|  | 

Жаңалықтар

Берке хан Константинопольді неге қоршауға алған?

DSC_0095

 Мұхан Исахан

Омаядтар мен Аббаситтер дәуіріндегі Ислам билеушілерінің желкілдеген ту ұстап, жер қайысқан қол бастап дүркін-дүркін  Византия империясына қарсы фатх жорықтарын ұйымдастыруының тарихи өзіндік себебі жоқ емес. Шығыс Рим империясының орталығы Константинополь қаласы өзінің жағрафиялық орналасу ерекшелігімен Кіші Азия мен Еуропаны һәм Оңтүстік Русь пен Қырым және Кавказды  Босфор бұғазы арқылы ашық теңізге жалғап жатқан аса маңызды нысан-тын. Яғни, Константинополь – қос құрлыққа саяси-экономикалық және мәдени тұрғыдан ықпал ете алатын стратегиялық шаһар болатын.

Әсілі, мұсылман билеушілерінің Константинопольді иеленуге құмбыл болуына діни фактор әсер етті. Өйткені, Хақ Елшісі (с.а.у) өзінің хадис-шарифтерінің бірінде: «Константинополь алынады. Оны алған қолбасшы қандай керемет қолбасшы. Ал оны алған әскер қандай керемет әскер», – деп мұсылман қауымына аталмыш шаһарды бағындыратын сайыпқыран сардар мен оның жаужүрек әскерінің хусни-зат екенін сүйіншілеген болатын. Осы себепті де Константинопольді бағындыру мұсылман билеушілерінің асқақ арманына айналған еді.

Алайда, мұсылмандар үшін Константинополь жеті ғасырға жуық уақыт бағынбас бел, алынбас қамал болды. Қаншама қолбасының қамалды алуға айла-шарғысы жетпей, дымы құрыды. Қаншама боздақ Алла Елшісі (с.а.у.) сүйіншілеген әскерге лайықты боламын деп Константинопольге қол созым жерде жан тәсілім етті. Мұсылмандар үшін Константинополь бағындырылғанға дейін бейне мұқалмас тас қамал еді.

Тарихқа зер салсақ Константинопольге қарсы көбіне Ислам халифаты әскерінің жорық жасағандығы белгілі. Бірақ, халифаттан өзге де саяси күштердің ислами мүдде тұрғысынан Констанинополді қоршауға алғандығы айтыла бермейді. Тарих қалтарысында қалып, айтылмай жүрген сондай ақтаңдақтың бірі – Берке ханның 1265 жылы Ноғайды қолбасшы етіп Алтын Орда әскерін Константинопольге аттандыруы болатын. Ал, Ноғай қолбасшылық жасаған Дешті-Қыпшақ қолы Константинопольді не үшін қоршауға алған еді?

Мәмлүк әскері 1260 жылы Кет-Бұға қолын Айн-Джалутта тас-талқан етіп жеңгенімен, Шам жерін бауырына басқысы келген Құлағудың мысы әлі қайтқан жоқ-тын. Осыдан сескенген Бибарыс сұлтан Шыңғыс ұрпақтарының ішінде алғаш болып Хақ дінді қабылдаған Алтын Орда билеушісі Берке ханды Құлағуға бағынышты мұсылмандардың зорлық-зомбылық көріп жатқанын алға тартып, оған қарсы бірлесіп күресуге шақырды. Дәл осы шақта Жошы ұлысының иелігі саналған Оңтүстік Кавказдағы Әзірбайжан жерлерін Құлағу иемденіп алған болатын. Сондай-ақ, Иран мен Иракты жаулап алуға Құлағуға көмекке Алтын Ордадан жіберілген Құли, Балақан, Тұтар қолбасшылардың өлімі және Жошы ұлысына тиесілі олжаның дұрыс бөлінбеуі Берке ханның Құлағуға деген ызасын оятқан еді. Осы себептердің негізінде һәм жалпы мұсылмандық мүддені ескере келе Алтын Орда билеушісі Бибарыс сұлтанның ұсынысын қабыл алады. Нәтижеде Мысыр сұлтаны Рукни-дин Бибарыс пен Алтын Орда билеушісі Берке хан 1261 жылы Құлағуға қарсы діни-саяси одақ құрды.

Одақтастардың кезекті елшілік алмасуы барысында 1264 жылы Византия императоры Михаил Палеолог Босфор бұғазы арқылы Қырымға өтпек болған Мысыр елшісі Фарис ад-дин Акуш әл-Масудиді тұтқынға алады. VIII Михаилдің Мысыр елімен өзара келісімі бола-тұра елшілерді тұтқынға алуына сол кездегі Византия мен Құлағу Елхандығы арасындағы одақтастық әсер еткен еді. Бұл жағдайдан хабардар болған Рукни-дин Бибарыс Византия императорына өз нотасын жібереді. Ал, Берке хан болса терісіне симай ашуланып, Константинопольді шабуға Ноғай бастаған Дешті-Қыпшақ әскерін аттандырады.

Еуропаның төсінде талай ат ойнатқан һәм қан майданда жеңілудің не екенін білмейтін Алтын Орда қолы Константинопольге таяғанда қатты шошынған император Михаил қаладан қашып кетеді. Дешті-Қыпшақ әскері қаланы қоршауға алғанда, жанұшырған Михаил патша Мысыр елшісі Фарис ад-дин Акуш әл-Масудиді тұтқыннан босатып, оны бітім сұрауға Ноғайға жібереді. Әл-Масуди императордың өтінішімен Константинопольде өз ықтиярымен кідіргенін айтуы тиіс болды. Ал, Ноғай қолбасы әл-Масудиге мәлімдемесін жазбаша беруді талап етті. Мысыр елшісі талапты орындағаннан кейін, Ноғай қолбасы император Михаилдың Алтын Ордаға жыл сайын алым-салық төлеуге келісім беруіне байланысты Константинопольді қоршаудан босатты. Византия императоры қызы Ефросинияны Ноғайға қалыңдыққа берді. Сондай-ақ, Ноғай Византияның тұтқынындағы бұрынғы селжұқ сұлтаны Изз ад-Дин Кей-Кавусты да босатып алып, Алтын Ордаға зор жеңіспен оралды.

Сарайға келгеннен кейін Мысыр елшісі әл-Масудидің Константинопольді Алтын Орда әскері қоршауға алғанда Ноғайға өтірік мәлімдеме бергендігі әшкере болады. Берке хан Мысыр елшісінің өз дипломатиялық миссиясын дұрыс атқармағанына қанша ашуланса да, оны жазалауды сұлтан Рукни-дин Бибарысқа қалдырады. Ал, Фарис ад-Дин Акуш әл-Масуди 1267 жылы Мысырға оралғанда сұлтан Бибарыс дипломатиялық міндетін дұрыс орындамағаны үшін оның мүлкін тәркілеп, өзін түрмеге қамап, қатаң түрде жазаға тартты.

Түйін: Жошы ұлысы Берке ханның тұсында жаһандағы теңдессіз мемлекет еді. Төңірегіндегі елдердің көбін вассал етіп мойындатып, өзіне алым-салық төлеуге мәжбүр етті. Төрткүл дүниеге ықпалын жүргізген Алтын Орда империясы сол кезде Византияны өзімен соғысуға лайық деп таппады. Михаил Палеолог өз айыбын алым-салық төлеу шартымен жуып-шайған соң, Ноғай қолбасы Византияны да өзіне бағынышты ел деп санады. Яғни, Алтын Орданың құзырына бас игендіктен Константинополь шапқыншылыққа ұшыраудан аман қалды.

islam.kz

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: