|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат Қазақ шежіресі

Түркия – Қазақстанның ең жақын әрі сенімді саяси және экономикалық әріптестерінің бірі.

Елбасы Түркия Республикасының Президентімен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді-дeп xабарлайды Ақорда баспа сөз қызмтті.
Түркия Республикасы, Анкара қаласы
 Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мәселелері қаралған кездесулердің жемісті өткеніне тоқталды.

Түркия – Қазақстанның ең жақын әрі сенімді саяси және экономикалық әріптестерінің бірі. Бүгінде ортақ тарих пен рухани мұраға негізделген қарым-қатынасымыз өрістей түсуде. Байланыстарымыз бірте-бірте ілгерілеп, қазір стратегиялық сипатқа ие болып отыр. Қазақстан бауырлас түрік халқына үнемі толық қолдау көрсетеді және әрқашан қол ұшын беруге дайын. Бұл сапар екі елдің қарым-қатынастарын одан әрі нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілгенін де атап өтті.

–  Қазір елімізде түрік капиталының қатысуымен 1600-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Түрік бизнесінің өкілдері жаңа елордамыздың құрылысына белсене атсалысты. Түрік компаниясының өкілдері бүгінге дейін елімізде 20 миллиард доллар көлемінде мердігерлік жұмыстар атқарып, 460 нысан пайдалануға берілді. Елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 миллиард  долларды құрады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Р.Ердоғанның өткен жылғы Астанаға сапары аясында қабылданған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.

– Біздің міндетіміз – өзара тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу. Бағдарлама аясында жалпы құны шамамен 813 миллион долларды құрайтын 20 инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылған. Түркияның инфрақұрылымы дамыған маңызды транзиттік ел екенін ескеріп, мен бауырлас түрік халқын «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуға шақырдым. Осыған орай, Қазақстан-Түркия индустриялық аймақтарын құру жұмыстары аса маңызды. Бұл қадамдар екі елдің экономикалық әлеуетінің әрі қарай дамуына серпін береді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша жаппай күш жұмылдырудың маңыздылығына да назар аударып, біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне өтуіне қолдау көрсеткені үшін Түркияға алғыс айтты.

– Жаһандық сын-сынақтар мен қауіп-қатерлер арта түскен алмағайып заманда Қазақстан мен Түркия  әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайын. Осы орайда біз ХХІ ғасырдың басты кеселі – терроризмге қарсы үзілді-кесілді тойтарыс беруге келістік. Елдеріміздің арасындағы әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық орнықты дамуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық үнемі ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

– Келесі жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Бұл ауқымды шара баламалы энергетика саласындағы инновация мәселесіне арналған. Мен бүгін Түркия басшылығын, бизнес өкілдерін және бауырлас түрік халқын осы шараға қатысуға шақырдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының әрі қарай нығайтудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, біздің республикамыздағы қазақ-түрік лицейлерінің жұмысына қатысты мәселе де қаралып, тараптар өзара түсіністік тапты.

Р.Ердоған Қазақстан Президентіне Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге күш салғаны және тарихы сапары үшін тағы да алғыс айтып, түрік халқы үшін күрделі болып отырған кезеңде мұндай қолдаудың дер кезінде көрсетіліп отырғанына тоқталды. Сонымен қатар ол Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін бұл елге келген алғашқы мемлекет басшысы екенін атап өтті.

Related Articles

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: