АЛМАТЫ. КӨРНЕКІ ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ
Жұрт сағаттап тұрып қалатын әсіресе Алтын орда базарының алдындағы кептелісті азайту үшін, Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту жұмыстары басталып кеткен.
Бұл аумақта тас жолдың енін он жолаққа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Яғни, әр бағыт үшін бес жолақ қолданысқа беріледі. Келер жылы пайдалануға берілетін Солтүстік айналым мен Бөкейханов көшелерінің қиылысындағы жолайырық “Барахолка” базары аумағындағы кептелісті азайтады.
Ал Сейфуллин мен Жансүгіров даңғылдарының түйіскен тұсына да көлік жолайырығы салынады. Ал Фурманов көшесі Жансүгіров даңғылына дейін ұзартылады. Сондай-ақ, Рысқұлов-Емцов және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылыстарында шағын көлік жол айналымдары жасалмақ. Одан бөлек, қазір қалада “Достық” және “Сарыарқа” метро станцияларының құрылысы жүріп жатыр.
Пікір қалдыру