|  | 

Жаһан жаңалықтары

Түркияда әскерилер “билікті иеленгендерін” мәлімдеді

Таксим алаңы маңында тұрған полиция. Стамбул, 15 шілде 2016 жыл.

Таксим алаңы маңында тұрған полиция. Стамбул, 15 шілде 2016 жыл.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым әскери күштердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын хабарлады. Ал әскерилер елді бақылауларына алғанын айтады.

Түркияда әскерилер ел басшыларын ұстап, билікті қолдарына алғанын айтып мәлімдеме жасады. Түрік телеарнасы таратқан мәлімдемеде әскерилер “билікті басып алғандарын, елді “бейбітшілік кеңесі” басқаратын хабарлады.

The Guardian басылымы “түрік әскерилерінің мәлімдемесін” таратты. Онда: “Түрік қарулы күштері бұзылған конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін, адам құқығы мен бостандығын, заң билігі мен жалпы қауіпсіздікті сақтау үшін ел билігін толықтай қолына алды. Барлық халықаралық келісімдер күшінде қала береді. Барша мемлекеттермен оң қарым-қатынас сақталып қаларына үміттіміз” деп жазылған.

Аnadolu мемлекеттік агенттігі бас штаб басшысы Хулуси Акардың кепілге алынғанын хабарлады. Армия өкілдері мемлекеттік телеарнадан сөйлейді деген мәлімет те тарады.

Босфор бұғазындағы көпірді жауып тұрған әскер. Стамбул, 15 шілде 2016 жыл.

Босфор бұғазындағы көпірді жауып тұрған әскер. Стамбул, 15 шілде 2016 жыл.

 

Ал Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым тәртіп орнатылатынын, оқиғаға кінәлілер “зор жазаға душар болатынын” айтты. Оның сөзінше, “әскерилердің әрекеті – демократия мен халық еркіне қарсы іс”.

Ел президенті Реджеп Ердоған ұялы телефон арқылы мәлімдеме жасап, оны журналистер тікелей таратты.

 Zobrazit obrázek na Twitteru
Ердоған әскерилерді қылмыскерлер деп атап, “олардың бәрін жазалау керегін” айтты. Президенттің сөзінше, төңкерісті билікке ие болғысы келген “параллель құрылымдар” жасаған. “Бүлікші әскерилер міндетті түрде ұсталатынын” айтқан Ердоған халықты көшеге шығып, “демократияны құтқаруға” шақырды. Ердоғанның дәл қазір нақты қайда екені анық емес. Әлеуметтік желілерде оның “шетелге кетіп қалғаны” жайлы расталмаған ақпараттар жазылып жатыр.

Hurriyet газеті дерегінше, екі оппозициялық партия төңкерісті қолдамайтындарын мәлімдеген.

Стамбулда қауіпсіздік күштері Босфор бұғазындағы қаланың азиялық және еуропалық бөлігін жалғап тұрған екі көпірді жауып тастаған. Ататүрік әуежайы маңында танктер тұрғанын телеарналар көрсетіп жатыр. Ол маңда атыс дауысы естілген. Кейбір әуе рейстері ондағы әуежайға қонбай қайтып жатыр.

Стамбул көшесіндегі әскер. 15 шілде 2016 жыл.

Стамбул көшесіндегі әскер. 15 шілде 2016 жыл.

 

Анкараға да әскер мен техника кіре бастаған. Reuters дерегінше, Анкара аспанында әскери ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр. Ел астанасында “атыс болып жатқанын” жергілікті БАҚ хабарлады. Кей дерекке қарағанда, қала маңында танк жиналып тұр. Парламент маңында танктен оқ атылған. Әскери тікұшақ Анкарадағы ұлттық барлау қызметі ғимаратын маңын атқылағаны да хабарланды.

Бүгін Анкарадағы резиденциясына оралған Түркия президенті Режеп Ердоған «әскерилер бүлігі басып тасталғанын» мәлімдеп, оны ұйымдастырғандар «қатаң жазаланады» деп, бұған дейін айтқан сөзін қайталаған.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырим «бүлікті ұйымдастырған» генерал қаза болғаны және 800-ге жуық адам тұтқындалғаны туралы мәлімдеген. Түркия мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің ішкі істер министрі Ефқан Ала бес генерал мен 29 полковникті армия қатарынан босатуға бұйрық берген.

Түркияда өздерін зайырлы және демократиялық мемлекеттің кепіліміз деп санайтын әскерилер бұған дейін әлденеше рет (1960, 1971, 1980 және 1997 жылдары) мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті ауыстырған.

Түркияда соңғы рет билікке қарсы ірі шара 2013 жылы Стамбулдағы Таксим алаңында болған. Ол кезде шерушілер полициямен бірнеше ай бойы тіресіп, Ердоғанның қызметінен кетуін де талап еткен.

АҚШ “Түркиядағы барлық саяси партиялар елдің сайланған үкіметін қолдап, ұстамдылық танытып, зорлық-зомбылық пен қантөгістен тартынуы керек” деп мәлімдеді.

Ресей тарабы “кез келген қантөгісті қақтығыстан бас тартып, бар мәселені конституциялық тұрғыда шешу керек” деген пікірде.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқанын хабарлады. “Стамбул мен Анкарадағы консулдықтар істеп тұр. Өз дереккөздеріміз арқылы соңғы жағдайларды анықтап жатырмыз. Қазақстан сыртқы істер министрлігі кейінірек ресми мәлімдеме жасайды. Қазақстан билігі мен президенті Түркиядағы жағдайдан хабардар” деп мәлімдеді дипломатиялық мекеме қызметкері.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркия аумағында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырды.

“Жағдай анықталғанға дейін адам көп шоғырланатын орындардан аулақ жүріп, аса қажеттілік туындамаған жағдайларда көшеге шықпаған және мүмкіндігінше тез арада туыстары мен жақындарына хабарласқан абзал” делінген СІМ баспасөз қызметінің Түркиядағы жағдайға қатысты таратқан түсініктемесінде.

Сонымен бірге Қазақстан СІМ қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған «жедел телефон желісіне» байланысуға болатынын хабарлаған.

Анкарадағы Қазақстан елшілігі: +90-533-600-6092

Стамбулдағы Қазақстан бас консулдығы: +90-542-471-2211

Анталиядағы Қазақстан консулдығы: +90-535-418-3532.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: