|  | 

Сұхбаттар

Қытайда ақпен соғысқан қазақ

Қытайда тұратын қазақ жазушысы Баяхмет Жұмабайұлы.

Қытайда тұратын қазақ жазушысы Баяхмет Жұмабайұлы.

Қазақстанда туып, Қытайда қаза тапқан Зуқа батырдың 150 жылдығы Алматы облысында өтіп жатыр. Тарихшы ол кісіні «әділетсіздікпен күрескен адам» деп сипаттайды.

Зуқа батырды еске алу биыл қаңтарда Түркияның Стамбул қаласында басталып, кейін Австрия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытайда өткен. Солардың қорытындысы есебінде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылында өтіп жатқан шараға марқұмның Еуропа елдерінде тұратын ұрпақтары да келді.

Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойына арналып тігілген киіз үйлер. Алматы облысы.

Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойына арналып тігілген киіз үйлер. Алматы облысы.

 

Қазақстандағы жиынға Қытайдан келген жазушы Баяхмет Жұмабайұлы 1866 жылы Зайсанда туып, 1929 жылы Алтайда қаза тапқан Зуқа батырдың өмір жолы жайлы айтты.

Азаттық: – Зуқа Сәбитұлының Қытай бетіне өтуіне не себеп болған?

Баяхмет Жұмабайұлы: – Зуқа Шығыс Қазақстандағы Зайсан өңіріндегі Сайхан тауының ішіндегі Абызқора деген жерде дүниеге келген. Үлкен атасы Нұрмұхаммед абыз атанған адам. Ал әкесі Сәбит Хиуа мен Уфадан білім алған, тоғыз жасынан 25 жасына дейін оқудың соңына түскен оқымысты адам болған. Зайсаннан Алтайға дейінгі аралықта жеті медресе ашып, 553 шәкірт тәрбиелеген. Әкесінен оқыған Зуқа жеті жасында қари атанып, Құранның 30 парасын жатқа білген.

Зуқаның арғы бетке өтуіне әділетсіздік себеп болса керек. Ол кезде ел басқару жүйесі болыс арқылы жүргізілетін еді ғой. Зуқа ел басқарып отырған болыстардың әлсізге зорлық қылып, әлдіге жақтасқанын көріп, патша атына арыз жазады. Осы арыздан кейін Зуқаға қысым көрсетіле бастады да, ол кісі амалсыз туыс-туғандарын бастап, 15-16 жасында Қытай жеріне өтіп кеткен.

Азаттық: – Қытайға кеткен Зуқаның артта қалған елімен байланысы болған ба?

1920 жылдары қызылдардың қудалауынан ығысқан Алашорда үкіметінің азаматтары Зуқа батыр ауылын паналаған.

Баяхмет Жұмабайұлы: – Зуқа батырдың өмір сүрген кезеңі қазақ даласын патшалық Ресейдің басып алуымен, одан кейінгі қызыл большевиктік үкіметтің орнауымен тура келді. Сол тұстағы қиян-кескі күрестер мен озбырлықтарды көзімен көрді, соған қарсы күрестерді басынан өткізді. Оны саяси тұлға ретінде қарауға болады. Қазақ даласында өткен алғашқы құрылтайға да келіп қатысқан. Ол туралы мұрағаттық құжаттар бар. Сондай-ақ кезінде Алаш үкіметі мен Зуқа батырдың арасындағы байланыс туралы деректер бар. 1920 жылдары қызылдардың қудалауынан ығысқан Алашорда үкіметінің азаматтары Зуқа батыр ауылын паналаған.

Азаттық: – Ол кісі Қытайда кім-кіммен соғысқан?

Баяхмет Жұмабайұлы: – 1920 жылдары қызылдан күйрей жеңілген ақ армиясының 1500-дей әскері Іледен өтіп, Қытай жеріндегі Шонжыға дейін барды. Ал 11 мың әскерді бастаған генерал Анд­рей Бакич Тарбағатайдан өтіп, Алтайға жетті. Олардың сол жердегі халыққа көрсеткен қиянатын айтып тауыса алмайсыз. Тіпті Алтай аймағын басқарып тұрған губернатордың жүрегі қорқыныштан жарылып кеткен. Сол кезде ақтарға қарсы шыққан жалғыз адам Зуқа батыр еді. Ол ақтардың бетін қайтарды.

Сол тұста Маньчжурия үкіметі өте әлсіз еді. Соның салдарынан бір жағынан патшалық Ресейдің әскері кіріп ойран салып жатса, екінші жағынан Моңғолия мен ағылшын әскерлері де озбырлықтарын жүргізіп жатқан. Моңғол әскерінің шабуылын Зуқа батырдың қосыны бес мәрте тойтарған.

Азаттық: – Зуқа батырдың көбіне ақтармен және моңғол әскерімен соғысқанын айттыңыз. Бірақ ол кісіні қытай билігі өлтіртпеді ме?

Баяхмет Жұмабайұлы: – Ол кісі биліктің әділетсіздігіне қарсы тұрды. Үкіметтің жергілікті тұрғындарға салған алым-салығына қарсы шығып, оларды алдырмай қойды. Сол себепті үкімет бұл кісіге қарсы болды, жиі-жиі қақтығысып қалып отырды. Қытай үкіметі Зуқа батырдың басын алғаннан кейін халыққа сұс ретінде Алтайдағы қара көпірге 14 күн іліп қойды. Бірақ бұл жұрттың еңсесін баса алмады, керісінше ыза-кегін арттыра түсті. Зуқаның артында қалған ұлдарына қауіп төнді. Батырдың үлкен ұлы Солтаншәріп бастаған тұтас ауыл алдымен Баркөлге қоныс аударды. Бірақ кейін орнаған Шыңсысай үкіметінің қудалауы ақыры оларды Гималай арқылы Үндістанға, одан Түркияға қоныс аударуға мәжбүр етті. Қазір батырдың ұрпақтары Еуропада тұрады.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Азаттық  радиосы

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: