|  |  |  |  |  |  |  |  |  | 

kerey.kz TV Жаңалықтар Зуқа батыр 150 жыл Мәдениет Руханият Суреттер сөйлейді Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем Әлеумет

“Тұғыры биік мәңгілік ел”атты Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Зуқа батырдың туғанына150 жыл мерейтойына арналған облыстық ақындар айтысы өтті.

 

Жер жанаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласында, 24 сәуір күні, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және  аты тірісінде аңызға айналған Зуқа батыр Сәбитұлының  150 жылдық мерей тойына арналған облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтысты, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Зуқа батыр 150 жыл» ұйымдастыру алқасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының  Республикалық штабы Алматы облыстық филиалы, «Алаш Ұланы» жастар қоғамдық бірлестігі бірігіп өткізді.

Айтыстың мақсаты Ұлттықөнердің аясын кеңейту, талант иелерін іздеп табу, ақындықөнерге баули отыра, ғасырлар бойы бабалар арманымен, ерлік істерімен, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген құндылықтарды дәріптеп, мемлекеттілікті нығайтып, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отыра, елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу, еліміздіңәлем алдындағы абырой-беделін асқақтата көрсету. Ел Тәуелсіздігін жалынды жырлар, терең теңеулер, әсем әуендер арқылы жан-жақты жырлау. Зуқа бабамыздың рухын қастерлеп, төл өнердің мәңгілік ғұмыры жайлы дәстүр жалғасын сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа кеңінен насихаттау еді.c5d17fa5-8e75-45f9-801e-c23a39ab6797

Айтыстың басталу сөзін “Зуқа батыр 150 жыл” мерей тойын ұйымдастыру алқасының  төрағасы Өмірхан Алтынның  Германиядан арнайы жолдаған құттықтауымен  орныбасары Нұрлан Бибрал бастады. Облыстық Жас Отан жастар қанатының атқарушы хатшысы, Алматы облыстық маслиқат депутаты Айдын Нұрмұхамбетов арнайы келіп құттықтау сөзін айтты. Зуқа батыр туралы бейне сюжет көрсетілді.

Облыстағы аудан-қалалар  және Алматы қаласынан барлығы 14 ақын  қатысты.  Айтыс сүйер қауым алдында 7 жұп өнер көрсетті. Өзара сөз қағыстырып, ер Зуқаның ел басына күн туғанда, жұртына пана болып, халықты біріктіре білген, жауға қарсы бас көтерген батырлығын жырлады. Баһадүр бабалардың арқасында азаттыққа қол жеткізіп, бүгінде егемендігіміздің 25 жылдық тойын тойлап жатқанымызды мақтаныш етті. Өрелі сөз айтып, әдемі айтыс жасай білді. Қазылар шешімімен финалдық кезеңге 2 жұп сурылып шығып, шаппа-шап айтыс үлгісін көрсетті. 791cadd0-6e63-4fcd-8d8c-f1695a25cb7aQana aqin

Жыр бәйгесінде оза шапқан Көксу ауданның ақыны Алғысбек Дәурен 150 мың теңгелік бас жүлдені еншілесе, бірінші орынды АқсулықҚанат Боқан жеңіп алса, екінші орынды Текелі қаласының ақын қызы Жәмила Оразбайқызы еншіледі. Үшінші орынды  Ескелді ауданнан келген Фатих Ақынұлы алды.басқа қатысушы ақындар ынталандыру силығымен марапатталды.

Аламан айтысты тамашалауға жиналған қауымныңда қарасы мол болды. Зуқа батыр атындағы айтыс өтеді дегенді естіген Төл өнеріміздің жанашырлары Еңкейген кәріден, еңбектеген жасға дейін Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайына жиналды. Алматы қаласынан арнайы келген қонақтар арасында өнер жұлдыздар мен қоғам қайраткерлері болды.

Айтыс мәресіне жеткен соң, “Зуқа батыр 150 жыл” мерей тойын ұйымдастыру алқасы, ұйымдастыруға белсене атсалысқан азаматтармен, Жеңімпаздарға және қазылар алқасына арналып дастарқан жайды. Батыр атамызға арналып құран оқылды. Барлық қатысушыларға “Зуқа батыр 150 жыл” мерей той ұйымдастыру алқасы атынан қазақстан бойынша төрағаНұрбек Нұрахметтің алғысы айтылды. Алматыдан  “Зуқа батыр 150 жыл” мерей тойын ұйымдастыру алқасы  төраға  орныбасары Нұрлан Бибрал,Батыр ата ұрпақтары Қалман Қочигіт, Өмібек Манен, Тоқан Макей, Қоғам қайраткері Сағат Зақанқызы, өнер қайраткерлері әнші Құрманбек пен Риза,Сәулеш Дұйсен, жауапты қатшы Жұмабай Мәдібайұлы,«Алаш Ұланы» жастар қоғамдық бірлестігі жетекшісі Балғынбек Нығыметұлы қатарлы азаматтар қатысып қайтты.

Зуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аймағында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

Еске алу шаралары Қазақстан, Германия, Австрия, Англия, Америка, Түркия, Қытай, Моңғылия сынды 10 шақты елде жүргізіледі.

Жұмабай Мәдібайұлы
kerey.kz

mmexport1461817715550

IMG-20160424-WA0010

16794d82-c6d1-4646-9cd8-2b717d8f3f0d

93018af6-1976-44df-b335-519513074754


f99c7f9c-06f2-4ed1-b5cb-400248f19908 f81b9e11-6256-4ae5-840b-a1065087c560 e273e8fe-00cc-4644-9cbe-9898cc5e86ba d440ee4e-ad1a-48e9-b6d6-358a6ad6d1d7 d880037f-6e51-4589-9cdb-bd2c6112372e d3510160-3137-47ba-bf40-9e2b76045f24 d9885571-26f9-4d07-accf-77a498bb2c6f dae64510-7650-458f-9223-7be66d42388f d77ffcab-678e-453a-aaa0-4efe31efe3ca d47a129a-1743-4496-b5ba-fa90aa42dff0 cf971792-7ab8-45ce-a960-960c299a7a93 cc905533-bcfc-4a5e-b4eb-da29b857b15a ca20d54d-f46e-4857-ade3-b741f9a6abc8 b6e161be-5e19-4c7f-8a8d-c96d307baf55 bb875536-3b8c-4653-84b3-0d35749e08e2
c9dc2a46-64d5-4d60-92f7-ef1b69c1f611 c83e9c73-a3e8-4787-aafc-04cb90a19d6e aebf1487-b459-4e16-8455-be26e66c6266 a91abd6e-fe34-446f-b9b2-cc624e481504 1461645010_aitys1 73163695-24ef-45b1-8ea6-fc4a6ac332e7 5917379d-ab8a-46d3-9405-9f68fac6faf5 62058b1a-f33c-44f1-ae48-7bbdc41d1dd5
631226bc-2762-47e7-ac0e-d5bda51cae54 2300568e-f77b-44c2-bc28-503efdb5d7e7 3207591c-b55a-4bca-99df-5b9dd779e61a
8732e1ff-09ac-4ee7-98e8-85704afbd51a 7313f4e4-f8d3-4381-8812-d4e8ddf15451 7131c07c-b56b-4f63-9b9d-31810af158d1 2766fec3-021f-4c7b-8a51-bf661976e725 131e5157-c8b2-41c2-8d6e-c2c040886238
815a5fbb-056b-4a9b-bf0f-f7d2e4b22cda 892f9c7d-134d-4f3e-876b-2449f2ee5d33 998e7cbd-4f9d-4201-9704-925a71f3a669 70d90186-2503-4724-89fa-d84110926780 77f4b7a1-52f1-40cd-b381-e0a8c99d4dcf 83ba1e4d-a68e-4ebc-a893-c12cd179e676 88f2e834-7516-4e56-9a22-d386644345d7 128ba556-5c38-4724-bdf3-17952c1d5048 70d3edd6-cfe0-442e-860f-50da693d3434 9fabdaa1-aa8f-456b-9064-e70337f4f8d9 9f622796-c6fc-450e-b251-6969fbf8cc1c 8cac9120-1abd-45bc-ae42-f5188301ead2 6c9bb21a-1503-413d-8ef0-0de64cfc5417 4d2b6a3d-6f01-4b06-94e9-12f02ea2bb26 4daf61ba-f14d-4d65-aa34-17572718765c 5b8f79ec-5d58-481e-a3ee-6e0ec12bd349 5b494c72-aff0-4277-b692-c80526df7420 6a23885d-dc1f-448f-9ce1-1e1a1547ac22 0db7eb5b-49f1-40c2-92e7-fe59d4492b90 02bc253d-a638-4c68-99ec-9cbb131d3665 3e08f14f-1039-4c47-9e86-7e29a97385d9 4ae3569c-1afa-4ce3-b1b9-af72d9a8e20e

mmexport1461603569665 mmexport1461784841847 mmexport1461784858985kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: