|  | 

Мәдениет

«Канадада жүріп те қазақ тілін үйренуге талпынатындар бар»

Азаттыққа сұхбат берген Канада қазағы Қазақстаннан көшіп адамдардың өз мәдениетін сақтауға тырысатынын айтады. Канадада жүздеген қазақ отбасы тұрады.

Ержан Нұрқасен, Канадада тұратын қазақ. Сурет оның Facebook парақшасынан алынды.

Ержан Нұрқасен, Канадада тұратын қазақ. Сурет оның Facebook парақшасынан алынды.

Ержан Нұрқасен – Канаданың Виннипег қаласының тұрғыны.

2007 жылы Алматы облысынан қоныс аударған ол жергілікті компаниялардың бірінде сапа инспекторы болып қызмет істейді.

Ержан Азаттыққа өзі тұрып жатқан елдің және сонда тұратын қазақтардың мәдениеті мен оларды қазір не толғандыратыны туралы әңгімелеп берген еді.

Ержан Нұрқасеннің Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлына берген skype-сұхбаты:

 http://flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2015/10/6/60/6055519d-6b8e-422e-8b7d-33303f34fd16.mp4

Азаттық: – Канадаға қоныс аударуыңызға не себеп болды?

Ержан Нұрқасен: – Өмір бір-ақ рет беріледі. Басқа мемлекеттерде тұрып, елді, жерді көрейін деген ой болды. Оған қоса бұл жақта жұмыс та көп.

Азаттық: – Жергілікті халықтың өмір сүру стилінің Қазақстанмен салыстырғанда айырмашылғы бар ме екен, бар болса, қаншалықты?

Ержан Нұрқасен: – Шынымды айтсам, мұнда демократия талаптары үстем деуге болады. Адамға жағымды жақтары көп. Өте қауіпсіз мемлекет. Тұрғындары да өте сыпайы. Сосын мені бір таңқалдырғаны жергілікті тұрғындар сырттан қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдерінің ұлттық үрдістерін сақтауын қолдап, жігерлендіріп отырады. Мысалы, мәдениет фестивалі, күзгі жүгері-алма фестивалі секілді жылына төрт мәрте әртүрлі мәдени байқаулар болып тұрады. Сол кезде әр ұлттың өкілдері бес отбасыдан асса, оларға арнайы орын бөліп,ұлттық мәдениеттерін, ұлттық тағамдарын, ұлттық бұйымдары мен киімдерін көрсетуге, слайд-шоу жасауға мүмкіндік тудырады. Әр ұлт өзі көшіп келген мемлекетінің де туын іліп қоя алады.

Азаттық: – Яғни «өзге елден қоныс аударған адамның жергілікті тұрғындармен бірден сіңісіп кетуіне қолайлы ел» дейсіз ғой?

Ержан Нұрқасен: – Солай. Мысалы, бұл жерде ежелден тұратын қазақтар өте аз. Соғыс жылдарында тұтқынға түсіп, осында көшіп кейін қалып қойған бірен-саран адамдардың ұрпақтары бар. Бірақ олар қазақ тілін білмейді. Ал қазақтардың басым көпшілігі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап келгендер.

Азаттық: – Канадада қанша қазақ тұрады? Олардың бірі бірімен қарым -қатынасы қалай?

Ержан Нұрқасеннің Facebook парақшасынан алынған суреті.
Ержан Нұрқасеннің Facebook парақшасынан алынған суреті.

Ержан Нұрқасен: – Мен тұрған жер орталық провинция болып есептелінеді. Бұл жерде жұмыс істеуге жеткілікті мүмкіндік жасалған және мұнда көшіп келушілер де көп. Сондықтан дәл қазір нақты қанша екенін айта алмаймын. Бірақ бұған дейінгі шамалауымыз бойынша қазақтардың ең көп шоғырланған жері Торонто болып есептелінетін. Онда 100 шамалы отбасы тұрады. Одан кейінгі орында Ванкувер тұр. Ванкуверде 70 шамалы отбасы тұрады. Торонтодағы қазақтар наурыз мерекесін тойлап тұрады. Өздері жеке қауымдастық ретінде тіркеліп алған. Жалпы, Канададағы қазақтар бір-бірімен өте жақсы араласып тұрады. Тағы бір назар аударатын мәселе Қазақстаннан Канадаға қоныс аударғандардың басым бөлігі орыстілді болып келеді.

Азаттық: – Қазақтар шоғырланып қоныстанған елдердің кейбірінде қазақтілді жексенбілік мектептер жұмыс жасайды. Сіздерде ондай мүмкіндіктер бар ма?

Ержан Нұрқасен: – Орыстілділерге жергілікті тұрғындар «Өз тіліңде неге сөйлемейсің? Сенде тіл жоқ па?» деп күледі. Соған намыстанған көп қазақтар қазір балаларына мұғалім тауып оқытып, қазақша білетін отбасылармен араласып әрекет жасап, осында келіп қазақ болуға ұмтылып жатыр. Ал мектеп ашуға мүмкіндігіміз болмай жатыр. Ал мұндағы мектептер негізінен ағылшын және француз тілін оқытады.

Азаттық: – Бірер күн бұрын Америкада кәсіпқой бокстан қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемьенің арасында жекпе-жек болды. Шыныңызды айтыңызшы, кімге жанкүйер болдыңыз?

Головкин-Лемье жекпе-жегінен кейін әлеуметтік желіге кірсем, Канадада тұратын қазақтардың бәрі Головкиннің жеңісімен бір-бірін құттықтап жатыр екен. Әйтеуір, қайда жүрсек те қанымыз Қазақстан деп соғып тұрады ғой.

Ержан Нұрқасен: – Біз Головкинге жанкүйер болдық. Головкин-Лемье жекпе-жегінен кейін әлеуметтік желіге кірсем, Канадада тұратын қазақтардың бәрі Головкиннің жеңісімен бір-бірін құттықтап жатыр екен. Әйтеуір, қайда жүрсек те қанымыз Қазақстан деп соғып тұрады ғой.

Азаттық: – Қазақстанға қайта оралу ойыңыз жоқ па? «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейтіндер де бар ғой…

Ержан Нұрқасен: – Қартайғанда болмаса әзірге ондай ой жоқ. Тек бес жылдан кейін Қазақстанда немесе Қазақстанмен шекаралас елдердің бірінен жеке ісімді ашсам, сол арқылы елге жиі барып-келіп тұрсам деген жоспар бар.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: