Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кездесті
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кездесіп, 29 қазанда Алматыда өтетін жекпе-жекті талқылады-деп хабарлады өзінің facebook парақшасында.
Бауыржан Байбек жекпе-жектің жоғарғы деңгейде өтуіне толық жағдай жасап, қолдау көрсететінін айтты. «Жастар сендерге қарап өсу керек. Біз сендерді мақтан тұтамыз! Алматы туризм мен спорттың қаласы. Жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы болуыңа тілектеспін» – деді Бауыржан Байбек.
Қанат Ислам алғыс білдіре отырып,
“Жекпе-жегімді көру үшін енді жанкүйерлер мұхит аспай Алматыға жиналады. Əр облыс-қаладан бөлек, Еуропадан, Қытайдан да қазақтар келеміз деп отыр. Бұйыртса ел сенімін ақтап қазаққа жеңіс сыйлаймын. Бұл мен үшін өте жауапты сəт” – деді кəсіпқой боксшы.
Естеріңізге сала кетейік 29 қазанында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.
Керемет кездесу соңы естелікке суретке түсумен аяқталды!!! Тағы да жаңалық күтіңіздер.
kerey.kz
Пікір қалдыру