қозғала берген . Әжем атынан құлай түсіп , босағаны құшақтап , солқылдай келіп жылады- ай келіп , жылады . Босағаны емірене сүйіп , бір уыс топырақты жаулығының үшіне түйіп алды .
Кейін естідім , Шәпет ағалар түнделетіп Шыңғыстаудың бір адырында жалғыз үйде тұрып жатқан ұлы ақынға жеткен ғой . Шәкәрім қажы ұстамды , артық сөз , оғаш қимылдан аулақ жан екен :
- Азаматтар , -депті, – бек рахмет ! Ел бар екен , ер бар екен . Ризамын . Екіталай заманда елді тастап кете алмаймын . Туған жердің топырағы бұйырсын .
… Біз Шәпет аға бастап , әрі өткізіп жіберген бірінші көш болмауымыз керек . Бәрі өлшеніп пішілген . Түнде жүріп , күндіз қалың жыныс , қыр шатқалда демаламыз . Көксала , Сергиополь , Аягөзді айнала өтіп , Науалы , Үржар қайдасың деп келе жатқанда , « Қуғыншылар шығыпты , пулемет , бесатары бар» , деген тосын хабар жетті . Шәпет аға ескертті : – Атты әскер әрі тура жолмен тартады . Екі үш күнде Мақаншының төңірегіне жетіп қалар . Соғысамыз ! Бала шағаның қамын ойлаңдар . Кейінгі шеп қорғанды өзім басқарамын !
Бұл сәт Шәпет ағаның шырқау шыңы еді . Шәпет ағаны көрсеңіз ! – Қыран ! –Мұзбалақ ! Бүркіт тұмсық , қою қара мұртты , кең иықты , келіскен азамат. Кеудесінде – дүрбі , иығында – бесатар , белінде – қылыш . Құралайды көзге атқан мерген . Сан – сан елді шекарадан аман – есен өткізіп , сын артқан азаматқа бұл жолы да сенім мығым . …«Қатынсу» – ол кезде арынды өзен . Қалжыраған жұрт өткел іздемей өзеннің бер жағына жата кеткен ғой . Көш тарсылдаған атыстан шошып оянды. Оқ кей – кейде өзенге шолп – шолп етіп түсіп жатыр . Шәпет – шепте , тыныс кеңіп сала берген . Бұл- Шұбартау көтерілісіндегі атақты айқастың бірі – «Қатынсу соғысы» еді . Күн ұзын атыс толастамады . Қару жарақ , оқ дәрісі мол , сайланып келген қуғыншының басымдылығы айқын еді . Оқ жауып кетті . Елді үрей буды . Дүние мүлік шашулы қалды …
Шекарадан өтіппіз . Ұзақ көштің там – тұмы бас қосты . Отыз шақты еркек , әйел , бала – шаға . Қаша атысқан Шәпет жігіттерін жинап алып , Алтай сілемін өрлеп , тағы да артта қалған ағайынға қарай бет алған …
… Ашаршылық алдында осынау ардақты азамат батыл араласпаса , көптеген шаңырақтың қандай қасіретке тап боларын кім білсін ? . Қилы заманда Шәкәрім атаның қамын ойлап , түн қатып жүріп тауып алғанын ерлік емес деп кім айта алар екен ! Араға отыз жыл тастап , елін сағынған Шәпет аға қартайған шағында басқа атпен жасырын Шұбартауға қайтқан екен . Бірдебір адам тіс жарып , құпиясын сыртқа шығармаған . Ақыры Шақантай бабасының қасында мәңгі тыныштық 2. Бірде, бір топ аталарымыз қақаған аязда адасып , Жидебайдағы Абай қыстауына тап болады . Түсетін үй аз болмаса да , Шақантай бабамыздың шөберелері Абай үйіне түседі : – Ассалаумағалайк-умм , Абай аға !
тапты есіл ер …

… Шәпет аға асықпай , байыппен сөйлейтін жан еді :
1. Күллі қазақ ағайын туыс . Шақантай бабаларың :
- « Сендер тыныстар жүрегім болғанда , кіші жүз – білегім , ұлы жүз – тірегім» , деп өсиет айтып кеткен деп айтып отырушы еді .
- Уағалайкумассалам , әлей бол ! Төрлетіңдер ! -Жігіттер киімдерін қағып соғып төрге озады . Аз- кем аман – саулық , ауыл әңгімесінен кейін , Абай аға :
- Шошақ тымақ , көріп отырмын . Керейсіңдер , қайсысыңдар ?
- Шақантаймыз ! . – Е – е , не батыр , не ақынмын ! – деңдер .
- Сізге жақынбыз . -Пәле-е , айттым ғой , ақынша сайрайды. Ақын күлімсірейді …
3. Шақантай бабамыздың он жеті жамағатының ұрпақтары он жеті ауыл болып , Бақанас өзенінің бойына қатар – қатар орналасқан екен . Екі – үш ұл тапқан жамағаттары «бәйбіше» атанып кете берген . Бәйбішелер пұшпағынан тараған азаматтар кіші жамағаттарының үйлеріне келгенде , бауырлары орнынан тұрып , құрметтеп , төрге оздырып отырған . Жасы үлкен ағалары сөйлеп отырғанда , інілері үндемей , әдеп сақтап отыруы – парыз болып қалыптасқан .

… Әдебия Серікалды қызының – атасы Шәпет ( Нүсіп ) туралы естелігінен :

- Атам ұзын бойлы , денелі , иықты , киген киімдері өзіне жарасып , келбеттеніп тұратын . Бір көргенде түрі сұсты көрінгенмен , өте мейрімді , сөйлесе келе шешіліп , сөздің майын тамызып , тыңдаушысын өзіне иіріп алатын :
- 1932 жылғы ашаршылықта , халықты аман сақтау амалы Қытайға өту болды , түрлі ауру халықты дендеп әкетті , үкімет жағынан қызылдардың қысымы күшейді , нелер боздақтар жасырын атылып кетті . Кейде қызылдардың елге орынсыз жасаған қыспақтары есіме түссе , ашу мен ыза кернеп , қаным қайнап кетеді . Қазіргі ұрпақтарымды көргенде ғана сабама түсіп , тәуба деймін . Қытайдан 1945 жылы көктемде « Үшаралды» бетке алып , қыруар малды айдап шекарадан өттік . Біз келсек , ел соғыс қиыншылығынан күйзелген . Жеңіс туы желді өзгертті , қиыншылық артта қалды деп қуануда екен . Біз де қуанышқа ортақ болып , малды үй – үйге тараттық , колхозға бердік , сол жерге орналастық . 1967 жылы дәм тартып , туған жерге көшіп келдім . Бабамның ( Қарауыл ) басынан алақандай жер бұйырса , менен бақытты адам жоқ қарағым , деп , терең ойға беріліп үнсіз қалды … . 1973 жылы қайтыс болды . Бабамнан биік жатпаймын деген , өзі көрсеткен орынға жерленді .
( Шәпет атаның немере інісі – Манатбек Олжайұлы . Манатбек баласы Жұмагелді – Бәсен тәтеміздің отағасы .)

2 БӨЛІМ

Шұбартаудан шыққан белгілі азаматтар туралы азды-көпті деректер

Сасенов Серікалды
(1900 – 1973)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Құдабай, Наймантай, Сәсен одан Серікалды.
Сасенов С. бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы 10-ауылында дүниеге келген. Кеңес үкіметі орнаған кезде «Сталин» атындағы колхозда ферма меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1941 – 1947 жылдары Шұбартау ауданының «Егіз қызыл» колхозында колхоз бастығы болып жұмыс істеген. 1947 жылдан еңбек демалысына шыққанға дейін аудандық мал өнімдерін, жүнін, терісін дайындау мекемесінде қызмет етті. Сасенов С. 1941 – 1945 жылдары Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің «Қызыл туын» екі рет жеңіп алған, облыстық, аудандық «Мақтау Грамоталарымен» марапатталған.
Серікалдыұлы Аман ( 1948 ) , Шұбартау ауданында туған , мамандығы зоотехник . 1968 – 1970 жылдары аудандық сақтандыру мекемесінде инспектор , 1972 – 1975 жылдары аудандық байланыс торабында нұсқаушы болып қызмет істеген . 1975 – 1977 жылдары Бақанас селолық Кеңесінің секретары , Бақанас ауылдық Кеңесінің депутаты болып сайланған . 1977 – 1982 жылдары Шұбартау совхозында ферма меңгерушісі , 1982- 1987 жылдары аудандық Тұтыну қоғамының қосалқы шаруашылығының төрағасы . 1987 – 2001 жылдары Тұтыну қоғамының дайындау мекемесің нұсқаушысы , орынбасары , басқарма бастығы .
Серікалдыұлы Әрмен ( 1940 – 2007 ) , Шұбартау ауданында туған , мамандығы кинотехник , жүргізуші ( шофер ) . Алматы қаласындағы кинотехникумды және автомашина жүргізуші курсын бітірген . 1962 – 1965 жылдары әскери борышын атқарды . Ұзақ жылдар бойы ауданда кино көрсетуші , шофер болып еңбек еткен .

Қаймолдин Омар (Хазірет Ғұмар)
(1903 ж. туған)

Омар Қаймолдаұлы – арғы аталары Олпы-Бөрібай (Мұжық) –Шүршіт – Құлбарақ – Жауғашар – Шақантай (Еңке) – Құдайберді –Бекназар – Бегімбет – Жастабан – Абақ Керей.
1903жылы (паспортта 1910) Дағанды болысының Бақанас өзенінің бойындағы Кіндікті деген өлкеде дүниеге келген. Әкесі Қаймолда 1919жылы ақтармен соғысып жараланып қаза табады, Кіндіктіде жерленген. Шешесі Момсары (Мұсақан бидің қызы) 1934ж Алматыда қайтыс болған. Омардың сегіз жасында әкесі ауылдағы ғұлама Өтелбай Кәріпұлының медресесіне оқуға береді, 13жасына дейін оқиды. 14 жасында 1917 жылы әкесі Семейдегі қазақша – орысша начальная приходская школаға оқуға береді. Онда бір жылын өте жақсы бітіріп, педогогикалық техникумға түсіп, оны 4 жылда үздік бітіріп шығады. 1922 жылы Алматыға келіп ҚазПИ-дің жаратылыстану факультетіне оқуға түседі. ҚазПИ-де оқып жүргенде әртүрлі қоғамдық саяси ұйымдарға белсене қатысып, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Т. Жүргенов, Құлымбетов сияқты зиялы адамдармен кездесіп сұхбаттасып жүреді. 1927 жылы КазПИ-ді үздік бітіріп, С.Петербургке жолдамамен барып атақты ғалым Павловтың аспирантурасына түседі. Аспирантурада жүргенде генелогия туралы кітап жазып шығарады. Аспирантурада бір жыл оқығаннан кейін, 1933 жылы Алматыға Жүргенов шақырып алады. Омарға Алматыда ғылыми зерттеулік педогогика институтын құруды жүктейді. Бір жылдың ішінде институттың жарғысын, бағдарламасын, бөлімдерінің құрылымын жазып, сол институтты басқарады. Сол 1934 жылдан бастап НКВД соңына түсе бастайды – ұлтшылсың, байдың тұқымысың, қазақтың ұлт көсемдерін (Байтұрсынов, Бөкейханов, Аймауытов, Жұмабаев, Шәкәрім) қолдайсың, – деп кінә тағады. Сонда НКВД-нің тергеушілеріне Омар: бір орыс өлсе дүние жүзіне ойбай саласыңдар, қазақтың азаматтары атылып жатқанда неге айғайламайсыңдар, – деп жауап берген. 1935 жылы қаладан кетіп Үржарға барып 2 жыл техникумда сабақ береді. 1937 жылы Алматыға қайтып келіп, Ы.Алтынсарин ғылыми-зерттеу педогогикалық институтында жұмыс істеп жүргенде, күзде ұсталып НКВД-де тергеледі. Тергеуші Якупов Уәлихан: кеңес үкіметіне қарсысың, комсомол, партияға өтпедің, үгіт жүргіздің, Жүргенов-Құлымбетов ұйымында болдың деп, 58.10 – 58.11 статья бойынша айып тағады. Тергеушілер кезек-кезек алмасып, күн бойына ас су бермей, ұйықтатпай, аяғынан тік тұрғызып қойып, ұрып-соғып, үзіліссіз сұрақ алып, «кінаңды мойныңа ал» деумен болады. Сонда Бондаренко деген тергеуші әбден мойындамай қойған соң: «Сізге дауа жоқ екен -өзіңізді өзіңіз аямайды екенсіз» депті. 1938 жылы 9 қарашада сот үкімі шығарады, 10 жылға сотталады. Ярослав, Ленинград облыстарында, Шексне гидроузелінде, Рыбинск қаласында әртүрлі қара жұмыс, ст. Нормировщик, сметчик, прораб, десятник, т.б жұмыстарды атқарады. Мерзімін өтеп, 1947 жылы Алматыға қайтып оралады. Бұл жерде тағы да КГБ соңына түсе бастайды: бұрынғы ойынан қайтпаған, бұрынғы заманды әлі де көксеп жүр деп. Омар амалсыз елге кетуге мәжбүр болады. Жамбыл облысы, Шу ауданы Новотроицк орта мектебінде мұғалім болады. Ұлы Ақжол, қызы Гүлзия дүниеге келеді. 1949 жылы тағы да КГБ тергеушілері ұстап, Жамбыл қаласының түрмесіне жауып, бір жыл тексереді. Сол кезде Жамбыл түрмесінде Омармен бірге – Церетели, Каплан, Г.Серебрякова, жазушы Ө.Тұрманжанов т.б. отырған еді. Бір жыл тексерістен кейін 1950ж жоғарғы соттың көшпелі соты 58.10-58.11 статьямен 10 жылға соттайды. Қатаң ұстау жазасына Свердлов облысы, Асбест қаласына жіберіліп, қала тұрғызу, комбинатты құру жұмыстарын істейді. Сол жерде істеп жүргенде Москвадан үгіт -насихат өткізуге келген полковникке: «Қылмыскер іштен туа ма, саясат туғыза ма?» деп сұрақ қойғаны үшін, Нижний Тагиль түрмесіне ауыстырылады. Ол жерден екі жылдан соң Красноярск өлкесінің Ангара ГЭС-іне ауыстырылады. Сол жерден 1956 жылдың басында ребитализациямен босанып, Алматыға қайтып келеді. Оқу минстірлігінің жолдамасымен Талдықорған облысы Мұқыр орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Республикалық газет журналдарға мақала жазып тұрады. Сол жерде Әспет, Әсет деген балалары дүниеге келеді. Жазған мақалалары көзге ілініп, 1956 жылы Қ.Сәтбаев Алматыға шақырып, химия ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа алады, жарты жылдан кейін Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу педогогикалық институтына ауысады. Осы институтта 20 жыл қызмет істейді. Көптеген методикалық материалдар жазады. 1967 жылы Бішкек қаласында Қырғыз мемлекеттік университеттің ғылыми кеңесінде диссертация қорғап, педогогика ғылымдарының кандидаты деген атақ алады. 1979 жылы Қазақтың Ұлттық аспаптар музейін құруға белсене ат салысып, осы мұражайға қызметке ауысады. Қазақтың ұлттық аспаптарының тізімін жасап, суреттерін салып береді. Неден жасалатынын, қалай ойнайтынын, ерекшеліктеріне түсінік берген. Ш.Сарыбаевтың кітабындағы аспаптардың барлығы Омар атаның жазып-айтып бергенінен құралған. Осы мұражайда 17 жыл, құрметті демалысқа шыққанға дейін жұмыс істеп, үлкен еңбек сіңірді. Омар Қаймолдаұлы ғұлама ғалым, қазақтың өнеріне, ғылымына, мәдениетіне, оқу ағарту саласына өзінің ғылыми еңбектерімен, ақыл кеңесімен зор еңбек етті. Қазақтың ұлттық академиясы, оқу-мәдениет минстірлігі, үкімет басшылары ол кісімен ақылдасып, оның мол білімін пайдаланып отырды. Ұлттық Ғылым академиясының ұсынысы бойынша Омар Қаймолдаұлы 1995 жылы 26 желтоқсанда халықаралық акмелогия ( әр мамандықтың шыңына жету ) ғылым Академиясының толық мүшесі-академигі болып сайланды. Омар Қаймолдаұлы бүкіл өмір бойы елдің, өз халқының қамын жеген, атаның ұлы емес, адамның ұлы, қазақ елі үшін өзінің бас бостандығын қиған азамат.
О.Қаймолдаұлы Кеңес Одағының, Қазақстан Республикасының көптеген медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, Құрмет белгілерімен марапатталған. КСРО-ның озық мәдениет қызметкері, Қазақ КСР-ның оқу ағарту ісінің үздігі. 2005 жылы « Бір сөз» деген кітабы жарық көрді .

Рыздықбай Тілеуберлин .
(1903-1994)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауғашар, Шақантай (Жаңыл), Бәйтөбет, Жайылған, Қожан , Матай ,Тышқанбай, Тілеуберлі одан Рыздықбай.
Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында туған. Ш.Уәлиханов атындағы кеңшардың бұрынғы бақташысы. Ұжымның ардагері. 1966 ж. социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған. Республикалық дәрежедегі зейнеткер болған. Ғұлама шежіреші . Керей Шақантай руының көптеген деректерін жеткізуші .

Шойынбаев Тілеуқажы Жанайұлы
(1907 -1999)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай(қырғыз), Шойынбай одан Тілеш.
Шойынбаев Т. Бұрынғы Семей обылысы, Шұбартау ауданының 10 ауылында туған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін 1923-1924 жылдары Шұбартаудың 13 ауылында, бұрынғы Кенжеғұл мешітінің үйінде бірінші рет ашылған балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда 1926 жылға дейін дәріс алады. 1927 жылы Семейдің педогогикалық техникумына түсіп, оны 1931 ж тәмамдаған. 1931 жылы Шұбартауға қайтып келіп, аудандық кеңестің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1931 жылдың аяғында Алматыға келген. 1931-1932 жылдары өлкелік комсомол комитетінің секретары болған.
1932-1933 жылдары жолдамамен Ташкент қаласында Ортаазиялық жоғарғы оқу орнында (САВСХ) оқыған. 1934-1935 жылдары Нархомземде сектетариат меңгерушісі болып қызмет істейді. 1937-1939 жылдары Алматыдағы мұғалімдер институтының тарих факультетін тәмамдаған. 1941-1944 жылдары Халық балық шаруашылығының комитетінде (Каркомрыбаком) бөлім бастығы болып және қосымша Абай атындағы ҚазПИ де аға оқытушы болып қызмет істейді. 1946 жылы сырттай оқып, ҚазПИ-дің тарих факультетін тәмамдаған. Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тарих ғылыми –зерттеу институтында 20 жыл : -1946 жылға дейін ғылыми хатшы, бөлім бастығы, директордың орынбасары, (1951-1953), аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1964-1966 жылдары Ғылым Академиясының Педогогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болған. 1966 жылдан 1994 жылға дейін 28 жылдан астам Абай атындағаы ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі, доцент болып жұмыс істеді. 1947 жылы Мәскеу қаласында тарих ғылымының кандидаты дәрежесін қорғаған. Кейін докторлық дәрежесін алған . Қырғызстанда Пішпек қаласында докторлық диссертация қорғаған .

Ибраев Кәрім .
(1910 -1980)
Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Нарымбай, Тәуірбай, Ыбырай, одан Кәрім.
Ибраев Кәрім (Мұхамедкәрім) Тәуірбай немересі 1910 жылы, Семей облысы, Шұбартау ауданының екінші аулында дүниеге келген. Ауылда молдалардан хат танып (мұсылманша), 1927-1928 жылдары Семейде оқып жүргенде қуғындалып, 1930 жылы Ленинград Университетінің шығыс факультетіне тапсырып, бір-екі айдан кейін тағы үстінен «байдың баласы» деген арыз түсіп, бұл университеттен де қуғындалады. 1931 жылы Ташкентте «САГУ»-дің медицина факультетіне түсіп, 1935 жылға дейін оқып, 1935-1936 жылы Алматының Медицина институтының емдеу бөлімін бітіреді. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылту ауданына дәрігерлік мамандығымен жіберілді. Аудандағы мед пункттен аудандық аурухана ашады. 1936-1941 жылдары сол ауруханада бас дәрігер болып істеп, 1941 жылы шілдеде Ұлы Отан соғысына аттанады. Соғыстың басынан аяғына дейін «Полевая хирургияда» хирург болып істейді. Москва маңында, Сталинград майданында, Польшада болып, 9 май Ұлы жеңісті Берлинде қарсы алады. Соғыстан кейін 1945 -1946 жылдары Венада, 1947 жылы Монғолияда болып, 1947 жылы тамызда Алматыға оралады. (мед.қызметінің подполковнигі). 1947 жылы Алматының дәрігерлік институтына ассисент (хирург) болып орналасып, 1961 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, 1963 жылы доценттік атағын алады. Ұлы Отан соғысы жылдары 7-8 медаль және «Красная звезда», «Красная знамя» ордендерімен марапатталады. 1947 жылдан мед. институтта студенттерге дәріс берумен қатар, Алматының темір жол ауруханасында, қалалық 1 -ауруханада хирург болып жұмыс атқарады. 1978 жылы институттан құрметті демалысқа шығып, студенттер поликлиникасы және темір жол поликлиникасында хирург-консультант болып істейді. 1980 жылы 23 февральда дүние салды.

Мұқашев Бәзікен .
(1916 ж. туған)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Нарынбай, Манақ, Мұқаш одан Бәзікен.
Мұқашев Б. 1916ж. бұрынғы Семей обылысы, Шұбартау ауданының 10 ауылында туған. 11 жасынан Семей қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1933 ж. Семей қаласында орта мектепті бітіреді. 1935ж. Алматыға келіп, мал дәрігерлік институтына түсіп бітіріп шығады.
1941 ж. Отан соғысына қатысады. Ленинград фронтында болып, 1946 ж. соғыстан қайтып келген. Еңбек жолын бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында мемлекетік әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде аға инспектор болып бастайды. 1947-1975 жылдары Бөрлітөбе, Қаратал, Алакөл аудандарында аудандық әлеуметтік-қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болып 30 жылдай қызмет істеген.
1975 жылы зейнетке шығып, 1991 жылға дейін Алматы қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде қызмет еткен.
Бірінші дәрежелі Отан соғысының орденімен (1985); 8 рет Ұлы Отан соғысының медальдарымен (1943-1996жж), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Құрмет грамотасымен (1957), Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Құрмет Грамотасымен (1966), «Тың және тыңайтылған жерлерді игеру» медалімен (1957), «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының үздігі» (1968), «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970), «Еңбек ардагері» медалі (1975), «Соғыс ардагері» белгісі (1999), «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының ардагері» (1980) медальдарымен марапатталған. Бес рет аудандық Кеңеске депутат болып сайланған. 4 бала, 6 немере тәрбиелеп отыр.

Серғазин Айтқазы .
( 1918-1991 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Қалпақ ) , Байбапа , Бибапа , Әлжан , Серғазы, одан – Айтқазы .
Серғазин Айтқазы 1918 жылы бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданының оныншы аулында туған . 1942 жылы Алматы медицина институтын бітірген . 1942 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан .
Соғыстан кейін 1946 – 1949 жылдары Алматы облысының Іле , Балқаш аудандары ауруханаларының Бас дәрігері болып қызмет еткен .
1949 – 1954 жылдары Үштөбе ( бұрынғы Талдықорған облысы ) және Шымбұлақ балалар санаторийінің Бас дәрігері болды . 1955 – 1957 жылдары Қазақ темір жолы Басқармасының Орталық ауруханасының Бас дәрігері болып жұмыс істеген . 1957 -1961 жылдары Алматы медицина институтының рентгология-радиология кафедрасының ассисенті болып қызметке тұрған . Серғазин Айтқазы 1961 жылы медицина ғылымдарының кандидаты , 1967 жылы медицина ғылымдарының докторы атағын қорғаған . 1961 – 1973 жылдары Алматы медицина институтының рентгология – радиология кафедрасының меңгерушісі , емдеу факультетінің деканы болып қызмет істеген .
1973 – 1988 жылдары Қазақстан рентгология – радиология ғылыми қоғамының төрағасы . 1976 – 1981 жылдары Бүкілодақтық ( ССРО ) рентгология радиология ғылыми қоғамының Төрағасының орынбасары .
Медицина саласынан 60 тан астам ғылыми еңбектері , 2 монографиясы баспасөзде жарияланған .
Қазақ ССРінің «Жоғарғы мектебіне еңбегі сіңген қызметкері» (1982 ) ,
ССРОның «Қызыл Жұлдыз» , «Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған .
1991 жылы 27 желтоқсанда дүниеден қайтты .

Қаймолдин Қадылжан.
(1919 -1992)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке) Құлбарақ, Шүршіт, Мұжық, Олпы (Шонтай), Қоймолда одан Қадылжан.
Қоймолдын Қ. Бұрынғы Семей обылысы, Шұбартау ауданының 10 – ауылында туған. Ауылда ескіше оқыған. 1935-1937 ж. Алматыдағы теміржол техникумын бітірген. 1941 ж. Қазақтың Ұлттық Университетінің физика-математика факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 ж. аяғынан жараланып, еліне оралды.
Еңбек жолын Алматы облысының партия комитетінде бастаған. 1947ж. Алматы облыстық білім беру бастығына тағайындалған. Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінде, Алматы қалалық, аудандық Атқару Комитетінде қызмет атқарған. 1953ж. өз мамандығы бойынша Қазақ Политехникалық Институтына кіші ғылыми қызметкер болып ауысады. 1955ж. Мәскеуден білім жетілдіру курсын бітірген. Өмірінің соңына дейін осы институтта қызмет атқарды. 1961ж. физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алады. 1961ж. доцент атағы берілген, 8 жыл кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Ысқақов Ербала .
(1922 -1970)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Қожакелді.
Ысқақов Е. Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас селосында туған.
Әкесі 2 жасында, шешесі 10 жасында қайтыс болған. Алдымен Шұбартау балалар үйінде, кейін Аягөздегі балалар үйінде тәрбиелеген. Аягөздегі мұғалімдер педучилищесін 1941 жылы тәмәмдаған. Отан соғысы басталған соң, Алматыдағы әскери училищеде минометчик дайындықтан өтіп, соғысқа аттанады. 1942-1943 жылдары әртүрлі Оқу батальондарының взвод командирі болған. 1943 -1945 жылдары Брянск, Белорусь фронттарында миномет взводтарының командирі болып, 1945 жылы ауыр жараланып, Серпухов госпиталында емделіп, елге қайтады. 1944 ж. Коммунистік партия мүшелігіне өткен. Елге оралған соң, 1945 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетіне түсіп, 1949 жылы қызыл дипломмен бітіріп шыққан. Еңбек жолын осы институттың политэкономия кафедрасында 1949 жылдан ассисент болып бастаған. 1954 -1955 жылдары осы институттың партия комитетінің секретары болып тағайындалған. 1967 жылы ғылым кандидаты атағын қорғап шыққан. 1949 -1970 жылдары 21 жыл бір мекемеде, ҚазПИ-де еңбек етті. «Қызыл жұлдыз» орденімен (1944), Отан соғысының бес медалымен, Лениннің жүз жылдығына арналған «Ерен еңбегі үшін» медалымен, «Көп жылдық ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталған.
1955-1956 жылдары Алматы қаласының депутаты болып сайланған.
Әйелі Ерқожақызы Бибінұр, 1 ұл, 3 қызы, немерелері Алматыда тұрады.

Өмірзақ Балтақайұлы Шоқбатаров .
(1923 -1995)
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет, Қосай , Еламан ( Қасқа ) , Дүйсеке , Жылкелді , Байсүгір , Орсақ, Құдайқұл , Шоқбатар , Балтақай , Өмірзақ .
1923ж Шұбартау ауданының 9 аулында туған. Еңбек жолын 1939 жылы « Балқаш жұмысшысы» газетінде әдеби қызметкер болып бастайды. 1942ж майданға аттанып, НКВД-нің 45- ші Кавалерийский полкының
құрамында соғысқа қатысқан . Балтық жағалауында соғыс біткенше әскер қатарында болған. 1949-1956 жылдары Аягөз аудандық партия комитетінде нұсқаушы , екінші хатшысы болып қызмет атқарған .
1957-1963 жылдары Ақсуат аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1963-1969 жылдары Жарма, Үржар аудандарында аудандық атқару комитетінің төрағасы болып, 1969 ж. зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық партия комитетінің бөлім меңгеруші қызметін атқарған. «Еңбек Қызыл ту» 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордендерімен, көптеген медаль, грамоталарымен марапатталған. Әйелі Төлеусары Махметқызы Семей қаласында тұрады . 6 балалары , 10 немерелері , 5 шөберелері бар .

Бекен Жылысбаев .
(1923 ж. туған)
Қазақстанның халық артисі, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, руы Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Қожакелді – Жылысбай, одан Бекен. Жылысбаев Бекен 1923 ж. бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданында туған. Еңбек жолын 1939 ж. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында хор әншісі болып бастаған. Ол 1940 ж Мәскеудің И. Чайковский атындағы консерваториясына оқуға түседі. Бірақ Ұлы Отан соғысы басталуына байланысты ол 1942 ж. Кеңес әскерінің қатарына алынып, соғысқа аттанады. 1944 ж Чехословакияда қатты жараланып, елге қайтады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Отечественная война» орденімен екі рет марапатталған. Елге қайтып келген соң 1945 ж. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, оны 1951 ж. бітіріп шығады. Консерваторияда оқуымен қатар, Республика радиокомитетінде солист болып жұмыс істейді. Консерваторияны бітірген соң, Қазақтың Мемлекеттік филармониясына солист қызметіне жұмысқа жіберіледі. Онымен қатар, консерваторияның вокальдық кафедрасына мұғалім ретінде қызмет атқарады. 1955 ж. Бекен Жылысбаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» деген құрметті атақ беріледі. Осы жылы ол Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның вокальдық кафедрасына мұғалім болып тұрақты жұмысқа жіберіледі. 1956 ж. бастап Б. Жылысбаев 1998 жылға дейін 42 жыл бойы үздіксіз вокальдық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істейді. 1959 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумының шешімімен оған «Құрмет белгісі» ордені берілді. Екі рет Алматы қалалық кеңесінің (1957, 1959) ж. депутаты болып сайланды. 1960 ж. доцент ғылыми атағы берілген. 1973 ж. Жоғарғы Аттесциялық комиссиясының шешімімен вокальдық кафедраның профессоры атағы бекітіледі. 1971 ж. 20 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумының шешімімен Б. Жылысбаев Ленин орденімен марапатталды. 1977 ж. оған «Қазақстанның халық артисі» құрметті атағы берілді. 1955, 1977, 1983 жылдары ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2005 жылы сексен жасқа толуына байланысты «ОТАН» ордені берілді . Б. Жылысбаев көптеген белгілі шәкірттер дайындаған : Сейталиев Т. – КСРО халық артисі, Қырғызстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық артистері Нұржамал Үсенбаева, М. Мұсабаев, Н. Қаражігітов, З. Қойшыбаева, Ғ. Есімов, С. Абусейітов, Н. Нүсіпжанов және 17 Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 11 Халықаралық конкурстердің лауреаттары, 10 К. Бәйсейітова атындағы конкурстың лауреаттары. Қазір Б. Жылысбаев Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның вокальдық кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істейді.

Серікбол Темешев
(1924 – 2005)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Шақантай (Қалпақ). С. Темешев бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының 10 ауылында туған. 1930 жылы конфеске мен ашаршылық басталғанда әке-шешесі Қытайға ауып кеткен. 1930-1939 жылдары ол бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданының Науалы балалар үйінде тәрбиеленген. 1939-1942 жылдары Науалы мектеп-интернатында оқиды, қосымша колхозда қара жұмыс істеп жүрген. 1942 ж. Егінсу ауылына келіп туыстары Әлпенов Мысырдың үйінде тұрып, Киров колхозында қара жұмыс істеп, соңынан Үржар машина трактор станциясында весовщик (таразылау есеп-қисабы) болып жұмыс істеген. 1942 ж. желтоқсан айында әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанады. Соғыста төрт рет жараланып, контузия алады. 1945 ж. екінші дәрежелі Отан соғысының мүгедегі ретінде елге оралады. Емделгеннен кейін 1946 ж. бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданының Егінсу селосында бухгалтер-счетовод болып жұмысқа орналасады. С. Темешев майданнан Коммунистік партияға кандидат ретінде оралған соң, оны 1946 ж. Үржар аудандық комсомол комитетіне нұсқаушы етіп жұмысқа қабылдайды. Сол 1946 ж. аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. 1948 ж. Семей облыстық партия комитеті С. Темешевті Алматы Жоғарғы партия мектебіне оқуға жібереді. Оқуды 1950 жылы бітірген соң, оны Семей облыстық партия комитеті Мақаншы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп тағайындайды. 1952 ж. С.Темешев Үржар аудандық партия комитетінің бөлім бастығы болып тағайындалады. 1954 ж. Үржар ауданының «Тасбұлақ» совхозының партия комитетінің хатшысы болып жұмысқа жіберіледі. 1955 жылы С. Темешев Алматыға келеді. 1956 ж. «Казглавмука» комбинатының үшінші зауытында техника бөлімінің бастығы болып орналасқан. 1957 ж. Қазақ КСР – нің Статистика Басқармасының шаруашылық істерінің бөлім бастығы болып тағайындалған. 1958 жылдан бастап С.Темешев Сауданы басқару қызметіне ауысқан. 1958 ж. Алматы облыстық Сауда кәсіподақ кеңесінің аға нұсқаушысы, бөлім бастығы, 1963 ж. Алматы облыстық Сауда Кәсіподақ кеңесінің төрағасы болып тағайындалған. Ал 1964 ж. бастап 1981 ж. зейнетке шыққанға дейін, ол Қазақ КСР – нің Сауда министірлігінің коллегия мүшесі, кадр бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. Зейнетке шыққаннан кейін де 1994 ж. дейін Сауда министрлігінің бірнеше мекемелерінде жұмыс істеген. С.Темешев «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысының 1,2 дәрежелі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін «Құрмет белгісі» орденімен, Семей облысының ауылдық, аудандық, облыстық кеңесіне, Алматы қаласының аудандық, қалалық кеңестеріне
бірнеше рет депутат болып сайланған.

Әдібаев Хасен
(1924 ж. – 11.05.2012 ж.)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Жаңыл), Серкембай, Маңыбай , Әдейбай , Мұқат , одан -Хасен.

Әдібаев Х. Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында туған – әдебиет зерттеуші, жазушы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия – экономика факультетін 1955 ж. бітірген; Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің аспирантурасын 1959 ж. тәмәмдаған. 1959 жылдан Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінде ұстаздық еткен.
Филология ғылымдарының докторы(1970) . Шығармалары: «Уақыт және суреткер» (1967), «Талант, талғам, тағдыр» (1971), «Көкжиек» (1978) атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелеріне, көрнекті қаламгерлердің шығармаларын саралауға арналған. Оның «Таңбалы адам» жинағы (1975), «Отырар ойраны» романы (1986), «Әупілдек» әңгіме – повестер жинағы (1987), «Гибель Отрара» роман ( орыс тілінде,1997), «Отырар ойраны » (толықтыруларымен 2001) , « Созвездия Близнецов» (2004) , «Өмірдария» ( 2006 ) , «Абай патшалығы» , «Абсолют» сияқты көркем шығармалары жарық көрген. Қазақ әдебиетінен орыс мектептеріне, арнаулы және жоғарғы оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың авторы.
«ІІ дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ( 2-рет) , «Құрмет» ордендер, екі рет «Ерлігі үшін» медальдармен марапатталған. Жоғарғы оқу орындарының еңбек сіңірген қайраткері.
Х . Әдейбаевтың атасы Әдейбай ескіше оқыған , сауатты , ел арасында емші , тәуіп ретінде танымал , қадірменді адам болған .
Жолдасы жыл бірге өмір сүрді , үш бала ( Марат, Тимур, Шынар) тәрбиелеп өсірді , балалары жоғары білімді , тәрбиелі , парасатты. Марат әкесінің жолын қуып әдебиетші , аудармашы , Абайдың өлеңдерін орысшаға сауатты аударған азаматтардың бірі , екінші баласы Тимур Елбасы аппаратында , үшінші балалары Шынар банкте қызмет етеді . Осы балаларынан төрт немерелері бар,олар да шетелде жоғары білім алған , жақсы қызметтері бар .
Хасен ағамыздың үлкен еңбекқорлығын , биязы мінезін , өмірсүйгіштігін атап өтуге болады . Соңғы он бір ай төсек тартып жатқанына , көзі , құлағы нашарлауына қарамастан жазуын тоқтатпады , жанында үнемі Марат пен Шынарға жазуын диктовать етіп , күнделікті басылымдады бір , екі сағат оқып беруін талап етіп отырған .

Бөдесов (Бисимбиев) Мұхтар Жарылқасынұлы
(1927 ж. туған. паспорт бойынша – 1928 ж.)
Абақ Керей, Жастабан, Бекназар; Бегімбет, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай, (Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Мусабек, Бөдес, Жарылқасын одан Мұхтар. Бөдесов М. ( Байдың баласы деп қудалауға түскен соң документ алғанда Бисимбиев болып жазылып кеткен) бұрынғы Семей облысы, Дағандел болысының Қазанғап деген 10-шы ауылында дүниеге келген. Оның балалық шағы қаралы кампеске жылдарымен тұспа-тұс келді. Ірі бай құлақтардың қатарында әкесі мен ағалары қуғын-сүргінге ұшырайды, Ақмола, Семей, Ырғыз, Торғайда 1928-1931 ж. көшіп жүрген. 1931-ші жылы олар Жамбыл облысына келеді: Кировское, Талас ауылдарында 1933 ж. дейін тұрады. 1933 ж. Қырғызстанның Грозный селосына келіп, қоныстанады.
Бөдесов М. 1935 ж. Грозный селосындағы орыс мектебінің 1-ші класына барады. 1942 ж. жеті жылдықты бітіріп, ол еңбек жолын Тянь-Шань тауындағы Қашкасу вольфрам руднигінде, Грозныйдағы машина-трактор стансасында жұмысшы-тракторист болып бастаған. 1946-1948 ж.ж. Тараз қаласындағы техникалық мектепке түсіп, оны бітірген соң жолдамамен Шөлдала, стансаларында жұмыс істейді. 1948 ж. Бөдесов М. Жамбыл бөлімшесіне поез диспетчері болды. 1949-1961 ж.ж. Аягөз теміржол Бөлімшесінде диспетчер, бөлім бастығы, бөлімше бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 1952 ж. Алматы теміржол техникумын бітірген. 1956 ж. Ташкент теміржол институтын тәмәмдаған. Аягөз Бөлімшесі Семейге көшкенде, 1961 ж. ол Алматыға шақырылып, Қазақ теміржолы басқармасының оқу бөлімінің бастығының орынбасары, қозғалыс қауіпсіздігінің тексерушісі болып, еңбек етеді. 1963 ж. ол Алматы теміржол Бөлімшесінің бастығының орынбасары, 1965 ж. Бөлім бастығы болып тағайындалады. Алматы теміржол бөлімшесінің бастығы болып 1980 ж. дейін 16 жыл қызмет атқарады. 1980-1988 ж.ж. Қазақ теміржол кәсіподақ комитетінің төрағасы болып зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарады.
«Құрмет» белгісі, «Еңбек Қызыл ту», «Октябрь Революциясы» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «КСРО-ның Құрметті теміржолшысы» атағы, «КСРО-ның азаматтық қорғаныс үздігі», ВЦСПС-тің Құрмет белгісі берілген. Қазақстан компартиясының ХІІ, ХIV, XV съездеріне, Бүкілодақтық кәсіподақтың XVII съездеріне делегат болып сайланған. 14 жыл Алматы обылыстық партия комитетінің мүшесі, екі рет Алматы қалалық Октябрь ауданының партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланған.
Мұхтардың атасы Бөдес қажы Меккеге екі рет барған , халықтың қамын ойлаған , елге сыйлы , ауқатты , танымал адам болған . Шұбартау өңіріндегі Қазанғап деген жердегі Бөдестің жылқы қорасының орны мен « Бөдес құдығын» кейінгі кезге дейін малшылар пайдаланып келген . Ақ пен қызылдар келгенде оларға қарсы шығып , әскер жасақтаған . Қазақтың еліне , жеріне олардың келтіретінін зиянын алдын ала түсінген . Сол аласапыран заманда елді тонай келген , зорлық көрсеткен бір топ отрядты Бақанастың қарасуына батырып , күйретіп жіберген . Бөдес қажы балалары Кәрім мен Жарылқасынды Семейге апарып , орыс мектебінде оқытқан . Ауылдың бір топ балаларын Семейден орыс мұғалімін жалдап әкеліп оқытқан . Бөдес ауылын «сия тамған» ауыл дейді екен . Кейінірек баласы Кәрім сауатты , ақылды , адал азамат болып , керей ауылдарында бірнеше жылдар болыстық қызметті атқарған . Кәрімнің Семейде оқып жүрген кезінде ауылға жазған хатын келтіре кеткенді жөн көрдік :
« Қара сыя , көк қарындаш қолымда
Жиырма бала бір орыстың соңында
Ұрықсат болса бір азырақ сөйлейін
Ұрып – соғу жоқ па деймін артында

Біздің қазақ қыр сахара жайлаған
Жал мен жая , қазы қарта шайнаған
Өткен өмір келер мекен , дариғай
Кешке таман құрбылармен ойнаған

Балақ түріп , қозы қуып жарысып
Батпағында тең құрбымен алысып
Түнде ақсүйек , алтыбақан , ал күндіз
Асау тайды үйретем деп жарысып …»

Рахмадиев Еркеғали. (1932 ж. туған).

Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Қосай, Еламан, Орман, Сүйіндік, Кенжебай, Дүйсенбай, Жабықбай, Рахмади одан Еркеғали.
Е.Рахмадиев бұрынғы Семей обылысы, Шұбартау ауданының 9-шы ауылында (кейінгі аты Мәдениет) туған. Әкесі Рахмади ақын, жыршы, термеші болған. Еркеғали бала кезінен әкесінен Ер Төстік, Ер Қосай, Қабанбай, Бөгенбай батырлар, Қобыланды мен Алпамыс жырларын естіп өскен.
1940 ж. Р.Еркеғали Балқаш көлінің жағасындағы Жаңатілеу ауылында бастауыш мектепті бітіреді. Келесі бес класты Еркеғали Үлгі колхозында интернатта жатып, оқиды. 1944 ж. еңбек жолын балық аулау шаруашылығында бастаған. Атақты композитор М.Төлебаев осы Үлгіде туған. Ол ауылға келіп-кетіп жүргенде, оның шығарған музыкалары Е.Рахмадиевке көп әсер еткен. 1948 ж. сол ауылға Н.Тілендиев, Б.Жылысбаев, К.Ошлаков барып, талантты жастарды оқуға іріктейді.
1948 ж. Еркеғали Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға қабылданады.
1952 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына оқуға түседі. Оны 1957 ж. тәмәмдайды. 1957-1958 ж.ж. ол, Москвадағы КСРО композиторлар Одағының жанындағы білімді жетілдіру курсында оқиды. 1958 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының фольклорлық комитетінің меңгерушісі болып, жұмыс істеген.
1959-1961 ж.ж. Қазақтың Жамбыл атындағы филармониясының көркемдік жетекшісі, 1961-1965 ж.ж. Қазақ КСР мәдениет министрлігінің Өнертану Бас Басқармасының бастығы, 1965 ж. Алматы консерваториясының аға оқытушысы, 1966 ж. Абай атындағы Мемлекеттік Опера театрының директоры, 1967-1975 ж.ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры, 1968-1991 ж.ж. Қазақстанның композиторлар Одағының төрағасы, КСРО композиторлар Одағының секретары, 1991 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы үкімет саясаты жөніндегі халық кеңесініің мүшесі, 1991-1993 ж.ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрі болып қызмет еткен.
Шығармалары: «Қамар сұлу» (1963), «Дала шұғыласы» (1967), «Алпамыс» (1972), «Тың әуендері» (1980), «Қайран Майра» (1986), «Абылай хан» (1999) опералары, 19 спектакль мен кинофильмдерге музыка, оркестрге арналған 9 шығарма, жеті вокальдік-симфониялық дүниелері, 2 вокальды-хореграфиялық композиция, 2 қазақтың халық аспаптарына вариация мен поэма, хор мен капеллаға арнап 8 шығарма, 73 ән мен романстар жазған.
М.Рахмадиев «Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Халықтар достығы» (1982), «Отан» (2000), ордендерімен, «Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» (1947), АҚШ-тың Пенсильвания штатының «Өнердегі еңбегі үшін (1992) медальдарымен марапатталған. Е.Рахмадиевқа «Қазақ КСР-нің халық әртісі» (1975), «КСРО-ның халық әртісі» (1981) құрметті атақтары берілген. Оған Қазақ КСР-нің Мемелекеттік сыйлығы (1980), Бүкілодақтық конкурстарда 3 рет басты сыйлықтары (1973-1978-1982), бүкілодақтық байқауда 1 дәрежелі дипломы тапсырылған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне 5 рет (1967,1971, 1976, 1981,1986) депутат болып сайланған. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің мүшелігіне 4 рет (1971,1976,1981,1986) кандидат болды.
Республикалық мәдениет қайраткерлерініің съезіне (1953), Қазақстан комсомолдарының VIII съезіне (1956) делегат болып қатысты. 1962-1964 ж.ж. Алматы облысының партия обкомының мүшесі болды. 1968 ж. бастап осы күнге дейін Әдебиет және өнер саласындағы Мемелекеттік сыйлықты тағайындау Комитетінің мүшесі, 1968 ж. Алматы консерваториясының доценті, кейінірек профессоры, 1991-1993 ж.ж. Жоғарғы Атестациялық комитетінің мүшесі, 1969 ж. бастап Қазақ энциклопедиясы редакция коллегиясының мүшесі.
Е.Рахмадиев шетелдік бүкілодақтың және республикалық көптеген Конкурстардың алқа мүшесі, қатысушысы, жүлдегері.
Е.Рахмадиев бүкіл әлемге танымал тұлға, бұрынғы Кеңес Одағы , Қазақстан Республикасына белгілі атақты композитор, қоғам қайраткері.

Жоламанов Тоқай Шалқарұлы ( 1928 ж. туған )

Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Торғай , Телеу , Қайтармыс , Барыз , Шалқар, одан -Тоқай .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Баршатас аулында туған . 1958 – жылы Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы педогогикалық институтын , 1965 – жылы Алматыдағы Жоғарғы партия мектебін бітірген . 1949 -61 жылдары Семей облысы , Жарма ауданындағы жеті жылдық және орта мектептерінде мұғалім , оқу ісінің меңгерушісі . 1961 – 63 жылдары осы ауданның « Скотовод» совхозының партия ұйымының хатшысы . 1965 – 77 жылдары Көкпекті аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары , Шұбартау аудандық партия комитетінің екінші хатшысы , атқару комитетінің төрағасы . 1977 – 88 жылдары Аягөз аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған . 1988 – жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткер . 1973 , 1976 жылдары екі мәрте « Құрмет белгісі» орденімен , 1966 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің « Құрмет Грамотасымен» , медальдармен марапатталған . Аягөз ауданының « Құрметті азаматы» . 1997 жылы Меккеге жұбайы Хамитова Күлзада Оспанқызымен бірге барып , қажылық парыздарын өтеп қайтқан .

Шәкәрімнің – Айдынкөл , Шалқарға баласы Зиятты тапсыруы .

Жарқыным , жанашырым , туыстарым ,
Белгілі болды белді буысқан күн .
Көзіңнен мөлтек – мөлтек жас төгілмей ,
Ағылған ақ қағазға жыр ұстадым .

Сендердей болса адамдар достасар ем ,
Көп бірақ беріп жүрген босқа сәлем .
Екеуің болмағанда сұм заманда ,
Ертерек өлімменен қоштасар ем .

Баламдай болсаңдарда қос арысым ,
Тең қылып тебінгімді қош алыстым .
Байқаңдар , қанаттарың қырқылмасын
Өтінде жүрген жоқсыңдар осал істің .

Ашуды бостан босқа шақырма еш ,
Қосылса жол табады ақылға ес .
Екеуің де екі қолым секілдендің
Бақанас Шыңғыстаумен жақын емес .

Суы бір , өрісі бір Шақантайым ,
Құрметтеп үлгі тұтам атаң жайын .
Сендердей ұғынбайды – ау замананың ,
Біздерге тісі ақсиып қатайғанын .

Шалқар мен Айдынкөлдей азаматым ,
Көтерген жігіт болып қазақ атын .
Сендердей туар әлі тұлпар тұяқ ,
Мен құсап мезгілінен сөз алатын .

Біріңе бірің туыс пар болдыңдар ,
Жігітке өздеріңдей зар болдыңдар .
Бақ ұшып , дәулет тайған мезіретте
Басыма жастық қойған жар болдыңдар .

Тапсырдым өздеріңе Зиятымды ,
Тапсырдым жоғалмайтын Ұятымды .
Мен домбыра , екеуің ішегісің ,
Зиятым шертілетін күй ақырғы .

Жолдарың болсын оңды қарақтарым ,
Шаңына аттарыңның қарап қалдым .
Барыздың батыр туған екі ұлы
Сияқты менің ұшқан қанаттарым .
( қысқартылып алынды )

Ибраев Тұраш(1929 -1991)

Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайбарді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Нарымбай, Тәуірбай, Ыбырай, Кәрім, одан -Тұраш.
Ибраев Тұраш бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында туған. 1949 ж. орта мектепті бітірген соң, ол Мәскеудің А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтына түсіп (ГИТИС), оны 1954 ж. тәмәмдап шығады. Еңбек жолын1954 ж. М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрында әртіс болып бастады. 1957 ж. Казкино студиясында режиссер, 1959 ж. бастап 30 жыл бойы «Казахтелефильм» студиясында кинорежиссер болып еңбек етті. 70-ке жуық көркем және деректі фильмдер, фильм-спектакльдер түсірген. Оның ішінде бірқатар туындылары Қазақ теледидарының таңдаулы классикасына енді: «Сенім (Доверия)», «Құрманғазы», «Ақ автомобиль», «Жаз аяқталып келеді» көркем фильмдері, «Қыз-Жібек», «Еңлік-Кебек», «Беу қыздар-ай» фильм-спектакльдер, «Беташар», «Тұсау кесу», «Той бастар» деректі фильмдері. Каспий мұнайшылары, Арал балықшылары, Жетісу қойшылары, космонавтар, ғалымдар, жазушылар т.б. туралы деректі фильмдер түсірген. Оның туындылары бүкілодақтық кинофестивальдарында бірнеше рет жүлделі орындар мен дипломдар алған. Соңғы түсірген кинофильмі Шәкәрім Құдайберді ұлы туралы. 1976 ж. оған 1-ші дәрежелі кинорежиссер атағы берілген. Т.Ибраев – Қазақ КСР-ның халық әртісі, КСРО киноматографистер одағының мүшесі, КСРО теледидар тарату мен радио тарату үздігі. Оның аты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Алтын Кітабына жазылған.

Мыңбай Рәш .
(1930 ж. туған)
Ақын, жазушы, сатирик. Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауғашар, Шақантай (Қырғыз), Кешубай, Құрақбай, одан Рәш, одан Ахметкәрім, одан -Мыңбай. М.Рәш 1930ж. бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының, Баршатас ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтына түскен. Институтты бітірген соң «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығы болып жұмыс істейді. Кейінірек «Ара» журналының сықақшысы, «Новый фильм» журналының бас редакторының орынбасары, «Ғылым» баспасының бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» баспасының бас редакторы болып қызмет атқарады. М.Рәштің бірінші өлеңдер жинағы 1952 ж. басылып шықты. Содан бері оның 30-дан артық кітаптары жарық көрді. Оқырмандар мен, сыншылардың жақсы бағасын алған еңбектері: «Терек пен тікенек», «Біле қойдым», «Қанатты арман», «Қисық айна», «Суылдақ» , «Дәуір дастан», «900 күн», «Тұлпар», «Бес белес», «Бастау», «Алмагүл», «Шұбартау ауылдары», «Тсс…тісіңнен шығарма» (1 томдық сықақ өлеңдері, 1996), т.б. Ерекше белгілі еңбегі ретінде Шұбартау аудандық жас мал өсірушілерге арнаған «Бастау» поэмасын атап өткен жөн. Бұл поэмасы Москвада жеке кітап болып орыс тілінде басылып шықты және ақынның өз орындауында Ташкент пластинка зауытында үнтаспаға басылып шықты. М.Рәштің көптеген өткір сықақ өлеңдері белгілі артистердің орындауында теледидардан, радиодан, концерт алаңдарында орындалып жүр. Ащы сықақ пен әжуа өлеңдерінен басқа оның көптеген өлеңдері адамгершілік пен өмірлік шындықты замандастарымыздың жан дүниесін қозғап тербейді. М. Рәш ақындық өнерінен басқа, аударма саласында да елеулі еңбек етті. Ол әр жылдарда А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Маяковскийдің, С.Михалковтың, М.Исаковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне тамаша аударды. М.Рәш көптеген халықаралық, бүкілодақтық, республикалық сатирик-ақындардың конкурсының лауреаты. Оның сықақ-өлеңдері орыс тілінде «Крокодил» журналына қосымша жеке кітап болып басылып шыққан. 2000 ж. «Елорда» баспасынан «Киелі домбыра» атты дастаны басылып шықты. Оған Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Бейсенова хақында дастандары кірді. 2000 ж. жаңа ғасырға, жаңа ән конкурсында М.Рәштің «Туған жер» деген өлеңіне жазылған әні (сазгер Б. Хасанғалиев) Гран-при басжүлдені жеңіп алды. М.Рәш Алпамыс, Манас, т.б. қиссаларды жатқа орындайтын жырау. Оның М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Момышұлы т.б-дың тірі дауыстарын айнытпай салатын артистігі де бар. М.Рәш көптеген КСРО медальдарымен, ЦК ВЛКСМ мен ЦК ЛКСМ-нің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Оған «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасына-10 жыл», Еңбектегі ерлігі үшін» медаль берілген.
Сасенов Құрмаш.
(1930 ж. туған)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Құдабай, Наймантай, Сасен одан Құрмаш.
Сасенов Қ. бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында туған. Ауылда орта мектепті бітіргеннен кейін Семейдегі екі жылдық мұғалімдер дайындайтын институтында оқып 1948 ж. тәмәмдаған.Сол жылдан бастап Шұбартау ауданында мұғалім болып еңбек жолын бастаған. 1962 ж. Алматыдағы Абай атындағы КазПИ-нің тарих факультетін бітірген.
1965 -1973 жылдары Шұбартау ауданының Ш.Уәлиханов атындағы совхозында партия комитетінің хатшысы болып қызмет істеген, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланған.
1973 -1983 жылдары «Горный» орта мектебінің директоры болып қызмет атқарған. 1983 жылдан 2005 жылға дейін сол мектепте ұстаз болып еңбек етті. Облыстық партия комитетінің «Мақтау грамотасымен», Қазақ КСР халыққа білім беру министрлігінің «Құрмет Грамотасымен»(1990), « Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»( 1995) белгісімен марапатталған. 2006 жылы Сасенов Құрмашқа «Аягөз ауданының құрметті азаматы» атағы берілді .

Құрмаштың ағасы Сәсенов Берікбол ( 1916 – 1944 ) , Шұбартау ауданының оныншы аулында туған . Екі жыл ауылдық мектепте оқығаннан кейін , 1930 жылы Семей қаласындағы автодорожный техникумының екі жылдық дайындық курсын , 1932 – 1934 жылдары Алматыдағы Политехникумды бітірген . 1935 – 1940 жылдары Шұбартау ауданының машина шөп станциясында есепші , ЗАГС бөлімінде іс жүргізуші , аудандық жер бөлімінің есеп инспекторы , аудандық тұтыну қоғамының Бас есепшісі болып еңбек еткен .
1940 жылы әскерге алынып , Ұлы Отан соғысына қатысып , 1944 жылы Карело – Финляндия жерінде қайтыс болған . Сол жерге жерленген .

Жәркенов Қабыш ( 1933 – 1997 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Қырғыз ) , … , Жәркен , Баймұрын , одан – Қабыш .
1933 ж . Шығыс Түркістанда туған . Сол жақта мектепті бітіріп , мұғалімдік оқуды аяқтаған . 1955 ж. ата мекені Шұбартау өңіріне Қосағаш аулына қайта оралған . КазМУ дің тіл әдебиет факультетін (1960 – 1965 ) бітірген . Шұбартау , Талдықорған жерлерінде мектепте ұстаз болған . Кейін Алматыға келіп , Республикалық Кітап палатасында қызмет атқарған . Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі . « Мінезді аю» , « Айналайын» , « Көңілді жаз» , « Бесбұлақтың балалары» , « Мұғалімдер» , т. б. кітаптары жарық көрген .

Батырбеков Ғаділет Әндияұлы .
(1934 ж. туған)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Құлшықбай, Батырбек, Әндия, одан -Ғаділет.
Батырбеков Ғ. Алматы қаласында туған. 1951 ж. Алматы қаласының №28 орыс орта мектебін бітіріп, сол жылы Мәскеудегі Энергетика институтына түсіп, оны 1957 ж. тәмәмдаған.
Еңбек жолын Алматыдағы Ядролық Физика институтында кіші ғылыми қызметкер болып 1957 ж. бастаған. 1957 ж. институттың жолдамасымен бір жыл Мәскеудегі Курчатов атындағы Атом қуаты институтында стажировкадан өтеді. Одан Алматыға келіп Ядролық Физика институтында қызметін жалғастырады. 1960 ж. институттың жолдамасымен Обнинск қаласындағы Физика-энергетикалық институтына күндізгі аспирантураға қабылданып, оны 1964 ж. бітіріп шығады. 1964 ж. Алматыға келіп Ядролық Физика институтында қызметін жалғастырады. Қазақстанда атом реакторымен айналысқан мамандардың алғашқысы. 1965 ж. Алматыда физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғаған. 1966 жылдан аға ғылыми қызметкер, 1968 ж. атом реакторының бас инженер, реакторды зерттеу лабораториясының меңгерушісі болып 1980 жылға дейін істеген. 1980-1992 жылдары Ядролық Физика институт директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
1987 ж. Обнинск қаласында «Ядролық-энергетикалық қондырғылар» тақырыбында техника ғылымдарының докторы атағын қорғаған.
1993 ж. Президенттің жарлығымен Қазақстанда құрылған «Ядролық орталықтың» Бас директоры болып тағайындалған. Осы Ядролық орталықта Ғ.Батырбековтың басшылығымен атом энергиясын зерттеу туралы төрт ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылған.
1995 ж. қайтадан бұрынғы жұмысы Ядролық-физика институтына «Атом қуатының физикалық және энергетикалық мәселелері» лабораториясының меңгерушісі болып ауысып, осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеді.
Ғ.Батырбеков Қазақстан Республикасының «Құрметті Алтын Кітабына» жазылған. Одақтық дәрежедегі 2 медаль, одақтық министерстволардың көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Республика, жақын және алыс шетел баспасөздерінде 200-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған. Алыс – жақын шетелдерде 12 рет халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми еңбектері туралы баяндама жасаған.

Тобықбаев Қасымғали ( 1935 ж. туған )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет, Қосай , Рыспетек , Құткелді , Төлек , Сарыбай , Көлдай , Ыстыбай , Бейметей , Төрегелді , Тобықбай , одан –Қасымғали .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Малгелді ауылында туған . 1954 жылы Баршатас орта мектебін күміс медальмен , 1959 жылы Алматы Ауылшаруашылық институтын – агроном мамандығы бойынша тәмәмдаған . 1959-1965 жылдары Алғабас совхозының бас агрономы , бас агроном – экономисі , 1965-1966 жылдары Горный совхозының бас экономисі , 1966-1971 жылдары Шұбартау ауданы Сарықамыс , Шұбартау совхоздарында ферма меңгерушісі , 1971-1974 жылдары Шұбартау ауданы , Шұбартау совхозының партия комитетінің хатшысы , 1974-1980 жылдары Шұбартау совхозының директоры , 1980-1986 жылдары Сарықамыс совхозының директоры , 1986-1995 жылдары Алғабас совхозының бас агрономы болып қызмет атқарған . 1995 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққан .
«Еңбек Қызыл Ту» , «Құрмет Белгісі» ордендерімен , медаль- грамоталармен марапатталған . Еңбек Ардагері , ҚР ның Алтын кітабына жазылған .
Жұбайы Күлаш Хасенқызы екеуі 9 бала , 23 немере , бір шөбере тәрбиелеп өсірген .

Есімбеков Ізімхан ( 1935- 2004 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Қосай , Рыспетек , Есіркеп , Нұралы
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Екпін колхозында туған .
1954 жылы орта мектепті ,1973 жылы Семейдің зоотехникалық истит-
утын бітірген . Еңбек жолын 1954 жылы Жамбыл облысының Шу станциясында бас кондуктор мамандығынан бастаған . 1955-1960 жылдары әскери борышын Венгер Республикасында өтейді . 1960-1961 ж.ж. сот орындаушысы ,1962 ж. аудандық газетте , 1962-1963 ж.ж. Сарықамыс совхозында кадр инспекторы , жұмысшылар ұйымының жетекшісі , 1965-1971 ж.ж. аудандық партия комитетінің кеңесшісі , Шұбартау совхозының партия ұйымының секрктары , 1971-1980 ж.ж. Сарықамыс совхозында жұмысшылар ұйымының жетекшісі және зоотехник , 1980-1982 ж.ж. Горный совхозында бас зоотехник , 1982-1994 ж.ж. Көктал совхозының директоры ,1994-1997 ж.ж. Мәдениет ауылының Әкімі болып қызмет атқарған .1997 ж. зейнеткерлікке шыққан .
СССР халық шаруашылығын дамытуда алтын медальмен , көптеген республикалық , облыстық , аудандық грамоталармен , медальдармен марапатталған . Отбасында он баланы тәрбиелеген . Кейінгі ұрпақтарына
«Өмір күрес , ақ пен қара арпалысқан ,
Сол күресте айрылма , ар – намыстан» , деген өсиет сөз қалдырыпты .

Қабасов Қойшыбай
( 1935 ж. туған )
Абақ Керей , Жастабан , Бекназар , Бегімбет , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Қалпақ ) , Жанқұлы , Өтеп , Меңлібай , Төлепберген , Қабас ,одан – Қойшыбай .
Қойшыбай бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Сталин колхозында туған . Мектепті 1954 жылы бітіріп , Алматыдағы Жамбылдың тамақ технология институтының бөлімін тәмәмдаған . 1963 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қаласындағы ет – консерві комбинатында технолог болып қызмет атқарған . Осы жерден зейнетке шыққан . Бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған , 4 бала , 5 немере , 2 шөбере тәрбиелеп отыр .

Мұхтар Мағауин
(1940 ж туған)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Қожагелді , Жанабай , Есенбай , Жанақ , Бітен , Құрымбай , Мағауия, одан – Мұхтар .
Жазушы, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының лауреаты , Халықаралық Шыңғысхан Академиясының құрметті академигі .
Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында туған. Орта мектепті үздік аяқтап, КазМУ-дың журналистика факультетін 1962 ж. бітірген. Өмір жолын «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі болып 1965-1967 ж. бастаған. 1967-1970 ж. «Жазушы» баспасында, 1970-1976 ж. «Жалын» альманахының бас редактордың орынбасары, ҚР ҒА-ның Әдебиет және Өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1971-1976 ж. ҚазПИ-де аға ғылыми қызметкер, доцент, 1984-1986 ж. «Жазушы» баспасында бас редактор, 1988 ж. бастап «Жұлдыз» журналының бас редакторы. ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984 ж.), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Түркияның «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты (1997), филология ғылымының кандидаты (1967). Тұңғыш әңгімесі «Кешқұрым» (1964 ж.) «Жұлдыз» журналында жарияланды. Шығармалары: «Ақша қар» (1969), «Бір атаның балалары» (1973), «Қияндағы қыстау» (1977), «Көк кептер» (1979), «Көк мұнар» (1971, орыс тілінде 1975), «Аласапыран»-романы (1-кітап -1981, 2-кітап-1983; орыс тілінде-1985, 1989; ҚР мемлекеттік сыйлық берілген, 1984), «Қобыз сарыны» (1968, орыс тілінде-1970), «Тазының өлімі»(1978), «Жыланды жаз» (1984), «Көкбалақ» (1978), «Жүйріктің тағдыры» (1979), «Шақан-Шері» (1984)-роман, «Поэты Казахстана» (1977), «Голубое марево» (1985), роман, повестер, әңгімелер; «Вешние снега» (1985), тарихи роман-диология, «Аласапыран» (1,2 кітап), Пекин (1991). Таңдамалы шығармалары 2 томдық, «Мен» (1999). «Қыпшақ» аруы ( 2004 ) , « Кесік бас – тірі тұлұп хикаяты» ( 2005 ) . Бірқатар шығармалары шетел халықтары тілдеріне аударылған. 2002 жылы 13 томдық «Шығармалар жинағы» жарық көрді. Қазір толықтырылған және кейінгі , жаңа шығармалармен үстемеленген он жеті томдық жаңа басылым дайындалып жатыр . 2005 жылы « Парасат» орденімен марапатталды . 2006 – 2008 жылдары Прагада « Жармақ» романы , бірнеше әңгімелер жазылды .

Тілеуханов Төлек
(1939 ж. туған)
Жазушы. Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Тыныбек ,Жанғұлы,Қайранбай, Оразғұл, Тілеухан, одан -Төлек. Т.Тілеуханов бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас аулында (қазіргі Қосағаш) туған. 1957 ж. Баршатас селосында орта мектепті үздік бітірген. 1959-1964 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін тамамдап, филолог мамандығын алған. 1964-1969 жылдары өзінің туған ауылында ұстаздық қызмет атқарған. Оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып қызмет атқарған . 1970-1988 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі қызметтерін істеген. 1992 – 1995 ж. ж. « Айқап» баспасында бас редактор болып істеген . 1996 – 2006 ж. ж. «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі. 1965 жылдан бастап шығармалары баспа бетінде жариялана бастады. 1968 жылы «Бәйшешек» деген атпен шыққан жастардың топтама жинағына әңгімелері енген . Содан бері көптеген прозалық кітаптары жарық көрді . Аударма саласында да еңбек етіп келеді. Алан Маршаллдың «Мен секіріп ойнай аламын» повесін ( жеке кітап болып шыққан ), Словак жазушысы Андрей Плавактың, А . Чеховтың , Өзбек Хакім Нәзірдің, Р.Тагордың, К. Гамсунның, индия жазушысы Р.Ашкнің, орыс жазушысы Альбер Беляевтің, т.б. шетел жазушыларының әңгімелерін қазақшылаған. Шығармалары: «Көрші келіншек» әңгімелер жинағы ( 1971 ), «Шарапатты жан» повесі ( 1973 ), «Өзгенің бақыты үшін» романы ( 1975 ), «Өмір арнауы» ( 1977 ), «Біздің әкелеріміз» ( 1984 ) , «Мәуелі бәйтерек» ( 1986 ) , « За счастье других» повестері ( 1991 ), « Үш ұрпақ мұңы» ( 1996 ) , «Соңғы сері» ( 2007 ) , «Келешек кіріспесі» ( 1981 ) , «Базарлы дәурен, балғын шақ», (2003 ) , «37 жылдың балалары» (кейінгі аты – «Ұрпақты жалғап ұрпаққа») ( 2001 ) романдары. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері (2005).
Төлектің ағасы – Сахан Тілеуханұлы 1928 жылы Шұбартау ауданының Бақанас аулында туған . Мектепті бітірген соң колхозда есепшілік қызмет істеген . 1948 – 1953 жылдары әскер қатарын өткерген . 1953 жылдан бастап ауданның колхоз – совхоздарында есепші , бас есепші , аудандық соттың орындаушысы , аудандық партия хатшысының көмекшісі , аудандық ауылшаруашылық техникалық шаруашылығының бас есепшісі қызметтерін атқарған .
Еңбекте адал , ісіне тыңғылықты , дос жарандарына беделді азамат болды . Жастарға көмек , тәрбие ісіне ерекше көңіл бөлді . Әдебиетті көп оқыған білімдар , өзі де өлең жазған . Аудандық , облыстық айтыстарға қатысып жүрген . 1992 жылы қайтыс болды .
Төлектің екінші ағасы – Серікхан Тілеуханов 1935 жылы Шұбартау ауданы , Бақанас аулында туған . 1954 жылы Баршатас селосындағы орта мектепті бітіріп , әскер қатарына алынады . Аудандық соттың көмекшісі , аудандық комсомол ұйымының екінші хатшысы , аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі , аудандық партия ұйымының бөлім меңгерушісі , совхозда партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған . Мектепте іскерлік қабілетімен , оқуға зеректігімен , ақындық өнерімен көзге түседі . Құрмет пен беделге , сүйіспеншілікке бөленеді . Өлең , мақалалары аудандық , облыстық газеттерде жарияланып тұрған . Аудандық , облыстық айтыстарға қатысып , жүлделі орындарға иеленген айтыскер . 1973 жылы қайтыс болды .

Оспанов Біліс Кәрімбекұлы ( 1938 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Қосай , Рыспетек , Есіркеп , Нұралы
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Бидайық ауыл советі , Орта Бөдес қыстағында туған . 1956 ж. орта мектепті , 1961ж. Семей малдәрігерлік институтын , 1969ж. Алматы жоғарғы партия мектебін , 1978 жылы Алматы малшаруашылығы институтының аспирантурасын бітірген .
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты .
1961-1964 жылдары Шұбартау ауданындағы Киров атындағы колхоздың , Уәлиханов атындағы совхоздың бас мал дәрігері , 1965-1967 жылдары Шұбартау аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы , 1969-1971 жылдары аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы , 1971-1980 ж.ж. «Сарқамыс» қой совхозының директоры , 1980-1985 ж.ж. аудандық партия комитетінің екінші хатшысы , 1985- 1987 ж.ж. Шұбартау аудандық атқару комитетінің төрағасы , 1987- 1993 ж.ж. Семей облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасының бірінші орынбасары , 1993-1998 ж.ж. Жаңасемей ауданының Әкімі , 1998 жылдан Алматыдағы «Жетісу» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы .
«Сарқамыс» қой совхозында директор болып қызмет атқарғанында , еділбай қойларын өсірудегі тәжрибелері бүкілодақтық оқулық кітабына кірген , одақ бойынша үлкен жетістіктерге жеткен .
«Еңбек Қызыл Ту» , «Құрмет Белгісі» ордендерімен , «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың игергені үшін» медальдарымен , СССР халық шаруашылығы көрмесінің Алтын және Күміс медальдарымен марапатталған .

Ақаев Әділжан (1939-1982 )
Абақ Керей, Жастабан , Бегімбет , Қосай , Рыспетек , Мәйемер .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Малгелді аулында туған . 1956 жылы орта мектепті , 1961 жылы Семейдің малдәрігерлік институтын бітірген .
1961-1969 ж.ж. Шұбартау ауданы , Алғабас совхозының бас малдәрігері , 1971-1973 ж.ж. Горный совхозында партия комитетінің хатшысы , 1973-1976 ж.ж. Шоқан Уәлиханов атындағы совхоздың директоры , 1976-1982 жылдары Шұбартау аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы болып қызмет атқарған .
1967 жылы Алматы зоотехникалық институтының жанындағы совхоз , колхоз басқару мамандығын жетілдіру курсын үздік бітірген .
Өкімет тарапынан бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталған .
Жанұясында алты бала , бірнеше немерелері бар .

Дүйскенов Жеңіс ( 1942- 2003 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Қосай , Рыспетек , Есіркеп , Нұралы .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Сарықамыс совхозында туған . 1960 жылы орта мектепті , Талғар ауылшаруашылық техникумын бітіргеннен кейін , бір жыл Шағырай мал фермасында қызмет еткен . 1968 жылы Семей зооветинститун тәмәмдаған . 1968 жылдан Сарықамыс совхозында зоотехник , 1972 жылдан бас маман , 1982 жылы Жорға совхозында директор , 1994-1995 жылдары Жорға ауылында Әкім , 1995 жылдан Самат шаруа қожалығын басқарды . Сарықамыс совхозында еділбай тұқымды қой өсіруде көп еңбек сіңіріп , өз үлесін қосқан . Өкімет пен партия тарапынан әртүрлі марапаттауларға ие болған .
Отбасында жеті баланы тәрбиелеп , өсірген .

Мырзабаев Ершат Құрманәліұлы
( 1938 ж. туған )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай (Жаңыл) , Серкембай , Мыңбай , Омарбай , Томарбай , Мырзабай , Құрманәлі , – одан Ершат .
Алматы қаласында туған . 1955 ж. Киров атындағы орта мектепті , 1959 ж. Абай атындағы КазПИ дің физика – математика факультетін бітірген . 1959 жылдан 2006 жылға дейін мектепте ұстаздық қызмет етті . Қатардағы мұғалім , оқу ісінің меңгерушісі , мектеп директоры болып қызмет еткен .
«Тың және тыңайған жерлерді игеру» , «Еңбек Ардагері» медальдарымен , аудандық , облыстық Құрмет Грамоталарымен марапатталған . Қазіргі уақытта зейнеткер , Алматы облысы , Фабричный елді мекенінде тұрады , жұбайы екеуі он бала , он бір немере өсіріп , тәрбиелеп отыр .
Шалқаров Кеңесжан
(1939 ж. туған )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Алшаң , Шақантай (Жаңыл ) , Торғай , Телеу , Қайтармыс , Барыз , Шалқар , одан – Кеңесжан .
К . Шалқаров КХР , Шығыс Түркістан , Тарбағатай аймағы , Еміл өенінің бойында туған , белгілі ақын , жазушы , сазгер . Аймақтық гимназияны ,1965 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетін бітірген . Содан бері республикалық қазақ радио-телеарналарында , «Қазақстан» , «Қайнар» , «Ғылым» баспаларында редактор , аға редактор , «Жетісу» газетінде аға тілші , бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған . Шалқаровтың өмір , заман туралы іргелі әлеуметтік , азаматтық , ой толғайтын «Шуақ» (1967) , «Сәске сыры» (1972) , «Ақ сапар»(1975) , «Ақ көбелек»(1976) , «Шарапат» ,
(1980) , «Айнагүл»(1984) , «Ботақан» , «Көлден ескен леп» , «Жоңғар даласында» , «Еміл қызы» , «Көгілдір» атты өлең жинақтары бар . Сонымен бірге «Шақантай батыр» , «Қарасай батыр» , «Ел ұраны» , «Мұқағали мұқамы» , «Домбыра мен қомуз» , «Дарагер» , «Нұх және наурыз» , «Қару жер» , «Судан сұлу» , «Ғасыр қасіреті» , «Саурық сазы» , «Тарас – дастан» , «Астана – дастан» секілді дастандар жазған . «Зауал заман» ( Шәкәрім мен Зият туралы ) , «Сүмбеден ұшқан сұңқар» , «Қара қасқыр» , «Жалқын жал» , «Қолдырауын құлқыны» , «Баһадүр Оспан» атты хикаяттар мен романдардың авторы . Кеңесжан Шалқарұлы «Шақантай» , «Қарасай» , «Қайтармыс би» , «Сұңқардың самғауы» , «Сыбызғы сыры» , «Ор қоян» , «Есіл , Еміл» , «Үш қоңыр» атты отыздан аса күй , «Алматым менің» , «Арқадағы Астана» , «Мағжанның зары» , «Ағалар, жаназаңа бара алмадым» , «Есен бол» , «Анама» , «Нұрлы дүние» ( сөзі Қ. Аманжоловтікі) , «Тілек» ( сөзі А. Пушкиндікі) , «Кетер ме екем» ( сөзі М. Мақатаевтікі) , т. б. қырық бестей әннің авторы . Ол Мұстай Кәрім , Д. Кугультинов , Низами , Гулхани , Қытай ақыны Ли Байлардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған . Оның өлеңдері орыс , латыш , эстон , әзірбайжан , өзбек , ұйғыр , маңғұл тілдеріне аударылған . К. Шалқаров Қытайдағы қалың қазақтың арасынан , бұрынғы өткен белгілі батырлар , ақын – шешендер , күйшілер туралы жыр , өлеңдерді жинап , жеткізуші .
Ол Республикалық телефестивальдың(1966) , М. Жұмабаев(1994) , Фатима Бибі(1996) , Иран Ислам Республикасының , Жамбыл , Қазақстан журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты , Н . Төреқұлов(2003) , Дулат Бабатайұлының (2005) жыр мүшайраларының жеңімпазы .
Кеңесжанның ұлы Архат Шалқар 1969 жылы Алматыда туған . Алматы қаласындағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің Керамика бөлімін , Алматыдағы Заң Институтын бітірген . Архат әртүрлі кескіндегі құм шыны ыдыстармен бірге, 250-ден астам жеке портреттермен бірге , табиғат бейнелерін бедерлеген майлы бояулы , жай сызба суреттері бар . Шығармалардың кейбіреулері қалалық , республикалық көрмелерге қойылған . Оның ішінде Мұстафа Кемел Ататүрік , Ақыт Үлімжіұлы , Теміртас Біржанұлының , т. б. портреттер бар.
Қазір МАИ да полиция капитаны болып жұмыс істейді .

Қасымбаев Жанұзақ
(1941 – 2004)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Кітат, Собықан, Қасымбай , одан -Жанұзақ.
Ж.Қасымбаев бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. 1959 ж. Баршатаста орта мектепті бітірген соң, Қазақтың С.М.Киров атындағы Ұлттық Университетінің тарих факультетіне түсіп, оны 1965 ж. бітіріп шықты. 1965-1967 ж. Талғар қаласында тарих пәнінен орта мектепте мұғалім болды. 1967 ж. Қазақтың Абай атындағы
пединститутына мұғалім болып орналасып, 2004 ж. дейін жұмыс істеді . 1968 ж. С.М.Киров атындағы КазМУ-ге сырттай оқитын аспирант болып қабылданды. 1970 ж. Тарих ғылымынан кандидаттық диссертация қорғаған. 1971 ж. КазПИ-де аға мұғалім, 1973 ж. жалпы тарих кафедрасының доценті болып қабылданды. 1982 ж. «Қазақ КСР-нің тарихы мен тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 1983 ж. тарих ғылымының докторы диссертациясын қорғайды. 1984 ж. профессор атағы берілген. 1995 ж. Қырғызстан Тарихшылар Ассоциациясының құрметті мүшесі болып сайланған. 1986 ж.,1988 ж. «Қазақ КСР оқу ағарту ісінің үздігі» белгісімен, 1990 ж. «Қазақ Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағы, 1999 ж. «Парасат» орденімен марапатталған. 1996 ж. Гуманитарлық Академияның толық мүшесі. 1998 ж. «Ұлттық Ғылым Академиясының» «Құрмет грамотасы» берілді. 1964 ж. осы уақытқа дейін тарих ғылымының айналасында әртүрлі конференциялар мен симпозиумдарда 60-тан астам баяндамалар жасаған. 1986-1991жылдары КСРО Ғылым Академиясының тарих саласы бойынша мүшесі, 1995-1997 жылдары Гарвард Университетінің жанындағы орталық оның еңбектерін Орталық Азияны зерттеуші ірі ғалымдардың библиографиялық жинағына кірген. 1991-1992 ж. Қазақ Республикасының Жоғарғы Аттестациялық комиссиясының (ЖАҚ) эксперт комиссиясының мүшесі, 1989-1991 ж. Абай атындағы университетінің арнайы тарих диссертациялық кеңесінің төрағасының орынбасары, 1992 ж. бері – төрағасы. 1992-1996 ж. Қырғызстан Республикасы ЖАҚ-ның эксперт комиссиясының мүшесі, 1994 жылдан ҚР Мәдениет қоғамдық келісім минстрлігінің жанындағы оқу-педагогикалық басылымдар шығарудың эксперт комиссиясының төрағасы. Бірқатар мерзімді басылымдардың редакциялық алқа- мүшесі, 1996-2000 ж. білім және ғылым минстрлігі жанындағы оқу-әдістемелік кеңестің қоғамдық ғылымдар саласы бойынша төрағасы. 2 доктор, 32 кандидат дайындап шығарған. 468 еңбектері баспасөзде жарық көрген. 46 еңбектері оның редакциясымен жарияланған.

Шәйкенов Блок
(1940 ж. туған)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Қосай, Мәйемер, Жайықбай, Қожабай, Көбеген, Келдібек, Кәріпбай, Шәйкен , одан – Блок.
Шәйкенов Б. бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. 1957 ж. Баршатас ауылында орта мектепті күміс медальмен бітірген. 1962 ж. Семейдің зоотехникалық-малдәргерлік институтын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1962 ж. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Қараөзек» совхозында бас маман болып бастаған. 1964 ж. Семей зоотехникалық-малдәргерлік институтында ассистент болып қызмет етті. 1964 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының «Зоология» ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға түсіп, осы институтта кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер міндеттерін атқарған. 1995 жылдан осы уақытқа дейін сол институттың лаборатория меңгерушісі. 1969 ж. биология ғылымының кандидаты, 1995 ж. докторлық ғылыми атағын қорғаған.
Паразитология және биология саласы бойынша 120 ғылыми еңбектері, 3 монографиясы жарық көрген. Олардың 50 –ден астамы алыс шетелдерде басылған. Халықаралық көптеген конференцияларға қатысқан. (Англия, Франция, Жапония, Дания, Чехия т.б.)
Қазіргі кезде АҚШ, Англия, Ирландия, Түркия, Швейцария, Дания, Жапония, Қытай ғылымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізіп жатыр. Шәйкенов Б. адамға қауіпті биологиялық аурулардың Қазақстандағы бірде-бір білгір маманы, оған үлкен үлес қосқан ғалым және осы саладағы зерттеулерге жетекші етеді.

Тәуірбаев Тоқтар Ысқатайұлы
(1937 ж. туған)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай(Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Нарымбай, Тәуірбай, Ысқатай, одан -Тоқтар.
Тәуірбаев Тоқтар Алматы қаласында туған. Орта мектепті 1953 жылы Семей қаласында бітірген. 1962 жылы Ресейдің Томск қаласындағы Политехникалық институтының радио факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ядролық Физика институтында инженер болып бастады.
1966 жылы Ресейдегі Ядролық Орталық – Обнинск қаласындағы Физика – Энергетикалық институтының күндізгі бөлімінің аспирантурасына түсіп, оны 1970 жылы бітіріп шыққан. 1971 жылы физика – математика ғылымының кандидаты ғылыми атағына ие болды. 1971 жылы қайтадан Ядролық физика институтына келіп аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1973 жылы Қазақтың Фараби атындағы Ұлтық Университетіне жұмысқа ауысып, осы кезге дейін сол мекемеде қызмет етеді. Университетте дәріс берумен қатар, лаборотория ашып, шаруашылық шарттар бойынша әртүрлі ғылыми жұмыстардың жетекшісі болады. (НПО «Космос», Мемелекеттік оптика институты, жақын және қашық шетелдермен – күннің қуатын пайдалану ) 1978 ж, доцент, 2002 ж. – профессор атағы берілген. Көптеген бюджеттік тақырыптардың конкурстарына қатысып, жеңіп алған. Бірқатар ғылыми көрмелердің дипломы берілген. 200 дей ғылыми еңбектері жарық көрген. 6 ғылым кандидаттарын дайындап шығарған. 18 ғылыми еңбектері шетелдерде, 40 – қы жақын шетелдерде басылып шыққан.

Тұрғанбаев Білал ( 1938 ж. туған )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Үйрек ) , Шалқыбай , …, Тұрғанбай , одан Білал .
Бұрынғы Семей облысы , Бесқарағай ауданында туған . 1956 ж. орта мектепті бітіргеннен кейін Қосағаш сельсоветі Сталин атындағы колхозда жұмыс істеген .
1961 -64 жылдары Семей медициналық училищесін бітіріп , Шұбартау ауданының Алғабас совхозында ФАП меңгерушісі , Қарабұлақ , Емелтау , Қарабұжыр елді мекендерінде мамандығымен қызмет еткен .
« Құрмет Белгісі» орденімен , Құрмет Грамоталармен , Алғыс Хаттармен марапатталған .

Слямғожин Теңдік ( 1939 – 1994 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Қосай , Мәйемер , Жайықбай , … , Шабақ , …, Нақыпбек , Слямғожы , одан – Теңдік .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданының Бақанас аулында туған . 1957 ж. Баршатас селосында орта мектепті , 1965 жылы Семейдің Малдәрігерлік – зоотехникалық институтын бітірген . 1965 – 1966 жылдары аудандық малдәрігерлік бөлімінде , 1966 – 1972 жылдары Жорға совхозында Бас маман боып жұмыс істеген . Кейін денсаулығына байланысты Сарықамыс совхозында экономист бухгалтер болып қызмет атқарған .

Ыдырысов Мәкей Зікірия ұлы ( 1940 ж. )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Қарақалпақ ) , Өтеп , Шала , Шоңай , Ыдырыс , Зікірия , одан – Мәкей .
Бұрынғы Талдықорған облысы , Бөрлітөбе ауданы , 1- Май балық колхозында туған . 1957 жылы Лепсі стансасындағы онжылдық мектепті бітірген . Одан кейін Шұбар ауылшаруашылық техникумын , Алматы Политехникалық институтты тәмамдаған . 1963 – 1966 жылдары әскер қатарында , 1966 – 1976 жылдары Сарқант ауданының ауылшаруашылық басқармасында инженер , 1977 – 1992 жылдары Қазақ ССРінің Ауыл шаруашылық министрлігінде инженер , аға инженер , бөлім бастығы , басқарма бастығы болып қызмет атқарған . Бірнеше медальдармен , Құрмет Грамоталармен марапатталған .
Мәкейдің немере ағасы Ыдырысов Жәкей Қуандық ұлы ( 1925– 1983 ) бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданында туған . 1943 – 1948 жылдары әскер қатарында болып , Ұлы Отан соғысына қатысқан . 1949 жылы Қапалдың педучилищесін , 1959 жылы Алматыдағы КазПИдің тарих факультетін бітірген . 1950 жылдан 1970 жылға дейін Сарқант , Ақсу , Бөрлітөбе аудандарында мектептерде мұғалім , директор , аудандық оқу бөлімдерінің инспекторы , меңгерушісі болып қызмет атқарған . 1970 – 1975 жылдары Талдықорған облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі , 1975- 1981 жылдары мектеп директоры . Еңбек Қызыл ту , Октябрь Революциясы , Ерен Еңбегі үшін ордендерімен , көптеген медальдармен , грамоталармен марапатталған .

Мұратбек Шаймерденұлы ( 1941 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Байтөбет, Жайылған, Шал, Тұқы, Төлепбек, Шаймерден , одан – Мұратбек .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Қосағаш аулында туған . 1958 жылы орта мектепті Баршатас селосында бітіріп , 1958 – 1959 жылдары Шоқан аулында « Қызыл Отаудың» меңгерушісі болған . 1965 жылы Семейдің Малдәрігерлік – зоотехникалық институтын тәмамдаған . 1965 – 1967 жылдары Шоқан Уәлиханов атындағы совхозда мал дәрігері , 1967 – 1971 жылдары Сарықамыс совхозында Бас мал дәрігері , 1972 – 1995 жылдары Шұбартау ауданының Бас мал дәрігері болып қызмет атқарған . 1995 – 1997 жылдары осы ауданның маслихатының хатшысы болған . Ауылдық , аудандық маслихат кеңестерінің бірнеше дүркін депутаты . Қазіргі уақытта зейнеткер , Семей қаласында тұрады , екі бала бес немере тәрбиелеп отыр .

Сихымбаев Рғызбай Әзімбайұлы ( 1942 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Дәріпжап ) , Сихымбай , Әзімбай , одан – Рғызбай .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Қосағаш аулында туған . 1960 жылы орта мектепті , 1965 жылы Қарағанды Педагогика институтын бітірген . 1965- 1971 жылдары Қосағаш ауылындағы орта мектепте мұғалім , оқу ісінің меңгерушісі , 1972-1987 жылдары Шұбартау аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі , 1987-1992 жылдары Баршатас орта мектебінің директоры , 1992-1994 жылдары аудан Әкімінің орынбасары , 1994-1997 жылдары Шұбартау ауданының Әкімі , 1997 жылдан осы уақытқа дейін Баршатастағы орта мектептің директоры .
ҚСРО ның және ҚР ның халық ағарту ісінің озық қызметкері , «Астана» мерекелік медалінің иегері .

Әлпиев Алтынбек Мұқашұлы ( 1950 – 2007 )
Арғын , Алтай , Мамадайыр ( Төлеңгіт ) , Өмірзақ – Сары тарауынан
Бішкек қаласында туған . 1967 жылы Қордай ауданы , Беріктас ауылының он жылдық мектебін бітірген . Жоғарғы білімді . Еңбек жолын Қырғызстанда жұмысшы , инженер , басшылық қызметтерден бастаған . 1994 жылы Қазақстанға келіп , Қапшағай балық өсіру шаруашылығында директордың орынбасары , директор болып еңбек етті . 1995 жылы « Рахат Инвест» ЖШС ның директоры , 1996 – 1997 жылдары « Жаңа Жұлдыз» ЖШС ның директоры , 1997 -1999 жылдары « Береке» акционерлік қоғамының Бас директоры , 2000 жылы «Іргелі» ЖШС ның Бас директоры , 2001 жылдан 2007 жылға дейін « Алтын Орда» сауда комплексінің президенті .
Әлпиев А . өзінің ата бабалары туып өскен Шұбартау өңіріне көптеген демеушілік көрсетті . Баршатастағы қазақ орта мектебіне 2005 -2006 оқу жылында 360 парта , 24 тақта , 12 компьютер , бір жеңіл автокөлік сыйлады . Мектептің спорт заалын жөндеуден өткізіп , спорт құралдарымен жабдықтап берді . 2007 жылы мектептің есік терезелерін жаңа технологиямен ауыстырып , жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді .
2006 – жылы Оспанқұл Меңаяқұлының туғанына жүз елу жыл толуына орай , есімін әспеттеп , ат шаптырып , ас берді . Басына ескерткіш қойды .
Алтынбек – Қарасай ауданының маслихатының үш дүркін шақырылымының депутаты . Көптеген Грамоталармен марапатталған .
Атымтай жомарт , абзал азамат Әлпиев Алтынбек 2007 – жылдың күзінде күтпеген жерден жауыз қарақшының қолынан мезгілсіз қаза болды . Бішкек қаласында жерленді .

Әзімбаев Нұрғали Тілекқалиұлы ( 1965 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Бәйтөбет , Жайылған , Шал , Татан , Тышқанбай , Тілеуберді , Әзімбай , Тілекқали , одан – Нұрғали .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Қосағаш аулында туған . 1982 жылы « Алғабас» орта мектебін , 1988 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтын бітірген .
1983- 1985 жылдары әскер қатарында болды .
1988- 1891 жылдары Шұбартау ауданы , Малкелді ауылының комсомол комитетінің хатшысы , 1991 – 1995 жылдары Малкелді селолық кеңесінің төрағасы , 1995 – 2002 жылдары Малкелді ауылының Әкімі қызметтерін атқарған . 2002 жылдан бастап Аягөз ауданы Әкімінің орынбасары болып тағайындалған . 2008 жылдың 3 – ші қыркүйегінен бастап Аягөз ауданының Әкімі болып тағайындалды. Жұбайы екеуі үш бала тәрбиелеп отыр .

Тілеужанов Амангелді Нығманбекұлы
( 1945 ж . туған )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Торғай , Нысан , Түгелбай , Тілеужан , Нығманбек , одан – Амангелді .
Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Қосағаш аулында туған .
1965 жылы орта мектепті , 1970 жылы Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын тәмамдаған . 1970 – 1971 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы совхозда , аудандық малдәрігерлік станцияда
малдәрігері . 1971 – 1974 жылдары Шұбартау аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі , екінші хатшысы .
1974 – 1991 жылдары Шұбартау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы , « Горный» совхозы партия комитетінің хатшысы , аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі . 1991 – 1993 жылдары Шұбартау аудандық кеңестің жекешелендіру бөлімінің меңгерушісі , 1993 – 1994 жылдары « Сымбат» жекеменшік шағын кәсіпорнының төрағасы .
1994 жылдан Шұбартау ауданының әкімінің орынбасары .
1997 – 1999 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары , 1999 жылдан Ауылшаруашылығы министрлігінің Аягөз аудандық аумақтық басқармасының бастығы . Жанұялы , үш бала , екі немерелері бар .

Ысқақов Сейілбек Абұйырұлы ( 1963 ж. туған )

Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Торғай , Телеу , Шолақ , Жаскілең , Талтүс , Ысқақ , Абұйыр , одан – Сейілбек .
Бұрынғы Шұбартау ауданы ,Қосағаш аулында туған . 1980 жылы Қосағаш орта мектебін , 1983 жылы Новопокровск совхоз техникумын , 1992 жылы Семей зоотехникалық малдәрігерлік институтын тәмәмдаған . Еңбек жолын 1983 жылы № 3 ферманың мал дәрігерлігінен бастап , әскер қатарынан оралған соң , 1985 жылы Сарықамыс совхозында мал дәрігері , бас мал дәрігері ( 1994 ) қызметтерін атқарған . 1996 жылы « Шағырай» ЖШС төрағасы , 2003 жылы Бидайық селолық округінің Әкімі , 2006 жылдың сәуір айынан бастап Аягөз қаласының Әкімі .
Жанұяда төрт балалары бар .

Шойынбаев Әмір Тілеуқажыұлы ( 1945 ж. )
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай(Қырғыз), Шойынбай, Тілеуқажы , одан -Әмір.
Шойынбаев Әмір Алматы қаласында туған. 1962 жылы Алматыдағы №28 орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Рига қаласында № 213 почта жәшігі мекемесінде слесарь болып бастаған. 1964 жылы ҚазССР Ғылым Академиясының металургия кен байыту ғылыми-зерттеу институтында лаборант болып орналасады. 1970 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын металлург мамандығы бойынша тәмамдаған. 1970 жылдан бастап осы уақытқа дейін 30 жылдан астам Қазақ ССр Ғылым Академиясының металлургия және байыту ғылыми-зерттеу институтында еңбек етіп келеді.
Аға лаборант, аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, лабортаория меңгерушісі дәрежесінде қызмет атқарған.
Шойынбаев Ә. Республика бойынша екі бағыттағы –гидрометалургия процесінің теориясы және түрлі-түсті, сирек кездесетін бағалы металлдар теориясы бойынша жалғыз маман болып саналады.
1983 жылы металлургия ғылым кандидаты, ал 1999 жылы ғылым докторы атағын алған.
232 ғылыми еңбектері әртүрлі баспаларда жарық көрген, 30 дан астам еңбектері жақын және қашық шетелдерде басылып шыққан.
2001 жылы «Молибден өнімдерін азотты улармен өңдеудің физика-химиялық негіздері»-атты монографиясы басылған.
2002 жылдан «Ғылымды дамытуда ерен еңбегі үшін» тағайындалатын Президент степендиясының лауреаты.

Бақторазов Жұмаш ( 1946 )
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Құдабай, Наймантай, Сәсен, Бақтораз одан Жұмаш .
Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш аулында туған. 1965 ж. орта мектепті бітіреді, 1965-1968 ж.ж. Әскер қатарында өз міндетін атқарады. 1971 ж. Алматыдағы Абай атындағы ҚазПИ-ге түсіп, оны математика мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1969-1998 ж.ж. отыз жыл бойы зейнетке шыққанға дейін мектепте ұстаз болды. Мұғалім, мектеп директоры болып еңбек етті. Бірнеше рет аудандық, облыстық халыққа білім беру бөлімінің «Құрмет грамоталарымен», 1992 ж. Қазақ КСР Халыққа Білім Беру Минстрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Жұмаштың әкесі Сәсенов Бақтораз (1890 – 1960 ) Шұбартау ауданының оныншы аулында туған . Бұрынғы Сталин колхозында ұзақ жылдар бойы бақташы , шопан болып еңбек еткен , көптеген Мақтау грамоталарымен марапатталған .

Ибраев Нұртай Ыбырайұлы ( 1952 )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Серкембай , Жанқасқа , Найзабек , Ыдырысбай , Ыбырай , одан – Нұртай .
Бұрынғы Семей облысы , Ақсуат ауданында туған . 1969 жылы онжылдық мектепті Баршатаста , 1974 жылы Алматыдағы Қазақтың Политехникалық институтын тәмамдаған . Еңбек жолын Семей облысындағы Жезкент тау кен байыту комбинатында 1974 жылы инженер болып бастаған . 1975 – 1991 жылдары Семейдегі «Казэлектромонтаж» мекемесінде инженер , бас инженер болып қызмет істеген . 1991 жылдан бері шағын және орта бизнеспен айналысады . Қазіргі кезде « Айя» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің төрағасы .
Бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған .
Нұртайдың немере ағасы Тоқатайұлы Сәдуақас 1930 жылы бұрынғы Семей облысы , Мәдениет аулында туған . 1941 – жылы 4 – класты бітіргенде , Ұлы Отан соғысы басталып , ауылда әртүрлі қара жұмыс істеген . Онжылдықты кейінірек кешкі мектепте тәмәмдаған . 1950 – жылы Аягөз қаласында шоферлік курсты бітірген . 1956 – жылдан Аягөз ауданындағы «Мал шаруашылық мекемесінде» жүргізуші , автомеханик , директор болып қызмет атқарды . 1964 – жылы Семейдің «Ауыл шаруашылық техникумын» , техник – механик мамандығы бойынша аяқтаған . 1966 – 1970 – жылдары аудандық Ауыл шаруашылық мекемесінде – «Мемлекеттік техникалық бақылау» инспекторы болып жұмыс істеген . 1970 – 1997 жылдары «Аягөз аудандық электр торабы» мекемесін басқарды . Бірнеше « Құрмет Грамоталарымен» , медальдармен марапатталған .
11 – бала , 33 – немере – шөбере тәрбиелеп отыр .

Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы ( 1957 ж. )
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Тыныбек, Жаңқұлы, Қуаныш, Смағұл, Нұрсипат, Нұрланбек ,одан – Нұржан.
Нұрсипатов Н. бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1979 ж. Алматы малдәргерлік институтын, 1983 ж. Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) Минск қаласындағы арнайы оқу орнын, 1989 ж. МҚК-нің Алматы қаласындағы оқу орнын бітірген. 1982 жылдан Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде, кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде қызмет істейді. МҚК-нің Аягөз аудандық бөлімінде жедел уәкілден (оперуполномоченный) бастап, Семей, Алматы қалаларында аға, жедел уәкіл, бөлім, басқарма бастықтарының қызметін атқарды. 1998 жылдан Астана қаласында ҚР-ның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Орталық аппаратында департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет етеді. Полковник дәрежесі
берілген. Қазір ШҚО облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің орынбасары .
Мемлекеттік төрт медальмен, ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», ведомостволық «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалымен марапатталған.
Нұржанның әкесі Нұрланбек Нұрсипатов 1929 жылы Шұбартау ауданы Малгелді аулында дүниеге келген . Әкесі Нұрсипат 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен ұсталып , 1942 жылы НКВДның «Волголагында» қайтыс болған . Әкеден жастай айрылған Нұрланбек еңбекке ерте араласқан . Тұрмыс қиыншылығына қарамай , ол өзі талаптанып Алматының педогогикалық институтына түсіп , оны 1949 жылы бітіріп шығады . Ауданда мұғалім , мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары , аудандық халық ағарту және мәдениет бөлімдерінде басшы қызметтерде болған . 1962 жылы өмірден озды .
Нұржанның ағасы Нұрсипатов Малғаждар ( Мәлтай ) 1935 жылы бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданында туған . 1954 жылы орта мектепті бітірген . 1954 -1957 жылдары әскер қатарындағы міндетін атқарған . 1957 -1976 жылдары ауданда әртүрлі жұмыстар істеген . 1976 -1993 жылдары , зейнеткерлікке шыққанға дейін , аудандық байланыс торабында , баспасөз тарату бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған .

Тәшкенбаев Мұхтар Мұратбекұлы ( 1962 ж. )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Серкембай , Жанқожа , Назар , Ұлтарақ , Тәшкенбай , Ақметжан , Мұратбек , одан – Мұхтар .
Мұхтар Мұратбек ұлы 1962 жылы бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы Қосағаш ( Ш . Уәлиханов совхозы ) кеншарында туған .
1979 жылы орта мектепті , 1983 жылы Семей қаласындағы педагогика институтының дене шынықтыру факультетін тәмамдаған .
1983 жылы Украинаның Полтава қаласында самбодан ДСО «Буревестник» қоғамының Бүкілодақтық біріншілігінде екінші орынды иеленеді және « СССР спорт шебері» атағын алады . Осы 1983 жылы Бүкілодақтық ДСО « Труд» қоғамының жеңімпазы болып , алтын медалын жеңіп алады . Мұхтар Тәшкенбаев бұдан кейін де самбодан және қазақша күрестен көптеген бүкілодақтық және республикалық жарыстарға қатысып , жүлделі орындарды жеңіп алған . Мәселен , 1985 жылы Жезқазған облысының Жаңарқа қаласында , Қарағанды облысының Ақадыр қалаларында қазақша күрестен Республика біріншілігінде жеңімпаз атанып , бірінші орындарын жеңіп алған . Осы жарыстарда оған «Түйе балуан» және «Үздік күш – жігер» деген атағын берген . Семей педагогика институтында , Баршатас ауданының мектебінде қызмет істеген . Қазір кәсіпкерлікпен айналысады . Облыстық, аудандық Құрмет грамоталарымен марапатталған .

Марат Жұмабайұлы , Уәли қажы немересі ( 1962 ж. )
Абақ Керей , Жастабан , Бегімбет , Бекназар , Құдайберді , Жауқашар , Шақантай ( Жаңыл ) , Құлбарақ , Шүршіт , қиял , Қансары , Уәли , Жұмабай одан – Марат .
Марат Жұмабайұлы 1962 жылы бұрынғы Шұбартау ауданы , Баршатас аулында туған . 1980 жылы орта мектепті , 1989 жылы арнаулы орта мал дәрігерлік техникумды , 1991 жылы Москваның Бүкілодақтық телевизия және радио қызметкерлерін дайындайтын институтының қалалық радио редакторларының жеделдете оқыту бөлімін бітірген . 1992 жылдан аудандық « Шұбартау шұғыласы» , 1995 жылдан « Аякөз жаңалықтары» , облыстық « Дидар» , аймақтық «Сарыарқа» , « Ертіс өңірі» республикалық әдеби – тарихи танымдық газеттерінің Аякөз ауданындағы меншікті тілшісі .
ҚР Журналистер одағының Ә. Бөкейханов атындағы сыйлығының иегері ( 1998 ) .
Мараттың әкесі Жұмабай Уәли қажыұлы 1918 жылы бұрынғы Дағанды болысының 10 аулында туған . Алғашқыда ФЗО ны , кейінірек 1938 жылы Алматының есеп – несие техникумын бітірген . Байдың , қажының баласы деп қуғынға түскен . 1940 жылға дейін Арал теңізі маңында жұмыс істеген . Содан кейін елге оралып , қызмет істеп , 1942 – 1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан . Румынияны азат етуде жараланып , елге оралған . Ауданда әртүрлі қызметтер атқарған . Қызыл Жұлдыз орденінің иегері . 1980 жылы қайтыс болған , Баршатас аулында жерленген .
Шөтебаев Болат Өмішұлы
(1958 – 1992)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Құдабай, Наймантай, Шөтебай, Өміш ,одан -Болат.
Шөтебаев Б. бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы энергетикалық институтын тәмәмдаған. Еңбек жолын «Алғабас» совхозында жұмысшылар комитетінің төрағасы болып бастаған.
Шұбартау аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып еңбек етті. Облыстық және аудандық партия комитеттерінің ұсынысы бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Милиция капитаны дәрежесі берілген. Қызмет бабын орындап жүргенде 1992 ж. дүние салды. Шұбартау ауданының «Алғабас» кеншарында жерленген.
Болаттың әкесі Шөтебаев Өміш ( 1900 – 1969 ) Шұбартау ауданының оныншы аулында туған . Соғысқа дейін Тельман колхозында жұмысшы , ферма меңгерушісі болған . 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан , соғыс ардагері . Соғыстан кейін Тельман колхозында , Алғабас совхозында жұмысшы болып еңбек еткен . Отан соғысының медальдарымен марапатталған . Құр өзенінің бойында жерленген .

Сасенов Сағындық Құрмашұлы
(1968 – 2002)
Сасенов С. бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында туған. 1985 ж. «Горный» орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1992 жылы Қазақтың ауыл шаруашылық институтын «ауыл шарушылығын электрлендіру» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Шұбартау ауданының «Горный» совхозында инженер-электрик (1992 ж.) болып бастаған. 1993 – 1996 жылдары сол совхозда бас инженер болып қызмет істеген.
1998 жылдан Алматы қаласында еңбек етті. 2002 ж. 14 қарашада Алматыда мезгілсіз қайтыс болды. «Горный» (қазір Байқошқар) кеншарында жерленген.

III БӨЛІМ

Керей Шақантай шежіресі
(схема)
ШЕЖІРЕГЕ ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

Қытайдағы Тентексары атамыздың ұрпақтарына жаздырып
кеткен шежіресі .

Торғай шежіресі .
Торғай бабаның бірінші әйелінен сегіз ұл болған :
-Телеу , Бөлеген , Әбіл, Қабыл , Арғанаты , Кейікен , Айтбай , Нысан .
Екінші әйелінен : – Сексенбай , Тоқсанбай .
Үшінші әйелінен : – Ырысқұл , Құйылыс .
Телеуден : – Қайтармыс , Таңғазық , Шолақ , Дәу , Құлбаба , Жойыт ,
Шаң .
Бөлегеннен : – 15 ұл , Жарқынбай , Ілебай , Жолбай , Арыстанбай , Еркебай , Тұғыл , Жидебай , Кеңесбай , Кеңесбек , Әли , Бобай , Рахмет , Бұғыбай , Найманбай , Жарқын .
Әбілден : – Жүніс , Абылай , Қасейін , Құсайын , Сәрсенбай , Мұқаметжан , Әсейін .
Қабылдан : – Қасейін , Құсайын , Сәрсенбай , Жанғабыл , Байқадан , Бурабай .
Кейікеден : – Бөжей , Бөжебай , Шйіш , Түйінші , Жарықбас .
Айтбайдан ұрпақ жоқ .
Нысаннан : – Көкебай ( Көпбай ) , Күзенбай , Күзбай ( Күрекбай ) .
Торғай бабаның екінші әйелінен :
Сексенбайдан : – Қаумет , Тұланбай , Ойнақбай , Жайнақбай , Көпжан , Бақабай , Керсары , Бураша , Тулақбай ( Сол дәуірде бұлар Сарыөзек деген жерде тұрады екен ) .
Тоқсанбайдан : – Демеу , Марғанаты , Жақай , Саяқ .
Торғай бабаның үшінші әйелінен :
Ырысқұлдан дерек жоқ .
Құйылыстан : – Абдрахман , Ерлібай , Жылғыс .

Қайтармыстың бірінші әйелінен : – Парыз , Бандат , Серғазы , Сәрсен , Сәресі . Екінші әйелінен : – Біти , Бітім , Жәкелді . Үшінші әйелінен : – Мейірім , Айтмырза .
Таңғазықтан : – Тәттімбек .
Шолақтан : – Талтүс , Таңатыс , Смағұл , Ыбырай .
Дәуден : – Смайыл , Бабырбай , Жамансопы .
Құлбабадан Шибұт жалғыз ұл болған , «Көктұмада» тұрады .
Жойыттан ұрпақ жоқ . Шаңнан – Байарыс .

Жарқынбайдан : – Мұстапа , Омар .
Ілебайдан бір бала бар еді . Жолбайдан бала жоқ .
Арыстанбайдан – Жұмаділ . Еркебайдан ұрпақ жоқ . Тұғылдан , Жидебайдан – дерек жоқ .
Кекесбайдан : – Дүйсенбек . Кеңесбайдан ұрпақ жоқ .
Әлиден : – Құрман , Сейіт , Тұматай .
Бобайдан дерек жоқ .
Рақыметтен : – Дүйсекбай , Ақметжан , Оралбек .
Бұғыбайдан – Шынбай . Наймантайдан – Матай . Жарқыннан – Абылай . Әбілден – Қасейін . Қасейіннен : – Оразәлі , Момынтай , Мұқатай , Оразбай , Жиенбай , Қали , Акбар , Мұқаш .
Құсайын , Мұқаметжан , Әсейіннен ұрпақ жоқ болатын . Қабылдың Сәрсенбай деген ұлынан кезінде бір ұл бар болатын , атын білмедім.
Арғанатының Бижігіт деген ұлынан Шенгеміт деген бір ұл бар .

Бөжейден : – Мұқатай . Мұқатайдан : – Баймұқа , Мағауия .
Бөжебайдан : – Шуар , Сары , Жейнеш . Жарықбастан дерек жоқ .
Көкебайдан ( Көпбай ) : – Донбай , Бесбек , Жақыпбек .
Күзенбайдан : – Омар , Оспан .
Көзбайдан ( Күрекбай ) белгісіз .

Тоқсанбайдың ұлы Демеуден : – Жомарт , Бақай деген балаларынан екі ұл болған , аттарын білмедім , Саяқ деген баласынан бір ұл болған .
Торғай бабаның үшінші әйелінің балаларынан білетінім : – Жылғыс , одан Қожахмет , одан Әсембай .

Барыздан : – Айдынкөл , Шалқар , Шөптікөл туған , бұлар менімен бірге Қытай еліне өткен , Дөрбілжін деген жерде тұрған .
Бандаттан : – Тәнеке , Базар .
Серғазыдан : – Бейсенқұл .
Сәрсеннен : – Бозай , Бозабай , Әкімбек ( Қаратай , Алатай ) болған .
Қаратайдан : – Ерен , …
Бітімнен үш ұл бар еді , үшеуі де опат болған .
Жанкелдіден үш ұл бар еді , аттарын білмедім .
Мейірімнен : – Жатақбай , …
Алатайдан : – Бошан . Бошаннан : – Өміржан .
Айтмырзадан : – Құдайберген .
Тәттінбектен екі ұл бар болатын , аттарын білмедім .
Шолақтың ұлы Талтүстен : – Ысқақ , Сүлеймен , Сыдық .
Шолақтың ұлы Таңатыстан ұрпақ жоқ болатын .
Шолақтың ұлы Смағұлдан : – Жолдас , Серік .
Шолақтың ұлы Ыбырайдан : – Ағымжан , Жұмажан .
Бөлегеннің тұңғыш ұлы Жарқынбайдан : – Мұстафа .
Мұстафадан : – Тұрсын , Қабдолда .
Бөлегеннің екінші ұлы Омардан бала жоқ болатын …

Қытайдағы Торғайларға ( Тентексары шежіресіне ) қосымша :

Барыздан : – Шалқаркөл , Айдынкөл , Даданкөл , Шөптікөл , Балаөрік .
Шалқаркөлден : – Тоқай , Қажет , Көтікөл , Кеңесжан , Нұрқыз .
Айдынкөлден : – Айтқан , Әбен , Солтанкөл , Майлыкөл , Мажит ( шешен ).
Даданкөлден бала жоқ болатын .
Шөптікөлден : – Диханкөл , Сайранкөл , Ұранкөл ( Али ) , Айтбала (қыз) .
Тоқайдан : – Білімбек , Ғылымбек , Нұрланбек , Жасұлан .
Қажеттен : – Баркөл , Тұркөл , Бақытжан , Еркін , Ержан .
Көтікөлден : – Жұмаш .
Кеңесжаннан : – Арқат , Айнагүл .
Айтқаннан : – Бүркітбай . Әбеннен : – Абдолла , Карім , Рақымжан , Ерболат .
Солтанкөлден : – Мархаба . Майлыкөлден : – Мақсат , Ертөстік , Ермұрат .
Мажиттен бір қыз бала болған .
Шөптікөлден : – Диханкөл . Диханкөлден : – Мәдени , Жәмали , Жеңісқан .
Сайранкөлден : – Серікқали , Дүйсенқали , Берікқали .
Ұранкөлден ( Али ) : – Базарқали , Бейсенқали . Айтбала Үржарда тұрады .
Мәдениден : – Жемісқан , Алмәруа .
Жәмалидан : – Абылай , Айжүз , Айбала .

Бөлегеннің ұлы Рақыметтен : – Дүйсекбай , Ахметжан , Оралбек .
Дүйсекбайдан : – Тентексары ( батыр болған ) .
Тентексарыдан : – Нұрғиза , Нұрсипа , Баймолда ( Қазақстанда қалған ) .
Баймолдадан : – Едіге , Ерболат , Абылай , Абай ( Аягөзде тұрады ) .
Тентексарыдан Қытайда туылған балалар : – Бекенбек , Оразхан , Төлеухан , Әділхан , Нұржамила , Гүлжамила .
Бекенбек әскерге барып қаза болған , ұрпақ жоқ .
Оразханнан : – Нұргүлсім , Әйгерім , Мазилан , Ырыскелді .
Төлеухан , Әділхан деген ұлдары ерте қайтыс болыпты .

Қытайдағы қырғыз анадан тарағандар :

Жауқашардан Қоянақ , одан Меңлібай , одан Есбай .
Есбайдан : – Аймағамбет , Баймағамбет ( бұлар Қазақстанда қалған ) .
Жабықбайдан : – Тұрсынбай , Әубәкір , Асқар , Әбді .
Тұрсынбайдан : – Жүніс , Нұрсұлтан , Солтанбек , Асанбек .
Жүністен : – Сәулетхан , Жұмабай .
Жұмабайдан : – Әлен , Әнуар , Анатай , Ынтай .
Әленнен : – Нұржан , Нұрлан , Бақтияр . Әнуардан – Бағдат .
Анатайдан : – Айқын , Аршын . Ынтайдан – Бақмұрат .
Нұрсұлтаннан : – Мұратбек , Жазы . Мұратбектен – Нұрдәулет.
Асанбектен : – Ерғали , Ермұхамет . Нұрдәулеттен – Асхат .
Жәзі мен Сұлтанбектен ұрпақ жоқ .
Ерғалидан : – Ғалым , Уәли , Нұрәлі , Қали , Мұрат , Әділ .
Ғалымнан – Аңсар . Уәлиден – Қайнар . Асқардан – Қариполда .
Қариполдадан – Айқын . Айқыннан – Айдын .
Қытайдағы Іленің Қорғас ауданындағы Шақантай ұрпақтары .

Іленің Қорғас ауданында Шақантай ұрпағынан 30 түтіндей бар . Әжелеріміз туралы екі түрлі дерек бар :
1. Шақантай бабамыз қырғыздарды шапқанда « қарақалпақ» деген қызды алып келген , біз сол қарақалпақ деген ең кішкене әйелінен тарайды екенбіз ….
2. Тағы бір әңгімеде біздерді Шақаңның қырғыз әйелінен тарайды дейді .
Шақантай ұрпағы Жабықбай Қазақстаннан Қытайдың Шіңгіл ауданына , одан Іленің Қорғас ауданына келіп қоныстаныпты . Жабықбайдың Аймағамбет , Баймағамбет деген балалары Қазақстанда қалыпты .
Жабықбайдан : Тұрсынбай , Әубәкір , Асқар , Әбді ;
Тұрсынбайдан : Жүніс , Нұрсұлтан , Сұлтанбек , Әсінбек ;
Жүністен : Сәулетқан , Жұмабай . Сәулетқан үш аймақ төңкерісі кезінде соғыста қайтыс болған .
Жұмабайдан : Әлен , Әнуар , Анатай , Ынтай ;
Әленнен Нұржан , Нұрлан , Бағитар ;
Нұржаннан : Ильяс ; Әнуардан : Бағдат ;
Анатайдан : Айқын , Аршын ; Ынтайдан : Бақмұрат ;
Нұрсұлтаннан : Мұратбек , Жәзі ; Мұратбектен : Нұрдәулет ;
Нұрдәулеттен : Асхат ; Сұлтанбектен бала жоқ . Әсінбектен : Ерғали , Ермәғамбет ; Ерғалидан : Ғалым , Уәли , Нұрәли , Ғали , Мұрат , Әділ ; Ғалымнан : Ақсар ; Уәлиден : Қайнар ;
Асқардан : Ғариполда ; Ғариполдадан : Айқын ;
Айқыннан : Айдын ;
Әбдіден : Сыдық , Мұқаметжан , Оразбай , Жұмағали ;
Сыдықтан : Сәрсебек ; Сәрсебектен Рамазан , Райқан ;
Рамазаннан : Мағжан ; Мұқаметжаннан : Нұрлан , Еркін , Нұрдәулет ;
Нұрланнан : Нұрбақыт , Ербақыт ; Еркіннен : Ербол , Ерлан ;
Нұрсұлтанның Нұрдәулетінен : Ершат , Ерсін ;
Оразбайдан : Жарқын , Тұрсын , Ермек ; Жарқыннан : Есқан , Назар ;
Жұмағалидан Нұрғали , Серік . ( бұлар Қорғас ауданында тұрады )

Нариманнан : – Аманкелді , Аманжол .
Аманкелдіден : – Есбол , Досбол . Аманболдан бір ұл бар .

Қожақметтен : – Әкірамхан , Төлеу , Төлеш , Бөден , Бекеш , Гүлиа ( қыз)
( Үрімжіде тұрады )
Бөденнен : – Есқат ( Талдықорғанда тұрады ) .

Құлбарақ , Тыныбек , Бегім , Оспанқұл , Нығымет .
Нығыметтен : – Тоқан , Айқын .
Тоқаннан : – Қайсар , Шалқар . Қайсардан : – Самғар .

IV БӨЛІМ

Кейінгі ұрпақтың есінде болсын….

Қазақ хандары.

1470-1473 ж.ж. – Керей.
1473-1480 ж.ж. – Жәнібек.
1474-1511 ж.ж. – Бұрындық.
1511-1518 ж.ж. – Қасым.
1518-1521 ж.ж. – Мамаш.
1521-1531 ж.ж. – Тахир.
1531-1559 ж.ж. – Бұйдаш.
1549-1580 ж.ж. – Хақназар.
1580-1582 ж.ж. – Шығай.
1582-1598 ж.ж. – Тәуекел.
1598-1613 ж.ж. – Есім(2-ші рет) .
1613-1627 ж.ж. – Тұрсын.
1628-1644 ж.ж. – Жәнібек.
1644-1652 ж.ж. – Жәңгір.
1652-1718 ж.ж. – Тәуке.

Орта жүздің хандары.

1716-1719 ж.ж. – Қайып.
1719-1734 ж.ж. – Сәмеке.
1734-1771 ж.ж. – Әбілмәмет.
1771-1781 ж.ж. – Абылай(Әбілмәнсұр).
1781-1819 ж.ж. – Уәли.
1815-1819 ж.ж. – Бөкей.
1819-1822 ж.ж. – Ғұбайдолла.
1841-1847 ж.ж. – Кенесары.

Кіші жүздің хандары.
1718-1748 ж.ж. – Әбілқайыр.
1748-1786 ж.ж. – Нұралы.
1791-1794 ж.ж. – Ералы.
1795-1797 ж.ж. – Есім.
1797-1805 ж.ж. – Айшуақ.
1805 – 1824 ж.ж. – Шерғазы .
1801-1815 ж.ж. – Бөкей (орта жүз).
1815-1845 ж.ж. – Жәңгір.

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жерленген хандар, сұлтандар мен би, болыстар:

Хандар: Есім (1628), Жәңгір (1652), Тәуке (1715), Тұрсын (1717), Қайып (1718), Сәмеке (1738), Жолбарыс (1740), Сейіт, Барақ (1750), (Сығай) (1750), Әбілмәмбет (1771), Абылай (1781), Әбілфейіз (1783), Тәуке (1715), Есім (1797), Болат (1798), Тоғай (1816), Әлике (1860); Сұлтандар мен би болыстар: Қазыбек би (1765), Шыны би (1877), Оңдан сұлтан (1585), Қасым сұлтан, Байтемір сұлтан, Есіркеп би, Күлен би, Үсен би, Шоң би, Шаттығұл би, Қараменде би, Қанай би, Дүйсен би, Байзақ датқа, Оразкелді датқа, Елқонды датқа, Жаппас болыс, Битабар болыс, Мырзабай болыс, Мешітбай, Нүрби абыз, Ақтан абыз, Нарынбай Әулие, Қонақбай Әулие, Батырлар: Бөгенбай батыр, Шақшақ Жәнібек, (18ғ.), Бөрібай, Қойкелді, Мамай, Жауғаш, Жарылқап, Нияз, Сырғақ, Текей, Мәнжіғұл, Тілеукке, Андығожа, Наймантай, Есіркеп, Есей, Әжібай, Мырзағұл, Құлеке, Есенқұл, Көмек, Байкісі, Жанкісі, Жарылқап, Айбаспай, Ақпан, Алдаберген, Құдас, Айтбай, Бекен, Жантас,Ердес,Махамбет, Қойлыбай.

1000-2000 ж.ж. 1900-2000 ж.ж.
мың жылдық саңылақтары. ғасыр саңлақтары
(ҚР комиссиясы бекіткен)

1. Ахмет Яссауи 1.Ахмет Байтұрсынов
2. Жәнібек хан 2. Алихан Бөкейханов
3. Мұхамет Хайдар Дулати 3. Дінмұхамед Қонаев
4. Абылай хан 4. Дина Нұрпейсова
5. Төле би 5. Мұхтар Әуезов
6. Қазыбек би 6. Қаныш Сәтбаев
7. Әйтеке би 7. Бауыржан Момышұлы
8. Құрманғазы 8. Нұрсұлтан Назарбаев
9. Шоқан Уәлиханов 9. Олжас Сүлейменов
10. Абай Құнанбаев 10. Тоқтар Әубәкіров

Төрт түлік малдың пірлері.

Жылқының пірі – Қамбар ата
Түйенің пірі – Ойсыл қара
Сиырдың пірі – Зеңгі баба
Қойдың пірі – Шопан ата
Ешкінің пірі – Шекшек ата

Наурыз туралы.
Наурыз – жаңа күн, жаңа жылдың бірінші күні деген мағына береді.
Ислам күнтізбегі – айдың тууына арналып жасалған – «хиджра» (қашып, қоныс аудару деген мағынада). Ай күнтізбесі бойынша 12 айда 354 күн

сондықтан әрбір ай жыл сайын 11 күнге ауысып отырады. Сондықтан ислам жыл санауын григориан күнтізбесімен салыстырсақ:
Григориан Хиджра

2000 ж 1421 ж
2001 ж 1422 ж
2002 ж 1423 ж
……….. …………….
2009 ж 1430 ж . болып кете береді.

Мүшел туралы.
Қазақтың уақыт санатында ерекше бір орын алатын өлшемдік құрал – мүшел. Әдетте адамның жасына байланысты қолданылады. Бірінші мүшелді он үш жылдан қайырады. Қалғандары он екі жылдан өз ретімен келе береді. Шығыс халқы ананың құрсағындағы тоғыз айды бір жылға санаған. Сондықтан алғашқы мүшел он үш жылдан тұрады.
Он екі жыл – он екі хайуандар атымен таңбаланады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Қазақта мүшелден өткенде – тәубе деп, садақа таратқан. «Мүшеліңіз құтты болсын» – деп құттықтап отырған. «Жеті мүшел жасағанның жаны пейіште болады» – деген де сөз бар :

Тышқан 1900 1912 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996 2008 2020
Сиыр 1901 1913 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997 2009 2021
Барыс 1902 1914 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998 2010 2022
Қоян 1903 1915 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999 2011 2023
Ұлу 1904 1916 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000 2012 2024
Жылан 1905 1917 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001 2013 2025
Жылқы 1906 1918 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002 2014 2026
Қой 1907 1919 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003 2015 2027
Мешін 1908 1920 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004 2016 2028
Тауық 1909 1921 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005 2017 2029
Ит 1910 1922 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006 2018 2030
Доңыз 1911 1923 1934 1947 1959 1971 1983 1995 2007 2019 2031

Апта ұғымы
«Апта» – парсыдан қазақшаға «жеті» деген мағыналы сөз болып аударылады. Бір аптада жеті күн болуы аспан әлеміндегі күн, ай, жұлдыздарға байланысты.
Біздің қолданып жүрген апталық күндер аттары негізінен парсы сөздер:
Жексенбі – бірінші күн,
Дүйсенбі – екінші күн,
Сейсенбі – үшінші күн,
Сәрсенбі – төртінші күн,
Бейсенбі – бесінші күн,
Жұма – араб сөзі, «джәм» яғни «жиын», «жиылу» деген ұғымды білдіреді.
Сенбі – апта.
Әлемнің жеті кереметі
1. Египет пирамидасы
2. Вавилондағы аспалы Семирамида бақтары
3. Фидий сомдаған Олимп тауындағы Зевс мүсіні
4. Родос аралындағы ескерткіш
5. Александрия ( Египет ) маягі
6. Эфестегі Артемедия храмы
7. Галикарнастағы ғимарат
_________________________________________________________________
8.Әлемдегі басқа ғаламаттардың барлығы сегізінші
кереметке жатады .
Бұл жеті ғаламаттың ертеректе анықталуына байланысты және қазіргі заманда әлемде тамаша ғаламаттардың пайда болуына байланысты тізімді қайта қарауға арналған пікірлер айтылып жатыр.

Арақ – дерт.
Адам баласы жақсыға да, жаманға да тез үйренеді. Ислам дінінде – арақ, шарап – харам болып саналады. Біздің ата-бабаларымыз арақ ішпеген, ал олардың ұрпақтары мұсылманбыз десек неге ішеміз?. Бізді көріп балаларымыз, немерелеріміз де ішеді ғой. Қаншама қазақ жастары осы арақтан қор болып, салауатты адам қатарына қосыла алмай отыр. Арақ-дерт. Ал дерт дегенің батпандап кіріп, мысқалдап шығады. Осы арақ деген пәледен қалай құтыламыз? Ең әуелі ересек адамдар бір – біріне арақтың қиянаты туралы ашық айтқаны жөн. Әрбір отбасы дастарханымызға қонақ шақырғанда арақ қоймайық. Той – томалақтарға да арақты жуытпайық. Мейлі, елдің, дос – дұшпанның жамандаған сөзіне төзейік, шыдайық. Ұрпағымыз зиялы, салауатты, жаны да, тәні де таза болсын десек, мешіттерге балаларымызды, немерелерімізді жиі апарып тұрайық. Мектептерде салауатты өмір туралы қосымша пән енгізуге ат салысайық!

Бес анық.
Менің ұлтым – қазақ. Қазақпын. Бірақ қазақ екенімді қалай дәлелдеймін? Қазақ болып туғам, ата – бабам қазақ, басқадай қалай дәлелдеуім керек?
Әлемнің ойшы – ғұламалары осыған байланысты төмендегідей ойлар
тастап кеткен: адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс.

Біріншіден – сол ұлттың тілін жақсы білуі керек.

Екіншіден – сол ұлттың дінін меңгергені жөн

Үшіншіден – сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс.

Төртіншіден – сол ұлттың тарихын бес саусағыңдай білгені абзал.

Бесіншіден – сол ұлт мекендеген жердің ой – шұңқырын, жағрафиясын жақсы білуі парыз.

Осы бес шарттан сүрінбей өте алатын қазақ бар ма? Бар болса да, көп бола қоймас. Сондықтан дүниені, өмірді тануды адам өзімізден бастауымыз керек. Бұл – ескіден келе жатқан қағида. Әркім өзін – өзі білмесе, басқа ұлттарды да тани алмайды.

« Қара шаңырақ» ұғымы
Қара шаңырақ – елдің дамуының түпкі тірегі . Көне түркі заманынан
бүлінбей келе жатқан ата дәстүр . Бұл ұғымды , атадан балаға мирас болып қала беретін рухани , мәдени және дүниелік мәні бар мұралардың жинақталып , сақталынып , қолдан қолға аман өтуімен байланыстыра қарастыруға тиіспіз .Қара шаңырақ негізінен бір атаның кіші ұлында қалып отырған . Ондай дәстүрдің өз атасында сақталынып , жан жақтағы жеті жұртпен ұдайы байланысып , араласып , ұрпаққа қорған болып отыруға сол қара шаңырақ иесі , одан тарайтын ұрпақтар жауапты болып есептелінген . Қазақтар аталық рулық ішкі басқаруды бір орталықтандырып , қара шаңырақ арқылы басқарып , аса бір жауапты кезеңдерде қара шаңыраққа жыйналып , бірігіп , маңызды шешімдер қабылдаған .

« Жеті ата» салт дәстүрі
Қазақтар ежелден бері бір әулеттен тарайтын , қай жағынан болсын қаны жақын жеті атаға толмаған қыз бен жігіттің неке қиып үйленуіне тыйым салған . Елдің тәжрибесі бойынша , өйтпеген жағдайда тежегіш тізгіні жоғалып кетеді екен де , олардан туған ұрпақ нәпсісін ұстай алмайтын босбелбеу , борық , әдепсіз болып кетуі мүмкін екен . Көбінесе ондай балалар өткен өмір мен болашаққа мән бермейтін , білімсіз , мақсатсыз , мүгедек , өмір жасы қысқа болып келеді . Бұл медицина жағынан да дәлелденген .
Ата бабаларымыз жеті атаға толмай қосылғандарға « қан бұзылды» деп қатаң үкім шығарып отырған . Мысалы Қалқаман Мамыр тағдыры .

Жеті аталық буын :
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Шөбелек
7. Немене

Одан әрі : – туажат , жүрежат , жекжат , жұрағат , тумайжат , қабырға ағайын , жама ағайын , қаймана болып кете береді . Ұрпақ жеті атаға толған кезде , қазақтар ақсарбас құрбандық шалып , оны жеке әулет етіп бөліп шығарып отырған . Аспан – жеті қат (ионосфера ) , жер – жеті қат ( геосфера ) , айналамызды қоршаған табиғат – жеті қат (биосфера ) . Ендеше адам қанының сатылап дамуында да жеті буын қан айналымы бар деп айтуға негіз бар .
Мақал-мәтелдерден, шешен-сөздерден теріп алынғандар.

« Жеті атасын білмеген ер жетім , жеті ғасыр тарихын білмеген ел жетім» . ( Халық мақалы )
* * * * *
« Өз тарихын білмейінше , бұған белгілі бір көзқарас қалыптастыр –
майынша , мәдениеттің дамуы мүмкін емес» . ( Л . Гумилев )
* * *
Басқадан кем болмас үшін біз, білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек. (А.Байтұрсынов).
* * *
Шақшақ Жәнібектің Абылай ханға берген батасы: «Өткен іске өкінбе, халқыңа еңбек ет, әрқашан әділетті бол».
* * *
Ең алыс жол алғашқы қадамнан басталады .
* * *
Ескісіз жаңа болмайды.
* * *
Беруге бесеу көп, алушыға алтау аз.
* * *
Тәкәппарлық қай тілде де қасиетсіз сөз.(Қорқыт).
* * *
Алдыңнан артың биік болсын.
* * *
Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады (Б.Момыш ұлы).
* * *
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, жерінің кеңдігіндей сабыр
берген.(М.Мақатаев).
* * *
Қазаққа керек нәрсе қаншама!. Бірақ ең керегі – мал емес, жан
байлығы, көптік. Өз жерінде басым көпшілікке айналмай,
қазақтың бағы ашылмайды. (М.Мағауин).
* * *
Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қарабасы сол екі
ақылдың біреуін орындап жүретін болса, әлдеқашан адам болып
кетер еді. (Ғ.Мүсірепов).
* * *
Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса, мал құрлы мағына жоқ
тұрмысыңда (А. Байтұрсынов).
* * *
Ойсыз оқу –бекер, оқусыз ой-қатер,
Ұялмас бетке талмас жақ береді.
* * *
Қораға таяқ лақтырсаң, көтерем қозының басына тиеді.
* * *
Жақсымен деп мақтанба-халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба-барып қайтпай.
* * *
Жақсының кегі –шай орамал кепкенше, жаманның кегі-басы жерге
жеткенше.
* * *
Тау алыстан биік.
* * *
Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп-ойлап мал ізде (Абай).
* * *
Көп сөз қола, аз сөз –алтын.
* * *
Ашу тасыса – ақылы төгілер.
* * *
Жігітті жылы сөз ширатпайды, сын ширатады.
* * *
Құдай жаратқан төбені кетпендеп тауыса алмайсың.
* * *
Ағайын мықты болсаң күндейді, жуас болсаң жүндейді.
* * *
Саптыаяқтан ас беріп, сабынан қарауыл қарайтын.
* * *
Қырық жыл қырғын болса да, қиыспайды туысқан.
* * *
Жұртқа жұмыс үйретуден гөрі, жұмыс істеуіне бөгет жасамауды
үйрену керек (Ғ.Мүсірепов).
* * *
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би.
* * *
Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын.
(А. Байтұрсынов)
* * *
Дарияның қасынан құдық қазба.
* * *
Мың адам салған көпірді, бір ақ адам бұзады.
* * *
Қараша тойынбай, хан байымайды.

* * *
Жаңа ай туғанда:
«Ай көрдім, аман көрдім, баяғыдай заман көрдім,
Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқай гөр»
* * *
Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына өкінемін.
* * *
Ақ білектің қадірін әл кеткенде білерсің,
Қара көздің қадірін нұр кеткенде білерсің.
* * *
Бір сөз айтсаң жақсыға, аталы сөзге тоқтайды,
Шешеннің сөзі тым асыл, қап түбінде жатпайды.
* * *
Жас өспей ме, жарлы байымай ма?
* * *
Құданы құдай қосады,
Құдасымен құдай ұрған ұрсысады.
* * *
Әулие болса түйенің өзі әулие, құмалағы әулие ме?
* * *
Байлық дегеніміз- қанағатта.
* * *
Өзі жарымағанның сарқытын ішпе.
* * *
Адам үш күннен кейін көрге де үйір болады.
* * *
Әзірбайжан халқында күнә істеген адам тауға шығып кетіп, өзін-өзі сабайтын дәстүр бар.
* * *
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең – құл
болмақшы. (А.Байтұрсынов).
* * *
Ниеті жаманды құдай табады.
* * *
Тыныш жатқан бүркітті түрткілеп үркітпе.
* * *
Диірменнің түбінде туған тышқан шуылдан қорықпайды.
* * *
Жомарт бергенін айтпайды, айтқанынан қайтпайды.
* * *
Жауын болмаса жер, басы болмаса ел жетім қалады.
* * *
Жігіттің абыройы: ұлы сөзге тоқтай білген, жетесіз сөзді тоқтата білген.
* * *
Ер басындағы бес бақыт:
«Атың жүйрік болса,
Жалғанның пырағы.
Алғаның жақсы болса,
Үй мен қонақтың тұрағы.
Әкең -асқар тау,
Шешең -қайнар бұлақ.
Балаң жақсы болса,
Екі көзіңнің шырағы.» (Қанай шешен).
* * *
Шоқан Уәлиханов: «Адам қандай болу керек» дегенге Саққұлақ бидің айтқаны:
Егер адам асыл болса асар ды,
Жаман болса құрт құмырысқа басар ды.
Адамға ақыл -аздырмайтын тон,
Білім -таусылмайтын кен.
Адамның басшысы -ақыл,
Жетекшісі -талап.
Шолушысы -ой,
Жолдасы -кәсіп.
Қорғанышы- мінез,
Қорғаушысы -сабыр
Таусылмайтын арман
Ең қымбатты өмір …
- міне , адам осындай болу керек , депті .
* * *
Тұсыңнан атой салып өттім қазақ,
Желікпей тұра алмассың болсаң саңлақ. (Міржақып)
* * *
Адамның кісілігін білем десең ,оған дәулет пен байлық бер,
Адамның мықтылығын білем десең, оған қайғы мен қасірет бер.
* * *
Қазақ халқы жақсыға да ,жаманға да тез үйренеді. (Шоқан)
* * *
Заман азса адам да азар,
Кейбір «ерлер» жаумен қосылып, елін шабар.
* * *
Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады.
* * *
Қашан, қайда, кімге шындықты айта білуді үйрене білу керек. (Черчиль).
* * *
Біз мүмкіншілігімізді толық пайдалана білсек, өзімізге өзіміз таң қалған болар едік. (Эдисон).
* * *
Егер адамды ылғи жамандай берсек оны жақсы көруге уақыт қалмас еді.
* * *
Егер адал шешім қабылданбаса, дау ешқашан бітпейді. (Линкольн).
* * *
Әтеш қатты айқайлап шақырғанмен, жұмыртқаны тауық әкеледі ғой. (Тетчер).
* * *
Біреуді тамақтандыру үшін оған балық емес, қармақ беру керек. (Конфуций).
* * *
Дайындалмаған дастарханда – бір, дайындалған дастарханда – мың кемшілік болады. (Н.Назарбаев).
* * *
Аттың үстінде отырып, жердегі гүлдің иісін иіскеу өте қиын. (Қытай мақалы).
* * *
Өсек, өтірік, мақтанщақ,
Еріншек, бекер мал шашбақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)
* * *
Болмасаң да ұқсап бақ ,
Бір ғалымды көрсеңіз .
Ондай болу қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз ( Абай )
* * *
Күн жауғанда – қойныңда,
Күн ашықта – мойныңда. (Абай)
* * *
Өмірдің алды – үміт , арты – өкініш ( Абай )
* * *
Әкенің баласы болма , адамның баласы бол .
Адамның баласы – бауырың . ( Абай )
* * *
Егерде есті кісілердің қатарында болғыңыз келсе , күніне , жұмасына
немесе айына бір рет өзіңнен есеп ал .
* * *
Біз өзімізге өзіміз көңліміз толмағанда басқаларды жазғыруға әзір
тұрамыз . Өзін кінәлі сезінген адам шыдамсыз келеді . ( Анри)
* * *
Біз адамдарды жаман болғандығы үшін ғана сүймейміз , оларды сүй -
мегендіктен жаман деп ойлаймыз ( Л. Толстой )
* * *
Қолынан келгендер – жұмыс істейді ,қолынан келмегендер – біреуді
оқытпақ болады . ( Б. Шоу )
* * *
Қолдан келсе жақсылықты аяма . Жақсылық істеген адамыңнан
ештеме күтпе . Жақсылық басқа жерден келеді .
* * *
Қазаннан қақпақ кетсе , иттен ұят кетеді .
* * *
Махаббатпен жаратқан адамзатты ,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті .
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп ,
Және сүй хақ жолы деп ғаділетті . ( Абай )
* * *
Ғалымның – хаты ортақ , әншінің – әні ортақ , сұлудың -сәні ортақ .
* * *
Қой дегенде қоймаған арашаға зар болады .
* * *
Ең бастысы – мемлекеттік құрылымды лауазымды тұлғалар байып
кетпейтіндей етіп құру . ( Аристотель )
* * *
Әйелдің қалағанын құдай да жақтайды .

* * *
Алтын емес , балаларыма одан да қымбаттырақ дүниені
қалдырып бара жатырмын . ( Сократ )
* * *
Парақор болып құнықса , әділдік кетер ханыңнан .
* * *
Өзіңе тілеместі – өзгеге жасама . ( Конфуций )
* * *
Кәсіп болмай нәсіп болмас . ( Төле би )
* * *
Адамдар нені бәрінен де қатты ұнатса , соны бағаламайды .
( Оскар Уайьд )
* * *
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін , ең алдымен
Азаттық пен Білім керек . ( Шоқан Уәлиханов )
* * *
Лұқпан хакімнен : – Сіз қырыққа келсеңіз де әлі жас
көрінесіз , соның сыры неде , деп сұрапты . Сонда хакім :
- Мен әрбір жақсы адаммен шүйіркелессем , соны бір
жылға санаймын , деген екен .
* * *
Өткен күннен алыс жоқ , ертеңгі күннен жақын жоқ .
* * *
Уақытша нәрседен артық тұрақты ештеме жоқ
* * *
Текті тек жатпас .
* * *
Бүгінгі сөзің ертеңіңе жарамаса , жау дес бермейді .(Құнанбай)
* * *
Үй менікі деме , үй артында кісі бар .
* * *
Әйел асқақтаса жылағаны , еркек асқақтаса – құлағаны .
Әйел ашуланса жеңіледі , еркелесе жеңеді . (Ғ. Мүсірепов )
* * *
Түбі бірге түтпес .
* * *
Ағайынның азары болса да , безері болмайды .
* * *
Әділ қазы аштан өліптіні естіген құлақ , көрген көз жоқ .
( Омар Қаймолдин )
* * *
Ана тілін ұмытқан адам – Отанға қауіп . ( К . Паустовский )
* * *
Жыл деген – ат басын бұрғанша , ай деген – аунап тұрғанша .
* * *
Ақылдылықтың басы – құдайдан қорқу .
* * *
Жасасаң қайыр – қарыз деп айтпа .
* * *
Ана тілін шекарадай қорғау керек ( Вяземский )
* * *
Мен егерде ертең ана тілімнің өлетінін білсем , өзім
бүгін ақ өлуге даярмын . ( Р. Гамзатов )
* * *
Халық өзінің тілімен ғана мәңгілік . ( Ш. Айтматов )
* * *
Адам неғұрлым ақылды болса , соғұрлым түсініксіз .
(Вовенарг )
* * *
Бір әке отыз ұлды асырайды , отыз ұл бір әкені
асырамайды .
* * *
Ел басқарудың мәнісі – байлықты үнеммен жұмсау .
( Конфуций )
* * *
Текті сөз темірді де кеседі , кекті сөз өмірді де кеседі.
* * *
Сыйлық қымбат емес , сыйлау қымбат .
* * *
Бәрін де құдай жасайды . ( Сократ )
* * *
Бір атадан жерге қараған жеті момын туғанша , жеті
атадан елге қараған бір көсем тусайшы .
* * *
Өткен күнде белгі бар , іздеушісі болса , келер күнге
белгі бар , тілеушісі болса .
* * *
Су сүзілсе – құм , ел сүзілсе – құл .
* * *
Шаранамен туып ең , бөз оранып кетесің
Бір сағымды қуып ең , оған қашан жетесің ?
Мал үшін жан қиып ең , қайда алып кетесің ?
Қанша дүние жиып ең , бәрі қалды – не етесің ? (Шәкәрім )
* * *
Қазақ жоқшы , жоғын іздеген қуғыншы . ( А .Байтұрсынов )
* * *
Қазақтар күншілдік , мақтангөйлік , жалақорлық , жалқаулық
сияқты жаман қасиеттерден арылатын уақыты жетті .

* * *
Мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады . Біреуі жатқа
мақтанарлық мақтанды іздейді . Ол надан , надан да болса
адам . Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды
іздейді . Оның надандығы толық , адамдығы әбден толық
емес . Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса , я аулына ғана
келіп айтпаса , өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді .
Ол наданның наданы , hәм өзі адам емес . ( Абай, 21- сөз )
* * *
Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі .
* * *
Бір төл артық туса , бір жусан артық шығады .
* * *
Әркім сүйгенінің құлы .
Әйел сұлу көрінер екі қабат кезінде .
* * *
Сөзіне қарап кісіні ал , кісіге қарап сөз алма .
Пайда ойлама , ар ойла . ( Абай )
* * *
Бүлінген елден бүлдіргі алма .
Көппен көрген ұлы той .
* * *
Дүниеқор – дүниенің құлы .
* * *
Кісідегінің кілті аспанда .
* * *
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз .
* * *
Қарғыстың ең жаманы : Өзің білме , білгеннің тілін алма .
* * *
Егер жақын досың бір жаққа бару керек деп келсе :
- Қайда , не жұмыспен ? – деп сұрама ,
- Қашан бару керек , деп сұрау керек . (Грузин мақалы )
* * *
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі .
* * *
Келін жаман емес , келген жері жаман .
* * *
Туысы жақын – жақын емес , қонысы жақын – жақын .
* * *
Жамандығы сезілсе , жақын кісі жат болар .
Ағайынды жамандап , кәне туған тапқаның ?
* * *
Тас түскен жеріне ауыр .
* * *
Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл ризық .
* * *
Өзі жақсы кісіге , бір кісілік орын бар .
* * *
Сараңның дәулет өз соры .
* * *
Жібекті түте білмеген жүн етеді .
* * *
Бір күн тұзын татқанға қырық күн сәлем бер .
* * *
Жақсының аты өлмейді , ғалымның хаты өлмейді. (Бұқар )
* * *
Өзгелерден өзіңе қандай сый күтсең , басқаларды солай
сыйла , өзіңе қандай қаоым қатынас тілесең , басқалармен
сондай қарым қатынаста бол . ( Конфуций )
* * *
Жата берсең тырайып , бір үзім нанды кім берер ?
* * *
Еңбек шипа , дәру , көп жасаудың , негізі өміріміздің
мағынасы ( Бұқар)
* * *
Адам тояр тоймас тамақ ішіп , азды қанағат тұтуы керек
* * *
Өзіңнің пайдаңды ойлама , елдің пайдасын ойла , өзіңнің
пайдаң су ішінде ( Баласұғын )
* * *
Сұңқар жемін шашып жейді , жапалақ астына басып жейді
* * *
Платон менің досым , бірақ ақиқат одан да қымбат
( Аристотель )
* * *
Бүгін сен түзелсең – ертең Ел түзеледі .
* * * *
Қиындықты жеңбесең , қиындық сені жеңеді
* * *
Әйел – Алладан кейінгі жаратушы
* * *
Жақсымен өткізген бір сағат , жаманның өтіп
кеткен ғұмырындай
* * *
Қыздың амалы қырық есекке жүк болар
* * *
Алдымен адамдарды азамат етіп шығарсақ , сонда
мемлекет өзінен – өзі өркениетті болып құралады
( П. Столыпин )
* * *
Мұқтаждық – мың өнердің атасы
* * *
Адам бақытты болуға міндетті , бақытсыз болса ,
оған өзі кінәлі
* * *
У. Черчиллдің туған күнінде , елдің бәрі оған
денсаулық , денсаулық тағы да денсаулық
тілегенде , ол : – « Маған жолыңыз болсын
деп тілеңіздер , «Титаниктегілердің бәрінің дендері
сау болған» депті
* * *
Адамның қасиеті өзінде емес , сөзінде .
* * *
Басы ылай су тұнымас …
* * *
Ырыс баққан , дау бақпас ( Абай )
* * *
Сыпайылықты сақта , сыпайылық сені қорғайды
* * *
Адам баласына , адам баласының бәрі дос ( Абай )
* * *
Біріңді , қазақ , бірің дос – көрмесең істің бәрі бос …
( Абай )

 

 

 

МАЗМҰНЫ :

1. Алғысөз……………………………………………………………………………..

2. Шақантайдың ата тектері туралы естіп
білгендеріміз …………………………………………………………………….
3. Шақантай батырдың төкпе жырлары……………………
4. Шақантайдың ғақлия сөздері …………………………………..
5. « Шақантай батыр» тарихи дастаны ……………………..
6. « Шақантай батыр» поэмасы…………………………………….
7. Шұбартаудан шыққан белгілі азаматтар туралы
азды – көпті деректер……………………………………………………
8. Шежіре ( схема ) ………………………………………………………………
9. Кейінгі ұрпақтың есінде болсын………………………………………
10. Мақал мәтелдерден , шешен сөздерден теріп
алынғандар……………………………………………………………………….
11.Мазмұны……………………………………………………………………………
Кітаптың соңғы мұқабасы.

Төлтай Тайтөлеу Ысқақ ұлы
(1942 ж. туған)

Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құдайберді, Жауқашар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Шүршіт, Мұсабек, Төлтай, Ысқақ одан Тайтөлеу.
Төлтаев Т. бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқант ауданы, Антоновка (Қазіргі аты Қойлық) селосында 1942 жылы туған. Әкесі Ысқақ байдың баласы деп қудалаған соң , 1931 жылдары Сарқант ауданына келіп қоныстанған , 1942 ж. Ұлы Отан соғысына шақырылып , екі айдан кейін қайтыс болған. Төлтаев Т. 1950 жылы орта мектепке түсіп, 1960 жылы он жылдықты Сарқант қаласында бітірген . 1967 жылы Киров атындағы ҚазМУ-ның механика және математика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1967 жылы Қазақ КСР Жоспарлау Комитетінің Есептеу орталығында бастады.
1972-1992 жылдары бірнеше Минстрліктердің Есептеу Орталықтарында компьютерге бағдарлама құруды ұйымдастыру саласында еңбек етті.
1992 жылдан осы уақытқа дейін «Республикалық информация есептеу орталығы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің төрағасы . Алматы қаласының Аудандық, Қалалық Әкімшіліктерінің Құрмет Грамоталарымен , «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10-жыл Астана» (2008) мерекелік медальдарымен марапатталған.
Жұбайы Алшынбаева Есентай , жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет етеді , физика – математика ғылымдарының кандидаты , профессор .
Бір ұлы , екі қыздары , төрт немерелері бар .
Компьютерде терген: Арманбек Қауменұлы , Тайтөлеу Ысқақұлы .

Шежіренің схемалары

Схемы

kerey.kz

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

1 пікір

  1. kerey.kz

    Абақ керейдің ата-тек шежіресі
    Абақ керейдің ата-тек шежіресі
    Абақ керей 12 атаға бөлінеді.
    Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады. Ноқта ағаның жолы- ертеде ел көшкенде көсем түйені жетелейді және дастарқанға бата беру, табақтағы сыйлы мүшені кесуде басымдылық беріледі. Байлаудан жәнтекей, жәдік, шеруші рулары тарайды. Сидалыдан жастабан, шимойын, көнсадақ рулары тараған. Жастабан руы негізінен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Шұбартау (қазір Аягөз ауданының құрамында) ауданын мекендейді. Керей Алтайға бет алғанда Қабанбай батыр мен Ақтамберді батыр жыраумен дос-жар Шақантай, Нұралы батырлар найманнан қоныс алып, мекендеп қалған делінеді. Кейіннен бұл өлкеде Абай елі тобықтылар қоңсылас болады. Жастабан-белгілі ғалым-жазушы Мұхтар Мағауиннің елі.Жабайдан қарақас, молқы, сарбас рулары тарайды. Мағыналының қызы Мәулімнен шұбарайғыр тарайды делінеді. Шежірешілер шұбарайғырды керейдің жиені, меркітті жиеншары еді деп қиыстырады. Меркіт – бұдан сегіз жүз жыл бұрын, яғни Шыңғыс хан заманына дейін-ақ Байқал көлінің оңтүстігінде қуатты жеке мемлекет құрған ел болса, ол қалай Керейге жиеншар болмақ.. Шыңғыстың меркіт билеушілеріне деген жеке бастық өшпенділігі салдарынан 1204 жылы қырғынға ұшырап, жеңілген меркіттер Сарыарқаға қашқандығына, 1216 жылы Жошы әскері қазіргі Ырғыз-Торғай өлкесінде Сүбедей әскерінің меркіттерді толық талқандағандығына тарих куә. Осы қырғыннан аман қалған меркіттің азғана бөлігі кейінен керейдің құрамына қосылса керек. Он екі руға бөліну Көгедай төре тұсында, Мәнжі қытайға бағыну кезеңінен бері пайда болса керек. Шындығына келгенде Он екі керейге бірде шимойынды, бірде, жәнтекей ішіндегі құлтайболатты жатқызуы осыны меңзейді. Әр рудың өз таңбасы, ұраны бар. Олар әр рудың жоңғарларға, кейіннен қалмақтарға қарсы күрескен батырларының есімдері:
    1. Ителі (Бұқарбай)
    2. Жәнтекей (Шақабай)
    3. Шеруші (Байтайлақ)
    4. Молқы (Машан)
    5. Қарақас (Қаптағай)
    6. Меркіт (Құлсары)
    7. Жастабан (Жобалай)
    8. Көнсадақ (Жабай)
    9. Шұбарайғыр (Қожаберген)
    10. Сарбас (Сарытоқай)
    11. Жәдік (Жанат)
    12. Шимойын (Әлмембет)
    Шеруші руының ұранына айналған ұзынмылтық Байымбет ұлы Байтайлақ батыр-Ер Жәнібектің қарулас серігі болған. Керей Байтайлақ батырдың зираты делінетін төбешік Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы орталығы Талшық кентінің Жаңауылға бұрылған жолайрығы маңындағы қоқыс төгетін орын (свалка) маңына таяу жатыр. Мұны әлі де айқындау қажет. Байтайлақ Семей өлкесінде, Ер Жәнібектің қасында жерленген деген де пікірлер бар. Байтайлақ пен оның баласы Шұбаш батырлар шеруші руын билеген. Кейіннен Ақтай билікті қолға алды.Қожаберген Жәнібекұлы – шұбарайғыр руынан шыққан батыр. Көбінесе осы Абақ Қожаберген батырды Ашамайлы Қожаберген Толыбайұлымен жаңылыс атау кездеседі. Ашамайлы Қожаберген әйгілі батыр, жырау. Атақты әнші Сегіз серінің ұлы атасы. Абақ Қожаберген ойраттың азаткер батыры Амырсанамен жас жағынан шамалас екендігін білеміз.Шеруші руынан шыққан Байғара ұлы Киікбай батырдың бейіті Ақмола облысының Атбасар ауданында Сергеевка селосы маңында делінеді. Қалай болғанда да Киікбай батырдың Қазақстанда жерленгені даусыз.Жәдік, жәнтекей, шеруші рулары туыстас, қанаттас аталады және оларға берген халық мінездемесі де тәмсіл болып айтылады. Жәнтекей- Абақ керейдің жартысынан көбін құрайды. «Керей бұзылса жәнтекейге сыяды, жәнтекей бұзылса, керейге сыймас»,- деген сөз бар.Жәдік баласы: 1. Мәлік 2. Жанат 3. ИтемгенЖанаттан тарайтын рулар: байқазан, жақай, қостай, жарасбай, мұңал, тілел, қыдыр, боқай.Мәліктен тарайтын рулар: байғара, баян, құланбай, көтен.Жәнтекей баласы:1. Сүйімбай2. Сүйіндік3. Сүйіншәлі Сүйімбай баласы:1. Самұрат2. Құты3. Сәмембет 4. Бөкес (Елгелді руы тарайды….Сейсенбай-Самбай-Абай)5. Төлеке (Есіркеп руы тарайды) Сәмембеттен тарайтын рулар: атантай, есентай (барқы, базарқұл, шақабай, түктібай, қыстаубай,т.б.), есембай, 6 тасбике, (ақша, бөрте, қаржау, жаман, сары, елібай), есағасы, қазыбек. Тасбике Ақшадан: Байғон, Байғоннан: Бәйтерек, Бәйтеректен: Байжан, Байжаннан: Уанған Жуанышбай (Қағай), Орайхан, Тоқай, Қуанық. Қағайдан: Абай, Бадай, Шәкерхан, Абзалхан. Орайханнан: Шәмен, Шеріхан, Қанағат. Тоқайдан: Кәмен. Кәменнен: Мұрат, Талғат. Қуандықтан: Шәпен, Жеңісхан, Сепей (Қажыұлы Жанаттың зайыбы). Шәпеннен: Атқазы. Сүйіндік баласы: 1. Алты2. ҚалкеСүйіндіктен тарайтын рулар: жайлау, күнту т.б. Алтыдан: Сары. Сарыдан Бердәулет. Бердәулеттен: Жәнібек батыр. (Керей Ер Жәнібек) Жәнібектің қызы Ермекті (кей деректерде қарындасы) Тобықты Ырғызбай алған. Ырғызбайдан Өскенбай. Өскенбайдан: Құнанбай одан Абай туады.Сүйіншәлі баласы: 1. Қожамжар2. Барақ3. Секел4. Бұлантай.Қожамжардан: Ботағара, Әйтімбет. Әйтімбеттен: Қаражан. Барақтан: Қангелді, Тайлақ. Бұлантай. Бұлантайдан: Көбек.

POST YOUR COMMENTS TO kerey.kz (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: