Ләйла Моңғол Елі атынан халықаралық жиынға алғаш қатыспақ.
(Моңғолдар қазақпен мақтанып жатыр. Қарындасым Ләйламен мен де мақтанғым келіп кетті. Әкемнің туған інісінің баласы ғой)
Моңғолия жастарының қазақ өкілі Зүлкәпіл қызы Ләйла Моңғол Елі атынан халықаралық жиынға алғаш қатыспақ.
Әлемнің үздік жастарының құрылтайында З. Ләйла Елбасына арнап сөз сөйлейді.
Тайландтың астанасы Бангкок қаласында Қарашаның 18-21-і күндері әлемнің үздік жастарының “One Young World”, яғни “Бір жас Әлем” халықаралық құрылтайы ұйымдастырылады.
Әлемнің 196 елінің әр түрлі салаларының 18-30 жас аралығындағы талантты, үздік жастары әлемнің бүгінгі таңдағы ең көкейтесті мәселелерін талқылап, тың да нақты шешімдер қабылдайтын болады. Құрылтайға қатысушылар БҰҰ-ның Бас хатшысы болған Кофи Аннан, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Мохамед Юнус, Ирландияның Бас уәлиі болған Мэри Робинсон қатарлы әлемге аты әйгілі саясаткерлермен кездесіп, пікір алмасады. Осы “One Young World” құрылтайына Моңғол елінің атынан Зүлкәпіл қызы Ләйла қатысу жолдамасын алып, құрылтайды ұйымдастырушылар атынан толық қолдау тапты. Бұл құрылтай екі аптадан кейін әлем климатының өзгерісіне байланысты Парижде болатын БҰҰ-ның ең жоғарғы деңгейдегі кездесуінің алдында ұйымдастырылып жатқанымен аса маңызды және әрбір елден бір жас өз елінің Елбасына арнап әлем климатының өзгерісіне қарсы күресуге шақырып сөз сөйлейді. Осыған байланысты Моңғол елінің атынан қатысушы З.Ләйла Елбасы Ц.Элбэгдоржыға арнап климат өзгерісіне қарсы күресу жайлы өз пікірін білдіреді. Зүлкәпіл қызы Ләйла Болгариядағы Америка университетін бакалавр дәрежесімен, Американың Вашингтон қаласындағы Жоржтаун университетінің магистрантурасын халықаралық қатынас және саясаттанушы мамандығы бойынша тамамдаған. Қазір Швейцариядағы халықаралық ұйымда қызмет атқарады.
/”Өдрийн сонин”. 2015. 11.16. №276
Айдос Жұқанұлы


Пікір қалдыру