|  | 

Суреттер сөйлейді

Қазақстанның ұлттық валютасы бүгінге дейін қалай өзгерді? (фото)

Кеңес Одағы құлап тәуелсіздігін алған Қазақстанның экономикасы Одаққа мүше болған елдердегідей күрт құлдырағаны белгілі. Ел тұрғындары жалақылары мен зейнетақыларын ала алмай, дүкен сөрелерінде азық-түлік таусылып, халық нан мен тұз алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрғаны әлі күнге көз алдымызда.

тенге

Елімізде қолма-қол ақша болмай, Ресейге күніміз қарағаны да жасырын емес. 1993 жылдың соңына дейін Қазақстан біртұтас рубль аймағында болып, тәуелсіз экономикалық саясатын жүргізуге қауқарсыз болатын.

BNews.kz Қазақстанның алғашқы валютасы қалай пайда болып, айналымға түскенін және соңғы 22 жыл ішінде теңгенің бейнесі қандай өзгерістерге ұшырағанын назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан Ұлттық валютаны енгізерден алдын Ресеймен және ТМД-ның өзге де 5 елімен арадағы валюта одағын сақтап қалуға тырысты. Сөйтіп, біртұтас рубль аймағы туралы келісімге 1993 жылы қол қойылды, алайда, Ресей бұл аймақтан өзі шығып кетті. Бұл онсыз да бұғанасы қатпаған жас бір мемлекеттің экономикалық ахуалын одан сайын күрделендіретіні айдан анық болатын.

1993 жылғы банкноттың үлгісі

01

Осы жайлардың барлығын ескере келе, президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың көктемінде ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастыратын құпия комиссия құрды. Комиссияның құрылғаны бас-аяғы 7 адамға ғана мәлім болды:  Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғарғы Кеңес төрағасы С.Әбділдин, Жоғарғы Кеңестің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С:Тәкежанов, Мемлекеттік ұлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, оның орынбасары М.Тұрсынов және Ұлттық Банк дирекциясының басшысы Қожамұратов.

Сонымен қатар, құпия түрде бір уақытта жаңа валютаның дизайнын әзірлейтін шығармашылық тобы да құрылды. Еліміздің маңдайалды суретшілері Меңдібай Әлин, Ағымсалы дүзелханов және Қайролла Ғабжәлелов Темір Сүлейменовтің басшылығымен банкноттар мен монеталардың 4 нұсқасын әзірледі.

Сонымен қатар, монеталарды шығарып үлгермегендіктен, айналымға қағаз тиындар да енгізілді. қағаз тиындар 1995 жылы айналымнан алып тасталды.

02
Ұзақ уақыт талқылаудан кейін таңдау Қазақстанның ел болып қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген әйгілі әрі тарихи тұлғалары бейнеленген нұсқаға түсті. Сонымен бірге, жаңа валютаның атын қою да оңай болған жоқ. Таңдау «сом», «ақша» және «теңге» атаулары арасында жүрді. Соңғы шешім негізін орта ғасырларда Қыпшақ даласында айналымда жүрген «таньга» атауынан алатын «теңге» ұлттық валютаның атауы болып бекітілді.

1994 жылы 500 және 1000 теңге номиналды банкноттар пайда болды

03

Алайда, ұлттық валютаның дизайны мен атауын белгілеген Қазақстанның әлі банкнот шығаратын зауыты болмағандықтан, бұл тұрғыда тағы бір мәселе туды. Ақылдаса келе, Қазақстан өкілдері ағылшынның «Харрисон мен ұлдары» және «Томас Де ля Ру» компанияларына қолқа салуға тура келді. Сонымен, дайындалған банкноттар құпия түрде республикаға жеткізіле бастады.

Арада 1 ай өткенде біртұтас рубль аймағы жай қағаз жүзінде әзірленгені белгілі болды. Сондықтан 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8:00-де Қазақстан аумағында өз ұлттық валютасы – теңге айналымға шығарылды. Валюта бағамы да белгіленді: 4,75 теңге = 1 доллар немесе 1 теңге = 500 рубль.

1995 жылы 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар шығарылды, бұл тиындар 2001 жылға дейін пайдаланылды

05

1996 жылы 2000, 1998 – 5000, 2003 – 10 000 теңге номиналды банкноттар енгізілді

06

1997 жылы бүгінгі күні қолданыстағы монеталар шығарылды

08

2006 жылы 200 – 10 000 теңге аралағындағы банкноттар жаңа дизайнмен басып шығарылды. Мұның бірнеше себебі бар. Алғашқысы, жалған купюралардың пайда болуы. Жаңа банкноттардың дизайнын жасау кезінде 16 түрлі қорғаныс элементі пайдаланылды.

Сонымен қатар, теңге бетіндегі тұлғалардың алып тасталуына себеп – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этникалық топтардың ауызбірлігін сақтау. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандарынан адам бейнесін ақша бетінен алып тастау ұсынысы түскен.

2006 жылғы банкноттардың үлгісі

09

88

99

2011 жыл 500, 2012 жылы 2000 және 10 000, 2013 жылы 1000 теңгенің жаңа үлгісі шығарылды

11

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: