|  | 

Саясат

Британ баспасөзі Назарбаевты мақтап та, сынап та жазды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі Франсуа Олландтың шақыруымен осы аптада Францияда ресми сапармен болды. Оның сапары жайлы халықаралық басылымдар не жазды?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Букингем сарайына келген сәті. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Букингем сарайына келген сәті. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Бұл – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Франсуа Олландтың соңғы үш жылдағы бесінші мәрте кездесуі. Назарбаевтың сапары Қазақстан, Ресей және Украина БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті экстрадициялауға тырысып жатқан және 2010 жылы Франция Қазақстанға сатқан 45 тікұшақ төңірегіндегі жанжал әлі бәсеңдемей тұрған тұста өтті.

Назарбаевтың Франция президентімен өткізген келіссөздері қортындысында ауыл шаруашылығы, машина жасау, химиялық индустрия, энергетика және ғарышты игеру салаларында ынтымақтастық орнату жайлы келісім жасалған. Сапар кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысып, Францияның іскер адамдарымен кездескен.

Әйткенмен үлкен қызы Дариғаны ертіп барған Лондон сапарымен салыстырғанда, Назарбаевтың Францияға сапарына ақпарат құралдары онша көп назар аудармады. Беделі әрқилы бағаланатын Назарбаевты 4 қарашада Букингем сарайында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия патшайымы екінші Елизаветаның өзі қабылдаған еді.​

FINANCIAL TIMES ГАЗЕТІНДЕГІ МАҚТАУ

Назарбаев Лондонға келерден бір күн бұрын, қарашаның 3-індеFinancial Times газеті «Блог» айдарында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бізге дауыл төніп келе жатыр, сондықтан Қазақстан мен Ұлыбританияның бұрынғыдан гөрі тығыз байланыс орнатуы – өмірлік маңыздылық» деген мақаласын жариялады. Онда Назарбаев «көптеген елдер үшін 2008-2009 жылдың дағдарыс зардаптары алдағы экономикалық қиындықтар ауқымының көлеңкесінде қалатын түрі бар», сондықтан орны толмайтын зардаптарға қарсы алдын ала әрекет ету қажет деп жазады. Сонымен қоса ол жаһандану заманында «ешбір ел бұл қиындықтарды жалғыз еңсере аламын деп үміттене алмайды» деп көрсеткен. Оның пікірінше, бұл «ескі стереотиптерден арылуды немесе Шығыс пен Батыстың бірін өтірік таңдаудан бас тартуды» білдіреді.

Қазақстан вице-премьері Дариға Назарбаева (солдан оңға), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета және Ұлыбритания ханзадасы Филипп Букингем сарайында. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.
Қазақстан вице-премьері Дариға Назарбаева (солдан оңға), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлыбритания патшайымы екінші Елизавета және Ұлыбритания ханзадасы Филипп Букингем сарайында. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Назарбаев сонымен бірге мақаласында Ресей және Қытаймен тату көрші екенін ескерткен, бірақ Қазақстан АҚШ және Еуропа елдерімен «сауда-саттық пен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бел байлағанын» да атап көрсеткен. Оның пікірінше, «Қазақстанның әлемнің маңызды бөліктерінің арасындағы дәнекерлік рөлін» оның Ұлыбританияға сапары айқын көрсеткен.

Бұдан әрі президент елдің тәуелсіздік жылдары жеткен прогресс туралы жазады. Ол мақаласын «келешекке әрдайым әріптестерімізбен бірге көз тігіп, модернизация, инвестиция, сауда-саттық пен ынтымақтастықты қолдай береміз» деген сеніммен аяқтап, бұл -«болашақтағы өркендеуіміздің кілті» деп түйіндейді.

Financial Times басылымы осы аптада жариялаған «Қазақстан дағдарысқа қарамастан жекешелендіруге қатысты амбициялық жоспарын жариялады» және «Қазақстан экономикалық қатерлерді қарқынды белсенділігі арқылы ауыздықтап отыр» деген екі мақаласы да осы сарындағы мақтауға толы.

БАСҚА ГАЗЕТТЕГІ СЫН

Ұлыбританияның басқа бір танымал басылымы Guardian газеті Лондон сапарына орай Назарбаевты мақтаған комментарийлерден тартынып, оған Қазақстандағы адам құқығына қатысты ахуалды сынаған екі мақала арнапты. Оның бірі «Қазақ президенті Ұлыбританияға екі күндік сапармен келеді» деп аталады, ал екінші мақала авторларының көзқарасын «Ұлыбританияда қазақ басшысын құшақ жая қарсы алудың қажеті жоқ» деген тақырыбынан байқауға болады.

Соңғы мақалада «Қазақстанмен тығызырақ байланыс орнатудан Ұлыбритания бизнесі ұтуы мүмкін», бірақ бұл диктатураны нығайта түсу арқылы елдегі кедейлікті көбейтіп, репрессияны күшейтуге көмектеседі деп жазылған.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып тұр. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып тұр. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Автор мақаласын «британдық құндылықтарды» тарату жайлы сөз еткенде Дэвид Кэмерон мен Джордж Осборн осыны еске ала ма екен?» деген сауалмен түйіндеген.

Express газеті президент Назарбаевты Эдинбург пен Йорк герцогтарымен бірге көл-көсір салтанатпен қабылдағаны үшін екінші Елизавета патшайымның өзін де қатты сынға алған. «Патшайым Эндрюдің үйі үшін туысы 3 миллион фут артық төлеген қазақ диктаторымен бірге түскі ас ішті» деген тақырыппен жарияланған әлгі мақала да алдыңғы екі мақаладағы сияқты, Назарбаевтың режимін диктаторлық деп атап, оны айыптайды.

Басылым патшайымды «тақта отырған 63 жыл ішінде көбінесе министрлерінің ықтияр-қалауымен талай диктатормен кездесті» деп жазады басылым.

Бұдан кейін Назарбаев арасында жақында вице-премьер қызметіне тағайындалған үлкен қызы Дариға бар нөкерлерімен бірге Лондоннан Парижге ұшып кетті.

Алиса ВАЛЬСАМАКИ

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: