|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Әлеумет

ОА елдерінің жер уайымы мен Қытай қаупі

Қызылордада өткен жерді шетелдіктерге беруге қатысты наразылық жиыны. 1 мамыр 2016 жыл.

Қызылордада өткен жерді шетелдіктерге беруге қатысты наразылық жиыны. 1 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда қызу пікірталас тудыратын бір тақырып болса, ол – жер мен Қытай мәселесі. Қытай қазір-ақ Орталық Азиядан жер жалдап, онда ауыл шаруашылығымен айналысып жатыр, бұған халықтың бір бөлігі наразы.

Қазақстанның біраз қалаларында өткен қарсылық шараларының да тақырыбы – жер мәселесі. Мұнда халық наразылығын туғызған мәселе көп, сондықтан жағдай шиеленісіп тұр. Жердің жекеменшікке берілетіні, ол жерді тіпті уақытша болса да қытайлардың иеленетіні туралы болжамдар сол қордаланған көп мәселені қоздырып жібергендей.

Ең таңқаларлығы – Қазақстан үкіметінің онсыз да ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқанда жерді жекешелендіру мәселесін қозғағаны және шетелдіктердің, соның ішінде қытайлықтардың ол жерді иемдене алмайтынына халықтың көзін анық жеткізбей отырғаны.

«Қазақстандағы ауылшаруашылығы жерлерінде жұмыс істеуге қытайлар келеді екен» деген әңгіме тарап, ел іші дүрліккенде ғана үкіметтегілер өз енжарлықтарын байқап, заңның жай-жапсарын елге түсіндіруге кірісті.

«ШАНХАЙ БЕСТІГІ»

Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы халықтың біраз бөлігінің бұлайша алаңдауына негіз жоқ емес.

Оның себебін білу үшін осыдан 20 жыл бұрын Қытаймен арадағы дүрдараздықты жою мақсатында жасалған шартқа қарауымыз керек.

Оңнан солға қарай: Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Шанхай, 19 мамыр 2014 жыл.

Оңнан солға қарай: Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Шанхай, 19 мамыр 2014 жыл.

1996 жылы сәуір айының соңында Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары Шанхай (Қытай) қаласында бас қосып, бұрынғы Қытай-Совет, ендігі Қытай-ТМД шекарасындағы әскери күштерді азайту жайын келісті. Бұл – өзара сенім қалыптастыруды көздеген қадам болды. Осы келісім арқасында «Шанхай бестігін» құрылды. Арада бес жыл өткенде қатарына Өзбекстанды қосып алған бұл топ «Шанхай ынтымақтастық ұйымына» (ШЫҰ) айналды.

Сол кезде көп сарапшылар «ШЫҰ – Қытайдың Орталық Азияға (ОА) дендеп енуіне мүмкіндік беретін құрал» деп атаған. Арада 20 жыл өткенде Қытай аймақтағы барлық бес елдің басты сауда әріптесіне айналды.

«Шанхай бестігі» келісімі Қытайдың ОА елдерімен шекарада жер даулауына мүмкіндік берді. 1996 жылғы құжат Қытай-Совет шекарасын қайта қарап, жаңа демаркация жасауды талап етті. Қытайдың сол кездегі төрағасы Цзянь Цземинь 1996 жылы шілдеде Қазақстан мен Қырғызстанға делимитация мәселесін талқылау үшін келді. Қытай басшысы ол кезде азамат соғысы жүріп жатқан Тәжікстанға барған жоқ.

ҮШ ЕЛ ДЕ ҚЫТАЙҒА ЖЕР БЕРДІ

Қазақстан 1999 жылдың басында Қытай жағы даулы деп санаған 34 мың шаршы километр жердің жартысына жуығын беруді ұйғарды.

Бұл – халыққа мүлде ұнамаған шешім болды. Ол кезде Қазақстанда заңды түрде оппозициядан сайланған депутаттар, белсенді әлеуметтік қозғалыстар, тәуелсіз ақпарат құралдары бар еді. Бұлардың барлығы үкіметтің шешімін сынады.

Қазақстан-Қытай шекарасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан-Қытай шекарасы. (Көрнекі сурет)

Мемлекеттік ақпарат құралдары Қазақстан даулы жердің көп бөлігін, яғни 56,9 пайызын сақтап қалғанын қайталаумен болса, наразы топ 43,1 пайыз жердің де бұған дейін Қазақстанға қарап келгенін айтып, қарсылық білдірді.

Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс Қытаймен арадағы шекараны бекіту туралы келісімді 1999 жылы ақпанның 3-і күні мақұлдаса, сенат наурыздың 10-ы бекітті, ал президент Нұрсұлтан Назарбаев оған наурыздың 24-і күні қол қойды.

Қытай-қырғыз шекарасын бекіту бұдан гөрі күрделі процесс болды. Қырғызстанның 1 мың 250 шаршы километр жерін Қытайға беру туралы келісімге 1999 жылы қол қойылды.

Ол кезде Қырғызстанда оппозиция өте ықпалды болатын. Олар бұл келісімге қарсы шығып, тіпті президент Асқар Ақаевқа импичмент жариялау туралы ұсыныс тастады. Сөйтіп жер дауы бірнеше жылға созылды.

Демаркациялау процесі 2001 жылдың маусым айында басталды. Алайда қырғыздың сол кездегі қос палаталы парламентінің төменгі палатасы демаркацияны тоқтатып, келісімнің күшін жоятын заң жобасын әзірледі.

Тек 2002 жылы мамыр айының соңында президент Ақаев келісімге қол қойып, бекіту үшін құжатты Қытайға жіберді. Тіпті 2003 жылғы ақпанға дейін қырғыз парламентінің депутаттары бұл келісімнің күшін жою туралы бастама көтеріп келді.

Оңнан солға қарай: Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Пекин, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Оңнан солға қарай: Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Пекин, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Тәжікстан мен Қытай да шекараны демаркациялау туралы келісімге 1999 жылы қол қойған. Дегенмен Душанбе 2002 жылға дейін даулы 1 мың 122 километр жерді Қытайға беруге дайын болмай келді. Қазақстан мен Қырғызстандағы сияқты мұнда да жердің берілуіне қарсылардың қарасы көп болды, әсіресе елдің шығысындағы Таулы Бадахшан аймағы тұрғындары ерекше наразылық білдірді. Қытайға өтетін жер осы автономиялық аймақта жатқандықтан, заң бойынша, Таулы Бадахшан басшылығының бұған келісімі керек еді.

«ЖЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ РЕФЕРЕНДУМ ӨТУІ ТИІС»

Тәжікстан парламенті бұл келісімді 2011 жылдың қаңтар айына дейін бекітпей келді, оған әсіресе соңғы шақырылымдағы парламентте тек екі өкілі қалған Тәжікстанның Ислам өркендеу партиясы қарсылық білдірді. Партия төрағасының орынбасары Сайдимир Хусайни сол кезде «Бұл мәселеге байланысты референдум өтуі тиіс, себебі бұл жер ешқашан Қытайға қарамаған. Тәжікстан – БҰҰ-да тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалған ел. Мұндай даулы мәселелер бүкіл әлемде бар, бірақ дау дәлел ретінде қарастырылмайды» деген.

Таулы Бадахшан аймағы басшыларымен ешкім ақылдасқан жоқ.

Тәжікстанда жер мәселесі 2013 жылдың сәуірінде қайта қозғалды. Иранның «Хорасан» радиосына берген сұхбатында оппозициялық Социал-демократиялық партия басшысы Рахматулло Зоиров тәжік үкіметінің Қытайға келісілгеннен көп жер бергенін айтты.

Тәжік үкіметі «Зоировтың бұл сөзі шындыққа жанаспайды» деп мәлімдеп, «Хорасан» радиосының үш тілшісіне аккредитация беруден бас тартты.

Тәжікстан парламенті Қытаймен шекараны демаркациялау туралы даулы келісімді бекіткеннен бір апта өтпей жатып үкімет Қытайға қатысты жаңа жоспарын хабарлады. Хатлон аймағында ауылшаруашылығы алқаптарын тастап, Ресейге маусымдық жұмысқа кеткен адамдардың 2 мың гектар жеріқытай фермерлеріне жалға берілетін болды.

Ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға немесе жекеменшікке беруге қарсылық жиынында тұрған азаматтар. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл.

Ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға немесе жекеменшікке беруге қарсылық жиынында тұрған азаматтар. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл.

Қытайларға жер беру мәселесі 2009 жылы Қазақстанда үлкен дау тудырған. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде Қытайдың 1 миллион гектар жер сұрағанын айтты. Бұған халық қарсылық білдірді. Содан соң билік өкілдері бірнеше ай бойы Қазақстанның Қытайға ешқандай жер бермейтінін түсіндіріп, халыққа басу айтумен болды.

Демек жерді жекеменшікке және жалға беру туралы жоспарын жариялайтын кезде Қазақстан үкіметі халықтың реакциясы қандай болатынын болжап, біліп отыруы керек еді. Жердің шетелдіктерге тек 25 жылға дейін жалға берілетіні туралы ақпарат Қытай экспансиясынан сақтанып отырған халықты сабырға түсіре қоймайтын сияқты.

Қытайдың`15 жылдың ішінде ОА елдеріне тиесілі болған 16 мың шаршы километр жерді қосып алғанын ескерсек, халық биліктің ендігі уәждеріне илана қояр ма?

Брюс Панниердің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

Азаттық радиосы

Мұхтар ЕКЕЙ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

1 пікір

  1. Данияр Данияр

    анау суретте біздің патшаның настроениясы жоққой қытай патшасы қораға кіріңіз деп тұр ау деймін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: