|  | 

Шоу-бизнис

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

“Махаббат жасқа қарамайды”. Махаббат ұлтқа да қарамайды. Мұны біз отандық “жұлдыздар” мысалынан көріп жүрміз. Сонымен, NUR.KZ порталы өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Бүркіт пен Аиша

 

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО БҮРКІТТІҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Бүркіттің келіншегі Аиша - өзбек ұлтының қызы. Бүркіттің өзі бұл туралы бір сұхбатында жасырмай айтқан болатын. Бауырлас халықтардың перзенттері бас қосып, бүгінде шекесі торсықтай екі ұл тәрбиелеп отыр. Отандық шоу-бизнестегі әдемі жұптар қатарында Бүркіт пен Аишаның есімі бірінші болып аталатыны да олардың берік махаббаттарының арқасында.

Геннадий Головкин

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: VESTI.KZ

Қазақстан спортының “жұлдызына”айналған Головкиннің жұбайы – қазақ қызы. Геннадий өзінің жары туралы көп айта бергенді ұнатпағанымен, жұрт оның әйелі қазақ қызы Алина екенін жақсы біледі. Олар 2007 жылғы 7 шілдеде отбасын құрған. Қазір олардың Вадим есімді ұлдары бар.

Лана

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: COMODE.KZ

Өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан жұлдыздар туралы еске алғанда, әлбетте, бірінші кезекте Лана көз алдыға келеді. Скрипкашы қыз армян жігіті Константин Саркисянға тұрмысқа шыққан. Олардың ұлы Георгия төрт жаста. Үнемі отбасын бірінші кезекке қоятын скрипкашы қыз бүгінде отбасымен бірге  Мәскеуде тұрып жатыр.

Сейфуллин Жолбарыс

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО СЕЙФУЛЛИН ЖОЛБАРЫСТЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс жуырда желідегі парақшасына әйелінің суретін салып, оны көрген жұрт оның сұлулығына тамсанған еді. Жұрт оның бірінші әйелімен ажырасып кеткенін айтып, шулаған болатын. Сейфуллиннің екінші жұбайы орыс ұлтының өкілі – Екатерина Лилуя.

Батырхан Шүкенов

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: ZTB.KZ

Батырхан Шүкеновтің жеке өмірі көп айтыла бермейтін тақырыптардан болатын. Бірақ әнші дүниеден өткеннен соң, оның әйелі Екатерина Шелякова мен ұлы Мақсұтқа қатысты ақпараттардың барлығы елге жария болды.

Парвиз Назаров пен Әлия Есенова

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: COMODE.KZ

Тәжік ұлтының өкілі Парвиздың жары – қазақ. Парвиздің жұбайы Әлия Есенова да өнерден құралақан емес. Ол талантты продюсер ретінде танымал. Олардың отбасы отандық шоу-бизнестегі берік әрі берекелі отбасылардың қатарында айтылады.

Сүндет Байғожин

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: ASTANAOPERA.KZ

Танымал опера әншісі Сүндет Байғожин қыз қызығатындай болмысымен, дарынымен ерекшеленеді. Көп қыздардың ішінен ол қазақ емес, орыс немесе басқа емес жапон қызын таңдаған. Ол бір сұхбатында жапон қызына үйлену үшін тіпті жапон тілін де үйренуге мәжбүр болғанын айтқан. Тіл үйренбесе қызымды бермеймін деген жапон әкесінің талабын қазақ жігіті жерге тастамастан орындаған. Балет бишісі Серина Сунагава есімді жапон қызы мен Сүндеттің Сәния есімді қыздары бар.

Ситора Назарова

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ЖЕЛІДЕГІ АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРДЕН АЛЫНҒАН СУРЕТТЕРДЕН КОЛЛАЖ

Назаровтар отбасы қазақпен қарама-қарсы құдалар. Парвиз қазақтан қыз алып, қазаққа қарындасын берді. Оның қарындасы, әнші Ситораның кезінде “Рыжый Алмаз” деген лақап атпен танымал болған тұлға. Шын есімі Несіпбай Насенов. Олар аз уақыт бірге тұрған соң, оның күйеуін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Ситора қорқып, бұл деректі көп уақыт бойы жасырып жүрген. Кейіннен өзі бірсұхбатында айтып берді.

Иван Бреусов

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

СУРЕТ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

“101″ тобының әншісі Иван Бреусов мен Ділназдың арасындағы махаббат хикаясы туралы жұрттың бәрі біледі. Бірақ кейіннен олардың жұбы жараспай, айырылып кеткен болатын. Бүгінде Иван қазақтан қыз алып, күйеу бала атанған. Иван Бреусовтың таңдауындағы қыздың есімі- Меруерт Асанова.

Айгүл Бабаева

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: COMODE.KZ

Аға буын әншілер өкілдерінің бірі Айгүл Бабаеваның да таңдауы орыс жігіті Михаил Романюкке түскен. Бизнесмен, музыкант және продюсер Михаил Романюк пен Айгүлдің бір қызы бар. Айта кету керек, қыздары Алиса Бржставцикая қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан.

Лариса Иванова 

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

MIX.TN.KZ

“L Дуэтінің” солисті Лариса Иванова кезінде мәдениет басқармасының басшысы болған Қайрат Құлбаевтың жары. Жұп мектеп кезінен бастап бірге болған. Лариса келін болып түскен кезде қазақтың барлық дәстүрлерді сақтағанын айтады.

Мұрат Мұтырғанов

Басқа ұлт өкілдерімен шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

ФОТО: COMODE.KZ

Мұрат Мұтырғановатың үйлену тойы көпшіліктің жадында көпке дейін қалды. Оның жұбайы Алиса өз тойына спорттық аяқ-киім киіп келіп таң қалдырған болатын. Бір сұхбатында Мұрат жұбайы туралы айтып, “ол менен гөрі қазақ” деген болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: