|  |  |  |  |  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Саясат Суреттер сөйлейді Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Оспан Батырдың Чойбалсан маршалға жазған хаты

Ospan batter Katy

Суретте Оспан Батырдың 1944 жылы наурыз айында Чойбалсан маршалға жазған хаты берілген. Хатта Оспан Батырдың өз қолы қойылған, мөрі (таңбасы) басылған.
Хаттың аудармасы:
Аса құрметті маршал жолдасқа сәлем
(жазамын мәнісі:)
Ол жақтағы біздің әскерлердің кемшілік* нәрселер болса біздің мына барған кісілерден айтып жіберіңіздер. Және де сол әскерлер жауды қамап алған екен, асса 10 күн, қала берсе 6-7 күн, шамалары болса қамасын, егер азық басқалай нәрселері болса оны бұл жерден толық қып береміз, кемшілік* нәрселеріне біз міндеттіміз, сол үшін әскерлерге осы хабарларды даньбау* арқылы тиілсе екен деп құрметпен Батыр Оспан (қолтаңбасы, мөрі).
33. 3/3
Қысқаша түсіндірме:
Кемшілік*: хатта бұл сөз мінездеме мағынасында емес, қажеттілік, бұйымтай, керек-жарақ сияқты әлеуметтік һәм тұрмыстық мағынада қолданып тұр.
Даньбау* (қытайша:电报): диань бао, телеграмма яғни жеделхат.
Ескерту: Хат нұсқасы 2016 жылы Моңғолияда жарық көрген “Оспан Батыр” атты 440 беттік ғылми еңбектен алынды. Еңбекті шығарушылар:
Х.БАТ-ОЧИРЫН БОЛД
Х.БАТ-ОЧИРЫН ТУЯА144592857_1961143187382592_6589511144569910192_n
1943 жылғы Оспан-Чойбалсан кездесуі, екіжақты ортақ келсімшарттарға отыруы жаңа саяси кезеңнің басталуы еді. Сол жылы Алтайда ұлт-азаттық көтеріліспен жүйелі айналысатын уақытша үкімет құрылды. Уақытша үкіметтің төрағасы, қоманданы, жеке әскері және алған қойған саяси мақсаттары болды. Уақытша үкіметтің туы, іс-қағазы, үкімет ағзалары болды. Суретте көрсетілген хат үлгісі, қолтаңба һәм мөр соның тарихи дәлелі еді. Бірақ, кейін совет одағы Алтайда құрылған осы уақытша үкіметке бүйрегі аз бұрылды, өңірдегі саяси жобаның картасын қайта шилап жаңа саяси ойындарды ұйымдастырды. Мұның бірқанша себебі бар еді, олар:
Бірінші себеп: Германияда құрлыған Түркістан Легионының дін істерін басқаратын легион мүфтилігі құрылады да, олар совет құрамындағы түркі мұсылмандарға саяси һәм рухани пропаганда жасай бастайды. Совет орталық билігі Германияның діни пропагандасының ықпалын әлсірету мақсатында 1943 жылы Ташкенде діни басқарма САДУМ-ды жасақтап шығады. САДУМ-ға қарасты Қазақстан діни басқармасы да құрылады, оны Қазиат деп атайды. САДУМ жасақтала сала елдегі діни ахуалды қайта жандандырған-сымақ болады, мешіттер қайтадан соғылады, діни кітаптар қайтадан жарық көреді. САДУМ құрыла сала Моңғолия Баян-Өлгийде, Алтай, Шәуешек, Құлжада өз пропагандасын бастап кетеді. Әсіресе Құлжа тараншы, өзбек, татарлары САДУМ ықпалына ұшырап совет пропагандасын аймақтарға тарата бастайды. Бірақ, Алтай халқы бұрынғы ишандық және қазылық Бұхара ислам мектебі мен дәстүрін берік сақтағандықтан советтік діни саясаттың ықпалын, діни кадрларын мойындамай қойды. Алтайда Әбілпейізұлы Көгедай ұрпақтары керейдің хан-төресі, Бұхаралық Мұхамбет ишан ұрпақтары керейдің ешені (ишаны) болып бекітілгеніне жүз жылдар өткендіктен діни һәм саяси өмірлерін бір жолда өзгерту аса қиын еді. Сол себепті советтің саяси һәм дін атын жамылған рухани пропагандасы бұл өлкені айналып өтіп жатты. Алтай сол беті тұра берсе қазақтардың кейінгі саяси жағдайы советтің өңірдегі сыртқы саясатына сөзсіз кереғар ықпал етеді, бұл советтің пайдасына шешілмейді. Бұл бірінші себеп!145311572_1961143170715927_991741230732815477_n
Екінші себеп: Алтай халқы 1939-40 жж бастап ұлт-азаттық төңкеріске белсенді араласқандықтан өлкедегі қытайдың әскери күші негізінен Алтайға аууып Құлжа сияқты халқы тығыз, этникалық құрамы күрделі өңірлер стратегиялық жақтан бейғам қалады. Былайша айтқанда Іле уалаятындағы қытайдың әскери күші Алтайға жұмсалып бұл аймақ барынша қорғаныссыз күйде қалып қояды. Ол кезде яғни 1943-44 жж Алматыда “Шыңжаң мәселесі” жіті қадағаланып бақылауда еді. Жүздеге кадрлар “Шыңжаң мәселесі” бойынша тыңдаудан, дайындықтан өтетін. Оларды Жәркент, Қорғас арқылы бейғам ел Құлжаға жеткізу тиімді-тін. Сосын совет пен САДУМ адамдары Құлжада көбірек үгіт-нәсихат жүргізді, тіпті Құлжадағы совет консульствосы өте белсенді болды.
Үшінші себеп: Іле уалаяты қазақ халқының басым санды болуына қарамастан көпұлтты, көпдінді, көптілді аймақ еді. Совет үшін өңірдегі саясатқа татырмас мүмкіндік. Үкімет құрамын әр халықтан жасақтау, нақты қай этникалық топтың мүддесін анық көрсетпеу кейінгі бөлу мен билеудің бүгінгі алғы шарты-тын. Совет консулы, САДУМ кадрлары 1943 жылдан бастап Құлжадағы бай-шонжарларға ашық үгіт-нәсиқат жасап алдын астыртын төңкеріс жасауға келістірді.
Бұл өлкенің тарихына қатысты ғылми айналымға түскен еңбектерде өңірге тіке қатысты діни-рухани мәселелер аса ауқымды зерттелмей келеді. Егер шындап кірісіп зерделенсе бір ғана діни-рухани мәселелерден өңірдің саяси тарихына қатысты кейбір жанама факторларды анық байқауға болатын еді.
Елдес ОРДА
01.02.2021

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: