|  |  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Зуқа батыр 150 жыл Суреттер сөйлейді Қазақ хандығына 550 жыл

1-ші мамыр бірлік күніне орай Германияның Мюнхен қаласында “Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы ” аталып өтті

IMG-20160503-WA0020 1-ші мамыр бірлік күніне орай Германияның Мюнхен қаласында “Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы ” аталып өтті.  Шараны “Мюнхен Қазақ мәдениет қоғамы ” өткізді.

Кездесуге Мюнхендегі  Қазақ, Түрік, Татар, Ұйғыр ұлтының азаматтары мен қаладағы түрік елшілігінің ресми өкілі Емін Үлкер және Вена мен Анкара қалаларынан  қонақтар келіп қатысты.

Түрік елшілігінің ресми өкілі Емін Үлкер құттықтау сөзінде-” Зуқа қажы батыр болуымен қатар дін біліміде аса жоғары ғұлама, халқына жол көрсеткен ел бастаған қоғам қайраткері. Бар халықты бір атаның баласындай көріп қанатының астына алған ел қорғаны “- деді.

Кейін сөз алған Мюнхен Қазақ мәдениет қоғамының жетекшісі Ибраһим Ақтеңіз Зуқа батырдай қазақтың еркіндігі үшін күрескен тұлғаны  дәріпптеу өз міндеттері екенін атап өтті.

Азаттық радиосында ұзақ уақыт қызмет атқарған, Зуқа батырдың үлкен ұлы Сұлтаншәріптің немересі Талғат Қосжігіт Зуқа батырдың күрес жолына тоқтала келіп, сондай қиын кезеңде қазаққа пана болған түрік еліне Қазақтардың ризашылығын білдірді және осы шараны ұйымдастырушы “Мюнхен Қазақ мәдениет қоғамы ” мен жетекшісі Ибраһим Ақтеңізге рахметін айтты.

соңында Батыр атамызға арналып қүран қатын түсірілді және Зуқа батыррдың 150 жылдық мерей тойына арналған естелік силықтар таратылды.

Зуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

Еске алу шаралары Қазақстан, Германия, Австрия, Англия, Америка, Түркия, Қытай, Моңғылия сынды 10 шақты елде жүргізіледі.

Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz

IMG-20160503-WA0022

IMG-20160503-WA0048

Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысқан Мюнхен әйелдері

IMG-20160503-WA0046

Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысқан Мюнхен әйелдері

IMG-20160503-WA0049

Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысқан Мюнхен әйелдері

IMG-20160503-WA0050

Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысқан Мюнхен әйелдері

IMG-20160503-WA0051

Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысқан Мюнхен әйелдері

IMG-20160503-WA0052

Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өткізуге ат салысқан Мюнхен әйелдері

Той

IMG-20160503-WA0023 IMG-20160503-WA0024 IMG-20160503-WA0025 IMG-20160503-WA0026 IMG-20160503-WA0027 IMG-20160503-WA0028 IMG-20160503-WA0029 IMG-20160503-WA0047

 

 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: