Берік Өтемұрат отставкасы жайлы әзірше түсінік бермеді
Қазақстан ұлттық банкі өкілі Берік Өтемұраттың батыс баспасөзіне сұхбаты дүрбелең тудырды. Ұлттық қордың жағдайы жайлы пессимистік мәлімдемесінен соң қызметінен алынған ол бұл туралы айтудан бас тартты. Берік Өтемұраттың «Қазақстан ұлттық банкі ұлттық инвестициялық корпорациясының» басқарма төрағасы болған кездегі суреті. ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА ҚАУІП ТӨНДІ МЕ? «Қазақстан ұлттық банкі ұлттық инвестициялық корпорациясы» (ҚҰБ ҰИК) акционерлік қоғамының жетекшісі аяқ астынан ауысты: Берік Өтемұраттың орнына басқарма төрағасының өкілетті мерзімі аяқталғанға дейін осы қызметке Есжан Біртанов тағайындалды. Осы аптада қазақстандықInformburo ақпараттық агенттігі «Берік Өтемұратты қызметтен алу ҚҰБ ҰИК жетекшісінің Wall Street Journal басылымына, мұнайдан түскен үстеме кірістен құралатын Қазақстан ұлттық қоры қаржысы «6-7 жылда сарқылуы мүмкін» екенін мәлімдеген бүкпесіз сұхбатымен бір мезгілге қатар келгенін» хабарлаған еді. Американың Wall
