|  |  | 

Саясат Қазақ шежіресі

Елбасы Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі болып саналатынын айтты.

Елбасы Жапония Парламентінде сөз сөйледі-деп хабарллайды Ақорда  баспасөз қызметі.
Жапония, Токио қаласы

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінде сөз сөйлеуге мүмкіндік алғаны үшін ризашылық білдірді.

 Елдеріңіздің Заң шығару жиналысы халық билігінің тамыры терең тарихи дәстүріне ие бола отырып, мемлекеттің демократиялық тұрғыдан табысты дамуына зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда Жапония көп сала бойынша көш бастап тұр, ол – экономикасының өсімі жөнінен әлемдегі үшінші ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жапон халқының еңбексүйгіштігі мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлығы елдің өркендеуіне септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

– Жапонның «кайдзен» философиясы тек басқару мен технологиялық биіктерді бағындыруға ғана мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар қазынасына қосылды. Жапон халқының ойлау жүйесі қазақтардың дүниетанымына жақын әрі онымен үндес екенін айта аламын. Бізді халықтарымыздың қиын да күрделі, кейде тіпті тақсіретті тағдыры тығыз байланыстырады. Қазақстан мен Жапония жаппай қырып жоятын қарудың бүкіл қасіретін бастан өткерді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында Қазақстанның атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып, ядролық қауіптен ада әлем қалыптастыру үшін бірлесе күш-жігер жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.

– Біз Жаһандық антиядролық қозғалыс құруды маңызды міндет деп санаймыз. Біз ұсынған «АТОМ» жобасы да дәл осы мақсатты көздейді. Жапон достарымызды осы бастамаға қолдау көрсетуге шақырамын. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанның ұсынысы бойынша Ядролық қарудан ада әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация жөнінде қарар қабылдады. Біз ұсынған БҰҰ қарарына Жапония да тел автор ретінде қосылды. Сол қарарға сәйкес, менің өз жарлығым арқылы полигонды жапқан күн – 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жарияланды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапония Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі 9-шы конференцияның тең төрағасы міндетін атқаруға кіріскенін және соған орай тараптар аталған құжаттың тезірек күшіне енуіне қатысты маңызды екі саяси мәлімдеме қабылдағанын еске салды.

Қазақстан Президенті биылғы наурыз айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде жария еткен өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне де тоқталып өтті.

– Онда мен соғыстар мен қақтығыстардан ада әлемге қалай қол жеткізетініміз туралы ой-пікірлерімді ортаға салдым. Бұған қоса, мен Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін халықаралық сыйлық тағайындау туралы шешім қабылдадым. Ол біздің планетамызда халықтардың бейбіт қатар өмір сүруін орнықтыруға бағытталған игі қызмет атқарған әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлерге құрметімізді білдіруге арналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда ядролық қарудың қолданылу қаупін «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан бергі қай кезеңге қарағанда да жоғары екенін атап өтті.

– Әлем жаңа ядролық дәуірге бет бұрды. Ол әлдеқайда қатерлі және оның барысын алдын ала болжап-білу мүмкін емес. ХХІ ғасырдың ең күрделі проблемаларының бірі – ядролық терроризм қаупі, сондай-ақ ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымы. Жаһандық ойыншылар арасындағы сенімнің бұрын-соңды болмаған дағдарысы ядролық қаруды қолданудың алдын алу кепілдіктерінің де тығырыққа тірелуіне әкеп соқтырып отыр. Бүгінгі таңда осы ұнамсыз үрдістерді тоқтату үшін барлық жаһандық көшбасшылардың саяси ерік-жігері ауадай қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударып, Азия елдері арасында өзара сенімді нығайтудың маңыздылығын және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымына айналдыру қажеттігін атап өтті.

– Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі міндетін атқаратын болады. Қазақстан мен Жапонияның 2017 жылы Қауіпсіздік кеңесі қызметіне қатысу мерзімінің сәйкес келуі алдағы уақытта өзара іс-қимылды қолға алуға қосымша мүмкіндіктер туғызады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көптеген жапондықтың тағдыры Қазақстанмен байланысты екенін атап өтті.

– Кеңестік Қазақстандағы қиын кезеңде тағдыры тәлкекке түскен жапон әскери тұтқындарының асқан ауыр жағдайдағы төзімділігі әлі күнге дейін біздің жадымызда. Біз туысқандарының тағдыры туралы білгісі келетіндердің бәріне қажетті көмек көрсетуге әзірміз, – деді Елбасы.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев жапон парламенті мүшелеріне лагерьден босағаннан кейін Қазақстанда қалған әскери тұтқын Ахико Тецуроның оқиғасын әңгімелеп берді. Өз Отанына келіп кеткеннен кейін ол біздің елге қайта оралып, отбасымен бірге осында тұрып жатыр.

Елбасы қазіргі уақытта жетекші державалар Еуразия кеңістігінде бірқатар интеграциялық жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

– Бейбіт, тұрақты, гүлденген әрі экономикалық тұрғыдан қуатты Еуразияны қалыптастыру бәріміз үшін тиімді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазір біздің республикамыз бұл идеяны ілгерілету жұмысын жүргізіп, соның ішінде бірқатар инфрақұрылымдық жобаны іске асырып, ЕАЭО-ны және Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасын ұштастыру бағытында жұмыс істеп, сондай-ақ «ЕАЭО – Еуропалық одақ» диалогына бастамашылық етіп отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде еліміз жоспарлы әкімшілік жүйеден нарық жүйесіне көшіп, ауқымды қайта құрылу кезеңін бастан өткергенін және қазіргі уақытта «100 нақты қадам» ұлт жоспарын қабылдау арқылы маңызды институционалдық реформаларға кіріскенін жеткізді.

– Жобаны іске асыру аясында азаматтық қоғам институты мен экономикасы дамыған үйлесімді саяси жүйесі бар ХХІ ғасырдағы Қазақстанды қалыптастыру көзделген. Мұның бәрі елімізге жаһандық жағымсыз трендтерге лайықты қарсы тұрып, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Осы үлкен мақсатымызға жету жолында Жапониямен арадағы ынтымақтастыққа зор үміт артамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі болып саналатынын айтты.

– Біз ғылымды қамтитын салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға, сіздің елден озық технологиялар мен ноу-хау тартуға мүдделіміз. Жапония компанияларын Қазақстандағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына және жекешелендіру жөніндегі ауқымды науқанға атсалысуға шақырамыз. Стратегиялық серіктестік пен елдеріміз арасындағы өзара түсіністік рухы қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы бұл сапар елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толу қарсаңында өтіп отырғанына назар аударды.

– Өзара тиімді іс-қимыл мен жасампаздық сипаттағы сенім Азиядағы жақындасудың кілтіне айналады деп сенемін. Қазақстан мен Жапония халқы бірлесіп, өңірімізді өркендету және халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілету ісінде маңызды рөл атқара алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: