ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ – ӘДІЛЕТСІЗДІК
Марат Токашбаев
Философиялық ой-тұжырымдарда ӘДІЛЕТТІЛІК аса маңызды категорияға жататыны мәлім. Іс жүзінде әділеттілік әлеуметтік тәртіптің табиғи ішкі қағидаты ғой. Әл-Фараби, Г.Спенсер, Дж.Локк еңбектерінде адам баласының бәрі тең құқылы екендігі айтылады. Америкалық ғалым Джон Ролздың «Әділеттілік теориясы» деген еңбегінде адамдардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық айырмашылықтар «әлеуметтік теңсіздіктер қағидатымен» (the difference principle) реттелетіндігі айтылған. Яғни қоғамның көп нәрседен құр қалған мүшелеріне неғұрлым молырақ артықшылықтар беру арқылы мүмкіндіктері теңестіреді. Бұл жерде «келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік» қағидасы басшылыққа алынады. Ал Қазақстан қоғамында әлеуметтік әділеттілік қағидасы ұмыт қалғалы қашан?
Қазақстан қоғамының ең басты проблемасы –әділетсіздік! Білім, ғылым, денсаулық, құқық қорғау, т.б. билік салаларындағы көзбояушылық пен сыбайлас жемқорлық патриотизмді өлтіріп, қоғамды шірітіп барады. Мемлекет келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жекелеген адамдардың мүддесіне емес бүгінгі буынның игілігіне қызмет етуі керек еді. Қоғам шынайы реформаларға шөліркеп отыр!
facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру