|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ниццадағы шабуылда қаза тапқандар 80-нен асты

Шілденің 14-і күні Францияның Ницца қаласында жүк көлігінің жүргізушісі Бастилияның алынған күнін тойлап жатқан жұртты таптап өтті. Ниццадағы шабуылдан 84 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды.

Жүк таситын көлікке мінген жүргізуші Ниццадағы әйгілі Ағылшын жағалауында Бастилияны алу күні мерекесінде отшашуды (салют) тамашалап тұрған қалың жұртқа келіп кірген, екі километрдей жерде тұрған халықты таптап өткен.

Ницца мэрі Кристиан Эстрозидің мәлімдеуіне қарағанда, көлік жүргізуші ер адам жұртқа оқ жаудырған. Оны полиция атып өлтіргеннен кейін көліктен қару-жарақ пен гранаталар табылған. Эстрози “Бұл қаламыздың тарихындағы ең жантүршігерлік қасірет болды. 70-тен көп адам өлді” дейді.

Ниццадағы шабуыл орнында жүрген француз полициясы. 14 шілде 2016 жыл.

Ниццадағы шабуыл орнында жүрген француз полициясы. 14 шілде 2016 жыл.

 

Шабуылдан кейінгі бірнеше сағатта көшеде ондаған мәйіттер жатты. Олардың бетін ақ матамен жауып қойған. Париж прокуратурасы шабуыл бойынша терроризм оқиғасын тексеру шарасы басталғанын хабарлады.

Ел билігі теракт жасаған адамның кім екені анықталғанын хабарлады. Ол – Тунисте туып-өсіп, бірнеше жыл бұрын Францияға келген 31 жастағы Мохамед Лахуж-Бохлель есімді азамат. Тергеу дерегінше, жүк көлігін жүргізетін Лахуж-Бохлель бір айдай уақыт бұрын төбелеске қатысқаны үшін полицияға шақыртылған. Франция барлау қызметі оның терроризмге қатысы бар деп іс қозғаған.

Әзірге ешқандай террористік топ шабуылды мойнынан алған жоқ.

Қала тұрғындарына үйден шықпау ескертілген. Франция президенті Франсуа Олланд “шабуылдың анық террористік әрекет” екенін мәлімдеді. Олланд “бұл – француз жерінде бір жарым жыл ішінде болған үшінші теракт” деген.

Олланд таңертең телеарна арқылы жасаған үндеуінде “Франция жантүршігерлік оқиға куәсі болды, ондаған адамды таптау үшін жүк көлігін мініп келу – жауыздық. Франция бұл жанкештілерді талқандайды. Терроризм алдында шегінбейміз. Ирактағы және Сириядағы әрекеттерімізді, бізге өз жерімізде шабуыл жасағандарға соққыларымызды күшейтеміз” деген.

АҚШ президенті Барак Обама Twitter-де бұл оқиғаны «жантүршігерлік теракт» деп атап, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Ол Ақ үй «шабуылды тексеруге, айыптыларды жазалауға барлық көмегін аямайтынын” жазған.

Астана Ниццадағы террорлық шабуылды айыптайды. Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Біз Ниццадағы терактіні қатаң айыптаймыз. Франция халқына көңіл айтамыз. Терроризм — әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қатер” деп жазылған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі таңертең Twitter арқылы Ниццадағы шабуылдан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатқандарын, әзірге қазақстандықтар зардап шеккені туралы мәлімет жоқ екенін хабарлады.

Жұртты таптап өткен жүк көлігі. Ницца, 14 шілде 2016 жыл.

Жұртты таптап өткен жүк көлігі. Ницца, 14 шілде 2016 жыл.

 

Сегіз ай бұрын Франция мен Бельгияда “Ислам мемлекеті” (ИМ – Қазақстанда тыйым салынған) содырлар ұйымы жасаған шабуылдан 130 адам қаза тапқан еді. Алайда кейінгі айларда Еуропада терактілер болмаған, футболдан Еуропа біріншілігі тыныш өткен.

Бастилияны алған күн мерекесі қарсаңында Францияда қауіпсіздік шаралары күшейтілген еді. Парижде өткен дәстүрлі шерудің қауіпсіздігін 11 мың 500 полиция қызметкері қамтамасыз еткен.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: