|  | 

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Елбасы жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.
  Мемлекет басшысы өз сөзінде жиналғандарды алдағы Отан қорғаушы күнімен және  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады. – Мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша өз өмірін әскери қызметке арнаған ең үздіктерге жоғары атақтар тапсырамыз. Сіздер күн-түн демей, тәулік бойы қызмет ететін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер Отанымыздың қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келесіздер, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде республикамызда тиімді армия қалыптасқанына, қару-жарақпен жабдықтау бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қамқорлық көрсетіліп жатқанына назар аударды. – Елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне жауапты барлық құрылымның кәсіби деңгейі күннен күнге өсіп келеді. Бұл ретте генералдар мен офицерлерге айрықша маңыз беріледі. Жауынгерлік машық пен шеберлікті арттыру, әскерлердің өмірі мен құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгеріс жасау сіздердің көшбасшылықтарыңызға байланысты. Сіздер бүкіл жеке құрамға және жас әскери қызметшілерге үлгі бола отырып, жауынгерлік абырой мен батылдық дәстүрінің сақтаушысы болуға тиіссіздер.  Халық сіздердің қызметтеріңіз бен іс-әрекеттеріңізге қарап бүкіл Қарулы Күштерге баға береді. Сіздерге ең қымбат нәрсе – азаматтардың бейбіт өмірін сақтау және Тәуелсіздік табыстарын қорғау сеніп тапсырылған, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті елдің қауіпсіз әрі бейбіт дамуы ғана оның әрі қарай өркендеуінің кепілі болатынын айтты. – «Армия – өз орнын ешқашан тастап кетпейтін мәңгілік қарауыл» деген сөз бар. Мен сіздерге жоғары атақ бере отырып, бұдан ары да әскери борыштарыңызды лайықты атқаратындарыңызға, Отанымызға мінсіз қызмет ететіндеріңізге сенемін. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртібі мен конституциялық құрылымын қорғау үшін бар күш-жігерлеріңізді, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Рәсім барысында авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Н.Орманбетовке; вице-адмирал әскери атағы Ж.Жанзақовқа; Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы – А.Күреңбековке; 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені – Ж.Асановқа; генерал-майор әскери атағы – Л.Әлшекеновке, Д.Ділмановқа, Н.Қашағановқа, С.Нұрахметовке, Ж.Омарқұловқа, М.Сатовқа, авиация генерал-майоры әскери атағы – А.Айымбетовке, Н.Кәрбеновке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы – А.Дүйсебаевқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы – К.Әденовке,  Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы – А.Әшімбекұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы – И.Лепехаға; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені М.Қайыбжановқа, С.Нұрпейісовке, Ұ.Патсаевқа берілді.
Елбасы мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Отан қорғаушы күні қарсаңында әскери және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік пен батылдық көрсеткен, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан  бір топ әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Барлығы 43 адам орденмен, 63 адам медальмен және 2 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды алдағы Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

– Ұлы Отан соғысы – ұмытылмас тарих сабағы. Бір жағынан, ол бізге әлемнің нәзіктігін еске салады. Екінші жағынан, адам рухының беріктігі мен қуаттылығын көрсетеді. Отанымызды қорғай білген, бізге бейбіт өмір сыйлаған жерлестеріміз осындай болған. Сол соғыстың қаһармандарының есімі тарих парағына мәңгі жазылып қалды. Біздің парызымыз – елдің қауіпсіздігін сақтау, биыл 25 жылдығын атап өтетін Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғау, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ел азаматтары ширек ғасыр уақыт бойы тұрақтылық пен келісімде тату отбасы ретінде өмір сүріп жатқанына назар аударды.

– Бірақ бейбіт күнде де ерлікке орын бар. Ұшақты алдыңғы шассисіз қондыра  білген әуе кемесінің командирі Дмитрий Родиннің ерлігін бүкіл қазақстандықтар біледі. Ол өзінің кәсіпқойлығының арқасында 121 адамның өмірін сақтап қалды. Мен бұл әрекетті үлгі тұтуға лайық қаһармандық деп санаймын. Сондықтан оған «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Полковник Игорь Кармыков сел кезінде барлау-іздеу тобын тікұшақпен эвакуациялады. Өміріне қауіп төнген 10 адамды құтқарып қалды. Мемлекет оның еңбегін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен атап өтеді. Рота командирі Фархад Тағырбековтің арқасында 40 әскери қызметші аман қалды. Оған «Ерлігі үшін» медалі беріледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ерлігімен ерекшеленген басқа да адамдарды атап өтті.

– Өз басын қатерге тігіп, адамдарды өрттен құтқарған Данияр Қалиев ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сондықтан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Арамызда ел қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңіріп жүрген өзге де азаматтар бар. Халықаралық деңгейде танылған мерген қызымыз Әсем Жәкенованы ерекше атап өткім келеді. Ол бүгін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне лайық деп танылды, – деді Қазақстан Президенті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев өз басын қатерге тігіп, сарбазын кеудесімен қорғап қалған және көп жарақат алған Қайрат Үмбетовтің ерлігіне де тоқталды. Ол осы ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.

Қазақстан Президенті ерлік пен қаһармандықтың осындай үлгісі елімізде аз емес екеніне ризашылық білдірді.

– Көбіңіздің өз ерліктеріңізді айрықша нәрсе деп санамайтындарыңызды білемін. Сіздер үшін парыздың бәрінен биік тұратынын көрсетулеріңіз екі есе бағалауға лайық. Бұл – бүкіл еліміз үшін, қазіргі кезде ар-намыс үлгісі қажет болып отырған жастарымыз үшін керемет өнеге. Сондықтан біз ерекше көзге түскен отандастарымызға мемлекеттік наградалар тапсырамыз. Елдің қарқынды дамуы, азаматтарының тыныштығы, қазақстандық патриотизмнің нығаюы – біздің парызымыз осы, – деді Мемлекет басшысы.

Шара барысында әскери және қызметтік міндетін атқару барысындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Д.Родинге, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қ.Үмбетовке «Халық қаhарманы» атағы берілді.

I дәрежелі «Даңқ» орденіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Н.Білісбеков, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары  М.Демеуов, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Жанқұлиев, Павлодар облысының прокуроры М.Жөргенбаев ие болды.

ІI дәрежелі «Даңқ»  ордені Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары Т.Татубаевқа, Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімі БАӘ және Кувейт және Катар мемлекеттеріндегі әскери атташесі қызметін қоса атқарушы Е.Оразовқа тапсырылды.

I дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы А.Баймурзин, Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімі командирінің орынбасары – орталық бастығы С.Ізтілеуов марапатталды.

ІI дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары С.Асановқа, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы Н.Жұмабаевқа, Қорғаныс министрлігі 10228 әскери бөлімінің командирі Р.Жансейітовке, Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы бас штабы бастығының орынбасары Ә.Ыбыраевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі бастығының бірінші орынбасары Ф.Қаменовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жеке 1-ші авиациялық базасының командирі И.Кармыковқа, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5572 әскери бөлімінің командирі В.Пузикке, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы К.Тұрсынбаевқа берілді.

«Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қостанай қаласы № 3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Д.Қалиевке, Ішкі істер министрлігі Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол-патрульдік полициясы полкінің  полицейі  Б.Қарымбаевқа, рота командирі – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі штаб батальоны командирінің орынбасары Ф.Тағырбековке тапсырылды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы барлау ротасының маманы (барлаушы-мерген) Ә.Жәкенова, Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының командирі А.Құлбасов, Қорғаныс министрлігі 85395 әскери бөлімі танк батальонының командирі Д.Мұхаметжанов, Қорғаныс министрлігі 36803 әскери бөлімі зымыран-техникалық дивизионының командирі М.Смағұлов наградталды.

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: