|  |  |  | 

Жаңалықтар Суреттер сөйлейді Әлеумет

Қайырымдылық мекемені 10 есе арзанға сатып жіберген

IMAG2729   Алматы іргесінде орналасқан Боралдай кентіндегі аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тәрбиеленетін мекеме заңсыз сатылған-дейді мекеме қызметкерлері.  Медіресені саудаға салушы – ғимаратқа иелік ететін 4 құрылтайшының бірі Масимов Кажимкан Касымович. Енді, жаңа иелері медресені тез арада босатуды талап етуде. Ал, орнына балабақша салмақшы екен. Ер балаларға рухани тәрбие беретін орынның тағдырына алаңдаған топ бүгін наразылық білдірді.

Қайырымдылық мекемесі ретінде құрылған медресенің тарихы 1997-інші жылдан басталады. Мұнда аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары тегін жатып, діни сауат ашады екен. Бұл шаңырақтан жылына 60-тан аса шәкірт түлеп ұшады. Бірақ, енді медресенің жабылғалы тұр. Ғимаратқа заңды түрде 4 құрылтайшы иелік етеді. Алайда, бір жыл бұрын олардың үшеуінің қатысуынсыз, медресені өз пайдасына сатып жіберген көрінеді..

Ресми түрде «Фазыл-Ғазы Топлы» деп аталатын айтулы мекемеде жоғарғы сынып оқушыларымен қатар, студенттер де жатып, рухани тәрбие алады. Мұнда тамақ, жатын орны бәрі қамтылған.

Нақты ақпаратты  төмендегі медіресе қызметкерлері берген құжат көшірмесінен біле аласыздар.

kerey.kz1 001 2 001 3 001 4 001 5 001
proto 001 protokol 001 satu -satipalu sart 001 satu-satipalu2 001 UQK shekara qizmeti 001 UQK shhekara 001

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

4 Comments

  1. Adambekov

    Сонда “тегі атақты” болған адамдар ға заң басқа ма? Заңды аяқ асты қылуға оларға болғаныма соңда? Қаншама қарагөз бауырымызды далаға тастайтын деп жатыр!!! Әділдік қайда ағайын?

  2. Тасов О.Т

    Ассаламуалейкум құрметті Елім деген халайық! Бұл мекемелерге қолдау көрсетейік! Бұл жерден тəрбиеленіп шыққан Аллаһтан қорыққан, Пайғамбарымыздың өсиетін ұстанған, ата-бабаларымыздың аманатына қиянат жасамайтын ұрпақ тəрбиеленуде. Ата-анасына қызмет еткен, ұрпағына отанын сүйдіріп тəрбиелеген болашақ иманды ұрпақтар ғана Еліміздегі қасрет тарихта болмаған Қарттар үйі, жетімдер үйі болмайды деген емеспе! Ел болам десең бесігіңді түзе деген Қазағым. Дүниенің жылтырына алданбай бұл жағдай тез арада еліміздің ертеңі үшін атсалысып жатқан Қайрымдылық мекемесінің жақсылығына шешіліп, тағыда көптеген түлектер шығаруды Аллаһ нəсіп еткей!

  3. Nurgali Matishev

    Жұмақтағы үйін арзан бағаға сатыпты. Әттең!!!

  4. Алла нысап берсін Ел басында отырған азаматтарға Адамға рахмет айталмаған адам Аллаға шүкір ете алмайды.

POST YOUR COMMENTS TO Nurgali Matishev (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: