“БАЛҚАДИША” әнiн қашанғы бұрмалап айта бермекпiз?
Бiраз күн бұрын “Жiгiттер” квартетiнiң 10 жылдық мерейтойына арналған концертiн теледидардан берiп жатқанын байқап, әндерiне құлақ салдым. “Жiгiттер” тобы Ақан серiнiң “Балқадиша” әнiн өткен ғасырдың 30-жылдарындағы насихат құралына айналдырып, әйел теңсiздiгiн жырлаған Мақсұтбек Майшекин арнайы кiргiзген “Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Күйеуiң сексен бесте, шал, Қадиша”, – деп айтылған нұсқасымен орындады. Осы бiр нұсқаның әлi күнге өзгермей, бояуын жоғалтпай шырқалып келе жатқанына қатты қапалымын. Негiзiнде, Ақан серi Қазiргi Көкше өңiрiндегi Зерендi ауданына қарасты Жыланды тауының баурайындағы Қараөткел жерiне шiлдехана тойына келiп, Ыбырай атамыздың қызы – жиырма жастағы Балқадиша апамызбен кездеседi. Кейiн Балқадишаның Кеңөткел ауылына, өзiнен алты жас үлкен Масабайдың Сүлейменiне ұзатылғанын естiп, зарлы өкiнiшiн осы әнмен шырқаған. Мiне, бар тарихы да, ақиқаты да