Тәжіктер мен өзбектер еліне қайтарылады
Алматыдағы «Көк базарда» саудамен айналысып жүрген шетел азаматтары елдеріне қайтарылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері хабарлады.
Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жергілікті полиция қызметіндегілермен біріге отырып, Алматыдағы Көк базарда заңсыз саудамен айналысып жүрген шетелдік азаматтарды анықтау мақсатында арнайы шараларды қолданып жатыр.
-Іс-шараның бірінші күнінің өзінде заңсыз кәсіппен айналысып жүрген 15 шетел азаматы анықталды. Олардың 11-і Тәжікстан азаматы болса, қалған төртеуі Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар салық органдарында тіркелмей, кассалық аппаратсыз жеміс-жидектер мен кептірілген жемістерді сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларда тұрақты мекен-жайы туралы құжаттары болмаған, – дейді Алматы қаласының Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері.
aikyn.kz
Пікір қалдыру