|  |  | 

Көз қарас Оқиға

КРИМИНАЛ МЕН ТЕРРОРИЗМДІ ШАТАСТЫРМАЙЫҚ

89030425-55F5-47B4-BC84-14E1EFA4DB69_w987_r1_s

Кейінгі кезде кәдімгі криминал мен терроризмді шатастыру етек ала бастаған сияқты. Алматыда бүгін, 18-шілде күні орын алған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде оны діни фундаментализмнен көрушілік те, асыл дініміз Исламға жала жабушылық та байқалып жатты. Іс жүзінде бұл террористік актіден гөрі кәдімгі криминалға ұқсайды.

Ресми деректер бойынша қарастырғанда күдікті Алматы аудандық ішкі істер басқармасына кірмек болғанда посттағы полиция қызметкері оны тоқтатқан. Сөзге келіп қалды ма кім білсін? Күдікті жігіт оқ атып жарақаттап, полиция қызметкерінің автоматты қаруын тартып әкеткен. Анықталған деректерге қарағанда оның өткен жексенбіде бір әйелдің өліміне қатысы болған көрінеді. АІІБ сол іс бойынша келсе керек. Күдікті сол бетте көше бойында біреудің жеңіл көлігін тартып алмақ болып иесіне оқ атқан. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда күдікті артынан қуған «Боран» экипажын автоматпен атқылаған. Кейбір деректерде күдікті екеу делінеді. Абай мен Байзақов көшелері қиылысында олар мінген қара «Камри» автокөлігі тоқтатылған. Күдіктілердің бірі қызылордалық 27 жастағы жігіт Абылайхан мен Қазбек би көшелерінің қиылысында «Қазақконцерт» ғимаратының жанында оқ тиіп, қолға түскен. Сол жердегі атыста екі полицей жараланған. Күдіктінің іздестіріліп жатқан екінші сыбайласы да бүгін 16.30-да ұсталды.

Сөйтіп Алматыдағы бүгінгі атыста 4 адам (үшеуі полиция қызметкері) қаза болып, жетеуі ауруханаға түскен (жетеудің бесеуіне оқ тиген). Бұл ұйымдасқан әлде бір лаңкестік әрекет емес, нағыз криминалдық оқиға. Қала бойынша «террорлық қауіптің қызыл деңгейі» енгізілуі тек сақтық, қауіпсіздік мақсатта болар. Әйтпесе, төніп тұрған ұйымдасқан лаңкестік әрекет байқалмайды. Жалпы Қазақстанда террористік әрекеттерге ешқандай негіз жоқ.

Алматы үшін ауыр сынақ болған бүгінгі күнде қарақшылардың қолынан опат болған капитан Бауыржан Нұрмаханбетов, старшина Аян Ғаниев, сержан Мақсат Сәлімбаев бауырларымыздың отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз! Жараланып ауруханаға түскен құқық қорғау қызметкерлеріне Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып қатарға қосылуына тілектеспіз!

Бүгін күн үшін билік тарапынан халыққа жетіспегені ақпарат қана болды. Сол ақпараттың жетімсіздігінен түрлі қауесет, бұрмаланған болжам, өрекпіген өсек желдей есті. Ақорда, қала әкімшілігі, ТЖ мұндайда халыққа ақпарат берудің желісі мен тәртібін алдын ала ойластырып қойғаны тиімді. Орынсыз дүрбелеңге жол берілмеуі керек.

Ал мені ойландырғаны – қылмыстық әрекеттің мотивациясы. Ол туралы кейінірек жазармын.

ҚАРАЛЫ КҮН ЖАРИЯЛАНСА?!

Криминал мен лаңкестікті шатастырмау туралы кеше жазғанмын. Алматыда өткен брифинг барысында ҚР Ішкі істер миинистрі Қалмұханбет Қасымов полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған қылмыскердің мақсаты олардан «кек алу болғанын» тайға таңба басқандай айтып берді. Сөйтіп қанды оқиға терроризмнен гөрі құқық қорғау органдарымен «разборкаға» жақын болып шықты.

Ресми дерек бойынша бұрын екі рет сотталған Руслан Күлікбаев «түрмеде отырғаны үшін» құқық қорғау органдары қызметкерлерінен кек алуды ұйғарған. Алматы аудандық ІІБ, одан кейін ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментіне шабуыл жасап жүргені содан екен. Қылмысы үшін әділетті жаза алған адамда кек болмайды. Ол мойынсұынып жазасын өтейді. Ал әділетсіз жазаға ұшыраған адамда өзін сондай жағдайға ұшыратқандарға қарсы өштік оянады. Ашыну оқыс әрекеттерге ұрындырады. Қылмыскер басынан кезінде осындай бір келеңсіздіктер өткен сияқты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрбір адамға «қылмыскер» деп емес, «Адам» деп қарауды жандарына серік еткендері жөн бе деймін. Терроризм әдетте үрей туғызу үшін халықты көбірек қыруды мақсат етеді. Ал күдіктінің әрекеттік мотивациясы бүкіл қоғамға емес, тек құқық қорғау органдарына қарсы бағытталған. Сондықтан күдіктінің бұл қылмыстық әрекеттері оның қандай дінді ұстанғанына қарамастан криминалдық сипатта боғанын дәлелдейді.

Куәгерлер оның сыбайласы деп ойлаған жігіт қылмыскердің тырнағына ілініп қалған автокөлік жүргізушісі болып шықты.
Қанды оқиға 25 минутқа созылған. 10 сағат 54 минутта ол Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасына кірген, ал 11 сағат 19 минутта қолға түскен. Соңғы деректерде шекара әскерінің тағы бір сардары қаза тапқаны айтылады. Сөйтіп бір бандиттің қолынан 5 адам қаза болып, 8 адам жараланған. Марқұмдардың отбасына қайғыларына ортақтасып тағы да көңіл айтамыз. Жараланғандар тезірек жазылсын!

Дәл осындай қанды оқиға алдыңғы күні, 17-шілдеде АҚШ-тың Луизиана штатының Батон-Руж қаласында орын алды. Иракта бұрын теңіз жаяу әскері қызметін атқарған Гэвин Лонг деген біреу афроамерикалықтарға қатыгездік танытқаны, сотсыз, тергеусіз қара нәсілді жасөспірімді өлтіріп тастағаны үшін тәртіп сақшыларынан кек алып, үш полицейді атып тастаған. Осының алдында Миннесота штатында тағы бір афроамерикалық полицейлердің қолынан қаза тапқан болатын. Осыдан соң қарсылық шаралары басталып, полицейлерге жекелеген тұлғалардың оқ ату оқиғасы жиілеп кеткен.

Кеше АҚШ Президенті Барак Обаманың өкімімен Батон-Руж қаласында полицейлерге шабуыл жасау оқиғасына байланысты 22 шілде (алдағы жұма) Қаралы күн деп жарияланды. Біздің елімізде де бес адамның жазықсыз құрбан болуына байланысты олар жер қойнына тапсырылатын күн Қаралы күн болып жарияланғаны дұрыс болар еді.

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: