|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев-”Жер үшін шынымен жаны ауыратындардың бәрі өз сөзін айтуы керек”– деді .

Мемлекет басшысының төрағалығымен елдің 2016 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған кеңес өтті-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысқан кеңесте елдің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, негізгі мемлекеттік бағдарламаларды өңірлерде жүзеге асыру мәселелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы экономикадағы қиындықтарға қарамастан, елдің өңдеуші өнеркәсібінде өсім байқалып отырғанын, ауыл шаруашылығында көлем 2,6%-ға, көлік саласында  4%-дан аса, құрылыста 6,5%-ға ұлғайғанын атап өтті.

– Елдің тоғыз өңірінде өндіріс көлемінің өсімі қамтамасыз етілді. Былтыр инвестициялар индустрияландыру бағдарламасының басымдығы бар салаларында, соның ішінде машина жасау өндірісінде 7 есеге, тамақ өнеркәсібінде 30%-ға, мұнай өңдеу өнімдері өндірісінде 81%-ға өсті. Бұл – аталған салаларға тікелей шетел қаражатын салудың нәтижесі. Жалпы, негізгі капиталға салынатын инвестициялар ел бойынша 15%-ға артты. Бұл инвесторлар тарапынан мүдделіліктің  сақталып отырғанын айғақтайтын көрсеткіш, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев егіс науқаны аясында елдің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер барлық қажетті нәрсемен қамтамасыз етілгеніне, соған байланысты бұл салада жақсы нәтижелерге үміт артуға болатынына назар аударды.

Қазақстан Президенті әлеуметтік саладағы оң көрсеткіштерге де тоқталды.

– Біз жұмыссыздықтың артуына жол бермей, оның деңгейін бұрынғы 5 пайыздың деңгейде сақтай алдық. Бюджет түсімдерінің қысқарғанына қарамастан, мен мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға нақты тапсырма бердім. Халық тұрмысының төмендеуіне жол беруге болмайды. Бұл – барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың негізгі міндеті. Біз биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын білім беру саласында  – 29%-ға, денсаулық сақтау саласында – 28%-ға, өзге салаларда 40%-ға көтердік. Студенттердің стипендиялары, сондай-ақ мүгедектікке және асыраушысынан айрылуға байланысты жәрдемақы көлемі 25%-ға ұлғайды. Ынтымақты зейнетақы төлемдерінің көлемі 9%-ға көтерілді. Осының бәрі дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесі болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Бес институционалдық реформа аясында құрылымдық өзгерістер жүргізіліп жатқанын, олар экономиканың кез келген жаһандық сын-қатерге қарсы тұру қабілетін нығайтуға бағытталғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды бөлігі индустрияландыру және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру болып саналатынын айтты.

– Индустрияландырудың алты жылының қорытындысы бойынша барлық өңірде 900-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылды. Дәл осы кәсіпорындардың жұмысы экономикамыздың қазіргі жағдайына тірек болды. Бұл ретте іске қосылған кәсіпорындардың бәрі бірдей жобалық қуатына жеткен жоқ. Мәселен, 21 жоба тоқтап тұр, 13 жоба проблемалы нысан ретінде тізімнен шығарылған. Биылғы төрт айдың статистикасы индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру нашар жүргізіліп, экономиканы әртараптандыру ісімен айналыспаған жерде құлдырау болатынын көрсетіп отыр. Кемшіліктерді ескере отырып, бағдарламаны жүзеге асыру қағидаттарын бәсекеге қабілеттілік, бизнес-модельдің тиімділігі мен қаржы нәтижелілігі өлшемдері негізінде қайта қарау қажет. Қайтымы болатын жобаларды ғана қаржыландыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті биылғы экономикалық саясаттың ұстыны «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы болғанына назар аударды.

– Ол өзінің әлеуметтік салаға бағдарланғандығымен маңызды. Бірақ мұны әкімдердің бәрі бірдей түсінбеген сияқты көрінеді. Бағдарламаны жүзеге асыруға қаржы бөлу жөнінде мен ақпанда хабарлаған болатынмын. Биыл 840 миллиард теңге бөлу қарастырылған, наурызда қызу жұмыс жүріп жатуы тиіс еді. Алайда, бүгінде осы қаражаттың өңірлерге тек 8%-ы түскен, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» аясындағы инфрақұрылымдық жобалар құрылысы бойынша жұмыстың тиісті деңгейде басталмағанына да назар аударды.

– «Жол картасына» бағытталған ақша баспана, жол, аурухана, сумен қамту нысандары құрылысы арқылы халыққа қызмет етуі және пайда әкелуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын жүзеге асыруға бөлінетін қаражатты уақтылы және сапалы игеруді қамтамасыз етудің маңыздылығына да тоқталды.

Бұдан бөлек, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне жұмыс орындарының сақталуын, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты  жұмысының қамтамасыз етілуін және олардың өндіретін өнімдерінің облысаралық кооперация арқылы да жеткізілуін қадағалау тапсырылды

Қазақстан Президенті 5 мамырдағы кеңес барысында өзінің бірқатар маңызды тапсырма бергенін еске салды.

– Мен жер туралы заңнаманың бірқатар ережелерінің іске асырылуын тоқтату туралы жарлыққа қол қойдым. Тиісті комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Оның алғашқы отырысы зор резонанс тудырды. Комиссия мүшелері жер туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі үйлесімді ұстанымдарын әзірлеуге тиіс. Жер үшін шынымен жаны ауыратындардың бәрі өз сөзін айтуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне бұл мәселені халық арасында түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев алда келе жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қазақстандықтарға және бүкіл әлемге  жеткен жетістіктерімізді көрсетудің жақсы мүмкіндік беретінін айтты.

– Еліміздің жетістіктерін бағалай білу қажет, болашақ ұрпақ онымен мақтануға тиіс. Осы кезеңде бізге сырттан сынай қарап отырғандар көп. Біз әлем алдында ұятқа қалмай, күрделі мәселені сындарлы сұхбатпен шеше алатынымызды паш ете білуіміз қажет. Алға қойған мақсатына жұмыла ұмтылатын ел екенімізді көрсетуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: