|  |  | 

Руханият Әдеби әлем

Ит болғым келедi

Марқұм Герольд Бельгер жазушы Тұрысбек Сәуке­таев­тың шығармашылығын жоғары бағалаушы едi. Бұл жөнiнде жазды да. “Қазақтың сыншыл ойы”, “ұлттың сыншыл ойы” деген ұғымдар Мағжан Жұмабаевпен, Жүсiпбек Аймауытовтармен бiрге үзiлiп қалмағаны, оның жалғаса беретiнi және жалғасып келе жатқаны да аян. Көркем әдебиет – ежелден қазақтың сыншыл ойының ұясы, iрi ошақтарының бiрi. Өзiнiң көркем шығармаларында ұлтымыздың сыншыл ойын өрiсте­тiп жүрген дарынды, зерделi жазушыларымыздың бiрi –   сөз жоқ, жазушы Тұрысбек Сәукетаев.
Т.Сәукетаев жақында “Мен – жындымын” деп аталатын роман жазып бiтiрдi. Төменде ендi осы романнан үзiндi жариялап отырмыз. 
Астанада жындыхана жоқ екен. Мұнда тек денi дұрыс, ақылды адамдар тұратын болса керек. Ағат қылық, оғаш ойдан аулақ момақан адамдар. Шынында да, осындай әлемде жоқ әсем қалада тұрып, жаман бiрдеңе­лердi ойлау ұят емес пе?! Жоғалсын, жындылар жоламасын бұл қалаға! Аттандап, ағаш басына өрмелеп жүре берсiн өздерiнiң бұзық Алматысында. Хаттап-шоттап бiр күндей камерада ұстады да, бәрiмiздi ертеңiнде әспеттеп ұшақпен Алматыға жөнелттi.
Екi айдауыл бiздi iркiп, өзге жолау­шылар түсiп болған соң ғана сыртқа шығарды. Ұшар басын мұнар шалған ақ шыңдар апайтөсiн айқара ашып, келдiң бе деп қарсы алдымнан шыға-шыға келдi. Тұлдыр кеңiстiктен тиянақ таппай запы болған көзiме айналайын Алатау оттай басылды. «Ассалаумағалейкум, Ала­тауым!» дедiм таңғы ауаны дауысым жаңғырықтыра басымды иiп.
Траптың түбiнде кресi ырсиған, терезесi торлаулы көк машина құй­рығын айқара ашып тұр екен. Үстiн­дегi ақ халатқа әзер сыйып тырсиып тұрған сом иықты дәрiгер жiгiт:
– Iштерiнде «буйныйлар» бар ма? – дедi қолындағы темiр қобдишасын ырғап. Айдауылдардың шенi үлкенi басын шайқады:
– Бұл – «Z» тобындағы пациенттер.
– А-а!..
Көк машина зымырап отырып, Каблуковтағы әйгiлi жындыханаға алып келдi. Биiк темiр қақпа, бетон дуал үстiне үш қатар тiкенек сым тартыл­ған. Ақ, көк халат кигендер­дiң бәрi зiңгiттей еркектер. Бұйырып, ақырып сөйлейдi. Айтқанын лып етiп сол бойда орындауың керек, әйтпесе сөз шығындамай желкеңнен бiр-ақ түйедi. Шашымызды сыпырып, моншаға бiр тоғытып алды да, бiркелкi шұбар дамбал, шұбар халат кигiздi. Шұбардың үйiрiндей кең дәлiзде шұбырып жүрмiз. Дәлiз бойындағы қаз-қатар есiктерге бiр-бiр сүңгiп шығып, тұйықтағы ем-дом кабинетiнiң алдына топырладық. Төрт-төрттен кiргi­зiп, укол салды. Именiп кiргендер жамбастарын сипалап ыңырсып шығып жатыр. Кезегiм келгенде қорқасоқтап мен де кiргенмiн. Шприцте­рiн сайлап, қарсы алдымызда жалаңдап тұрған мейiрби­келердiң шет­кiсiне көзiм түскен бойда селк ете түстiм. Роза! Бадырақ көз, кер­тiк танау, иегiнiң ұшында бұршақтай меңiне дейiн сонiкi. Сонда да сенiңкiремей мойнындағы бейджiне қарадым: «Роза Тәкенова». Нақ өзi! Үмiттiң сыныптас құрбысы. Екi-үш рет паркте бiрге болғанбыз. Қыз да танып абдырап қалды. Амандасайын деп ұмсына берiп едiм, түсiн суытып ала қойды. Қабағын түйiп, басын шайқағандай болды. Түсiне қойдым да сыр бiлдiрмеуге тырыстым. Бiр жағынан мендей жындыны танимын деуге намыс­танып тұр ма деп те ойлап қоям.
– Жүрiңiз!
Басқа медбике алдын орап кет­песiн дегендей лып етiп жеңiмнен ұстады да қоңыр шкафтың қалқасына қарай жетеледi. Оңашаланған соң бетiме мейiрлене қарап, бар ықыласын үнсiз бiлдiрдi де сұқ саусағын ернiне басты – сыр бiлдiр­мейiк дегенi. Қағазға «аға, кейiн сөйлесемiз» деп жазды да жыртып, қалтасына салып алды. Алдын ала дайындап қойған шприцтiң iшiнде­гiсiн қолжуғышқа төгiп, басқа бiр ампула сорғызды. Бiрге кiрген үшеу үш жақта бiрi ойбайлап, бiрi айғайлап, бөлменi азан-қазан етiп басына көтерiп жатыр. Шприцтiң инесi берi бұрылғанда-ақ құйрығым дiр-дiр қағып, «твист» тебе бастаған. Бiрақ маған салған укол ешқандай әсер еткен жоқ. Роза «сiз де аналар сияқты айғайлап қойыңыз» дегендей ым жасады.
– Ой-ой, ауырып кеттi!.. – деп аналардан асырып айғай салдым.
– Шыдаңыз!..
Үш жолдасымның түрлерiне қарап, солар не iстесе, соны iстеп, есiктен шығып кеткенше ролiмдi жал­ғастыра бердiм.
Розаның ишарасынан сұм жүре­гiм әлдененi түйсiнгендей, қасымдағылардың бет-жүзiн көз қиығыммен бағып келемiн. Бәрiнiң қабағы кiржiюлi, укол соққан аяқтарын ауырсынып, сүйреп басады. Мен де қосыла ақсаңдап, бетiмдi тыржиттым.
Сырттан айналдырып әкелiп, бiр қанаттағы үлкен казармаға кiргiздi. Босағаның қайрылысындағы қос ярусты, бос тұрған темiр кереуеттерге жайғастық. Кiсiлер сыртта серуенде жүрсе керек, казарма iшi бос. Жолдас­тарым бiртүрлi дел-сал болып қалғандай, қимылы сылбыр, үн-түнсiз төсектерiне қисая кеттi. Мен де жантайдым. Бiр көзiмдi жартылай жұмып, бiр көзiмдi жартылай ашып, айналамды байқастап жатырмын. Сәлден кейiн жұрттың алды келе бастады. Бұл жердiң адамдары бiртүрлi қызық, бiзден де өткен жынды ма деп қалдым. Бiр-бiрiмен жақындасып, тiл қатысу дегендi бiл­мейтiн сияқты. Әрқайсысы өзiмен-өзi. Айдалада жападан-жалғыз жүр­гендей, бадырайып бетiңе қарағанмен, тұманданған ойсыз жанары ештеңенi көрмейтiндей, бар-жоқты сезбейтiндей. Бәрi ала киiмдi, тақыр бас. Бiрiнен бiрiн айыру қиын. Бiр адамның қаз-қатар қойылған көп айнадағы суретi сияқты бiр қарағанда. Мөлиген мүләйiм көз, қимылдары сылбыр, бәрiн бiр қалыптан шыққандай зәбiрсiз, жуас қып қойған қандай құдiрет екен? Бiраз көз үйренгеннен кейiн кейбiрiн шырамытқанда шошып кеттiм. Мәссаған, мыналар әлгi кешегi саяси алаңдағы серкелер ғой, оппозиция жетекшi­лерi. Газет, теледидар арқылы жүз­дерi таныс, жазса қаламынан у тамып, сөйлесе сөздiң түбiн түсiрiп, мүлгiген марғау көкiректi дүр сiлкiндiрiп, жай оғын ойнатқан жампоздар едi… Арагiдiк кезiнде депутат, министр болып, қызметiнен түсiп қалғаннан кейiн терiс-қағыс сөйлеп, үкiметтi сынап-мiнегендер де жүр. Ешқайсында бұрынғы от-жалынның ұшқыны да жоқ. Ойсыз көзде шаптап қойған суреттей меңiрейген ессiз жымиыс. Жүрсе де, тұрса да селт етпес бейғам қалпынан айнымайды. Ешқайсының бiр-бiрiмен шаруасы жоқ, қарадан-қарап өз бетiмен сөйлеп, күбiр­леп, арлы-берлi ойқастаған бiреулер. Шала жұмылған көзiмнiң сызатынан қалт жiбермей бәрiн бақылап жатырмын. Сықылықтаған дауысқа жалт қарасам, жаңа ғана жанымнан емпеңдей өткен ұзын сары – бiр кездерi «Мiн­бердiң» бетiнен түспей­тiн сайыпқыран публицист төсегiнiң үстiнде тыр жалаңаш шешiнiп тастап, бұтының арасын жаңа көргендей өз-өзiнен мәз-майрам болып отыр:
– Мама, үлкен болғым келмейдi. Мен – лялечкамын. Мiне, қарашы, куп-куп!.. – деп, денесiн бүрiстiрiп бүкшиген сайын сәбидей боп шөгiп, кiшiрейiп бара жатқандай. Көк көрпенiң бетiн су сияқты қос уысымен көсiп алып төбесiне төңкередi. Жынды болсам да, жағамды ұстадым. Жаңа машинкамен сыпырып тастамағанда төбе шашым тебен инедей тiк тұрар едi. Күлер-күлме­сiмдi бiлмей тосылып тұрсам, бұл мен көрер тамашаның беташары ғана екен. Кереует­тердiң арасында үн-түнсiз теңселiп жүрген қушық иық, бадырақ көз жiгiт кенет кеуде­сiн жұдырығымен түйiп-түйiп жiбе­рiп:
– Я – Жириновский! – деп тумбочкаға секiрiп шықты. –Пора, товарищи, собирать камни. Мы к семнадцатому году восстановим постсоветское пространство, кроме Прибалтики. Конец войны близок. Врагам не будет никакой пощады, мы их будем мочить, хоть где, даже в сортире! Хороший чеченец – мертвый чеченец. Пух-пух!.. – деп сұқ саусағын кезеп айналасын «атқылай» бастағанда, қан құмартқан жендеттей жiңiшке ерiнi жымқырылып, көзi шүңiрейiп, шынында да ВВ-дан айнымай қалды.
Мұндағылардың әрқайсысы бiр-бiр концерт екен, қайсысын тамашаларыңды бiлмейсiң. Әне, қорбаңдаған шоңмұрын, жылтыр қара орнынан ұшып тұрып, бұрышқа барып тұра қалды. Көзiн төңкерiп, белiн бұраңдатып, қыздан бетер қылымсып бiраз тұрды да:
– Сiздердiң алдарыңызда КСРО халық артисi Күләш Байсейiтова ән шырқайды! – деп екi қолын кеуде­сiне айқастырып, бiр тiзесiн бүге тағзым еттi. Дауысы мұндай сүйкiм­сiз болар ма, Күләш болам деп шырылдағанда, құлағыңа ине сұққылағандай тұла бойың түршiгедi. Құлақ бiткендi қинап «Гәккудi» аяғына дейiн айтып шықты. Ақырында «Гәкку, гәкку, га-га-га-гәк-гәк…» дегенде тынысы жетпей, аузы ашылған күйi, көгерiп-сазарып жерге сылқ етiп отыра кеттi.
Сәт сайын қызықтың неше түрiн көре-көре таңырқаудан жалыққандай болдым. Мына бейбақтардың денi өздерiнiң кiм екенiн бiлмейтiн сияқты. Аты кiм, қайдан келдi, бұрын не iстедi… – бiрi де есiнде жоқ. Өздерiн ұмытқан, миларының қатпарында қалған әлдебiр жаңғырық, елеспен өмiр сүретiндей.
Ымырт түсе бiр әредiкте қасымызға Роза келдi. Маған бұрылмастан басқа жаққа қарап:
– Жүз он жетi қайсың? – дедi. Бәрiмiз бiр-бiрiмiзге қарадық. Сөйтсем, менiң кеудешемнiң сол жақ төсi мен арқасындағы жазу «117» екен. Бұл жерде менiң аты-жөнiм жоқ. Ендiгi атым да, затым да – 117.
– Менмiн, – дедiм.
– Жүрiңiз процедураға!
Роза алдыма түсiп қаздаңдай жөнелдi. Кабинет оңаша екен. Iшке кiрген соң бетiндегi қатқыл масканы сыпырып тастағандай жүзi жылып, маған жымия бiр қарап қойды.
– Кешiрiңiз, аға! Осылай iстеуге тура келедi, – дедi ешкiм жоқ болса да жартылай сыбырлап. – Бағана алғаш көргенде сыр бiлдiрiп қоя ма деп шошығаным-ай, түсiне қойғаныңыз жақсы болды.
Терiс қарап дәрi-дәрмектi дайындаған боп күйбеңдеп жүргенмен аузы сөзде. – Ағатай-ау, мұндай күйге қалай тап боп жүрсiз?
– Сен сұрама, мен айтпай-ақ қоя­йын, қарындасым. Өмiр деген үлкен жолдың өр-ылдиы көп қой.
– Қай жерге келгенiңiздi бiлесiз бе?
– Бiлемiн. Жындыхана. Бидайдың барар жерi диiрмен емес пе.
– Жындыхана деген аты ғана.
– Маған бәрiбiр. Далада қаңғып жүргеннен қайта осы жақсы. Қайда түнеймiн, не iшiп-жеймiн деп уайымдамаймын.
– Қойыңызшы, аға. Баланың сөзiн айтпаңыз. Бұл жер емдемейдi, жындылар жасайтын «фабрика»!
– Мен онсыз да жындымын ғой…
– Жындысыз ба, жоқ па – өзiңiз бiлесiз. Бiр айдан кейiн ана айналаңыздағы адамдардай боласыз! Өздерiнiң аты-затын да, не iстеп, не қойғанын да бiлмейдi. Ес-ақылынан айырылған меңiреулер.
Әлгiде ғана өзiм «концертiн» тамашалағандарды есiме алғанда зәре-құтым ұшып кеттi. Тұйыққа тiрелгендей шарасыз халден үнiм шықпай, көзiм жыпылықтап отырып қалдым. Мен қиналсам, жаны қосыла үзiлiп тұрған Роза:
– Жарайды, аға, бiр амалы табылар, – дедi көңiлiмдi беркiндiрген болып. – Тек менiң айтқанымды бұлжытпай орындаңыз. Мына укол да, таблеткалар да – өте күштi психотроптық дәрiлер. Жаңадан шығарылған, шеттен әкелiнедi. Бiр-бiр жарым ай iшiнде миыңыздағы жадыны көйлектiң кiрiндей шайып, «Қамажай» деп әндетiп жүретiн тәтейге айналып шыға келесiз. Құдай ондайдан сақтасын! Мен бағана сiзге глюкоза салдым, дәрiнiң орнына зиянсыз таблетка бердiм. Күнде шамам келгенше сөйтiп отырамын. Тек ем қабылдағандай боп, қасыңыздағы жолдастарыңыз не iстесе, сiз де соны iстеңiз.
– Артист бол дейсiң ғой?
– Жай артист емес, ұлы артистiң дарыны керек. Науқастарды мұнда бұрынғыдай айлап-жылдап ұстамайды. Орын жетiспейдi. Қосымша аурухана салу үкiметке тиiмсiз. Сондықтан осындай күштi дәрiлермен бiр-екi ай емдеп, науқастың мiнез-құлқын «залалсыздандырған» соң шығарып жiбередi.
Бiрге келген он бiр жiгiт бiр бұрышта қатар жатамыз. Әзiрге жiгiмiз жазылған жоқ. Менiң ендiгi жерде бағатыным – солардың iс-қимылы. Қалт жiбермеймiн. Ыңырсыса – ыңырсимын, қиналып дөң­бекшiсе – мен де қосылып беремiн. Тепсiнгенде темiр үзбесе де, анау-мынау тайыншаны омақастыратын атанжiлiк азаматтар едi. Күн өткен сайын шөжiп, семiп, көз жанары майы таусылған шырақтай өлеусi­реп өшiп барады. Ешкiм еш­кiммен сөйлеспейдi, әркiм өзiмен-өзi. Айналасында бiреу бар ма, жоқ па, не боп, не қойып жатыр – ештеңемен шатақтары жоқ. Бас­тары салбырап, қолдары тiзесiне түсiп, мең-зең теңселiп сүлкидi де қалды шеттерi­нен. Солардың жүрiс-тұрысын, жылағанын, күлгенiн, ойсыз меңiреу сүлдерiн қайталаймын деп бiрте-бiрте әбден рольге кiрiп кеттiм. Кейде расы қайсы, ойыным қайсы – өзiм де ара-жiгiн айыра алмай қаламын. Бақылап жүрген Роза риза болса керек, көрген жерде ақырын сыбырлап:
– Жарайсыз, аға, сiзден тамаша актер шығады екен! – деп қояды жымиып.
***
Бiздiң елде не көп – мейрам көп қой. Солардың iшiндегi әкiмқара он өлiп, жүз тiрiлiп бар өнерiн салатын ең ұлық мереке – сайыпқыран сәруардың туған күнi. Сол күннiң бiзге де шарапаты тидi, күндегiдей емес, кеңшiлiк. Бiлектерiн сыбанып дәлiзде ойқастап жүретiн бақылаушылар да, сабылыс­қан дәрiгерлер де жоқ. Ем-дом жасайтын бiрдi-екiлi мейiрбике ғана қалған. Роза менi оңаша бөлмеге ертiп әкеп ыстық кофе бердi, мейрамның дәмi деп алдыма үйден әдейi әкелген жылы-жұмсағын қойды. Ас жегендей ау­зымның дәмi кiрiп қаужаңдап қалдым. Роза күрең кофенi ұрттап қойып:
– Сiз қандай төзiмдi адамсыз, аға! – дедi бетiме тесiле қарап.
– Басқа түскен соң төзбеске не һайла!
– Жоқ, оны айтпаймын. Осында келгелi бiр рет те Үмiттi аузыңызға алған жоқсыз ғой. Әлде ұмыттыңыз ба?
Үмiттiң атын естiгенде көкiрегiм солқ етiп, астаң-кестең қопарылып кеткендей.
– Ендi одан пайда не? – дедiм қинала күрсiнiп.
– Екеуiмiз «Skype»-пен хабарласып тұрамыз. Ылғи сiз туралы сұ­райды.
– Рақмет. Құдай бағын ашсын!
– Сiз оған ренiштiсiз бе?
– Жоға. Мен – жынды, ол – сау адам. Қандай ренiш болуы мүмкiн?
– Қазiр Тегеранда тұрады.
– Естiгем. Ол бақытты болуға әбден лайықты. Күйеуi де тамаша жiгiт көрiнедi. Бағына жақсы адам жолыққан ғой.
– Иә, Ирандағы ең ықпалды әулеттiң мұрагерi. Астық магнаты екен. Тағдырдың жазуын айтсаңызшы, Алматыдағы халықаралық сауда-саттық көрмесiне келгенде танысыпты. Бiрақ әлi күнге өкiнем дейдi.
– Несiне өкiнедi?! Мен оған ондай байлықтың миллионнан бiрiн сыйлай алмас едiм!
– Бақыт байлықпен өлшенбейдi ғой!
– Ол – риторика. Тойып секiргенде айтылатын құр сөз. Пенде түгiлi перiштенiң өзi алтын көрсе, жолдан таймай ма. Ол үлде мен бүлдеге малынған жақсы өмiр, жайлы тұрмысқа ұмтылатын. Ақыры мұратына жеттi. Ендi не нәрсеге риза емес?
– Ол: «Менде бәрi-бәрi бар, бiрақ ештеңе жоқ. Өйткенi жүрегiм бос, оны ештеңе толтыра алмайды» дейдi.
– Жүректi қанағат қана толтырады. Бiрақ пенде баласы барға шү­кiр­шiлiк етпей, жоққа ұмтылады. Жоқты iздеп – барын жоғалтады. Адасу деген сол. Әр адам өз жоғын iздеп, үмiт дүниесiн кезген жолаушы секiлдi.
– «Сол бiр шөп күркедегi күнде­рiм қайта айналып келер болса, дүниенiң бар байлығын тәрк етер едiм!» дейдi.
– Өткеннiң бәрi – өкiнiш. Алданышты алдан ғана iздеймiз. Бәлкiм, өмiрдiң мәнi де, қызығы да сонда шығар. Үмiт қуып адасасың, адасып жүрiп жол табасың.
– Айтпақшы, мен сiзге бiр қызық айтайын. Оның тұңғыш ұлы сiзге тартып туыпты!
– Қой! – дедiм тосын сөзден шошын­ғандай селк етiп. – Ондай қиянатым жоқ сияқты едi ғой?
– Ол жағын өздерiңiз бiлесiздер. – Роза көзiн төңкерiп, күлiмдей қарады. – «Ол менiң мұңым мен махаббатымнан жаралған бала. Бойыма бiткенде сiздi көп ойлап, көп мұңайып едiм, содан сiзге ұқсаған шығар, – дейдi. – Ендiгi жұбанышым сол. Сiздi аңсағанда, оралмас күндерiмдi сағынғанда, соны иiскеп мауқымды басам» дейдi.
– Көңiлiнде жүргенiме көп рақмет!
– Сiз оны сағынбайсыз ба?
– Ойлағым келмейдi.
– Неге?
– Қорқамын…
Ары қарай сөйлей алмадым. Тереңнен лап етiп лықсыған ыстық толқын кеңiрдегiме кептелiп қалғандай. Үн-түнсiз орнымнан созалаңдай тұрдым да есiкке беттедiм. «Әй, Роза-ай, ескiнi еске сап, сыздаған жараның аузын тағы тырнадың-ау!». Мен кiмдi ұшпаққа жеткiзгендей адаммын, шетке кетiп, теңiн тауыпты дегенде, аяулымның бал-бұл жанған жүзiн елестетiп, «ең болмаса, сен бақытты болшы!» деп, соны көңiлiме медет қылушы ем. Сөйтсем ол да өксiгiне тұншыққан мұңлық екен ғой!
Жатсам да, тұрсам да Үмiттiң кейiстi, қасiреттi бейнесi көз алдымнан кетпей, апта бойы есеңгiреп жүрдiм. Көптен көрiнбей кеткен Қара шал елес берiп, құлағыма сыбырлады:
Жегiлiп ит тiрлiктiң арбасына,
Жақындап келемiз-ау жар басына.
Өмiрдiң боқбазарын алданыш қып,
Күндер, күндер сүреңсiз жалғасуда.
Iлесiп ескi күннiң елесiне,
Жағасына теңiздiң келесiң бе?
Тулаған толқындардың көз жасынан
Үмiттiң ақ маржанын тересiң бе?
Арамыз қол жетпестей жырақталды.
Уақыт бiрақ сыбырлап
 сыр ақтарды:
Қос жүрек қош айтысқан жағалауда
Пәк махаббат бейкүнә жылап қалды.
Сезiп ем жететiнiн бiр хабардың,
Кеудемдi буындырып шырмаған мұң.
Өксiгiмдi тыңдарсың дауысынан
Ұшып өткен төбеңнен тырналардың…
Миларға жасалған «күрделi жөндеу» жұмыстары көп өтпей-ақ өз жемiсiн бердi. Бiр лекпен келген тағдырластарым бiрiнен кейiн бiрi адам танымастай өзгерiп бара жатты. Қауқиған сырты ғана кiсi, iшкi мән, ой-сезiмдi әлдебiр қатыгез қол сылып алып тастағандай. Әлдекiммен ұрыс­қандай өзiнен-өзi кiжiнiп, теп­сiнiп күбiр-күбiр сөйлеп жүрген, ыржалақтап күлiп жүрген бiреулер. Қарадан-қарап жылай салады. Еденге төртаяқтай кетiп, бала сияқты «дө-дөт» деп «машина» айдап кете­дi. Не iстеп, не қойғанын бiлмейтiн ақыл-ессiз мақұлқат, меңi­рейген құр сүлдер. Шошынсам да тесiрейген сыншы көзге сыр бiлдiр­меуге тырысам. Мен де осылардың бiрi сияқты боп көрiнуге тиiспiн. Қасымдағылардың қылығын қайталай-қайталай соларға қалай ұқсап кеткенiмдi өзiм де байқамай қалдым.
***
Менiң ит болғым келдi. Еркiн жүре алатын, алаңсыз үре алатын ит менен әлдеқайда бақытты едi. Ең болмаса ит сияқты бақытты болғым келдi. Бәрiбiр менде адамдық бақыт жоқ: ойымдағы сөзiмдi айта алмаймын, жүрiс-тұрысым шектеулi, қия­лымда да, iстеген iсiмде де еркiндiк жоқ. Өзiмше ойлауға, өзiмше түйсi­нiп-сезiнуге болмайды. Бәрiн бiле­тiн, ешқашан қателеспейтiн көрiпкел жалғыз әулиенiң сызып берген сара жолынан бұра тартып ауытқымай томпаңдап тура тарта берудi ғана бiл. Сонда адаспайсың, нұрлы болашақтың пейiшiне тура барып топ ете қаласың, яки бәрiмiз үшiн тек пәр­уардигәрдiң айрықша нұры алқаған сол бiр адам ғана ойланады, көредi, сезедi… қалған нөлдер тек соның жаңғырығы. Өзiмше өмiр сүру үшiн өтiрiк күлiп, өтiрiк қуануым керек, өзiмдi де, өзгенi де алдауым керек. Командирiм кө… кешiрiңiз, жопымнан ыңқита бiр теуiп: «Как твоя жизнь, солдафон мамба?» десе, көзiмнен жасым бұршақтап тұрып: «Жизнь моя хороша, тәбәрiш кәмандир!» деймiн. Һәм сондай екенiне бек сенiмдiмiн, өйткенi күнi менiкi­нен де жаман талайларды көрiп жүрмiн емес пе. «Ей, мырзалар, адам сияқты өмiр сүруге рұқсат етiң­дершi!» деп қанша есiктi қақтым. Бiр есiк тырс етiп ашылған жоқ. Ашыл­ғаны тек, мiне, Жындыхананың есiгi…
Мен ендi жерден бауыр көтер­мейтiн болдым. Еденге етпеттей кетiп төртаяқтап жүремiн. Айналама арпылдап үремiн, ырылдаймын. Iшiмдегi иттiк қыжылымды сөйтiп шығарамын. Ешкiм үндемейдi. «Әй, сен не деп тұрсың-ей?!» демейдi. Рахат! Ит болған расында керемет екен. Адам баласы iштей ниеттенiп, бар ынтасын салса, кез келген мақұлқатқа ұқсай бередi екен-ау. Қоңқайған мұрным мен иегiмдi соза, құлағым қалқайып әуп-әуп еткенде, көз қиығыммен көлеңкеме қарасам, шынында да күржиген кәрi төбеттен аумай қалады екенмiн. Қайқайған құйрығы жоқ демесең, ызақор, қабаған көкшолақтың өзi­мiн. Бетiмнен қақпаған соң еркiнсiп алдым. Шәуiлдеп, абалап, арпылдап, шабалаңдап… итекемдердiң небiр сезiм иiрiмдерiн бейнелеуге икемдi шебер де шешен тiлiмен iшiм босағанша сағаттар бойы үремiн. Әсiресе түн баласында көкiрегiмде қордаланған құса, байланған запыран қозғалып, қозып кетедi. Терезенiң торынан сығалаған сынық мүйiз айға тұмсығымды созып ұлығанда, зарлы үнiмнен сай-сүйегiм сырқырап, екi көзiмнен бұршақтаған жас бұлақ боп ағады. Өздерiн ұмытып, «әншi», «бишi», «артист», «кө­сем»… боп кеткен қасымдағы бейбақтар, менiң зарым әлдебiр тұңғиық түбiндегi түйсiктерiне қозғау салғандай жамырай қосылып, олар да ұлиды. Жындыхананың тар бөлмесiнде тұншыққан зарлы үннен түнгi аспан күңiренiп тұрды. Ұлыған иттер былқылдақ мамық төсекте тәттi-тәттi түс көрiп жатқан әйдiк-нәндердiң ұйқысын бұзса керек, көп ұзамай бiлектерiн сыбанған бiр топ күзетшi казармаға кiрiп келдi де, аузымыздан қара қан ағызып, шетiмiзден қасқыр тамақтаған қойдай жусатып салды. Сөйтiп, менiң ит болуыма да тыйым салынды. Ит бол­ғым келген кезде, тек iшiмнен жасырынып қана ұлитын болдым…
Тұрысбек СӘУКЕТАЕВ
zhasalash.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: