|  | 

Жаһан жаңалықтары

ОАР президентін Қазақстанға «жер аудару» жайлы әзілдейді

Оңтүстік Африка Республикасы президенті Джейкоб Зума.

Оңтүстік Африка Республикасы президенті Джейкоб Зума.

Әлем басылымдары Қазақстандағы жер реформасына қарсылық акцияларының ықтимал салдары, астық түсімі жайлы болжамдар және Оңтүстік Африкада жергілікті саясаткерлердің ішіндегі пәтуасызын қайтып келместей етіп Қазақстанға жіберу ұсынысы жайлы жазған.

Channel News Asia ақпараттық агенттігі соңғы күндері Қазақстанның бірнеше қаласында өткен жаңа жер реформасына қарсылық акцияларын «президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін нағыз қатерге айналып кетуі мүмкін билікке бағынбаудың сирек шарасы» деп жазады.

Шілденің 1-інен бастап күшіне енуі тиіс Жер кодексіндегі түзетулер үкіметтің ауыл шаруашылығы жерін Қазақстан резиденттері бақылауындағы шетелдік бірлескен кәсіпорындарға сатуына мүмкіндік береді. Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым әлі күшінде, бірақ оларға жерді 25 жылға дейін жалға беруге болады.

Channel News Asia басылымы «наразылық білдіргендер бұл реформа ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп қобалжиды» деп жазған.

Атыраудағы қарсылық жиынына қатысушылар. 24 сәуір 2016 жыл.

Атыраудағы қарсылық жиынына қатысушылар. 24 сәуір 2016 жыл.

Ал Назарбаев жергілікті ауыл шаруашылығы алқаптарын шетелдіктер «сатып алады» деген қорқынышты негізсіз деп атап, жалған ақпарат таратып жүрген «арандатушыларды» жазалау керек деп мәлімдеді.

Агенттіктің жазуынша, президенттің баспасөз қызметі Назарбаевтың комментарийлерімен бірге Facebook желісінде жариялаған видеоға жұрттың наразы пікірлері көбейген, бірақ оларды іле-шала өшіріп тастағанға ұқсайды. Мақала авторлары әдетте AkordaPress өз парақшасында жағымды пікірлерді ғана қалдырады деп жазады.

Жапонияның Diplomat газетінің хабарлауынша, Жер кодексіне енгізілген түзетулерге халықтың алаңдауының себебі – азаматтар мемлекет саясатының ашықтығына сенбейді. Газеттің жазуынша, пайдаланылмай жатқан жерлерді сату мен жалға беру арқылы ақша табу – өте орынды қадам, бірақ елдің қорқынышын Астананың түсінбеуі халық пен үкімет арасындағы соншалықты қажет сенімді нығайтуға септеспейді.

АСТЫҚ ТҮСІМІ ЖАЙЛЫ БОЛЖАМ

Австралияның Weekly Times басылымының жазуынша, АҚШ-тың астық нарығындағы баға тұрақсыздығы оған деген сұраныс пен ұсынысқа қатысты болжамдарға еш әсер етпеген.

Қара теңіз жағалауы аймақтарының бидай экспорттаушы негізгі елдері сатылатын бидай көлемін одан әрі ұлғайтып, астық бағасын белгілеп отыр. Басылымның жазуынша, Қазақстан мен Ресейдің бидай экспорты 2016 жылы да өседі деген болжам бар. Биыл екі елдің қамбасы астыққа толады деген болжам айтылады.

Бұл әсіресе, елдің ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің 2016 жылдың 1 наурызындағы есебі бойынша, бүкіл шаруашылықта жатқан дәнді және бұршақ дәнді дақылдар қоры 10,157 миллион тоннаны құраған, яғни былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (10,908 млн. тонна) жеті пайызға кеміген Қазақстан үшін өте маңызды.

«БАРСАКЕЛМЕСКЕ» ЖІБЕРУ ҰСЫНЫСЫ

Бірақ Қазақстанды халыққа жақпай қалған саясаткерлерді “жер аударуға” лайықты орын деп санайтындар да бар екен. Оңтүстік Африканың Times Liveгазетінің хабарлауынша, Travelstart интернет-туристік агенттігі әлеуметті Оңтүстік Африканың «барсакелмес» саяхатқа лайық бір саясаткерін басқа ел емес… Қазақстанға аттандыру үшін дауыс беруге шақырған. Турагенттік «дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз деп танылған саясаткер Қазақстанға ұшатын билет алады, ал дауыс бергендерге Оңтүстік Африканың 200 рандына тең сомаға ұшақ билетіне ваучер береміз» деп уәде еткен.

Агенттік дауысқа салу мақсатын мысқылмен түсіндірген. Сайттың хабарлауынша, үкіметтің қымбат жобаларының кесірінен Оңтүстік Африка парламенті мүшелерінің іссапарларына жұмсалатын шығыс көлемі қысқарып қалған. Сондықтан агенттік «барсакелмес сапарға ең лайық саясаткерге билет алып беріп, [парламенттің] жоғары мәртебелі мүшелерінің «қажылық» мәртебесін қалпына келтіруге көмектесуді өз парызы санайды».

Ал «барсакелмес» ел ретінде таңдау неліктен Қазақстанға түскенін тек долбармен шамалауға болады.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Оңтүстік Африка Республикасы президенті Джейкоб Зума. Уфа, 8 шілде 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Оңтүстік Африка Республикасы президенті Джейкоб Зума. Уфа, 8 шілде 2015 жыл.

Басылымның хабарлауынша, дауысқа салуға бес кандидатура – ОАР президенті Джейкоб Зума, Economic Freedom Fighters ұйымы басшысы Джулиус Малема, ғылым және технология министрі Наледи Пандор, демократиялық альянс басшысы Джон Стинхуйзэн және Африка ұлттық конгресі жетекшісі Джексон Мтембу ұсынылған.

Туристік агенттіктің Facebook желісіндегі парақшасына жазылғандар дауысқа салуды әзіл деп қабылдаған, идея авторларының да көздегені осы сияқты.

Moira Smith есімді қолданушы «Саясаткерлеріміздің бірін қабылдайтындай Қазақстан соншалықты неден жазықты болып қалды?» деген сұрақ қойған.

Ал туристік агенттік сайтындағы дауысқа салу қорытындысы бойынша ОАР президенті Джейкоб Зума жеңімпаз деп танылған.

Бұл дауысқа салу осы елдегі саяси науқанның бір бөлігіне ұқсайды. Times Live газетінің жазуынша, қазір бүкіл жұрттың назары президент Зумаға ауған. Интернетте оны президент қызметінен алып тастауға шақырып жарияланған петицияға қазірдің өзінде 50 мыңнан аса адам қол қойған.

Алиса ВАЛЬСАМАКИ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: