Ақыт қажы шығармашылығының зерттелуі
Ақыт қажы Үлімжіұлы қазақтың ұлы суреткерлері мен ғұламалары Абай мен Шәкерімнен кейін аты аталатын, күллі қазақ халқына ортақ дүлдүл ақын. Оның өмірі ақынның тарихи отаны Қазақстаннан тысқары жерде өтті. Бірақ, ол қайда өмір сүрмесін қазақтың мұңы мен мұқтажын жырлап, сөз етті. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін аса ауыр болғаны белгілі. Бұл кезеңде Қазақстанда Кеңестік билік орнап, елдің бас көтерер зиялыларының барлығы бірдей жаппай репрессияға ұшырап жатса, Қытайдағы қазақтар гоминдан билеушілерінің езгісінде жанышталып, ары қарай Шың Шы Сайдың зұлымдық саясатының құрбаны болды. Сол кездің тарихи деректерінен тек қазақ қана емес сол елдегі аз ұлт өкілдерінің тағдыр талайының аса аянышты халін көреміз. Ол кезде қазақтар өмір сүрген Алтай