ИГІ БАСТАМА, ДҰРЫС ҚАЛЫП или о «врагах государственного языка»
14-шілде күні Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Бакыда (Бакуде) Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесуі кезінде орысша жақсы білетіндіктеріне қарамастан екі Президент те өзара тілмаш арқылы тілдесіп, өз елдерінің мемлекеттік тілінде сөйледі. Бұл өте керемет патриотизм! Дұрысы солай болу керек!
Орыс тілінің күні өтіп бара жатқанын түсінбей отырған біздің билік қана. Қазақстан Президенті халықаралық кездесулерін, тіпті РФ-мен болса да тілмаш арқылы қазақ тілінде жүргізгені жарасады. Орыстарға жағымпазданудың қажеті шамалы, орыстармен тек тең құқылы партнер болуымыз керек!
Қазақстан атынан шет мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға өкілдік етіп барған мемлекеттік шенеуніктердің қай-қайсысы да осылай мемлекеттік тілде сөйлеуі керек. Қазір бізде қай тілден болса да тікелей қазақшаға, одан кері аудара алатын жастар баршылық. Осы мүмкіндік пайдаланылсын!
Осыны қолданбаған шенеуніктерге фейсбук арқылы «Враг государственного языка» деген ат беру керек! Мемлекеттік тілді менсінбейтіндер мемлекеттік қызметтен аластатылсын!
Пікір қалдыру