|  |  | 

Көз қарас Тарих

Қазақ жерінен ұрланып, Эрмитажға өткізілген жәдігерлер

qazaq muralari

Құрметті оқырман, ғалым Тұрсын Жұртбайдың ғылыми мақаласының кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйегін іздеу барысында Ресей мұрағаттарында кездескен жәдігерлер жайындағы мәлімет сіздерге қызықты әрі пайдалы болады деген үміттеміз. 

Эрмитаж Шығыс бөлімінің меңгеруші А. А. Ивановпен ашық сөйлестік. Мұнда шығу-тегі шығысқа қатысты антропологиялық, этнографиялық заттар жинақталады екен. Перғауындардың мумияланған мүрдесінен бастап пазырық қорғанынан табылған ата-бабамыздың мәйітіне дейін көрме сөрелерінде самсап тұр… Ал қабірге иесімен бірге мойыны қайырыла көмілген торы аттың түгі сол күйінде, аздап қана тықырланған. Ер-тұрман, жүген, өрнекті тері жабу, өмілдірік, қосамсақ, қошқар мүйіз өрнекті тоқым, үзеңгі қап, ағаш ертоқым мен ағаш тағалдырықты ноқта, аттың шашасындағы сұңқар, ағаштан және киізден жасалған өрнекті қоржын. Бітеулене шабылған табыттар мен қайықтар да осыдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген бабаларымыздың ғана емес, кеше ғана дүниеден өткен әжелеріміздің тірлігін көз алдымызға елестетеді. Әсіресе, түрлі ою-өрнектермен көмкерілген шүперек құрақ көрпешелер пен кілемшелердің, әйелдің қамқа тонының, малақай мен аяқ киімінің, байпақ пен шиқоржынның шірімей сақталып қалуы ерекше таңдандырды. Мұндай көрпешелер қазір де әр ауылдан кездеседі. Алтайдың аясында Пазырық пен Тұйықтан табылған бұл бұйымдардың біз үшін бағасы аса зор. Ал Беғазы-Дәндібай ескерткіштері мен Сарай-Беркеден табылған қыш құмыралардың, балбалдар мен түркі жазуларының, скиф, сақ, сармат, мәдениеті жәдігерлерінің санын түгендеп жатудың өзі артық. Кенесары бас сүйегі алтын тостаған, күлдік, шырағдан күйінде ұшырасып қала ма деген үмітпен…

Ерекше қазыналар қоймасына бас сұқтық. Сонда ұстазымыз Ә. Марғұлан ғұлама жиі айтып, суретін бізге силаған Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мазарынан өткен ғасырджың бірінші жартысында ұрланып, жасырын әкетілген, жырдың мазмұнын баяндайтын алтын түйме мүсінді көрдік. Жөнін сұрап, жобасын айтқанымызда, Батыс Сібірден білгісіз жолмен келген заттар ғой дей салды. Амал қайсы, енді олардың барлығы шет елдің меншігіндегі тарихи мұра. Бұлар тек көрмеге қойылғандары ғана. Мәңгілік түнектен шықпайтын «записниктегі запастар» қаншама десеңізші?!

Тұрсын Жұртбайдың “Кеудесі қуыс қалған далам-ай…” мақаласынан үзінді
Дайындаған Р. Нүркен
namys.kz

Related Articles

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: