|  |  | 

Көз қарас Қазақ шежіресі

Барлық қазақтың руы әйгілі, ұлы.

dsc01455Қазақтың қай руы ұлы деген сұрақ, ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Анда-санда баж ете қалып, бір атаның үш баласы өзара айтыса кетеді. Аталған сұраққа өзімше жауап беріп көрейін. Ақиқатында осы күні алаштың сапындағы бар қазақтың руы түгел “ұлы”. Гумилев айтпақшы, қырдың қатал заңы есте сақтауға тұрарлық ру мен батырлардың аттарының бәрін тариxта қалдырды, болашаққа жеткізді. Жазба тариxы аз қазақ, өз жадында “ең-ең” дегендерді ғана сақтауға мәжбүр болды. Себебі болымсыз дүниені мың жыл жаттап жүру қисынсыз. Осы күні аты мен заты бар қазақтың әрбір руы, сөзсіз өмір соғысында жеңімпаз. Ал қаншама даланың руы осы күні мүлдем сөніп қалды?!
Тоқтамыс xанның соғыстарында найман мен қоңыраттан саны кем емес деген кенегес руы бүгінде қарақалпақ ішінде кішкентай ғана бір ата. Ұлы Жүз құрамында белді саналған дүрмен руы, қай бір заманда ағайындарына өкпелеп Тәшкен асып кеткен, бүгінде оның атымен тек сол аймақта жер атауы қалған. Ал затынан ат үркетін барын, шырын рулары орта ғасырда қаншалықты атақты болса, бүгінде соншалықты жоқтың қасы. Бірі Қазан, бірі Қырым асып бүгінде тариxтан ғайып болды. Шыңғыс xанды туған қият ше!? тариxтан белгілі оның қият-тарақты, қият-тобықты аталары ғана елде қалды, азғантай бөлігі оңтүстікте бар. Аталған рулардың барлығы қазақтың құрамдас бөліктері, бірақ өкінішке қарай тариx олардың қалың бөлігін ел ішінде сақтамады. Одан басқа тағы ондаған рулардың тариxы мен тағдырын келтіре беруге болады. Көбі қырдағы бақталастыққа шыдамай Амударияның жағасына, Өзбек ордасына кетіп жатты. Аты мен заты өзгеріп жатты, бірақ қырға қайта оралғандары аз, орда болып. Сол себепті менің пайымдауында осы күні заты сақталған барлық қазақтың руы әйгілі, ұлы. Бірақ оған себепші барлық кезде тек күштілік емес, көп жерде кездейсоқтық, кішіпейілдік, ағайыншылық, бірлік және өзара адалдық.
Дәл қазір мен заты жоғалды деген рулардың атынан менімен айтысудың қажеті жоқ, ол тек мысал үшін. Шынтуайтында ел ішінен кеткен әрбір ру үшін, менің көңілім құлазиды. Осы күні ірісі 85 емес, 185 рулы 50 млн-дық қазақ болсақ қандай болар еді шіркін!?
А так, бәрі ұлы! Бәрі қазақ! Мен Обағанның жағасына барсам қыпшақпын, Ертіс бойласам найманмын, Еділ кірсем танамын, Електе табынмын, Іледе жалайыр, Сыр бойында қоңыратпын! Бөліп жарудың еш қажеті жоқ.

Дәурен Бабамұраттың Facebook-тегі парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: