|  | 

Жаңалықтар

Бауыржан Байбек келгелі Алматыда байқалған 15 оң өзгеріс

Алматы әкімінің ауысуы туралы хабарды қалалықтар әрқалай қабылдаған болатын. Бірі қуанса, екіншісі ренішін білдіріп жатты. Алайда жас әкім өз жұмысын жақсы атқара ала ма деп бақылауға кіріскендер көбірек болды.

Бауыржан Байбек. Фото: nmn.kz

NUR.KZ порталы Comode-қа сілтеме жасап Бауыржан Байбек келгелі Алматыда байқалған 15 оң өзгерісті назарларыңызға ұсынады.

Әлеуметтік желі

соцсеть1

Оң өзгерістер тізімін Бауыржан Байбек келгелі Алматы қаласының әкімдігінде жеке Instagram аккаунты пайда болғанынан бастаған дұрыс. Бұл қадамның арқасында қала тұрғындары әкімдік жұмысын бақылап қана қоймай, өз ұсыныстары мен шағымдарын да жеткізе алады. Ол үшін әкімдік аккаунтына фото жүктеу не болмаса өз парақшаңдағы фотоға @akimat_almaty деп белгілеу жетіп жатыр. Ал жақында қалалық әкімшілік Periscope қосымшасына да тіркелген.

Жабық люктер

люк2

Ашық қалған люктер қаладағы басты мәселе екенін алматылықтардың шағымынан-ақ байқауға болады. Әкімдік Instagram-ында бұл мәселе барынша қолға алынғанына дәлелдер бар. Тұрғындардың өтінішімен 20 люктің жабылғанын көрсететін фотолар әкімдіктің ел шағымдарын естіп жатқанын байқатады.

Жөнделген жолдар

дороги3

Енді тұрғындар жолдың жоспармен жаңартылуын айлап күтіп жатпайды. Байбектің тобы шұңқырлар, опырылған асфальттар мен тозығы жеткен жолдарға қатысты шағымдарға жедел түрде әрекет етуде.

Мектеп тұсындағы жаңа спорттық алаңдар

спортплощадка4

Жаңа әкімнің келуімен  жаңа демеушілер пайда болған сияқты. Қалада белсенді түрде жаңа спорт алаңдары салына бастады (көбіне мектеп маңынан). Тек қана қазан айында Алмалы, Түрксіб, Жетісу, Әуезов, Бостандық, Медеу, Алатау аудандарында және “Алғабас”, “Нұркент” ықшамаудандарында 16 спорт алаңының салынуы басталды.

Балалардың ойын алаңы

детскаяплощадка6

Байбек қаланың кішкентай тұрғындарын да естен шығармаған. Қаламыздың Алатау, Медеу, Алмалы және Жетісу аудандарында балалардың жаңа ойын алаңдары салынды. Медеу ауданының өзінде ғана қараша айында 17 спорт және балалар алаңдары дайын болады деп күтілуде.

Саябақтар мен демалыс аймақтары

парки7

Жаңа әкімнің тобы тұрғын үй кешендерінің маңындағы бос жатқан аймақтарға жаңа құрылыс салуды барынша қолға алған. Ондай аймақтарға жүгіретін жолдары, турниктер, шахмат ойнау үшін арнайы орындықтары бар саябақтар салынып жатыр.

Таза арықтар

арыки8

Қаланың арықтарын уақытылы тазартып тұрудың да өз маңызы бар. Көшелерді су басудың алдын алатын бұл шараға да Байбек ерекше көңіл бөлген.

Таза көшелер

мусоры9

Өкінішке қарай, Алматы таза қалалардың қатарына енбейді. Алайда жаңа әкім келгелі қоқыстар саны әлдеқайда азайған.

мусоры10

Тек тұрмыстық қоқыстар ғана емес, кәсіпорындардан қалатын қалдықтар да тазартыла бастады.

Қаланы көгалдандыру

озеленение11

Соңғы кездері ағаштарды шабу жиі көрініске айналғанынан хабардар болған әкім енді қаладағы әрбір ағашты есепке алатын болған. Ол үш айдың ішінде заңсыз ағаш кескен көптеген жеке кәсіпорындарды жауапкершілікке тартты. Енді ағашқа қол сұққан әр тұрғынға қолданылатын жаза да қатайтылған.

Жаяу жүргіншілерге жағдай жасау

пешеход12

Жаяу жүргіншілер, мүгедектер арбасына таңылғандар қалада пандустар мен жолдардың аз да болса ретке келіп қалғанына разы.

пещеход13

Жақында зообақтағы аю торы маңынан жаңа пандус салынды. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдар еш кедергісіз аюларды тамашалау мүмкіндігін алды. Бұдан бөлек әкімдік жаңа өткелдер салып, зақымданған тротуарларды жөндеуге және көшелер мен жол асты өткелдерін жарықтандыуға кіріскен.

Заңсыз құрылыстарды сүріп тастау

постройка14

Бауыржан Байбектің тобы заңсыз ағаш кесуден бөлек, заңсыз құрылыстарды да жауапқа тартуда. Соның арқасында мұндай құрылыстардың бірталайы сүріліп тасталды.

Қала нысандарын салуды бақылауға алу

обьект15

Әлеуметтік маңыздылығы бар қала нысандарының құрылысын өз бақылауына алған Байбек балалар бақшасы, мектептер, емханалар мен халыққа қызмет ету орталықтарының уақытылы салынып бітуіне мүмкіндік жасады. Тұрғындар қай нысан қай мерзімде салынып бітетінін нақты біле алады.

Уақытылы хабардар ету

хабарлама17

Instagram-да аккаунт ашу бір бөлек те, оны дұрыстап пайдаға асыру бір бөлек. Осы тұрғыда әкім парақшаны қала үшін маңызды ақпараттармен хабардар етуге пайдаланатын болған.

Тұрғындарды көшелердің апаттардан, жөндеу жұмыстарынан жабылғанынан бастап, қай нысан қай уақытта салынып бітетініне дейін құлағдар етіп отырған әкім күн санап тұрғындардың разылығын алуда.

Әдеттегіден тыс мәселелерді шешу

мысык17

Қала басшылығы тек қана ашық люктер мен толып қалған арықтарға қатысты қалалықтардың шағымдарын шешіп отыр десек қате айтар едік. Тұрғындардың мысықты ағаштан түсіріп беру, көшені ескірген теміржол вагонынан тазарту сияқты әдеттегіден тыс шағымдарға да әкімшілік бей-жай қарамайды.

Білім гранттары

грант18

Әкімдіктің үкімімен тек үш оқушы ғана білім грантын алғанына қарамастан, бұл мәселеде де Байбек көзге түсе алды деп айтуға болады. Себебі Байбекке дейін ешбір әкім білім гранттарына қатысты мәселеге лайықты назар бөлмеген.

 Дереккөз: NUR.KZ

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: