Жаңалықтар Суреттер сөйлейді Әлеумет
Қайырымдылық мекемені 10 есе арзанға сатып жіберген
Алматы іргесінде орналасқан Боралдай кентіндегі аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тәрбиеленетін мекеме заңсыз сатылған-дейді мекеме қызметкерлері. Медіресені саудаға салушы – ғимаратқа иелік ететін 4 құрылтайшының бірі Масимов Кажимкан Касымович. Енді, жаңа иелері медресені тез арада босатуды талап етуде. Ал, орнына балабақша салмақшы екен. Ер балаларға рухани тәрбие беретін орынның тағдырына алаңдаған топ бүгін наразылық білдірді.
Қайырымдылық мекемесі ретінде құрылған медресенің тарихы 1997-інші жылдан басталады. Мұнда аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары тегін жатып, діни сауат ашады екен. Бұл шаңырақтан жылына 60-тан аса шәкірт түлеп ұшады. Бірақ, енді медресенің жабылғалы тұр. Ғимаратқа заңды түрде 4 құрылтайшы иелік етеді. Алайда, бір жыл бұрын олардың үшеуінің қатысуынсыз, медресені өз пайдасына сатып жіберген көрінеді..
Ресми түрде «Фазыл-Ғазы Топлы» деп аталатын айтулы мекемеде жоғарғы сынып оқушыларымен қатар, студенттер де жатып, рухани тәрбие алады. Мұнда тамақ, жатын орны бәрі қамтылған.
Нақты ақпаратты төмендегі медіресе қызметкерлері берген құжат көшірмесінен біле аласыздар.
4 Comments
Adambekov
Сонда “тегі атақты” болған адамдар ға заң басқа ма? Заңды аяқ асты қылуға оларға болғаныма соңда? Қаншама қарагөз бауырымызды далаға тастайтын деп жатыр!!! Әділдік қайда ағайын?
Тасов О.Т
Ассаламуалейкум құрметті Елім деген халайық! Бұл мекемелерге қолдау көрсетейік! Бұл жерден тəрбиеленіп шыққан Аллаһтан қорыққан, Пайғамбарымыздың өсиетін ұстанған, ата-бабаларымыздың аманатына қиянат жасамайтын ұрпақ тəрбиеленуде. Ата-анасына қызмет еткен, ұрпағына отанын сүйдіріп тəрбиелеген болашақ иманды ұрпақтар ғана Еліміздегі қасрет тарихта болмаған Қарттар үйі, жетімдер үйі болмайды деген емеспе! Ел болам десең бесігіңді түзе деген Қазағым. Дүниенің жылтырына алданбай бұл жағдай тез арада еліміздің ертеңі үшін атсалысып жатқан Қайрымдылық мекемесінің жақсылығына шешіліп, тағыда көптеген түлектер шығаруды Аллаһ нəсіп еткей!
Nurgali Matishev
Жұмақтағы үйін арзан бағаға сатыпты. Әттең!!!
казак азаматы
Алла нысап берсін Ел басында отырған азаматтарға Адамға рахмет айталмаған адам Аллаға шүкір ете алмайды.