Бүгінгі Бурыл
Бурыл ауылындағы жағдай тыншыды. Ауыл сыртына әскерден қойылған қоршау алынды. Бірақ тәртіпті қатаң қадағалау шаралары жүріп жатыр.
Кеше жанжал тудырған оқиғаға наразылық білдірген Бурыл ауылы тыншыды. Жағдай қалыпқа келе бастады. Ауыл сыртына әскерден қойылған қоршау алынды деп хабарлады оқиға орнынан Азаттық тілшісі.
Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Күдіктінің этникалық түрік екені хабарланған. 17 ақпанда Бурылды арнайы әскер қоршауға алған еді.
16 ақпан күнгі «бала өлімі» оқиғасына орай «бұзақылық жасағаны» үшін он жас жігітті полиция ұстап әкеткен. Ақпанның 15-інде Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы бір үйден кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Мәйіттен күш қолданып өлтіру белгілері анықталды. Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 18 ақпан, 2016 жыл.
Ауыл көшесіндегі қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген қарулы полицейлер. Бурыл ауылы тұрғындарының саны 8 мыңнан асады.
Бурыл ауылындағы жағдайды әуеден бақылау үшін дрон құралын ұшыруға дайындап жатқан әскери адамдар.
Әуеде жеңіл тұман болса да, әскери адамдар дрон құралын ұшырып бақылауды жалғастырды.
Наразылық оқиғасы кезінде жабылған дүкендердің кейбірі бүгін ашылып жұмыс істей бастады.
Ауылға кірген-шыққан көліктерді бақылап жүрген полицейлер.
Көшеде бейсауат жүрген адамдар көрінбейді.
Ауылдағы қоғамдық тәртіпті бақылау үшін терезесі күңгірттелген көліктер де пайдаланылды.
Бурыл ауылында әскери көліктер үшін жанармай таситын техникалар да байқалды.
Бурыл ауылына көрші ауылдардан және Тараз қаласынан әкелінген төтенше жағдай қызметі техникалары.
Оқиғаны бақылауға әкелінген Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі нөмір тағылған әскери көлік.
“Бала өлімі” оқиғасы осы үйде болды деп есептеледі.
“Бала өлімі” оқиғасына күдікті адам тұрған үйде қазір ешкім жоқ. Бұл екі үй іргелес-қоралас орналасқан.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру