|  | 

Көз қарас

“Иқан шайқасы” Ресейдің әскери тарихындағы ең бір қаралы сәттердің бірі..

Sizdiq soltanТарихта таңғаларлық жағдайлар болып тұрады.
Тағдыр Абылай ханның қос шөбересі Шоқан Уәлиханов пен Сыздық Кенесарыұлын шыңырау құздың екі жағына лақтырып тастады.
1. Шоқан Қашғарға Ресей империясының болашақ отаршылық жорықтары үшін мәліметтер жинау мақсатында Әлімбай деген саудагердің атын жамылып, басын бәйгеге байлап барды.
Құпия ашылғанда Шоқан тірі қайтпас еді.
***
2. Санаулы ғана жылдан кейін Қашғарға “Орыс Қоқанды алса, Бұқарға, Бұқарды алса Қашғарға барам!
Бірақ әке жолынан таймаймын!”- деп серт берген Сыздық келді.
Ашық келді.
Қашғар әміршісі Жақыпбек бар салтанатпен қарсы алды.
Қарсы алып қана қоймады, Қашғар әскерінің бас сардарлығын ұсынды…
***
1.1. Шоқанға орнатылған ескерткіштер жетерлік.
Шоқанның аты берілген елді мекендер, көшелер мен мектептер де жетіп артылады.
2.2. Ал, Тәуелсіз Қазақстанда бүкіл қайратты ғұмырын отаршылармен күреске арнаған көкжал Сыздықтың аты да аталмайды…
Түсініксіз жағдай…
Басқа жер болмаса да, 1864 ж. 4-8 желтоқсан күндері 113 Орал казагын жер жастандырған Иқанда ескерткіш қойылып, неге көше атын бермеске?
Айта кету керек, “Иқан шайқасы” Ресейдің әскери тарихындағы ең бір қаралы сәттердің бірі..
(Мақсатымыз екі тұлғаны бір біріне қарсы қою емес)

Omir Shynybekuly facebook парақшасынан алынды

kenesari qan

Сыздық КЕНЕСАРЫҰЛЫ: Әкемді өлтірсеңіздер де, алтынын алуды білмепсіңдер

Кенесары Қасымұлы өлген соң да оның ұрпағы отарлаушыларға қарсы күресін тоқтатпады. Баласы Сыздық сұлтан жасырын келіп көп қырғыздан әкесінің кегін алды.  Сырдария өңіріне үстемдік жүргізгісі келген Хиуа мен Қоқан билеушілерне қарсы тұрды.

Осы Сыздық сұлтан Қырғыздың атақты манабы Шабденнің асына барды. Айтысы бар, көкпары бар. Ұлан-асыр той. Жан-жақтан қонақтар шақырылып, халық мәре-сәре.

Бұл асқа арнайы Жамбыл атамыз да шақыртылыпты. Алдына келген барлық ақындарды жеңіп, халықтың қошеметін алса керек. Жүлдесі – бір үйір жылқы.

Ас қазіргі Тоқмақ қаласы маңында өтеді. Сөйтіп астың бел ортасы. Бір кезде Сыздық сұлтан қызғыз манабтарына қарап: «Әкемнен қалған мұра бар ма?» деп сұрапты. Қырғыздар сәл ойланып «Ия, бар» деп жауап беріпті. Шабарманға «алып кел» деп бұйырады.

Көп ұзамай Хан Кененің үлкен ер тоқымын алып келсе керек. Сыздық ары қарап, беріп қарап тұрады да ердің алдыңғы биік қасын және қос қапталын қылышпен шауып жарады. Жұрт аң-таң.

Қырғыздар «Сұлтан мырза, бұл әкеңіз Кенесарының өзі мінген ер емес пе? Мұныңыз не?» дейді. Сыздық сұлтан болса сәл жымиып күліп: «Әкемді өлтірсеңіздер де, алтынын алуды білмепсіңдер» деп, қос қапталға және ердің екі қасының ішіне жасырған құйма алтындарды жинап алып жүріп кетіпті. Бұл алтынды хан қытайға еліне өтіп кету үшін, арнайы ертоқымына тығып, сақтап жүрген деседі жұрт.  (Жайық Бектұров. «Ақиқаты осы ед»і. Алматы. Ғылым. 1995 ж. 106- бет)

Сыздық сұлтанның орыс солдаттарымен соғысы

оСыздық сұлтан Кенесарыұлы

Қоқандық қолбасшы Қанағат шаһ Верный бекінісіне шабуыл жасап орыс әскерінен жеңілген 1860 жылы Қоқанға арқа сүйеген Кенесарының балаларыТайшық пен Ахмет сұлтандар Русия (орыс) жағына шығып кетті. Сыздық сұлтан болса, «ата-баба жолынан айнымаймын» деп қара тұяғынан қәл кеткенше басқыншы орыстармен соғысып өтуге бел байлады.

Сөйтіп,  Сыздық сұлтан 1864 жылы Қоқан ханының фәрманы бойынша Созақ әкімі болып тағайындалды, оған орыстарды бақылау жұмысы тапсырылды. Сол жылы Орынбор жағынан келген әскердің бастығы полковник Веревкин Түркістан қаласын қоршады. Соны естіген соң Сыздық сұлтан Созақты тастап, қоқандықтарға көмек көрсету үшін өзінің жігіттерімен бірге Қаратаудан Сүйіндік жырасымен Түркістанға қарай асты.

Түркістанға түнделетіп жеткеннен кейін ертеңгісін орыс әскерінің қаланы бірнеше күннен бері қамап жатқанын, қоқандықтар мылтық, зеңбірек атқаннан басқа ешбір әрекет жасамағандарын білді. Орыстар қала дуалының астын шығыс жағынан кеулеп қазып, дәрі толтырғалы жатыр екен. Қоқанның әскер басшылары қопарылысқа қарсы не шара қолданарын біле алмай тұрғандарын көріп, Сыздық жігіттерінің ішінен жүз адамды таңдап алып, сол күні түн ортасы ауа қамалдан шығып, дуал астын қазып жатқан орыс солдаттарына тап беріп, бесеуін өлтіріп, қалғандарын қашырып, олардың отыз мылтығы мен аспаптарын алып қалаға қайтты. Осыдан кейін үш күн ұрыс болмай, орыстар үңгір қазуды тоқтатты.

Үшінші күн дегенде Сыздық сұлтан Түркістанның әкімі Мырзадәулетке: «Бұлай  бұғып отырып, біз жауды жеңе алмаймыз. Түнде бәріміз қамалдан шығып соғысайық» дейді. Бірақ Мырзадәулет қарсы болып, ол: «Менің сарттарым қамалдан шықпайды. Егер сендер өздерің шығамыз десеңдер, қарсылығым жоқ» деді.

Түркістанның бас ақсақалы Жанти Өтепов адам жіберіп, бүгін түнде Сыздық төре қамалдан шығып шабыл жасайды, деп Веревкин генералға астыртын хабар жеткізеді. Сол хабарды алғаннан кейін орыстар мылтықтарын, зеңбіректерін сайлап дайын тұрды. Түн ортасында Сыздық пен Қосым қожа баласы Құрбанжан мағзұм екі жүз жігітпен қаладан  шыққанда орыстардың бұларды аңдып тұрғандарын сезді. Дегенмен тәуекел етіп дереу шабуылға шықты.

Орыстар оларды жақындатып алып зеңбірек пен мылтықтан оқ жаудырды. Бірақ шабуылшылар оққа тоқтамай, зеңбіректерді қоршай қазылған ордан аттарын қарғытып өтіп, солдаттармен араласа қылыштасып соғысқандарымен де, шегінуге мәжбүр болды. Олар бір сағаттай соғысты. Орыс жағынан қанша адам шығын болғаны белгісіз, мұсылмандардан дін жолында Құрбанжан мағзұм мен қырық жігіт шәһид болды, елу адам жараланды. Содан кейін екі жақ та өз шептеріне шегінді.

Бес күннен кейін Жанти ақсақал Түркістанның қақпасын таң алдында өзі барып ашып, орыстарды қалаға кіргізді, содан кейін Сыздық сұлтан Түркістан әкімі Мырзадәулетпен бірге Шымкентке кетті.

Бір жетіден кейін Қоқан тағына отырған Әлімқұл молда (Қыпшақтардың басшысы Әлімқұл хан болған жоқ, бірақ Сейіт хан тұсында (1863-1865) елді хан атынан толық билеген адам) көп әскермен Шымкентке келді. Бұл кезде Сібір жақтан келе жатқан Черняев Әулиеатаны алған еді. Әлімқұл молда Сыздық сұлтанды бұрыннан білгендіктен, бұрынғы пансат лауазымын қайырып берді.

Бір айдан кейін Әулиеатадан генерал Черняев, Түркістан жақтан тағы бір отряд келе жатыр деген хабар жетті. Бұл соңғысындағы үш жүз солдат Шымкентке батыс жағынан төнген еді. Әлімқұл молда бар әскерімен осы отрядқа қарай шығып, Ақбұлақ деген жерде кездесті. Әлімқұлдың ойы бұл отрядты Черняев келіп жеткенге дейін құрту еді. Түс кезінде ол әскерін аттан түсіріп, жаяу шабуылдауға шығарды. Орыстар зеңбіректерін картечпен оқтап, мылтықтарын даярлап, бірақ оқ атпай тым жақын келтірді.

Ту ұстаған Сыздық сұлтан жігіттерін өзі бастап жүз қадам жерге келгенде орыстар мылтықпен оқ жаудырды. Біріне бірі тығылып келе жатқан жігіттердің алдыңғылары жаппай құлады, кейінгілері үрейлері ұшып жерге жата қалды. Он мың адамның біреуі басын көтеруге жарамады. Тек Сыздық сұлтан ту ұстаған күйі, солдаттарда жүз қадам жерде, бір сағаттай тік тұрды. Солдаттар оны өршелене атқанда тудың шүберегі шарқ-шұрқ тесіліп, сау жері қалмаған еді. Бірақ Сыздықты құдай сақтады. Бір сағаттан кейін Әлімқұл молда адам жіберіп, оны кейін шақыртып алды. Сыздық кейін қайтқанда, жер бауырлап жатқан жігіттердің бәрі де бастарын көтеріп онымен бірге қайтты. Осы ұрыста мың адам қаза тапты, олардың өліктері кешке дейін жинап алынды.

Келесі күні Әлімқұл молда зеңбіректерін алдырып, қоршауда қалған орыс солдаттарын атқылай бастады. Үйіріліп тұрған солдаттар қиын жағдайда еді. Олар жер қазып топырақ үйіп тасаланды. Бұл отряд енді біраз осы жағдайда қалғанда қырылатын еді, бірақ генерал Черняев көмекке келіп үлгерді.

Келесі күні генерал Черняев екі отряды қосып, өзі бастап Шымкентке қарай жүрді. Генерал Шымкенттен бес шақырымдай жердегі Қосдиірмен деген жерге жеткенде, орыс әскерінің бағдарын байқау үшін Сыздық сұлтан алпыс шамалы жігіттерімен алдынан шыққан еді. Черняев офицерлерімен және жүзден аса атты солдаттарымен жаяу әскердің алдында келе жатқан. Генерал Қосдиірменнің диірменшісін көрген соң оны ұстап әкеліп жөн сұрау үшін екі адамды жіберді. Оны көріп, Сыздық сұлтан да екі жігітін жұмсады. Сыздықтың адам жібергенін көрген соң генерал тағы төрт солдатын шаптырған еді, оны көрген Сыздық тағы төрт солдатын жіберді. Сөйтіп екі жағынан да шапқан жауынгерлер ат үсті мылтықпен атысып, бетпе-бет келгенде қылышпен, шоқпармен соғысты. Сол кезде жаяу солдаттар да ұрысқа араласып мылтық ата бастаған соң, Сыздықтың жігіттері төрт атынан айырылып кейін қайтты. Бес адам жаралы болды, бірақ адам шығыны болмады. Орыстар он жеті атынан айырылды. Жараланғандары көп еді, бірақ қаншасы өлгені белгісіз.

Черняев Шымкентті он күн қамады, сол күндері күнде қақтығыс болып тұрды, ақыры Черняев қаланы ала алмай кейін шегінді. Әлімқұл молда сарттар мен қазақтардан адам жинап алып, қаланың қорғанысын күшейтті. Осы жұмысты бітіргеннен кейін ол Ташкенге Мырзахметті бастық етіп қойып, өзі Қоқан әскерімен бірге Қоқанға қайтты. Сыздық сұлтан да Ташкенге кетті.

Генерал Черняев үш айдан кейін Шымкентке қайта келіп, бес-алты күннен кейін оны алды (Шымкент 1864 жылы 21 қыркүйекте алынды). Сыздық сұлтан бұл кезде Шымкентте жоқ еді.

Әлімқұл молда қар түскеннен кейін Ташкенге Қоқан әскерін алып келді, сол жерде ол Шымкент жау алғаны туралы хабардың анығын есітіп-білді. Ташкенде біраз күн болғаннан кейін әскер басшыларын жинап, қазіргі жағдай жайында мәслихат құрғанда, олардың бәрі де қыста ештеңе істеуге болмайды, қазір Қоқанға қайтып, жаз шыққан соң ғана аттану керек дегенді айтты. Тек Сыздық сұлтан ғана: «Осыншама шығынданып дайындалып мынадай көп әскерді алып келгеннен кейін орыстармен ұрыспай жатып шегінуіміздің ешбір лайығы жоқ. Шымкентке беттемесек те Түркістанға барайық, есітуімізге қарағанда онда әскер аз көрінеді, Түркістанды алсақ алдық, алмаған күнде де абиырсыз болмаймыз» деді. Оның осы ақылы Әлімқұлға да ұнады.

Жан-жақтағы жолдардың бәріне де күзет қойып, сақтық етіп үш күн дайындалғаннан кейін Әлімқұл төртінші күні Сарыағаш жолымен жүріп отырып, келесі күні түсте Арыс өзенінің жағасына жетті. Сыздық сұлтан Әлімқұл молданың рұқсатымен өз жігіттерінен сегіз жүз адам алып, ілгері озып Шілік қыстағына барды, ондағы қыстақты қорып тұрған алпыс қазақты тұтқынға алып, Әлімқұлдың келуін күтті. Әлімқұл молда әскерімен күн батардың алдында келіп жетті. Сыздық сұлтан өзінің сол сегіз жүз жігітімен түнде тағы ілгері озып барып Иқанға жетті. Иқанның ақсақалы ибн Әминді қолға түсіріп, тағы да Әлімқұлдың келуін күтті.

Қыпшақ Томан бастаған пошта тасушы он екі адам Шілікке жақындаған еді. Соларды ұстауға жіберген Сыздықтың адамдары он бірін ұстады, он екіншісі қашып құтылды. Әлімқұл молда Иқанға жақындап келіп, әскерімен оның Шілік жағына тоқтады, ал Сыздық өз жігіттерімен Түркістан жағына тоқтап, жолға күзет қойды.

Сыздықтың күзетшілері осылай қарай екі топ атты адам келе жатқанын хабарлады. Түн іші болатын. Сыздық сұлтан өзі барып жол шетіне тоқтады. Темекі тартып сөйлесіп келе жатқан олардың атты орыс казактар екінін таныған соң Сыздық дереу Әлімқұл молдаға хабар беріп, өзінің жігіттерімен дайын тұрды. Хабар тиген соң Әлімқұл да әскерін дайындап, бері қарай шыққан еді. Бұл кезде келе жатқан есаул Серов басқарған екі жүз орыс солдаты екен. Жауды көрген бойда орыстар аттарынан түсіп, мылтықтан, зеңбіректен оқ ата бастады, бірақ өздері қоршауда қалды. Қарсы жақ та бұларды мылтықпен, зеңбірекпен атуға кірісті. Сөйтіп екі жақ күн шыққанша атысты. Түс кезінде орыстар оққа ұшқан аттарын қоршау етіп қойып, солардың тасасынан атысты. Сол кезде Түркістан жаққа қойған күзетшілерден үш жүздей солдаты бар бір отрядтың келе жатқаны туралы хабар келді. Бұл хабарды естігенде Әлімқұл молда сасқалақтап не істерін білмей қалған еді. Ол әскер басшыларынан: «Мына екі жүз орысты жеңе алмай тұрғанымызда, оның үстіне тағы үш жүзі келіп қосылса, бұларды қайтіп жеңеміз? Не істеу керек?» деп ақыл сұрағанда әскер басшыларының ешқайсысы да «өзіңіз біліңіз» дегеннен басқа ештеңе айта алмады. Сол жерде Сыздық сұлтан ғана: «Сіз осы көп әскеріңізбен мына орыстармен соғыса беріңіз, мен өз жігіттеріммен келе жатқан жаудық алдынан шығып, оларды бері жібермей бөгейін» деді және солай істеді де.

Сыздық сұлтан келе жатқан солдаттарды Түркістан жолындағы Сасықбұлақ деген жерде қарсы алып, атыса бастады. Сол ұрыста оның астындағы аты оққа ұшып, он жігіті жараланды. Жазық жерде солдаттардың оғы жақындауға мүмкіндік бермеді, сондықтан Сыздық атыса отырып, Иқан жолымен кейін шегіне бастады.

Орыстардың жолын бөгей алмайтынына көзі жеткен соң Сыздық сұлтан мынадай айла тапты: солдаттарды жайына қалдырып, өзі барлық жігіттерін ертіп Түркістанға қарай кетті. Мұны көргенде орыстар: Сыздықтың Түркістанға қарай бет алғанына қарағанда, алдағы атты казактар сірә қолға түскен ғой, деп ойлады. Сөйтіп, бұл орыс отряды Сыздықтың соңынан Түркістанға қарай кейін бұрылды. Сыздық сұлтан Түркістан маңындағы Әли қожа дейтін мазардың бағының ішіне келіп тоқтады, әлгі орыс солдаттары да күн бата Түркістанға жетті.

Солдаттардың қайтқанын көргеннен кейін Сыздық сұлтан шұғыл жүріп отырып таң ата Иқанға келгенде, мұндағылардың атты казактарды ала алмағанын, олар әлі атысып жатқанын көрді. Сол жерде Сыздық сұлтан Әлімқұл молдаға былай деп ақыл берді: «Бұл орыстарды осылайша шабуыл жасап жеңе алмаймыз. Әкем Кенесары хан осындай бекініп алған орыстарға шабуыл жасағанда, шөпті қалың буып, соны тасалана домалатып барушы еді, біз де солай істейік» деді. Сонсоң жігіттеріне қамыс орып, жусан жұлып, соларды қалың етіп бууға бұйрық берді. Үлкен бумалардың тасасына, әрқайсысына жүз адамнан қойып, орыстарға қарай домалатып жақындап келгенде жігіттер тасадан шығып тап берді, сол кезде қалың қол да орыстардың желке жағынан лап берген еді.

Сөйтіп орыстардың тобын ыдыратып, біразын өлтіріп, қалғандарын қолға түсіріп алып кетті. Атты казактардың бастысы есаул Серов отыз шақты адамымен Қоқан әскерінің қоршауынан шығып, Түркістанға қарай шапты. Әлгі опыр-топырдың үстінде жұрт оларды байқамаған да еді. Орыстар ұзап кеткенде ғана көрген Сыздық сұлтан арғымағына міне сала оларды қуып жетіп: «Аман, Аман!» деп айқайлап қол көтеріп тоқтады («Аман» ол кезде бітісейік деген мағынада қолданылатын).

Орыстар да оқталған мылтықтарын түсіріп тоқтады. Сол кезде Сыздық сұлтан келіссөз бастағалы тұрғанын білмеген сарттар шауып келіп, сезіктенбей тұрған бірнеше орысты шауып өлтірді. Сонсоң Серов солдаттарына атуға бұйрық беріп, тағы ұрыс басталды. Бұл екі арада Түркістан қамалынан шыққан үш жүз солдат та көмекке келіп қалған еді.

Оларды алыстан көрген Сыздық сұлтан көмек жеткен соң орыстарды жеңу қиын болатынын түсініп, өз жігіттерін жинап алып, атты казактарға тап берді, сөйтіп соғыс қызып, қайта басталып кетті. Сыздықтың санына да оқ тиген еді, астындағы атына да бес оқ тиіп өлді. Сыздықтың аттан құлағанын көрген Әлімқұл молда қасындағы жауынгерлерімен жетіп келіп, он бес атты казакты өлтіріп, Сыздықты аман алып қалды. Есаул Серов екі жүз адамынаа қалған он бес солдатымен көмекке келген отрядқа қосылып, Түркістанға қайтты.

Мұсылмандар жағынан бұл соғыста төрт жүз адам шәһид болып, көп адам жараланған еді. Әлімқұл молда Иқанға қайтып, ақсақал ибн Әминді және оның қызметке жарайтын адамдарын алып, Ташкенге оралды.

(Мақала 1889 жылы Сырдария об. санақ комитетінің қолдауымен С.И.Лихтин типо-литографиясында жарық көрген «Кенесары және Сыздық сұлтан» атты жазбадан алынды).

Рүстем Нүркен

namys.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: