|  |  | 

Мәдениет Руханият

Абай: «Осы қымыз қазаққа…»

халқымызд қымыз туралыТаяуда еліміздің бас газеті, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» халқымыздың киелі асы – қымыз туралы екі үлкен мақала жариялады. Алдымен, үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында берілген «Қымыз өндіруде жетістік қандай, кедергі неде?», деген проблемалық әңгіме туралы болмақ. Әңгімені жүргізген газет қызметкері, белгілі журналист Сүлеймен Мәмет. Ал, қымыз өндіру проблемасын көтеріп отырған заң ғылымдарының докторы, зейнеткерлікке шыққан соң өз еркімен тағы бір бейнеткер шаруаны тауып алған профессор Бекет Тұрғараев екен.

Әңгіме аяқталар тұста Бекет мырза мынандай дәлелді цифр­лар келтіреді. «Ғалымдардың зерттеуінше, мұнай өндіруге жұмсалған 1 доллар 7 доллар пайда әкелсе, қымызға кеткен бір доллар 25 доллар табыс түсіреді екен».

Мамандығым журналист болса да, мен табаны күректей 35 жыл бойы бие сауумен айналысып келе жатырмын. Осы жылдар қысы-жазы күбімнен қымыз үзіліп көрген жоқ. Әрине, өзімнен артылғанын сатып, биенің жем-шөбін айырамын. Биемен алысып, шаршаған сәтімде хакім Абайдың «Осы қымыз қазаққа» деген өлеңін бір қайталап оқып қоямын. Ұлы Абай осыдан бір жарым ғасыр бұрын, алды бес мыңнан жылқы айдап, қымызды көл қылып ағызған заманда бір аяқ қымыздың екі аяқ желігіне мас болған қазаққа: «Осы қымыз қазаққа, мақтаның ба, асың ба. Қымызды басар артынан. Ет даяр ма қасыңда», деп ой сала толғанды. Рас, Абай заманында жылқылы елдің жауы көп. Барымта-сырымтаның бәрі «ысқырса желдікі, айдаса жаудікі» жылқының кесірінен болды. Елдің тыныштығы мен береке-бірлігін ойлаған хакім Абай желікшіл қазаққа: «Жуасты мін де айран іш. Ойсыздарға қосылма», деді. Себеп, оған тағы хакім бабамыздың өзі жауап береді. «Жылқыны аңдып ұры жүр, Әр төбенің тасында. Ұры зәлім қуларға, нысанаға шаншылма». Сонымен, Абай заманынан бері бір жарым ғасыр уақыт өтті. «Күпі киген кемеңгер өзің ғана. Макентожды миғұла жетіп жатыр», деп Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, кемеңгер Абай атамыз жоқ болғанымен, ұры, зәлім, қулар жетеді. Абай заманының ұры-зәлімдерінің көлігі тек ат қана болса, бүгінгі заманның ұры-зәлімдері техникалық прогрестің не ғажайыптарымен жарақтанған. Қазір үйірімен жылқысынан айырылып, ноқтасын қолына ұстап, жер сипап қалған ауылдар Қазақ елінің түкпір-түкпірінде жетеді. Мұндай жағдай өз басымнан да сан мәрте өтті. Ертеде шешелеріміз қасқырдың атын атауға қорқып «ит-құс» деуші еді. Бізде аты шулы көкжал ұрылардың атын атауға қорқамыз.

Ал енді жоғарыдағы Бекет Тұрғараев мырзаның «қымызға кеткен 1 доллар 25 доллар табыс әкеледі» деген пікіріне тоқталар болсақ, бір долларыңыз біздің ақшамен 350 теңге. Бұған бір литр түгіл бір кесе қымыз өндіре алмайсыз. «Сиырдың сүті – тілінде», демекші, биенің сүті тілімен қоса асқазанында. Бие жем-шөпті сиырдан екі есе көп жейді. Бұл ретте Бекет мырзаның «бие – комбайн» деген теңеуі өте дұрыс. Жем-шөпке бөгіп тұрмаған бие сауғызғанды қойып, емшегін ұстатпайды. Зорлап саумақ болсаң, сүтін ішіне тартып бедірейіп тұрып алады. Заты жылқы мінезі кіді мал. Өзінен мысы басым адамға ғана не өзі жақсы көргенге ғана мекіреніп жібиді. Жалпы, атамыз қазақ биені қыста өте сирек сауған. Сол себептен де «қысқы қымыз» деп езілген қойдың құртын айтқан. Қазір қой сауу әлдеқашан ұмытылған. Біздің құрт деп малданып жүргеніміз сиырдың сеператорға тартылып май мен маңыздан жұрдай болған көк сүтінен жасалған тас құрттар. Оның тісті құртқаннан басқа пайдасы шамалы.

Негізі, өмірі аттың жалында, түйенің қомында өскен қазақ тәжірибесінен артық ештеңе жоқ. Атамыз қазақ биені жасыл желек толысқан маусым айынан бас­тап сауып, шөп сарғайған күз басы қыркүйекте құлынды ағытып, желісін жинаған. Міне, осы үш ай ішінде ішілген қымыз нағыз дертке – дауа, жанға – шипа. Алты ай қыстың суығынан байланған барлық дерттен үш айғы биебау айықтырып отырған. Қазақтың жыл сайынғы шипажайы да осы болған. Бекет мырза аталған әңгімесінің тағы бір жерінде «Ал жеке «батыр» болып шапқылап жүрген шаруалар не бітіре қойсын», депті. Бұл біз секілді көзсіз қазақтарға айтылған орынды сыни сөз. Мәселен, арақ сататын саудагерлер бас-аяғы 4-5 жылдың ішінде ғана шаруасын дөңгелетіп шыға келеді. Егер, кәсібін он жыл үзбей жалғастырса, екі қабатты үйлерге, шетелдің қымбат көліктеріне қос-қостан ие болып шыға келеді. Кеңес өкіметінің кезінде автодүкендер таудағы шопандарды жиі аралайтын. Әсіресе, жазғы жайлау кезінде шопандар ауылынан автодүкендер үзілмейтін. Ол заманда да ең өтімді тауар – арақ. Шопандарының бәрі удай мас болып қалғанын көрген бір совхоздың директоры ауданның басшыларына «анау авталовка у сеуіп кетті-ау», деп зар жылапты. Сол директор айтқандай, өзінің пайдасы үшін өзгеге у себетіндер әлі де көп. Өкінішке қарай, арақ бүгінде өтімді тауар болып тұрғанын қайтерсіз.

Аға газетіміздегі қымыз жайлы екінші әңгіме 2 ақпанда қозғалыпты. Бұл жолы Қайрат Әбділдиновтың «Құрғақ қымыз» деген мақаласы жарияланыпты. Алыстағы Германияның Баден-Вюртемберг қаласында Ганс Цольман деген неміс бие сауып, қымыз ашытады екен. Бие сүтін құрғатып, одан ұнтақ алатын көрінеді. Қымыз ұнтағын біздің ғалымдар бұрын ойлап тапқан. Құрғақ сүт алу жолын ертеде қазақтар да меңгерген көрінеді. Серкенің терісін жүнінен арылтып, оны қажетті мөлшерде тіліп, сүтке салып баяу отқа ұзақ қайнатады екен. Содан әлгі сүт сіңген теріні көлеңкеде кептіріп алып, кебежеде сақтаған. Қажетті кезде қайнаған суға сала қойса сүт дайын. Бұл жайында марқұм Ақселеу Сейдімбек майын тамыза жазған еді.

Қазақ жаралғалы жылқымен бірге жасасып келеді. Қымызды қазақтан бұрын ішкен халық кемде-кем шығар. Бірақ, пісіруге көн­бейтін бие сүтінен құрғақ қымыз аламын деп әуреленбеген. Қымыз­дың сақталу мерзімі өте қысқа. Ұзағанда, бес-ақ күн. Қазақтың бесті қымыз деп таңдай қағуы сон­дық­тан болар. Осыдан біраз жыл бұ­рындары бір ғалымдар қымызды алты ай сақтаудың жолын тауыпты-мыс деп даурығысып еді. Оның өн­діріске кірген-кірмегенін білмей­мін. Құнан қымыз, дөнен қымыз деген­дердің өзінен бір шара тартып жі­берсең басың дың ете түседі. Ал бес­ті қымыз арақтай болмаса да шара­быңнан кем емес. Және қымыз де­геніңіз – арақ-шараптай буынды ал­майды. Бойды балқытып, қан­ды қыздыртады. Сондықтан болар, қымызға кеңірдектеп алған жыл­қы­шылар аттан құламақ түгілі, теңсел­мейді де. Ертеден қара кешке дейін жылқы соңынан шаршап-шалдықпай жүре береді. Құдайға шүкір, әлі де даласы кең, жылқысы жетерлік қазаққа қымызды құрғатып не керек, табиғи таза күйінде ішкенге не жетсін! Құрғақ қымызды немістерге беріп, жас қымызды өзіміз іше берейік.

Қазақтың жылқы үшін талай жаугершілікті көргеніне куә болған хакім Абай қазаққа жаны ашып: «Қойныңда ақша, қолда қой, күзетке оңай шошынба?», деді. Абайдың заманында қазақтың қазіргідей жеке мемлекеті де болмады. Ол кезде ұры, зәлім, қулардың қарапайым халыққа күш бермей кететіні де шындық еді. Ал қазіргідей әлемдегі ең үздік 30 елдің қатарына кіреміз деп жүрген қуатты мемлекетіміз барда бүгінгі заманның қуларына халықтың азын-аулақ жылқысын барымталатып қоюға Президентіміз жол бере қоймас. Дегенмен де, бүгінгі заманның қымыз өндірушілеріне мемлекеттік тұрғыдан үлкен көмек керек. Алдымен, төрт аяғынан тең басып жүріп кету үшін тиісті қаржы қажет. Алыпсатарға да кәсіпкер деп қараймыз. Алдымен, шынайы өнім өндірушімен бір бағаны онға, тіпті, жиырма есеге дейін көтеріп жүрген жалған кәсіпкерлердің ара-жігін айыру қажет. Көршілес алып ел Қытай кәсіпкерлерге жағдай жасау арқылы бір жарым миллиард халықты қамтамасыз етіп отыр. Тіпті, кейде бізге сататынын қайтерсіз. Бізге алып көршіден үйрену қажет. Әйтпесе, ұлы ақынымыз Абай данамыздың «Осы қымыз қазаққа» деген өлеңіндегі осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы проблеманың әлі де алдан шығып, етектен тартып отырғаны жалған емес. Алдымен, бие сауатындарға жағдай жасау керек. «Алаған қолым береген», дегендей, содан соң олардан сапырып ішер сары қымыз сұрау қажет.

Мейрам ОРАЛОВ,

журналист

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы

egemen.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: