“Астана” Чемпиондар лигасы іріктеуінің 3-кезеңіне шықты
Футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» командасы Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шықты.
Екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Литваның «Жальгирис» командасымен кездескен. Вильнюстағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталған. Ал Астанада өткен қарымта матчта қазақстандық команда қалайда жеңіс қажет болған. Матчтың 31-минутында “Астана” ойыншысы Марин Аничич есеп ашты. Ал 57 минутта “Жальгирис” сапынан Эливелто есепті теңестіріп кетті – 1:1.
Ойын соңында Марин Аничич матчтағы екінші голын салып, “Астанаға” жеңіс алып келді.
«Астана» үшінші кезеңде шотландиялық «Селтик» пен Гибралтар клубы «Линкольн» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Руслан МЕДЕЛБЕК
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру