|  | 

Сұхбаттар

ҚР білім және ғылым министрі жазғы каникул, үштілділік және қазақ тілінің болашағы туралы

Білім беру жүйесі - сынға көп ұшырайтын саланың бірі және онда болып жатқан реформалар ауыртпалықсыз өткен емес. Биыл наурызда Қазақстанда ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ал бұдан бір ай бұрын 10 ақпанда білім және ғылым министрі лауазымында отырған Аслан Сәрінжіповтің орнына Ерлан Сағадиев келген болатын. Қазір ата-аналар жолдаған петицияға Сағадиев бескүндік оқу аптасының енгізілуі, білім берудің үштілді жүйесіне көшуі және оқу жылының ұзартылуы туралы түсініктеме беріп жатыр. Бұл өзгерістердің бәрі білім беру мазмұнын жаңарту туралы мәселе қозғалған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған. Біздің бүгінгі сұхбатымыз осы мәселелердің негізі қандай, жалпы бұл мәселер қайдан бастау алған, міне осы жайында туралы болмақ.

TENGRINEWS: Ерлан Кенжеғалиұлы, 1 қыркүйектен бастап, Қазақстан кезең-кезеңімен білім берудің жаңа жүйесіне көшпек. Осыған орай жаңартылған білім беру мазмұны туралы айтып өтсеңіз.

Ерлан Сағадиев:

80-ші жылдардың ортасында көптеген дамыған елдер білім берудің жаңа түріне көшу туралы қорытындыға келді. Ол білімнің санына ғана емес функционалдық сауаттылығына негізделуі тиіс болды. Яғни, адамның қаншалықты білімділігі емес, қаншалықты біліп, істей алатындығы және алған білімін қалай қолдана алатындығы маңыздылыққа айналып отыр. 1988 жылдан бастап ЭЫДҰ елдерінің бірінен соң бірі мектептерде жаңартылған білім беруге көше бастады. Бұл процесс 90-шы жылдардың ортасына қарай аяқталды. 1997 жылы елдер жаңартылған мазмұнды өлшеудің бірыңғай стандарты туралы шешім қабылдады, ол - PISA деп аталды. Осылайша Қазақстан да биылғы жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық мектептерде 1-сыныптан оны енгізе бастайды. Енгізуге толық төрт жыл беріледі.

TENGRINEWS: Бағдарламада нақты қандай өзгерістер болмақ?
Е. Сағадиев:

Бұл мәселені екі тұрғыда түсіндіруге болады. Бірінші: тың игеру жылдары қанша гектар жер игерілді? Бұл ҰБТ-ға тәне сұрақ. Бұл мәселеде нақты даталарды, фактілерді және сандарды білу қажет. Екінші: сәуле мен толқынның арасалмағы қандай? Жауаптың нұсқалары: дыбыс және амплитуда, жылдамдық және жиілік және т.б. Бұлар жоғары оқу орнына түсу үшін тапсыратын фунционалдық сауаттылық тестінің қарапайым үлгілік сұрақтары. Бұл арада физиканың базалық білімі бағаланады, ең бастысы - баланың ойлауы мен логикасы. Осылардың бәрі – Болашақ ҰБТ сұрақтарының түрлері. Міне осы сұрақтар бұрынғы ескі мазмұнмен жаңартылған мазмұнның айырмашылығын көрсетеді.

TENGRINEWS: НЗМ-де оған түспес бұрын белгілі бір емтихан тапсырған балалар оқуда, оларда материалдық-техникалық база өте жақсы, мұғалімдердің жалақысы жоғары. Ал енді қарапайым мектептер жаңа бағдарламаны игеріп әкете ала ма?
Е. Сағадиев:

Біріншіден, бағдарлама бейімделген. 30 пилоттық мектептің бәрі қарпайым қатардағы мектептер, оның ішінде ауылдық және шағын жинақты мектептер де бар. Нәтижелер қалған мектептерде де бұл бағдарламаны толығымен игеріп кете алатынын көрсетіп отыр. Жаңартылған мазмұн сынақтан өткізілген және Назарбаев зияткерлік мектептеріне, 30 пилоттық мектепке енгізілген. Бұған біраз жылдар кетті, ауқымды жұмыстар жасалды. Білім берудің жаңартылған мазмұнын сынақтан өткізуге мониторинг өткізілді. Ата-аналар да балалар да риза. НЗМ-де конкурста 1 орынға 15 адамнан келеді. Атап айтқанда дәл осы бағдарламалар 7,5 мың мектепке енгізілмек.

Екіншіден, мұғалімдерге әдістемелік материалдардың толық ресурсы дайындалды, олар: оқу бағдарламалары, күнделікті сабақ жоспарлары, оқулықтар, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдар. Бұл материалдардың барлығы жазғы біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге берілетін болады.

Үшіншіден, бұл мектептердің материалдық-техникалық базалары сондай өзгере қойған жоқ. Мәселе оқулықтардың мазмұны туралы болып отыр. Әрине, мен сізбен толық келісемін, мектептерің материалдық базаларын жаппай жаңартып отыру керек, сатып алу керек, жақсартып отыру керек, бұл мәселені біз әкімдіктердің және Үкімет алдына қоятын боламыз.

Төртінші, НЗМ-нен 80 оқытушы тренер дайындадық. Олар қазіргі уақытта «Өрлеудің» (ұлттық біліктілікті арттыру орталығы) 540 оқытушы-тренерін және мектептің 140 оқытушысын оқытуда. 760-тан астам тренер бастауыш мектептің 73 мың мұғалімін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаз маусымында оқытатын болады. Бұл жұмыс өңірлердің 280 мектебінде өткізілетін болады.

TENGRINEWS: Яғни, біз дайынбыз демексіз ғой? 

Е. Сағадиев:

Иә, біз дайынбыз. Мұның бәрі бос базада істелініп отырған жоқ. Өткен үш жылда 52 мың оқытушы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өтті, олар еңбекақысына үстемеақы алады. Яғни, оқытушылар бәрін түсініп отыр, олар жан-жақты дайын. Жылдар бойы мықты дайындық жұмыстары жүргізілді. Ол өз жемісін беріп отыр, қазір балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды жоғарлаттық, 5 жыл ішінде 36 пайыздан 82 пайызға көрсеткішті жоғарлаттық. 2019 жылға қарай қамту 10 пайыз болады, яғни балалар мектепке дайын боп келеді деген сөз.

“Жаңа министр келіп тағы да эксперимент жасады” деген түсінік қалыптасқан халықта. Бұл арада мен еліміз көптеген жылдар бойы жаңа мазмұнға көшуге дайындалған дер едім. Эксперименттік мектептерде жаңа бағдарлама бойынша оқыған балалар баяғыда оқуын бітіріп шықты. Президентттің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс 15 жыл бұрын басталды. Маған дейін істеген барлық министрлердің жұмыстарын, бастамаларын толыққанды енгізу сәті менің үлесіме тиіп отыр. Баршамыз оларға үлкен рахмет айтуымыз керек.

TENGRINEWS: Сіздің бес күндік оқу аптасын енгізуге байланысты жазғы каникул уақытын қысқарту туралы мәлімдемеңіз халық арасында кеңінен талқыға түсіп, әртүрлі пікірлер туғызуда.
Е. Сағадиев:

Жаз - оқушылардың асыға күтетін мезгілі. Әрине сенбі де солай. Сенбіде дем алу болған жоқ. Бұл күн балаға да, ата-анаға да керек. Барлық өркениет елдер бір апта оқу жүктемесінен кейін толық дем алып, ата-анамен әңгімелесудің қандай маңыздылығы бар екендігін түсінеді. Бір күн бұған жетпейді. Біз отбасылық тәрбиеге, баланы қосымша дамытуға уақытты екі есе ұлғайтып отырмыз. Спортпен, музыкамен, өнермен айналысуға мүмкіндік көбейеді.

Жаңа бағдарлама сенбіні босатуға мүмкіндік береді. Жалпы алып қарасақ, бірінші сыныптан бастап сенбі есебінен 34 қосымша демалыс алады. Әрине мұғалімдер сағаттары үшін, өз пәндері үшін алаңдайтынын жақсы түсінемін. Бұл арада ешқандай алаңдаушылық қажет емес, елімізде мұғалімдер жетіспейді, халық саны өсуде, сондықтан ешкім жұмыссыз қалмайды. Қазір ең бастысы – бағдарламаны жаңарту және оқу сапасын көтеру керек.

Енді жазғы каникул туралы. Бастауыш сыныптар тек 30 мамырға дейін оқып, толық үш ай демалады. Негізгі және жоғары сыныптарда оқу жылы бар болғаны 10 оқу күніне ұзарады. Сондай-ақ, сенбі күндерінің есебінен 34 қосымша демалыс күндері болатынын ескерген жөн.

TENGRINEWS: Оқу жылын 10 күнге ұзартпай-ақ бес күндік оқуға көшуге бола ма?

Е. Сағадиев:

Оқу бағдарламасы бұл жүздеген әдіскерлердің, мұғалімдер мен ғалымдардың бірлескен жұмысының нәтижесі екенін түсіну қажет. Бала белгілі бір тақырыптар мен деңгейлерді меңгеруге тиіс. Мысалы, физика пәнін алып қарайық. Бағдарламаны қысқартқысы келетіндер: оптика бөлімін алып тастаңдаршы десе қалай болмақ? Бұл тақырыпты меңгермеген оқушы жарықтың қасиеті, жарықтың сынуы, оның спектрлерге жіктелуі туралы білмес еді. Әр деңгей алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты. Сегізінші сыныпта жақсы оқу үшін, жетінші сыныптың білімін толық меңгеруің қажет. Бәрі бір-бірімен байланысты. Артық ештеңе жоқ.

Мен өзім Алматы қаласындағы физика-математика мектебінде оқыдым. Жазғы каникул деген аты болмаса, демалуды білмедік. Жазғы каникулға Сканави жинағы бойынша 300 тапсырма берілетін. Бұны 90 күнге бөлетін болсақ, күніне кемінде 1 жарым сағат уақыт кетеді. Қазір бұған бір сәт те өкінбеймін.

Менің ата-аналарға айтарым: балаларды жақсы көріңіздер, бірақ олардың болашағы бүгін олардың қаншалықты тырысып оқитынына байланысты. Малкольм Гладуэллдың “Гении и аутсайдеры” кітабын оқыңыздар, онда адам өз ісінің шебері болу үшін оған 10000 сағат уақыт жұмсау қажет екені айтылады. Сонда бәрі түсінікті болады. Меніңше, бұл кітаптың аудармасы бар.

Оқытушылармен, директорлармен бұл мәселе бірнеше рет талқыланды. Сенбі күнгі демалыс олар үшін өте маңызды, бұл - олардың арманы.

TENGRINEWS: Қазақстанның үштілді білім беруге көшетіні туралы айтылғанына көп болды, бірақ кейбір сарапшылар, ата-аналар біздің мектептеріміз бұған дайын емес деген пікір айтып жүр.
Е. Сағадиев:

Әуелі, үш тілде білім беру көлемін түсініп алайықшы. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ешбір сыныпта үштілді оқыту енгізілейін деп жатқан жоқ. Бағдарламаға сәйкес тек 10 және 11-сыныптарда төрт пән (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде өткізіледі, оның өзі тек 2019 жылдан басталады. Бұл аптасына 8 сағат. Төртінші жылда ғана. Ал, қазақ тілінде оқытатын мектептерде математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география және басқа да пәндер қазақ тілінде өтеді. Барлығы 18 сағат. Қазір мамандар үшін айтып жатырмын. Егер тек инвариантты сағаттарды алатын болсақ, 22 инвариантты компоненттің 14 сағаты қазақ тілінде, оған дене шынықтыру пәнінің 3 сағатын қосыңыз. Сонымен қатар, таңдау бойынша пәндер бар. Орыс тілі мен әдебиеті, дүние жүзі тарихы оқыту тіліне қарамастан орыс тілінде оқытылады. Орыс тілінде оқытатын мектептердің жағдайы да осы шамада. Төртінші жылда ғана. Онда да жоғары сыныптарда.

Қалған сыныптарда бұрынғы базалық принциптер өзгермейді. Әрине, жоғары сыныптарда үш тілде білім алуға дайын болу үшін балалардың тіл үйренуге көбірек күш жұмсайтыны анық. Біз негізгі мектептерге де үш тілде оқыту мүмкіндігін береміз. Бірақ ол мектептердің дайын болуына қарай жүзеге асады. Мұғалімдерді жаппай даярлау осы жылдан басталады.

Шын мәнінде, өңірлерде көптеген жұмыстар атқарылуда. Шығыс Қазақстан облысының жетістіктеріне қараңыздаршы. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қаншама іс тындырылды. Біз жетістікке жететінімізге күманданбаймыз.

TENGRINEWS: Көптеген адам қазақ тілінің жағдайына алаңдаулы.
Е. Сағадиев:

Мемлекеттік тілді үйренуге басымдық берілген, солай бола береді де. Оның үстіне жаппай қазақ тілін үйрету міндетін қойып отырмыз. Үштілділіктің мәні де осында. Орыс тілінде оқытатын мектептерді қоса алғанда, барлық мектептерде қазақ тілі және әдебиетімен қатар Қазақстан тарихы да қазақ тілінде оқытылады. Белгілі бір тілде пәнді оқытпай сол тілді жете меңгеру қиын екеніне көзіміз жетті.

Бүгінгі басты проблема қазақ тілі оқытылғанымен, мектеп бітірген балалар қазақ тілінде еркін сөйлей алмайды. Ол үшін әдістемені өзгерту қажет. Жұмыс екі бағытта жүргізілуде. Бірінші – оқытудың жаңа технологиялары. Елімізде бірнеше мамандар тобы осындай технологияны әзірлеуге кірісіп кетті. Бұл жөнінде толығырақ айтып береміз. Екінші бағыт – қазақ тілін үйрететін әлемдік деңгейдегі әдіскерлер даярлау. Біз әлемдік орталықтармен, атап айтқанда, Германия, Израиль және т.б. елдермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл елдер біздің жас әдіскерлерімізді 6-12 айлық курстарға қабылдайтын болады. Кейін екі бағытты біріктіреміз. Осының бәріне бір жарым жыл кетеді. Біз 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі өзгере бастайды деп үміттенеміз. Негізгі міндет – 2020 жылға қарай барлық мектеп бітірушілерінің қазақ тілін еркін меңгеруі.

TENGRINEWS: Ал, ағылшын тіліне келсек, Қазақстанда ағылшын тілін білетін мұғалімдер жеткілікті ме?
Е. Сағадиев:

Қане, санап көрейік. Жоғары сыныпта төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту үшін 32 мыңдай оқытушы қажет. Қазір елімізде 365 мың мұғалім бар. Егер әрбір жиырмасыншы мұғалім төрт жыл ішінде жаңа жүйеге икемделе алса, қажетті мұғалімдер санының жартысы қамтамасыз етілгені. Мен өз басым олардың саны бұдан да көбірек болатынына сенемін. Сондай-ақ, жыл сайын 12-13 мың жас маманды жұмысқа қабылдаймыз. Егер олардың үштен бірі ағылшынша білсе, қалған жартысын толықтыратын болады. Бізде үш жылдан астам уақыт бар. Әрине, біз қысқа мерзім ішінде педагогикалық білім беру жүйесін қайта құру бойынша қыруар жұмыс атқаруымыз қажет. Біз ағылшын тілінде докторантураны, магистратураны бірнеше есе көбейтуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, мұғалімдерді даярлауға көп қаржы салынады.

Тілдерді оқытудың жаңа технологияларын естен шығармаған жөн. Егер бес мың мектепті (оқытушылардың 90 пайызы) интернетпен қамтысақ, бұл міндетті шешуге әбден болады.

TENGRINEWS: Жалпы, осының бәрі не үшін қажет, мақсаты не?
Е. Сағадиев:

Президентіміз неғұрлым дамыған 30 елдің қатарына кіру туралы мақсат қойды. Бұл – Эстонияның, Израильдің деңгейі. Яғни, бұл жерде жоғары технологиялық, жоғары білімді, халықаралық деңгейде сервис жүйесі дамыған қоғамға айналу туралы сөз болып отыр.

Гарвард аспиранттары әртүрлі тілдерде жазылған медицина оқулықтарын зерттей келе, кейбір тілдердегі оқулықтарда адам органдары туралы базалық ақпараттың 30 пайызы жоқ екенін анықтаған. 
Мысалы, Сіз дәрігерге барасыз, бірақ ол сіздің барлық органыңызды біле ме. Қалай ойлайсыз? Сондықтан біз таңдау жасауымыз керек. Корея, Германия және Израиль елдері сияқты медицинаға сенім білдіру үшін медицина ағылшын тілінде болу керек. Төрегелді Шарманұлы Шарманов, Камал Сәруарұлы Ормантаев және т.б. сияқты белгілі ғалымдардың пікірін тыңдасақ, медициналық білімнің 30 пайызы бес жыл сайын жаңарып отырады екен. Ешбір ел мұндай ақпарат ағымына теңесе алмайды. Жаппай жаңа білімге көшуді жүргізуге ешбір елдің, ешбір бюджеттің күші жетпейді. Сол сияқты IT, жаңа материалдар, био және нанотехнологиялар, ұшақ жасау, робот техникалар мен бұдан әрі шексіздікке дейін. Өкінішке орай, жаһандану мемлекетке басқа таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Әлемдік зерттеулерді қарасаңыздар: халық ағылшын тілін жақсы білсе адамдардың табысы артып, жастардың жұмыссыздығы азайып, бизнес-климат жақсарады. Ал медиктер адамдарды бүкіл әлемдегідей ана тілінде қабылдауы қажет.

TENGRINEWS: Қазақстандық оқушылардың тілді меңгерудегі оқу жүктемелері шектен тыс көп болмай ма?
Е. Сағадиев:

Бәрі ғылыми зерттеулерге негізделуі қажет. Зерттеулер 7 жасқа қарай екі тілді және үш тілді балалардың миындағы нейрондық байланыс саны монотілділікке қарағанда неғұрлым жоғары екенін көрсеткен. Бұл қандай да бір қосымша білім берусіз. Бала туғаннан бастап барынша жүктемесі жоғары ортаға келеді және 7 жасқа қарай оның әлеуеті монотілді құрдастарына қарағанда жоғары болады. Баланың өзі оны байқамайды.

Бұл спорттағы сияқты: спортпен шұғылданатын бала жүктемеге үйреніп кетеді және оның бұлшық еттері тығызданып, күші көп болады, оның шыдамдылығы шыңдалады. Сондай-ақ оның миы автоматты түрде жаттығады.
Ағылшындар 20 жыл бұрын барша әлем ағылшын тілінде сөйлейтінін түсіне отырып, міндетті екінші тілден бас тартты. Бірақ зерттеулер нәтижелері жарияланғаннан кейін олар әрбір мектепке міндетті екінші тілді енгізді. Көп тілділік математикаға жақсы келеді. Жалпы, көп тілді балалар барынша табысты болады. Біздің балаларымыз әлемдегі көп тілділікке барынша дайын балалардың бірі екенін білесіздер.

TENGRINEWS: Балаларға 12 жасқа дейін ана тілін ғана үйрету қажет деген пікір бар.
Е. Сағадиев:

Мұндай пікір зерделеуді қажет етеді. Бұл әдетте Жапонияның тәжірибесіне сүйенеді. Жалпы алып қарасақ, әрине әдемі айтылған. Алайда, мұнда бірқатар жаңа проблемалар бар. Жапония -моноұлтты арал. Ал біз көп ұлтты мемлекетпіз, Еуразия орталығында 100-ден астам ұлт бар. Біздің балаларымыз туғаннан көп тілді ортада. Бұл бір.

Екінші. ЭЫДҰ зерттеулері оқу сауаттылығы жағынан қазақ тілінде оқытатын мектептің балалары орыс тілінде оқытатын мектептердегі құрдастарынан 1,5 жылға артта қалған. Бұл еліміздің ішінде. Монотілділік осындай артта қалушылыққа әкеледі. Біріншіден қазақ тіліндегі оқулықтар сапасын Жапонияның деңгейіне жеткізу қажет. Біз осымен жүйелі түрде айналысамыз.

Үшінші. Жеке жоспар бар. Біз балаларымыздың болашақта Гейтс пен Цукерберг болғанын қалаймыз. Гейтс - IT технология бойынша әлем чемпионы. Әлем чемпионы болудың оңай емес екенін біз түсінеміз. Мысалы, мәнерлеп сырғанау бойынша 3 жастан бастап шұғылдану қажет. Монотілділік идеясын басқаша айтқанда бізге 12 жасқа дейін бокспен айналысып, одан кейін мәнерлеп сырғанауға көшіп, әлемді бағындыру ұсынылып отыр. Бұл қазіргі кезде қаншалықты шындық? Бұған жастардың өзі қалай қарайды?

Төртінші. Бұл дәлелдің негізі - жастарды сақтандыру.

“Қазіргі жастар молшылықта өмір сүруге үйренген, бұл келеңсіз әдеттермен ерекшеленеді, беделді ұнатпайды, үлкендерді құрметтемейді, балалар үлкендермен дауласады, мұғалімдермен айтысады”. Бұны кезінде Сократтың өзі айтқан. Осы уақытқа дейін қаншама ұрпақ өтті, сол кездің бәрінде де ата-бабаларымыз өздерінің балалары үшін алаңдаушылық білдіреді. Біздің балаларымыз әрқашанда да патриот болып қалады, өз Отанын сүйетін болады. Біздің міндетіміз: әлемдегі ең білімді адамдармен теңестіру.

TENGRINEWS: Сіз ашық хаттарға, петицияларға, өтініштерге қалай қарайсыз?
Е. Сағадиев:

Иә, барша халықтың пікірін тыңдап, оларды түсіну өте қажет. Біз - ашық министрлікпіз. Бүгін де проблемалар аз емес, сондықтан оны шешудің жолдарын жүйелі түрде қарастыру керек. Мен біріншіден ата-аналарға айтар едім. Білім - сіздердің балаларыңыздың тағдыры. Ертеңгі күні сіздердің балаларыңыз жоғары білімді болады немесе оның тағдыры көп жағдайда өз қолдарыңызда. Петицияларға қол қойған сәтте ойланыңыздар: ертеңгі күні сіздің балаңыз жұмыс таппаса ол ешкімге керек болмайды, сол кезде сіз аптап ыстықта оқымауға үгіттеген белсендіні қайдан табасыз? Сол кезде сіздің балаңыз сізге рахмет айта ма? Петиция болады, бірақ біздің халық негізінен өте сауатты, өз бетінше ойлануға қабілеті мол.

tengrinews.kz

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: