|  | 

Көз қарас

Зуқа батыр және әкемнің әттеңі…

Zuqa batir 1866-1929  kerey.kz1

Әлқисса, айтпағым аумалы-төкпелі алмағайып заманда Алланың ақ жолымен жүріп, жоққа жәрдемші, әлсізге қорған болып, әділдікті ту етіп, кертартпа өкіметтің зәре-құтын қашырып Өр Алтайда алдаспандай жарқылдаған Зуқа батыр жайында болмақ. Биыл батырдың дүниеге келгеніне 150 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай, батырмен замандас, дәмдес болған өз аталарымның арасындағы жақын қарым-қатынасы және батырдың қазасы жайлы әкемнің «әттеңін» айтуды жөн көріп отырмын. Абақ Керей Жәнтекейде бес Қыстаубайдың бірі, Бұланбай руынан шыққан атамыз Шабырбай қажы Қилыбайұлы Алтай бетінде алдына жылқы салмаған әйгілі жүйірік Бурыл атымен, шалқыған дәулетімен өз заманында қатарының алды болған кісі. 1903 жылы атамыз Зуқа батыр Сәбитұлымен бірге қажылыққа аттанып, сапарлас, сырлас болып, мыңжылдыққа серттесіп бесіктегі немерелеріне құдаласады. Екі қажы дүниеден өткеннен кейін, яғни, батырдың үлкен ұлы Сұлтаншәріп елді бастап Гималай аспас бұрын адам жіберіп, «әкемнің аманатынан аттай алмаймын, келіндеріңді алып қалыңдар» деп хабар айтады. Сонымен, сексен тайлақ қалың малын беріп, батырдың немересі, Ғазиза Сұлтаншәріпқызы Абзал Намазайұлымен үйленіп, Бұланбай ауылына келін болып түседі. 1929 жылы Шабырбай қажының інісі, Бұланбай руының зәңгісі, атамыз Сарыбай Машпарұлына  Қыстаубайдан Асылхан деген жігіт Сарысүмбеден  Вэй Джин Го мен Ма Дарын әскер шығарып, Зуқа батырды тұтқындағалы жатқанын хабарлайды. Жайсыз  хабарды ести сала Сарыбай зәңгі Қалимолла деген кісіні хабар айтқызып Зуқаның еліне шаптырады. Хабаршы Қалимолла еліңе жау шапқалы келе жатыр деп алдымен Ителінің тәйжісі Жақыпбекке айта кетуді жөн санап, бұрылады. Жақыпбек тәйжі Тұлабай батырмен ақылдасып, хабаршы Қалимоллаға «атың болдырып келген екен, осында тынығып алып, ауылыңа асықпай қайтарсың. Хабарды Зуқа батырға өзіміз жеткіземіз» дейді.

Жақыпбек тәйжі Зуқа батырмен арада қайшылығы болғандықтан Сарыбай зәңгі жіберген хабарды өлсең өле берге салып, айтпай қояды. Кезінде батырдың мейірі түсіп, қаңғып жүрген жерінен асырап алған арам дүнген Ма Дарынға қай кезде батырдың ауылында адам болмайтынын айтып, алтын үшін сатылып кетеді де, жар астына жасырынып, аңдып келген жау ақыры батырдың ордасына басып кіріп, басын алып, тізгін ұшымен Сарысүмбедегі қара көпірге іледі. Әкемнің айтатын әттеген-айы да осы жер: «Қайран батыр осылай сатқындық кесірінен қапыда жау қолында қаза болды. Әттең… Ағайынара алауыздық болмай, Сарыбайдың хабары батырға дер кезінде жетсе, тірі қалар еді. Батырдың өзі тұрмақ,ұлы Сұлтаншәріп-ақ жауды қойдай қырып тастар еді ғой. Әттең, амал қанша?!» деп ұзақ үнсіз отыратын әкем марқұм. Бұл оқиға Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» тарихи романының бес жүз тоқсан алтыншы бетіндегі үшінші бөлім, бірініші тарау, «қаралы күндердесінен» оқысаңыз, кейіпкерлердің есімі және барлық шындық егжей-тегжейлі жазылған.

Бүгінде түрлі мәдени шаралар мен мерейтойлар өткізіліп, батырды ұрпақтары ұлықтап жатыр. Бәрін айт та, бірін айт, батырдың бүкіл ғұмырындағы өнегелі істері мен елін-жерін сүйген қайтпас рухынан бүгінгі ұрпақтың үйренері көп.

Батыр тұлғасы бейне бір тау сияқты. Таулар алыстаған сайын биік көрінеді. Батыр да тура сондай, жылдар жылжып, уақыт өткен сайын рухы асқақтап, биіктей береді.

 

Қайсарбек Кәнзалұлы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: