|  | 

Тұлғалар

Мақаш Бекмұхамбед

Maqash BekmuhamedМақаш Бекмұхамбедов қазақ фольклорын жинап, Доспамбет пен Жиенбет сияқты жыраулардыңел аузындағы сөздерін теріп алып, 1908 жылы Орынборда «Жақсы үгіт» атты кітап етіп шығарған кісі. Кейін 1910 жылы Астрахань қаласында үлкен этнографиялық зерттеу кітабы жарық көреді. Гурьвтен бастап Астраханға дейінгі алқапты алып жатқан ұланғайыр өлке Каспий жағалауы 1-ші, 2-ші қисымының (окургтің) бастығы болған. Осы кісі қазақтың жерін кеңейту үшін әртүрлі әрекеттер жасаған. Елді Қиғаш өзенінен асырып, Астрахан жаққа қоныстандыру үшін түнде мықты атан түйелерді таңдап алып, ертеде орнатылған құлпытастарды артып, Астраханның жанына апарып көмдіріп тастайды екен. Екі-үш жыл өткен соң дау шығаратын болыпты. Мына жер біздікі деп. Екі жақ дауласып, ақыры жерді қазып көрсе, пәленбай деген бидің құлпытасы шығады. Олардың ұрпағы мынау деп, тірі куәларды айғаққа тартып қазақтың жерін Астраханның түбіне бірақ апарған. Сол кісінің кезінде қоныстанған халық қазір бес аудан болып Астрахань облысына қарап отыр….

Жолымбет Мәкіш

Related Articles

  •    ЕРОФЕЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ БЕЙБАСТАҚТЫҒЫ  

       ЕРОФЕЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ БЕЙБАСТАҚТЫҒЫ  

       ӘЛҚИССА Әбілқайыр хан жайлы өрбіген қолайсыз әңгімелерге байланысты көлемді сын мақала жазып ек бұдан жиырма жеті жыл бұрын. Араша түсіп. Біреулердің айтып жүргеніндей емес деп. Дәлелдерімізді келтіріп. «Ана тілі» газетіне жарияладық, 1998 жылы. Бірде кітап дүкеніне бас сұққанымда көзім сөредегі «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» атты кітапқа түсті. Қуанып, қолыма алдым. Ақтара бастадым. Баспадан 1999 жылы шығыпты. Авторы – Ирина Ерофеева есімді тарихшы екен. Тарих ғылымдарының кандидаты. Бұл – 2000 жылы жаз айы-тын. Сатып алдық. Оқыдық. 1710 жылы үш жүздің қазағы Қарақұмда Әбілқайырды хан қып сайлап алыпты. Ғазиз Тәукенің көзі тірісінде-ақ. Осыған сәл шүбәландық. Бірақ рас та шығар, оқиғаны арнайы зерттеген тарихшы айтып отыр ғой деп күдігімізді сейілтік.

  • Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл

    Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл

    Бүгін Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл толып отыр. Құжаттарды оқысақ, Хрущев Қырымды Украинаға берген соң республикалардың аймақтарын басқаша бөлмек болған екен. Қазақстанда целинный край құрып, елдің оңтүстік бөлігін көрші елдерге беруге үзілді-кесілді қарсы болған. Бұл мәселенің тіпті қарастырылуына қарсы шыққан. Кейін осы ұстанымы үшін қызметі төмендетілді. Министрлер кабинетінің төрағасы қызметінде Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаевты Ұлы Отан соғысының батыры атағына бірнеше рет ұсыныпты. С.Нұрмағамбетовке көмектесіпті. 1960ж 212 пәтерлі үйді қазақ өнерінің майталмандарына бергізіпті. 1955ж Қытайдан оралған 100 отбасы далада қалғанда олардың мәселесін шешу үшін үкіметтен арнайы комиссия құруды сұраған екен. Елге қызмет еткен азамат қой. p.s. мұндай принципшілдік – бүгінде сирек кездесетін қасиет. Nurmukhamed Baigarayev

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

  • Алаштың алғашқы математиктері

    Алаштың алғашқы математиктері

    Фото: aikyn.kz Математика – адамзат өркениетінің дамуына негіз болған іргелі ғылымдардың бірі. Оның бастауын ежелгі Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай және Грекия өркениеттерінен байқауға болады.  Бұл халықтар математикалық білімнің алғашқы жүйелерін қалыптастырып, арифметика, геометрия, алгебраның негіздерін қалады. Кейінгі орта ғасырларда араб-мұсылман әлемі математика ғылымының дамуына зор ықпал етті. Әл-Хорезми, әл-Фараби, Омар Хайям, Насиреддин Туси сынды ғалымдар алгебра, тригонометрия, сандар теориясы мен астрономия салаларында жаңалықтар ашып, кейінгі еуропалық ғылымға негіз қалады. Бұл үрдіс түркі халықтары қоныстанған аймақтарға да әсер етті. Қазақ даласында математикалық білімнің өзіндік ерекшеліктері болды. Көшпелі өркениет тұрмыс-тіршіліктің қажеттіліктеріне негізделген математикамен тығыз байланыста дамыды. Қазақ халқы астрономиялық есептеулерге сүйене отырып, уақытты анықтау әдістерін қолданды, геометриялық принциптерді жер өлшеуде, құрылыс салуда,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ