|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы ғарышкер ұшырылды

Бүгін, қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кемесімен ғарышқа ұшты.

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажының мүшесі, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов .

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажының мүшесі, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов .

Ғарыш кемесін тіркеген «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (1-алаңы) Астана уақыты бойынша сағат 10:37-де ұшырылды.

«Роскосмос» агенттігі бұған дейін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында Айдын Айымбетовпен бірге ресейлік ғарышкер Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, даниялық Андреас Могенсен барын хабарлаған. Ғарышкерлер халықаралық ғарыш станциясында бірнеше күн болып, Айымбетов пен Могенсен қыркүйектің 12-сі күні Жерге оралады. Айымбетов пен Могенсон ғарышқа бірінші рет ұшып отыр. «Роскосмостың» мәлімдеуінше, «Гагарин стартынан» осымен 500 мәрте ғарыш кемесі ұшырылған.

Бұған дейін «Қазғарыш» ұлттық ғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов Азаттыққа Айдын Айымбетовтің сапарының шығыны 20 миллион АҚШ долларын құрайтынын және оны Қазақстан 2016 жылға дейін төлейтінін хабарлаған.

Айдын Айымбетов қаржылық себептермен ғарышқа сапар шегуден бас тартқан ағылшын әншісі Сара Брайтманның орнына ұшырылды. Әншінің әуелгі шығын көлемі шамамен 50 миллион доллар деп жоспарланған.

«Қазғарыш» Айымбетовтің бортинженер ретінде ұшатынын, ғарышта Арал теңізінің ластануын, Каспий теңізінің мұнай өндірісі кезіндегі ластануын зерттейтінін мәлімдеген. Айымбетов бұған қоса ғарышта Астанада өтетін ЕХРО мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фильмге арнап видеожолдау да түсірмек.

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажының мүшелері (солдан оңға): қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен. Байқоңыр, 2 қыркүйек 2015 жыл.
«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажының мүшелері (солдан оңға): қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен. Байқоңыр, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Сергей Волков қыркүйектің 1-і күні өткен баспасөз жиынында ғарышкерлер Еуропа, Қазақстан және Ресейдің барлығы 75 ғылыми бағдарламасы бойынша жұмыс істейтінін айтқан.

«Біз станцияда жүргізіліп жатқан зерттеулермен де айналысамыз. Маған физиология бойынша жүргізетін зерттеулерім көбірек қызықты. Ал Могенсонмен микрогравитация жағдайындағы бұлшықет атрофиясын зерттейміз» деген Волков.

Ғарышқа ұшудан үмітті екі қазақстандық – Айдын Айымбетов пенМұхтар Аймаханов 2007 жылы Ресейдің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында дайындығын аяқтаған. Екеуінің бірі 2009 жылы күзде халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуға тиіс еді. Бірақ Қазақстан жағы қаржы тапшылығына байланысты ғарышкер ұшыруды кейінге қалдырған. Осы аралықта Мұхтар Аймаханов Ресей азаматтығын алып, сол елдің ғарышкерлер құрамына енген еді.

Айдын Айымбетов – тәуелсіз Қазақстанның атынан ғарышқа ұшырылған алғашқы ғарышкер. Бұған дейін «Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкерлер» деп сипатталып келген Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы СССР азаматы һәм ресейлік маман ретінде, ал Талғат Мұсабаев 1994, 1998 және 2001 жылдары Ресей азаматы ретінде ғарышқа ұшқан еді. «Ресей батыры» (1994 жыл) әрі «Қазақстан халық қаһарманы» (1995 жыл) Талғат Мұсабаев 2007 жылы ғана Қазақстан азаматтығын алған соң елдің аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    (Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады) Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: