|  |  | 

Көз қарас Қазақ шежіресі

Оралмандарды «қашқын», «сатқын» дейтіндерге жауап: «Алдымен тарихты оқы!»

dsc01455

Бұдан бұрын біздің сайтымызда «Сырттан келген қазақтар неге Қазақстанға адал емес?» деген мақала жарияланған болатын. Бірден айтайық, мақалада айтылған дүниелер редакция көзқарасымен сәйкес келе бермейтіні көзі қарақты оқырманға белгілі болар-деп хабарлайды 365info.kz.

 

Әлеуметтік желіні аралап отырып, Бөрілі Байрақ атты қолданушының мына бір жазбасына көзіміз түсті. Сауатты, салмақты дүние екен. Көз ілмей өте шыға алмадық. Назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз. Түсінген адамға тұщымды дүниелер айтқан екен…

 «Оралмандар»деген əңгіме айтылса, «қашқындар», «сатқындар» деп шығатын кейбір бауырларымызға айтар едім. Алдымен тарихты оқы. Қандай жағдайда, қандастардың шет елде жүргенін біліп ал, сосын оттайсың, аузыңа келгенді айтып.

Кеңестік заманның сұрқия саясаты Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Қырғызға Қазақстан жерінің өте көп аумақтарын беріп жіберді. Ол жерлерде тұрып жатқан Қазақтар өз ата- баба қонысында отыр. Өзінің туған жерінде отыр. Ата- бабасының сүйегі көмілген жерде отыр. Сондықтан оларды «қашқын»,»сатқын» деуге қақың жоқ. Қазақтың үш биінің тек біреуі — Қазыбек би ғана Қазақстанда, Төле би — Ташкентте, Əйтеке би— Ресейде жерленген.

Сонда сол екі би қашып жүріп, сатқын болып өлді ме…?!

Репрессия мен аштықтың кезінде көп қазақтың жер ауып, көшкені бұл амалсыздықтан. Ана баласының етін жеген, бауыр-бауырды өлтіріп, əкеге бала қарай алмаған заманда ұрпағын аман сақтау үшін үдере көшуге тура келген. Шекара бойында совет өкіметі қаншамасын жосадай қырып жібергенін білмесең, ізден оқы. Ешкім туған жерін өз еркімен тастап кетпейді. Жол бойынша қаншама басқыншылыққа тап болып, Ауғанстан, Иран, Индияға т.б елдерге дейін босып кеткен. Елде қалған қазақтар мықты, олар сатқын емес деуден бұрын, ойланғаның жөн.

Репрессия кезінде қазақ қазақты сатқан. Ашаршылық кезінде қазақ өз баласын, өз бауырын жеген. Біз сол қазақтардың ұрпағымыз. 1962 жылға дейін Қазақстанда қазақтардың үлесі өте аз болған. Кеңес үкіметіне жұмысшы қолы керек болып, шекарасын уақытша ашып, Қытайдан неше мыңдаған қазақтар елге қайтып өткен.

Шекараны дереу жауып тастаған. Сонда арғы жақта өте алмаған қазақтарды қытайлар əскермен қайтарған. Қазақстанда қанша келімсектер жүр.

Жеріңді солардан қызғанбай, өз қандасыңнан қызғану — сорлылық, бейшаралық!

Қытай мен орыстан қызғанбай, Қазақтан Қазақтың жерін қызғануың ақымақтық. Кім көрінген сыйған жерге, кім көрінген қарындасыңды жар етіп алып жатқанда, үн шығаруға жарамай, ақылыңның жеткен жері қандастарымызды кемсіту болса — құлдық санадан ажырамағаныңның белгісі.

Сол қазақтардың да ата-бабасы осы жер үшін ғасырлар бойы ат үстінде соғысты. Сондықтан қандастарымыздың, біз сияқты, Қазақстанды өз Отаным, Атамекенім деуге толық қақысы бар. Олардың ата-бабасының аққан қаны мен тамған тері үшін.

Мұстафа Өзтүрік, Қанат Ислам, Майра Мұхамедқызы, Серік Сапиев, т.б шеттен келген қандастарымыз жасағанды, өзің елің үшін жасап жатырсың ба?!

Қолыңнан келмей ме, аузыңа келгенді көки берме. Шеттегі қазақтардың өмірі жайлы білгің келсе, Қажығұмар Шабданұлының «Қаһарын» оқы. Жүрегің жылайды.Ол осы кітабын 25 жыл Қытай түрмесінде қамауда отырып жазған.

Қазақ осы əлемдік жаһандану заманында «ұлт» болып қалу үшін күресуде. Ұлт болып қалыптасу үшін тіліміз бен салт-дəстүріміздің, ата-бабадан келе жатқан дəстүрлі ислам дініміздің қайтадан күшейуі маңызды. Сондықтан өзіміздің қандастарымызды өзекке теппейік. Қайта бауырымызға тартып, елге келуге шақырайық. Қытай қаптаған заманда, сол миллиардтар ортасында отырып, өз болмысын сақтап отырған қандастарға мен ризамын.

Сол жақтағы қандастардың арасында қайта діни алауыздық жоқ.

Қазақылық бойларында сақталған, кеңестік құлдық санада болмаған, дəстүріміз бен тіліміз сақталған қандастарымыздың елге келуі — біз үшін үлкен көмек.

Қазір олардан мүмкін айырмашылық білінер, ішінде кейбір сізге ұнамайтындары болар, бірақ, ұрпақ ауысқасын олардың ұрпақтары осы өздерінің туған жеріне қызмет ететін болады. Қазақстандағы өз тілін білмейтін, салт-дəстүрін менсінбейтін, түрлі діни ағымдарға кірген бауырларымызға қарағанда, бойында иманы бар, дəстүрлі дініміздегі қандастарымыздың елімізге тигізер пайдасы мол.

 Бауырлар, қандастар бөлінбейік. Бөлінгенді бөрі жейді. Кешегі жер дауында қазақтың жері де, тілі де қазақтан басқаға керек емес екенініне көзіміз жеткен жоқ па? Ендеше,  қазақты бөліп, бір-біріне айдап салып отырғандардың тілегін бермейік. Қазақ біріксе, алынбайтын қамал екенін бəрі де біледі. Біздің күшіміз — бірлікте.

Автор шет елден көшіп келген жоқ. Бірақ мен үшін «әр қазақ – менің жалғызым», — деп сөзін түйіндепті автор. 

56d1501c74ac8A8D35B5F-5ACA-4DC1-92D2-991959A84755_cx0_cy10_cw0_mw1024_s_n_r1

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: