Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саясаттану кафедрасына кітаптарды тарту етті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының студенттері мен профессор-оқытушылар қауымы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының кафедраға сыйлаған кітаптарымен таныс болды. Саясаттану кафедрасы бұл оқулықтар мен кітаптарды университеттің кітапханасына тапсырады.

Қазақстанда және әлемде орын алған заманауи саяси үдерістерге байланысты өзекті тақырыпта жазылған кітаптар мен монографиялар саясаттанушылар арасында айтарлықтай қызығушылық танытты. Еліміздің алдыңғы қатарлы сараптама орталығының ғылым-сараптамалық басылымдарын пайдалану саясаттану-студенттердің заманауи саяси үдерістерді бақылау мен бағалауға зор мүмкіндік беріп, оқу үдерісін ғылыми-әдіснамалық қамтамасыздандыруға жол ашады.
Өзекті ғылыми-сараптамалық басылымдарды тарту еткені үшін саясаттану кафедрасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Карин Ерлан Тынымбайұлына алғысын білдіреді.
enu.kz

Пікір қалдыру