|  | 

Жаһан жаңалықтары

Мемлекет басшысы АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесті

Мемлекет басшысы АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесті-деп хабалайды  Ақорда баспа сөз қызметі.
АҚШ, Вашингтон қаласы, Карнеги қорының штаб-пәтері
    Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы диалогты ұйымдастырғаны үшін Қорға алғыс айтты және бұл институт ғасырдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастардың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті қазіргі заманғы әлем құрылымының проблемалары мен  Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне қатысты ой-пікірін ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырлар тоғысындағы ширек ғасырдың ауқымды тарихи өзгерістер дәуірі болғанына, бұдан 25 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре алатыны күмән тудырғанына назар аударды.

– Бізге жаңа мемлекетті «нөлден» бастап құруға, жоспарлы әкімшілік жүйеден нарыққа, тоталитаризмнен демократияға көшуге тура келді. Қысқа уақыт ішінде мемлекеттілікті нығайту, заманауи нарықтық экономика құру және қоғамды жаңғырту жөнінде зор жұмыстар атқарылды, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз жүзеге асырып жатқан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы да айтты.

– Жоспарды жүзеге асыру ХХІ ғасырда барынша теңгерімді саяси жүйесі, дамыған азаматтық қоғам институттары мен білімге негізделген экономикасы бар Қазақстанды құруға бағытталады, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздің жаһандық антиядролық қозғалысқа қатысуы мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды.

– Орталық Азияда ядросыз аймақ құру арқылы біз орнықты әлем географиясын қалыптастыруға шақырамыз. Бұл – Еуразияда, Латын Америкасында және Африкада алты ядросыз аймақ кеңістігін кеңейту деген сөз. Төмен байытылған уран банкін Қазақстанда орналастыру туралы МАГАТЭ-мен келісімге 2015 жылы қол қойылуы маңызды қадам болды. Бұл – жаһандық ауқымдағы оқиға. Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатқа пайдалану ісіндегі маңызды шара ретінде бағалауы тиіс, –деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі халықаралық келіссөздер үдерісіне Қазақстан әрдайым қолдау көрсетіп, оған іс жүзінде қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті біздің ел Жаһандық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге белсене қатысуды маңызды санайтынына назар аударды.

– Ажал себетін қаруларды ғарыш кеңістігінде, әлемдік мұхит табаны мен бейтарап суларында, сондай-ақ Арктикада орналастыруға тыйым салатын іргелі шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануды тыю жөніндегі халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Жаһандық антиядролық қозғалыс құруды маңызды міндет ретінде атады.

– Қазақстан бастамашылық еткен, халықаралық қолдауға кеңінен ие болып келе жатқан «АТОМ» халықаралық жобасы осы мақсатқа арналған. Ядролық сынақтарға қатысты баршаға бірдей тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне атсалысу жөніндегі 9-конференцияның тең төрағасы ретінде  Қазақстан оның толық әмбебаптануын қамтамасыз етуге күш салуын жалғастыра береді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне де тоқталды.

– Адамзат ХХI ғасырға бейбітшілік пен жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Өкінішке қарай, барынша қауіпсіз және тұрақты әлем қалыптастыру мүмкіндігін жіберіп алды. Әлемге тағы қауіп төніп тұр, оны елемеуге болмайды. Бұл қатер – жаһандық ауқымдағы жойқын соғыс, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 1968 жылы қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өз мақсатын орындап отырмағанын, ал жаһандық ойыншылар арасындағы сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды болдырмау кепілдігінің әлсіреуіне әкеле жатқанын айтты.

– ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі ядролық терроризм қатері мен ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы болып отыр. Әлем әлдеқайда қауіпті әрі болжаусыз жаңа ядролық ғасырға қарай жылжып келеді. 60 жылдан астам уақыт бұрын әйгілі ғалымдар А.Эйнштейн мен Б.Рассел манифест жариялап, «Адам ұрпағы жойыла ма әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген маңызды сауал қойды. Соғысты жою адамзат өркениетінің ең күрделі міндеті болып отыр. Бірақ одан басқа жол жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жету үшін әлем дамуының парадигмасында сапалы да терең өзгерістер жасау, әлемнің барлық көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен барлық мемлекеттің күшін жұмылдыру қажеттігіне сенімді екенін айтты. Қазақстан Президенті осы міндеттерді шешу жолында еліміз қабылдап жатқан шараларды атап өтті. Олардың қатарында Жаһандық стратегиялық бастама – 2045 Жоспарын әзірлеу бастамасы, халықаралық құқық қағидаттарын қуаттауға және сенімді қалпына келтіруге бағытталған БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру жөніндегі ұсыныс, БҰҰ аясында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құру, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина лидерлерінің Минск кездесуін, сондай-ақ «норманд төрттігі» келіссөздерін ұйымдастыруға ықпал ету шаралары бар.

Мемлекет басшысы жаһандық дағдарыстың себебі әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің өзегінде жатқан олқылықтарда екеніне сенімі екенін айтты.

– Төрт жыл бұрын біз барлық елдердің дағдарысқа қарсы күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған «G-Global» бастамасын ұсындық. Әлемдік даму проблемаларын 8 немесе 20 мемлекет емес, бүкіл халықаралық қоғамдастық шешуі тиіс. «G-Global» аясында Астана экономикалық форумында кеңінен қолдау тапқан Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел өз кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне ұсынғанын еске салды және ол қолдау табады деп сенетінін айтты.

Мемлекет басшысы Еуразия өңірінің дамуына қатысты да өз ойларын ортаға салды.

– Еуразия өңірі – әлемдік саясаттағы негізгі геосаяси және геоэкономикалық фактор. Бұл жерде Қытай мен Ресей, АҚШ және Еуроодақтан бастап, Үндістан, Иран және Түркияға дейінгі барлық жаһандық ойыншылардың мүдделері тоғысып отыр. Өңірдегі қақтығыс ықтималдығын ынтымақтастық пен ықпалдастықты тереңдету арқылы азайта отырып, өңірлік үдерістерді сындарлы арнаға бұру өте маңызды. Сондықтан да мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістік құруды ұсындым, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі туралы айтып берді.

– Бұл – тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары қозғалысының бірыңғай ережелері бар экономикалық бірлестік. КСРО-ны қайта құру туралы әңгіме мүлде жоқ екенін атап айтқым келеді. «Қырғиқабақ соғыстың» осы стереотиптерінен арылу керек. Олар болашаққа көз жіберуімізге кедергі келтіреді. Еуразиялық экономикалық одақ – тек экономикалық жоба, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті биыл еліміз бен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғанына 25 жыл толуымен ерекшеленетініне назар аударды.

– Қауіпсіздік және ядролық  қару таратпау – ынтымақтастығымыздың уақыт сынына өткен тұғырнамасы. Біз халықаралық қауіпсіздік саласындағы маңызды қадамға айналған Ядролық қауіпсіздік саммитін өткізу туралы Вашингтонның бастамасын толық қолдадық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы еліміз ядролық қарусыздану және ядролық қару таратпау саласында күш-жігер жұмсауын табанды түрде жалғастыра беретінін айтты.

– Болашақ туралы ойлаған кезде мен бұрынғы КСРО-дан бізге мұра боп қалған ең соңғы ядролық заряд Қазақстан аумағынан әкетілген тарихи датаны – 1995 жылғы 24 сәуірді жиі еске аламын. Екі жүз жыл бұрын АҚШ Президенті Авраам Линкольн: «Жауапкершіліктен бүгін жалтару арқылы одан ертең де құтыла алмайсың» деген екен. Ондаған жылдар бойы жер тітіреткен  жарылыстардан жапа шеккен халқымның мұң-зарын сезініп, қолдауына сүйенген мен ядролық қарудан ада әлем туралы арманға риясыз сенемін, – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында кездесуге қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: