БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ және палуанның өмірінің белгісіз тұстары туралы
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ және палуанның өмірінің белгісіз тұстары туралы Төмендегі Балуан Шолақтың қолдан салынған суреті емес, ФОТОСУРЕТІ. Сәбит Мұқановтан кейін жазушылар Ж.Бектұров, Б.Қойшыбаев және басқалар Шолақ атамыздың фотосуреті болмағанын жазып жүрді. Ал, мен сонау 90-жылдары тауып алған мына сурет -ЕСКІ ФОТСУРЕТ көшірмесі. Мұның фотосурет екендігі Б.Шолақтың артындағы шымылдықтан көрініп тұр. Ал, штрихтап салынған, немесе, акварельмен салынған сурет болса, ол анық байқалар еді. Сонымен бұл- Балуан Шолақтың фотосуреті. Бұл фотоға Балуан Шолақ шамамен 1917-жылы Жетісуда (Алматыда,Верныйда болған кезінде түскен деп шамалауға болады.автор) Астында Б.Шолақтың туған, және қайтқан жылы шамамен 50-60- жылдары жазылған тәрізді. Шамамен 2010-жылдан кейін осы фотопортреттен қарап салған Балуан Шолақтың суретшілер жазған портреттері пайда бола бастады, бірі