Өлгейде «Құс қанатымен жеткен сағыныш» атты жыр кеші өтті
Өлгей қаласында Баян-Өлгей аймағы құрылғандығының 75 жылдық мерейтойы аясында «Құс қанатымен жеткен сағыныш» атты жыр кеші өтті. Баян-Өлгей аймағының әкімі Дәрмен Құзыкейұлының қолдауымен, Баян-Өлгей аймағы әкімдігі мен Моңғолия Жазушылар Одағының Қазақ кеңесінің ұйымдастыруымен өткен рухани кешке атажұртта қазақ жырының құдіретін асқақтатып жүрген Ерболат Баятұлы, Ербол Бейілхан, Әскерхан Ақтай қатарлы ақындар, сондай-ақ, Баян-Өлгейдегі руханият тізгінін ұстаған әдебиетшілер, ғалымдар мен өнер иелері қатысты. Жыр кешін белгілі ақын, ғалым Сұраған Рахметұлы жүргізді. Поэзия құдіреті асқақтаған басқосуда кеш иелері жырларын оқып, жиналған жұртты өлеңнің сұлу сазына бөледі. Баян-Өлгей топырағында өсіп келе жатқан жас ақындар жыр оқыды. Дәстүрлі әншілер қоңыр домбыраны күмбірлетіп әуелете ән салды. Бүгінгі әдебиет пен өнер, руханиятқа қатысты келелі әңгіме де өрбіді