|  | 

Әлеумет

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: Бұл теңдеудің шешуін өзім білмеймін… 

59DF4CE6-84CA-4C19-9D68-A5711D5CD906_mw800_s

Күні кеше интернет бетін Асқар Жұмаділдаев жасырған теңдеу жауып кетті. Анық мән-жайды білмекке Асқар ағаға хабарласқанымызда:

«Теңдеуден сәл қате кетіпті. Дұрысы: х!+1=у2. «у2» деп қойыпты. Есептің үш жауабы белгілі. Енді төртінші шешімін табу керек. Егер тапса, 1000 доллар алады» деді академик. Мұнымен шектеліп қалмай, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алдық…

Ұлан: Мұның шешімін табатындай біздің жастардың білім деңгейі қаншалықты?

А.Жұмаділдаев: Адам ғылымды ұстанатын болса, нағыз ғылымға кіргені дұрыс. Бұл – ғылыми есеп. Мұның төртіншісін мен білмеймін. Білсем неге сұраймын?! Мұны берген себебім, әсіресе, жастарға берген себебім, жастар дұрыс есепке мән беріп, әрі қарай зерттеуі керек. Кітапты ашып, интертетті қарап, мұғалімінен сұрап, ізденіс қылуы керек. Сонда жастардың ойына жаңа идея келуі мүмкін. Ондай есептерді біз сияқты шалдар шығара алмайды. Оны тек жастар шығара алуы мүмкін. Өйткені, олардың миы қатып қалмаған, қалыптаспаған. Ондай мидың көмегімен дәл шығаруы мүмкін. Мұның шешімін табамын деп дұрыс бағытқа ұмтылса, ғылымға ұмтылса – менің мақсатымның орындалғаны. Ал егер мұның шешімін шынымен шешіп кетер болса, онда ол менің 60 жылдығыма ең керемет сый болады.

Ұлан: Енді өзіңіз жастарды қадағалап жүрсіз бе? Олардың ішінде таңдандыратыны бар ма?

А.Жұмаділдаев: Бар. Көп. Мысалы, кешегі «Forbes»  журналын алып қарасаңыз, сонда Жандос Мақышев деген бала жүр. Америкада миллионер болыпты. Менің оқушыларымның біреуі сол. Медаль алған ең бірінші оқушым. Қазір Америкада компьтерлік фирмада жұмыс істейді. Онда жаңа идеяларымен табыс тауып отыр. Бұл – бір ғана мысал. Екінші мысал – Кэмбриджда 2000 доллар сыйақы ұтып алған бір жігіт бар. Сол ақшасын ракпен ауыратындардың қайырымдылық қорына аударды және. Атын ұмыттым, Азат па еді?! Өте елгезек жігіт еді. Әділет Оңдасынов деген жігіт бар еді. Өкінішке орай, қайтыс болып кетті. Өте мықты физик еді. Өкініштісі, қазақ оны білмейді. Лондонда үлкен сыйлық алған. Мәскеуде оқыған. АҚШ Президентінің сыйлығын алған. Ондай сыйлықты алған қазақты қазақ біле ме? Бізде мұндай балалар көп. Бірақ, оларға дұрыс есеп берілмейді. Орынсыз есеп қойылады. Мысалы, бес таңбалы санды бес таңбалы санға көбейт дейді. Бұл – нағыз ақымақ есеп. Өткені, мұның артында ғылым жоқ. Өйткені, оны компьтермен есептеу оңай. Оның ешқандай идеясы жоқ. Белгілі нәрсені шығара берудің не керегі бар?! Ғылымға белгісіз, жоқ нәрсені шығарған дұрыс.

Ұлан: Математика ғылымдарының тізімі жаңа есімдермен толығады деп ойлайсыз ба?

А.Жұмаділдаев: Оның не керегі бар? Ешқандай да керегі жоқ. Жақсы балалар бар. Ол математиканы толықтыра ма, жоқ, физиканы ма – маған бәрібір. Ғылым деген бірдей. Ондай сұрақты қоюдың керегі жоқ. Жақсы есеп бар, жақсы проблема, жақсы бағыт, жақсы мақсат бар. Оны мен білемін, мамандар біледі. Сол жолда жүрген бала – дұрыс бала. Ал бейберекет далақтай бергендер – уақытты бос өткізгендер. Халықты ақымақ қылғандар.

Ұлан: Қазір сіз шетелге шығып, жиі лекция оқып жүрсіз бе?

А.Жұмаділдаев: Жоқ. Оған уақытым жоқ. Он жылдай шықтым, шетелдің бірталай жерін көрдім, сол маған жетеді. Қазіргі мақсат – үйде, бала-шағамның қасында болу, сабағымды беріп, студенттерімнің қасында жүру. Өзімізде де мықты студенттер толып жатыр. Соларды көре білу керек. Себебі, халықтың алдында жүргендер – әртістер. Ал ғылымды ешкім түсінгісі келмейді, қорқады.

Жазып алған Асылан БІРЖАНҰЛЫ,

«Ұлан»-ақпарат

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: