«Әтпіштің» әңгімесі
Ықылас Ожайұлы I Ана жолы үстел басында бір топ жігіт «Абай жолындағы» Қодар мен Қамқа өліміне қатысты біршама сөзге келіп қалдық. Сондағы Құнанбай қолданған жазаны көбісі надандық пен ескілік қалдығы деп санайды екен. – Адамның ерік-қалауы деген болады, ол бүгінгі ата заңымыздың ақ парағына қара сиямен әдіптеліп тұрып жазылған, – деді алғаш сөз алған жігітіміз. – Сонда қайын атасы мен келіні… – дедім де кілт тоқтай қалдым, арғы жағын айтуға ауызым дауаламай. – Жоқ, – деді ол жұлып алғандай, – Бәрібір де адамның ішкі қалауына ешкімнің де араласуына жол берілмеуі керек. Сол кезде сөзге екінші опономентім араласты. –Немене, адамды міндетті түрде өлтіру керек пе? Мұнан кейін бұлай еш жасамаңдар деп